Қызбен қалай танысу керек?

Қызбен қалай танысу керек?

Өткен жолы қызбен танысудың тиімді тәсілдерін ұсынған едік. Енді көлденең көк аттымен таныса бермейтін көшеде кезіккен көріктілер аяқ астынан қалай танысып қалғанын өзі білмей қалуы үшін сөзді қалай бастау керек деген сұраққа жауап іздейік.

«Кешіріңіз, сіз балалайкада ойнайсыз ба? Шын айтып тұрмысыз, ұқсастығымыз көп екен. Мен де ойнай алмаймын».

«Күте тұрыңызшы. Мен сіздің портретіңізді салып жатыр едім».

«Кешіріңіз, маған жедел жәрдем қызметін шақырып бере аласыз ба? Сізді көріп, жүрегім ұстап қалған сияқты».

«Есімім Айсұлу дедіңіз ғой, иә?»

«Қазір менімен танысуға ұялып, кетіп қалайын деп тұрсыз. Мен сияқты жігітті тағдыр екінші рет кездестіретініне сенімдісіз бе?»

Өзіңіз жақын тұрған мекенжайды сұрап, ғимаратты көрсетіп жіберуін өтіну.

«Түріңіз анамнан айнымайды екен. Суретке түсіріп алсам бола ма?»

«Көрікті келбетіңізді көріп, жолымнан адасып қалдым».

«Сізбен танысу үшін барлығын істер едім. Бірақ уақыт өткізбей атыңызды айта салыңызшы».

«Есімім ... болады. Ал сіз «жаным» деп атасаңыз да болады».

«Сәлем. Мені таныдыңыз ба? Танымағаны қалай, сіздің болашақ жарыңызбын».

Кез келген мерекемен құттықтаңыз. Мейлі ол қызға түк қатысы жоқ болса да, әңгіме бастауға сылтау табылса болғаны.

Сіздей аруды көргенде, бойдақ боп жүргенім өте дұрыс шешім екен деген ойға келдім.

«Сәлеметсіз бе! Мен осы қалада қанша адам бар екенін санап жүр едім. Сізден бастайын. Есіміңізді айтсаңыз».

«Қыздармен қалай танысу керек» деген кітап жазып жүр едім. Сізді кейіпкері етіп алсам, қалай қарайсыз?»

Ал сіз қай нұсқаларын қолданар едіңіз? Өз нұсқаңызды да жаза отырыңыз.

Дайындаған: Әсел Асанова
Фото: Кайыржан Сагындыков
дереккөз

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру