Қызбен алғашқы кездесу


Қызбен кездесу. Қалай бастауға болады?

Саған қыз ұнап жүр ма? Сол қызбен кездесу қалай бастауға болады? Бастаудың қандай қателердің түрлері болады? Соның бәрі осы мақалада оқи аласын.


Қызығушылық. Қызбен кездесуді бастамас бұрын алдымен сенің оған ұнайтыныңды білу керек. Оның саған деген қызығушылығы болу керек. Егер қыздың саған деген сезімін немесе ұнатуын байқамасаң, онда төмендегі берілетін кеңестердің қажеті шамалы. Мұндай жағдайда сенің бас қатырар мәселең тек қыздың қызығушылығын оятуға және оның бойындағы мінез-құлқына бағытталуы керек.

  

Қарым-қатынас. Сен ол қызбен таныс ретінде кем дегенде бір рет кездесуде болғаның абзал. Қарым-қатынастың келесі деңгейіне көшу үшін ол қыздың сен туралы жинақталған біраз мәліметі және саған деген сенімі болуы қажет.


Батылдық. Қызбен кездесу үшін саған ерлік пен жігер қажет. Қызға бәрі түсінікті болуы шарт. Сіздер бір немесе бірнеше кездесулер өткіздіңіздер, бұл жағдайдың бағыты қайда бұрылып бара жатқанын бойжеткен түсініп сезінуі тиіс. Егер ол дұрыс түсінбей сені дос ретінде қабылдаса, онда бір жерден қате кеттің. Жақсы нәтиже болған жағдайда оның барлық туыс қыздары сен туралы күні-түні әңгімелейтін болады. Бұл жағдайдан қорқудың қажеті жоқ. Өйткені ол ару үшін сен оның арманындағы жігітсің немесе олай емес. Не болса да бұл жағдайды байқап, сезініп, түсіну қиын емес.


Жалпы өз тәжірибеме сүйеніп айтар болсам, қызбен кездесуді екі әдіспен бастауға болады: топас әрі баяу және заманауи жылдам әдіс.


қызбен танысу, танысу, кездесу, қызбен кездесу, қалай


Қызбен кездесу топас әрі баяу әдіс.

Классикалық және ең белгілісі. Ол көп уақытты, шыдамдылықты, еңбекті, қиялды және көп ақшаны талап етеді. Саған қыздың ыңғайын жаулау үшін оған көп зейін аударып, көңілге бөліп, сыйлықтар алып, оның достарымен танысуға ұзақ уақыт керек. Бұл әрекеттер біздің Джульеттамызға сені өзінің Ромеосы деп қабылдап түсінуі үшін қажет. Оны сенің жанұяң, жалақың, достарың, көшбасшылық қабілетің, бұрынғы қатынастарың, қайсарлығың және еңбекқорлығың қызықтыруы мүмкін. Бұл – өте дұрыс. Ертеңгі күні сен оның болашақ күйеуі және балаларының әкесісің. Бұл әдістің мақсаты – қызды өзіңе бірнеше кездесу арқылы жақынырақ баулап алу. Сосын уақыт жеткенін сезгенде оған бірге болуды ұсыну. Содан кейін күту. Өйткені біз қызға таңдау мүмкіндігін бердік.


Махаббат мәселесіне келгенде әйелдер – жауапсыз жандар.


Оған маңызды шешімдерді қабылдау өте қиын. Негізі мұндай шешімді қабылдау қыз балаға жүктелмеуі керек, бірақ қажет болғанда немесе сен оны мәжбүрлейтін жағдайда, ол, әрине, шешім қабылдайды. Әдетте бұл былай болады: басында сен романтикалық жағдай туғызасың, кейін сөзшеңдігіңе қарамай оның саған қымбат екенін және әрдайым қасыңнан көргің келетінін айтасың. Одан кейін маңызды сұрақ қоясың: «Сен менімен кездесесің бе?» Логика тұрғысында қыз бәрін түсінеді, бірақ оның қорыққаны да осы еді. Қыз қызарып, қобалжып, бар күшін жинап «Маған ойлану керек» дейді.


қызбен танысу, танысу, кездесу, қызбен кездесу, қалай


Сенің көңілің түспеуі керек, себебі кез-келген қыз міндетті түрде осыны айтады, өйткені олар кішкентайынан осылай тәрбиеленген. Бірден келісе кетіп, оңай қолжетімді көрінгісі келмейді. Жауапкершілікті сен оған арттың, ал қыздар мұндайда жауапсыз жан екенін ұмытпа. Қыздар уақытты барынша созуға тырысады. Саған 3 күн, апта немесе ай күтуге тура келеді. Өйткені ол «иә» деп айтудан қатты қорқады.

Жаман жаңалық

Егер ол саған «иә» десе, сен не істейсің? Бұл біртүрлі сұрақ, дегенмен осы әдістің топастығы да осында. Ол жауабын телефон арқылы айтты ма? Әлде жүзбе-жүз? Егер сенің бетіңе айтса, қалай қабылдайсың? Телефонмен айтса, кездескенде не істейсің? Алақайлап, айқайлайсың ба? Әлде сүюге асығасың ба? Бұндай жағдайлар көбіне қолайсыз болып келеді. Бірақ, бұл өмір. Өмір әрдайым қолайсыз жағдайлар мен ақылсыз сәттерден тұрады. Дегенмен, жігіттердің көпшілігі ара-қатынастарын осылай бастайды. Тек бұл жазбаны оқымағандар.


қызбен танысу, танысу, кездесу, қызбен кездесу, қалай


Егер саған «жоқ» десе? Ол саған жоқ деуі де мүмкін және оған себептер де табылады. Сен көп созғандықтан, енді досы ғана болып қаласың. Немесе ол келісуге қатты қорқады, ондай қатынастарға әлі дайын емес екенін ойлайды. Қыздар – қорқақтар. Оның жағдайын түсіну үшін сен тісіңді құрттады деп ойла және енді саған тіс дәрігеріне бару қажет. Бұл расымен де қорқынышты. Сен тіс дәрігерісің және ол саған өзі келеді, тек оның тісі қатты ауырса. (Бұл махаббат)

Бұл шешім көп жауапкершілікті талап етеді, өзің мойында! Саған да ұсыныс жасау оңайға соқпады ғой? Солай емес пе? Ал оған жауап қайтару екі есе қиын. Бұл классикалық амал. Саған күлкілі болар, бірақ бұл әдісті көп жігіттер қолданады. Тек осы сайттың оқырмандарынан басқа.

Қызбен кездесу. Тез амал.

Біз жігіттер, біз батырмыз! Яғни біз жаулап алушылар мен стратегтерміз. Жоғарыдағы кезеңдерден тез өтіп шығуымыз керек. Кеттік!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу