Табиғи сұлулық табиғи өнімдерден
Табиғатпен етене байланыста болуды сән мамандары да, денсаулық сақтау мамандары да қайталайды. Қолданысымыздағы жасанды емес, табиғи өнімдер пайдалылығымен шектелмейді, олар бұл күні өте сәнді. Табиғи өнім деп отырғанымыз —жерден өсіп шығатын көкөніс не жеміс-жидек.
✅ Табиғат — шабыт пен шаттықтың, сұлулық пен қуаттың қайнар көзі. Сұлулық пен тән саулығы үшін табиғат берер қоректік заттар мол.
Жасыл түс — нағыз табиғи түс
✅ Бұл түс бізді табиғатпен байланыстырады. Психологтардың айтуына қарағанда, жасыл түске жаны құмар жандар, өмірсүйгіш, әркез көңілді жүретін, жарқын мінезді, жайдары жандар. Жасыл түсті өсімдіктердің хош иісінен дайындалатын әтірлер де қатты өткір емес, нәзік әрі жағымды.
✅ Алма жемісі. Алманың теріге пайдасы зор. Ол бет терісін нәрлендіреді, ылғалдандырып, жұмсартады. Құрамындағы С дәруменінің арқасында алма адам ағзасына өте пайдалы элементтерді береді. Алма қабығының құрамына енген эфир майы да денсаулыққа таптырмас емдік май. Бірақ, бұндай қабықты алмалар сіз дүкеннен немесе базардан сатып алып жүрген алмаларда болмайды. Алма бағынан терілген бұл жемістердің қабығында ғана эфир майы бар.
✅ Құрамына алма шырыны енген иісмайлар теріге қосымша микроэлементтер беріп, бет терісінде гидролипидтік қабықтың пайда болуына себепші болады. Бұндай иісмайды ұдайы қолданысынан шығармайтын нәзік жандылардың бет терісі жұмсақ әрі тегіс болады.
✅ Күніне бір реттен алма жеп отыру да пайдалы. Алма бойдағы артық килокалорийды жоқ қылады. Ас қабылдар алдында 15 минут бұрын бір алманы жеген болсаңыз, сіз 190 килокалорийдің көзін жоясыз.
✅ Егер қолыңыздың терісі тітіркенген, не болмаса жарылған болса, алманың қабығымен қолдың терісін сүртіңіз. Кейін, жылы сумен жуып тастайсыз. Нәтиже көп ұзамай сезіледі.
✅ Қияр да жасыл түсті көкөністердің қатарынан. Бұл да адамға берген табиғаттың үлкен байлығы. Олай дейтін себебіміз, қиярдың да адам тәнінің сұлулығы мен саулығына берері көп. Қиярдан алынатын шырын бетті ағартады және тегістетеді. Безеу мен қара нүктелерден арыла алмай жүрген жандар үшін дерматолог мамандар қиярдан дайындалған иісмайды қолдануға кеңес береді. Қияр құрамының 95%-ы судан тұрғандықтан, артық салмақ тастауда да өте тиімді. Бар болғаны, күнделікті қабылдайтын асыңыздың мөлшерін азайтып, қияр қабылдауды жиілетсеңіз болғаны, артық салмақ көз алдыңызда жоғалады.
✅ Егер беттегі безеу мен майлы жылтырақтан құтылғыңыз келсе, күніне 3 рет тамақ алдында тұзсыз қияр жеуді әдетке айналдырыңыз. Бұл әрекеттің соңы да жағымды нәтижесімен қуантады.
✅ Денеңізде целюлиттің пайда болғанын байқап жүрсіз бе? Оның ізін жоғалтудың амалы да — қияр. Қиярды екі бөлікке бөліп алып, денеңіздегі өзгеріске ұшыраған аймақтарды ысқылап сүртіңіз. Қияр ағзадан артық заттарды шығарып, терінің бір қалыпқа түсуіне ықпал жасайды.
✅ Егер көз алдыңыз қарауытып немесе ісіп тұрса да, пайдаға қияр асады. Таңертең немесе ұйқы алдында, көзіңіздің үстіне қиярдан кесіліп алынған дөңгелекшені қойып, 15 минут жатыңыз. Көз үстіндегі ісік немесе көз алдындағы қарауытудың ізі жоғалады.
Сары түстен — бойға қуат
✅ Ойды жүйрік етуге күн нұрының сары түсі жақсы, — дейді психолог мамандар. Әрқашан бойыңызда энергия қуаты болып, жадырап жүруді қаласаңыз, уақытыңыздың біраз бөлігін күн астында серуендеуге арнаңыз. Сары түстің көңілге серпін берерін есте ұстап, үйіңізде сары түсті заттардың болуына да мән беріңіз. Дастархан үстіндегі жеміс құмырасын сары апельсиндерге толтырып, қабырғаға күнбағыс суреті салынған картинаны іліп қойыңыз. Бұл заттарға қараған сайын, көз қуанып, бойда қуат пайда болады. Сары түске жаны жақын жандар көбінесе, ілгеріге ұмтылғыш, белсенді, көңілді әрі креативті келеді.
✅ Сәбіз. Гиппократ өмір сүрген тұста сәбіз көкөнісі түрлі аурулардың бетін қайтару үшін пайдаланылған. Ал Рим сұлулары бетті тегістету мақсатында сәбізге әр түрлі майларды қосып, жаққан деседі. Тек бетке ғана емес, сұлулықтың қыр-сырын жақсы меңгерген орта ғасырдағы рим сұлулары шаштарын жұмсарту үшін де, бұл көкөністің көмегіне жүгінген. Құрамында көп мөлшерде А дәрумені бар сәбіз табиғаттан берілген, сұлу болуға арналған бірден бір құрал.
✅ Бет теріңізге ерекше әр мен нәр бергіңіз келсе, сәбізді майда үккіштен өткізіп, оған жұмыртқа саруызын қосып, бетіңізге жағыңыз. Бұдан болар әсер: бетке қан жүгіріп, майда әжімдер жазылып, тері түсі де оңалады.
✅ Сәбізде В1, В6, Е, К, С дәрумендерімен қоса йод, аминқышқылдар, фосфор мен кальций бар. Аталған элементтердің денсаулыққа өте пайдалы екенін сіз жақсы білесіз. Ал бұл қоректік заттардың барлығы сәбіз құрамына жинақталған.
✅ Бет теріңіз аздап тотыққан (загар) әсерде болғанын қалайсыз ба? Бұған көмекке келетін көкөніс те — сәбіз. Ол үшін аптасына 2-3 рет мына масканы жасасаңыз жеткілікті: сәбіз майда үккіштен өткеннен кейін ботқаға айналады. Сол ботқаны дәкеге салып, бет терісіне 15 минутқа қойыңыз. 15 минут өткен соң, салқын сумен жуып тастаңыз. Сонда бет реңі басқа реңге айналады.
✅ Шаш күтімінде де сәбіз таптырмас табиғи көкөніс. Бас жуғаннан кейін, сәбіз шырынын лимон шырынымен араластырып, басты бір шайған дұрыс. Бұл үрдіс әдетке айналса, шаштарыңыз жылтыр әрі жұмсақ болады. Сәбіз туралы әңгімеміздің тоқетері, сәбіз — тек қана азық емес, сонымен қатар, сұлу болуға көмектесетін нағыз табиғи косметикалық құрал.
✅ Апельсин. Апельсин де теріге өзінше оң әсерін бере алады. Бұл цитрустық жеміс бет терісін тазартады және балғындық сыйлайды. Апельсиннің етінде де, шырыны мен қабығында да дәрумендер мен қоректік заттар бар. Күніне бір апельсин жеу — бір күнде 130% аскорбин қышқылын қабылдағанмен тең.
