Қызбен танысу қалай болады?

қыз, танысу, қалай, қызбен танысу, қызбен

Қызбен танысу қалай болады?

Қызбен танысу қазіргі таңда айтарлықтай қиын емес. Мүмкіндігіңізді дұрыс пайдаланыңыз. Мына лайфхактарды дұрыс пайдалана білсеңіз бейтаныс қызбен шынайы өмірде де әлеуметтік желіде де танып білісуге көп көмегі болары сөзсіз.

Шынайы өмірде қалай қызбен танысу болады. Өмірде аяқ астынан болатын танысу өте сирек болады. Дегенмен де бұл романтикалық немесе күлкілі жағдайды немерелеріңізге айтып беруге тұратын кездесу болады.


Кәдімгі танысудың бірнеше артықшылықтары бар. Біріншіден сіз 10 жылғы суретті емес, әрдайым адамның шынайы бейнесін көресіз.


Екіншіден сіз өзіңізді бүкіл тартымдылығыңызды көрсете аласыз, өкінішке орай виртуалды тілдесу дәл бұндай нәтиже бере алмайды.


Қызбен танысу тәсілдері

Мына тәсілдерді қызбен офлайн-режимде танысуда пайдалануға болады:

1.Ашықтық және сенімділік көрсет. Танысу кезінде өзіңізді ұстау мәдениеті мен сенімділік сізге көп көмек береді. Жай ғана көзіне қара, бірақ ұялтпа. Өзіңді сенімді ұста және қатайып та қалма. Ең бастысы – әдемі күлкі. Ол істің жартысын бітіреді – таныс емес адамды сізге жақындатады. Өйткені қыз да қобалжу үстінде ғой.

2.Көмек ұсын. Қызға үлкен чемоданын көтерісуге немесе жолды көрсетіп жіберсеңіз, мұндай сыпайы бейтаныс кімнің де болмасын сүйіспеншілігін туғызады. Сыпайылық пен мезі қылу – екеуі екі нәрсе. Әдеттегі «жоқ» деген сөз «жоқ» дегенді білдіреді. Шектен тыс тырысу сізге артық мүмкіндік бермесі анық.

3.Бейтаныс қыз туралы кез-келген мәліметтерді пайдалан. Автобуста Абайды оқып отырса немесе NINETY ONE суреті футболкасында бейнеленсе, міне – әңгіме, міне – ортақ тақырып. Бұл жерде айта кететін жайт, кейбір нәрселерге бойжеткен ұялы телефонын қолымен жауып тұрса да қызығушылық танытуға болмайды. Артық кетпеңіз. Бұл жеке өмірге қол сұғушылық.

4.Жағдайды пайдалан. Концертте не көрмеде болсаңыз сіздердің көз қарастарыңыз, талғамдарыңыз бір жерден шығуы ғажап емес. Бұл жер супермаркет, кафе, базар болуы мүмкін. Мысалға азық-түлік, тамақ таңдау, жаттығу сәтін немесе ауа-райын әңгімеге арқау етсеңіз болады. Яғни қоршаған ортаңыздың барлық ресурстарын барынша пайдаланыңыз.

5.Комплимент жасаңыз. Қарапайым пікірге қарағанда талғаммен жазылған комплимент ұтымдырақ. Алдын ала дайындалған қалжыңның да қажеті жоқ. Бірінші әзілден соң екіншісі, үшіншісі керек боп қалуы да мүмкін. Әрине, әзіліңіз жарасса.


қыз, танысу, қалай


Сіз өзіңіздің шешендік қабілетіңізге сенбесеңіз жай ғана барып қыздың сізге ұнайтынын айтыңыз. Ашық әңгіме кез келген дайындалған қырындаудан артық.


6.Қауіпсіз екеніңізді көрсетіңіз. Шын өмірдегі танысу күтпеген жерден болғандықтан қауіпті болып көрінеді. Әр уақытта сыпайы болыңыз. Бәрін дұрыс жасадым десеңізде қыз баланың жеке аумағына асықпаңыз. Сізді дұрыс түсінбей, қорқып кетуі ықтимал.


әдемі қыз


Қызбен әлеуметтік желіде қалай танысуға болады?

Әлеуметтік желіде танысудың артықшылығы мәліметтердің көптігі. Бұл жерде де өзінің ньюанстары бар. Бойжеткеннің көңілін аударуға келесі ақыл-кеңесті пайдаланыңыз.

1. Қызды тақырыптық группалардан іздеңіз. Бастысы – қызығушылықтарыңыздың бір жерден шығып жатқаны. Әлеуметтік желіде өзіне немесе парақшасына шығып сөйлесе аласыз. Әңгіме тақырыбын ойластыру қиын бола қоймас. Бұл – ең қарапайым жол.

2. Пікірлер мен хабарламалар жазыңыз. Танысуды сөзбен бастаған дұрыс. Үнсіз тек қана лүпіл жіберіп отырсаңыз, сізді ешкім түсінбей, бүртүрлі адам ретінде қабылдайды.

3. Өзіңіздің онлайн келбетіңізді дұрыстаңыз. Дұрыс суретіңіз жоқ па? Достарыңыз, не болмаса жазылушыларыңыз мүлде жоқ қой? “Қазақша секс” тобына тіркеліп тұрсаңыз? Онда таң қалмаңыз, сіздің хабарламаңыз жауапсыз қалады. Өз парақшаңызға өзгенің көзімен қарап көріңіз. Кемшін тұстарын дұрыстаңыз, қатесі болса ерінбей жөндеңіз.

4. Сауатты жазыңыз. Сіздің ақымақ емес екеніңіздің бір дәлелі. Қарапайым қателер жібермеңіз. Күмән туса жазғаныңызды қайта тексеріңіз.

5. Асығыстық жасамаңыз. Қызға өте көрікті екендігін жазып, бірден кездесуге шақырмаңыз. Сен дос боп тіркелген соң, сені зерттейді. Кімсің? Немен айналысасың? Қауіптісің бе? Алыстан баста, дөрекіленбе. Бәрі дұрыс болып келе жатса ұзаққа созба, 2-3 күнде кездесуге шақыруға болады.


қыз, танысу, қалай, қызбен танысу, қызбен


Қызбен танысу сайтында қалай танысуға болады?

Осындай сайттарды көбіне өз жұбын іздеп жүрген қыздар пайдаланғандықтан, олармен танысу оңай көрінеді. Бірақ, сіз секілді кісілер де жоқ емес. Мүмкіндігіңізді көбейту үшін келесі ережелерге сүйеніңіз:

1. Өз профиліңізді ақылмен толтырыңыз

Шынайы қарым-қатынас қажет пе? Денеңіздің ашық бөліктерін немесе бұлшық еттеріңіздің суретін қоюдың қажеті жоқ. Өзіңіздің шынайы суретіңізді салыңыз. Профиліңізді ерінбей толтырыңыз және қызуғышылығыңыз туралы жазыңыз. Есіңізде болсын! Жазбаларыңыз нақты болса, керек кісімен кездесу мүмкіндігіңіз үлкен. Күнделікті сөздермен шектеліп қалмаңыз.

2. Қарапайым болмаңыз.

Танысу сайттарында таңдау көп секілді көрінеді. Бірақ, бұл жерде ерлерге қарағанда қыздарға көп хабарламалар келіп түсетінін ескерсек, ерлерге ерекшелену қажет. Іш пыстырарлық «Сәлем! Қалайсың?» жауап жазуға да тұрмайды. Ал, полицейлерше сұрақ-жауап қызықсыз әңгімеге әкеледі. Нақтырақ болыңыз. Таныстықты әрі қарай жалғастыру үшін қыздың профиліндегі мәліметтерді толық пайдаланыңыз немесе әртүрлі тақырыптарда әңгіме қозғаңыз. Мысалы: қызық оқиғаңызбен немесе көрген түсіңізбен бөлісіңіз. Солай ғана сіз оның көңілін аулайсыз. Араларыңыз жақындай түседі.

3. Бәріне жазудың қажеті жоқ.

Кейбір жігіттер жүздеген сәлемдесу хабарламаларына жеке-жеке жауап жазудан шаршап тек бір ғана әмбебап көпшілік қолданатын сәлемдесуді таңдайды да, осыным дұрыс деп ойлайды. Шын мәнінде, бұндай хабарламалар ешқандай қызығушылық тудырмайды және бірден көзге түспейді.


қыз, танысу, қалай, қызбен танысу, қызбен


Қарапайым кеңес: өзіңізге керек қызды анықтаңыз. Уақыт бөліңіз. Бірнеше үміткерді бөліп алыңыз. Әрқайсына арнайы бір екі сөзден хабарлама жазыңыз. Іздеген жетер мұратқа.

Әрине, бұл жерде көрсетілген кеңестер әмбебап, әлеуметтік желіде де, шынайы өмірде де сауатты жазыңыз, сөйлеңіз. Кез-келген жағдайда жұмыс істейтін тағы екі тәсіл бар: жақсы әзілдеу және қызға қызықты сұрақтар қойып, осы арқылы көңіліңіздің бар екенін білдіру.

Басқа да жарамды жолдарын білесіз бе? Пікірге жазыңыз, бөлісіңіз!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу
Пікірлер 1
  1. Оқырман Бекнур
    Оқырман Бекнур 11.02.2022 21:46
    0 + 0 -
    Мен намаз окитын кызбен танысаиын деп едiм жасым 25те мен 1995жылгымын +77072349530