✅ Апельсин цитрусының тәтті иісі көңілге жағымды әсер сыйлай алады, күйзелісті де басуға икемді. Әйгілі әлем жұлдызы Анджелина Джоли теледидар мен журнал беттеріне берген сұхбаттарында міндетті түрде мына кеңесті қайталайды: "Күн сайын құрамында эфир майы бар цитрусты жемісті, оның ішінде апельсинді қосып, жылы ванна қабылдау керек. Бұл ағза жасушаларын тірілтеді әрі бұл ваннадан соң ми да тынығады, бір сөзбен айтқанда, ләззат аласыз"
✅ Апельсин майының шипасын жақсы білген британдық зерттеушілер, оны фармоцевтикалық кодекске де енгізген. Ол тек косметикалық құрал болып табылмасы анық, сонымен қоса, денсаулыққа да шипасы мол жеміс.
✅ Мына масканы бетіңізге жасап көрсеңіз, беттегі қара дақтардың жоғалуына көмектеседі. Ол үшін апельсин етін алып, әбден езгеннен кейін, сүзбемен араластырып, зәйтүн майын қосып бетке жағасыз. Масканы бетке жағып, 20 минут жайбарақат жатқаннан кейін, жылы сумен жуып тастаңыз. Нәтижесі, бұл масканы бірнеше мәрте пайдаланғаннан кейін белгілі болады.
✅ Бетіңіздің терісі майлы болса, апельсиннен дайындалатын лосьонмен сүртіп отырыңыз. Апельсинді қабығымен қоса үккіштен өткізесіз. Пайда болған ботқаға жарты стақан шарапты құйып, қараңғы жерге 5 күнге қойыңыз. Қоспа 5 күн өткеннен кейін қоюлана түседі. Одан сұйығын сығып алып, 1 шай қасық глицеринді тамызып жібересіз. Маска дайын: бетке жағып, 20 минут қозғалмай жатыңыз. Дайындалуы көп жұмыс пен уақытты қажет еткенімен, бұл маскадан кейін, теріңіз сізге рақметін жаудырады.
Қызыл түс: тартылыс түсі
✅ Ежелгі Грекияның қыз-келіншектері сүйіктілерінен айырылып қалғанда, қызыл түстің көмегімен оны қайтара алатындарына сенген. Расында да, қызыл түс магнит іспеттес, тартылыс күшіне ие. Егер қызыл түстен киім киіп, далаға шықсаңыз, ер адамдардың назарын өзіңізге аударғаныңызды байқайсыз. Адам қызыл түске құмар келсе, оның бойы қуатқа толы, өмірсүйгіш екенін аңғаруға болады.
✅ Жүзім. Тағы да жемістің бет терісіне әсерін айтамыз. Жүзімнен дайындалған маска немесе иісмай бет терісін жұмсартады, қайта қалпына келтіреді және қорғайды. Жүзім сүйегінен шығатын майды косметикалық өнім шығаратын компаниялар қолданысарынан еш уақытта шығарған емес. Сонымен қатар, дене күтіміне арналған иісмайлар мен сусабындарды да қызыл жүзімнен жасайды.
✅ Целюлиттен құтылу. Егер целюлит денеңізде көбейіп бара жатқан болса, дәрігермен ақылдаса отырып, жүзім диетасына отырыңыз. 3 не 5 күннің көлемінде, күн сайын бір келі жүзім мен көп мөлшерде су қабылдаңыз. Зат алмасу процессі жақсарғанымен қоса, денедегі целюлит іздері азаяды. Пайдасы тек бұнымен ғана шектелмейді, жүзім диетасының әсерінен тері жұмсақ әрі тегіс болады.
✅ Жүзім сүйегінен шығатын майды “жастық гармоны” деп те атайды. Себебі, жүзім сүйегінің құрамына көп мөлшерде биофлавоноид енген. Бұл микроэлемент әйелдерде болатын эстроген гармондарымен ұқсас. Гармондарында ауытқушылық байқалған әйелдерге, жүзім тұқымының майынан дайындалатын дәрумендер жиынтығы ұсынылады.
✅ Бет терісін толық тазартатын скрабты үй жағдайында жасап алуға болады. Ол үшін, жүзім тұқымын майдалап алыңыз (кофетартқыштың көмегіне жүгінуге болады). Енді жүзім жұмсағын әбден езіп, майдаланған сүйегіне қосып, араластырасыз. Пайда болған қоймалжыңды сулы бетке уқалай жағып, 15 минут өткен соң, жылы сумен шайып жібереңіз. Нәтиже көңілді көншіктіреді.
✅ Жүзім құрамында 76%-ға жететіндей линоль қышқылы бар (линолевая кислота). Жүзім жемісінің мәшһүрлігі де, құрамында пайдалы қышқылдың көп болуымен байланысты. Бұл жемісті көп мөлшерде пайдалану терінің ылғалдылығын сақтап, құрғауына жол бермейді.
✅ Бүлдірген. Бұл жидектің құрамына минералдар мен дәрумендердің толық жинағы кірген. Салқынның бетін қайтаруға икемі бар бүлдіргенде сондай-ақ, илік заттар мол. Салқын ауаның әсерінен болатын сыздауықтарға бүлдірген таптырмас ем. Сонымен қатар, бір кездері бетті торлаған безеулердің тесік орындарын жабуға да бүлдіргеннен жасалған маскалар пайдалы. Сән салондары ұсынып жүрген пилинг, яғни терең тазарту, көбінесе бүлдіргеннен жасалған қоспалардың көмегімен жүзеге асады. Ал бұл тазартуды үй жағдайында да жасауға болады. Егер бетіңіздің терісі құрғақ болса, 3-4 бүлдіргенді әбден езіп, зәйтүн майымен араластыра отырып, бетке жағып көріңіз. Ал бет терісі майлы болса, көрсетілген көлемде бүлдіргендерді езіп, йогурт сусынымен араластырасыз. Пайда болған қоймалжыңды бет терісіне жағып қойып, 20 минут демалыңыз. Бұл уақытта бүлдіргеннен шыққан қоймалжың бетті тереңінен тазартады. Нәтижесі, 20 минут өткеннен соң, жылы сумен жуғаннан кейін белгілі болады.
✅ Еріннің жылтыр әрі әдемі көрінуі үшін де бүлдіргенді пайдалануға болады. Ол үшін, бір ас қасық минералды суға бүлдіргенді езіп салып жіберіңіз. Кейін бұл шырынды ерінге жағып, 20 минутқа қалдыру керек. Ерін терісі жұмсарып, әдемі болып көрінетін болады.
✅ Міне, Жер-Ана қойнауынан шығатын әрбір көкөніс не жемістің адамға берер пайдасына көз жеткіздік. Сұлу болып көріну үшін ұсынылған рецептілерді өз игілігіңізге жарата жүріңіз. “Әдемілікке қызықпайтын, сүйсінбейтін адам жоқ... Әдемілікті ұнататын табиғи сезім туа пайда болғанымен, жүре дамиды”, — деген екен Мұхаметжан Қаратаев бір сөзінде. Уақыттың көшімен ілесе жүріп, сыртқы сымбатыңызға мән беруді ұмытпаңыз. Тек күтім мен еңбектің арқасында ғана әйел сұлу көрінеді.

Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: пайдалы Табиғи сұлулық табиғи өнімдерден кеңес кенестер советы на казахском, пайдалы кенестер кыздарга, полезные советы на казахском языке, Тұрмысқа пайдалы кеңестер кеңестер, кенес кенестер жігіттерге ерлерге, денсаулыкка арналған кенестер, Табиғи сұлулық табиғи өнімдерден