Керек кеңестер Үй тазалығы үшін

Керек кеңестер  Үй тазалығы үшін

• Терезелер жарқырап тұрсын десеңіз, оны крахмал қосылған сумен жуыңыз.
• Тоңазытқышты 3 аптада бір рет тазалап тұру керек. Ол үшін ішіндегі азық-түлікті шығарып, токтан ажыратып, есігін ашып қойыңыз. Қатқан мұз өздігімен еруі қажет. Бұл процесті тездетуге, әсіресе, пышақпен қыруға болмайды. Мұз әбден еріген соң ас содасының ерітіндісімен (1 литр суға 1 ас қасық сода) тоңазытқыштың ішін тазалаңыз. Одан кейін құрғақ шүберекпен сүртіп, іші әбден құрғағанда ғана азық-түлікті қайта орнына қойыңыз.
• Боялған еден жарқырап тұруы үшін оны 1 шелекке 1-2 ас қасық мұсатырлы (нашатырный спирт) спирт қосылған сумен жуыңыз. Спирт бояуға қанық түс береді. Ал сабын мен ас содасы, керісінше, бояудың түсін жояды.
• Лакталған жиһаздардың бетіндегі шаң мен кірді дымқыл шүберекпен не ыстық сумен жууға болмайды. Жиһазыңызды бүлдіріп аласыз. Сондықтан оны құрғақ, әрі жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
• 1 стакан су, 1 ас қасық сірке суы, 20 г борды қосып қайнатып, суыған соң айнаны жуыңыз. Жарқырап тазарады.
• Жуған терезеңіз жалтырап тұрсын десеңіз, 1 литр суға 1 ас қасық керосин қосқаныңыз жөн.
• Тоңазытқыштағы жағымсыз иісті ас содасы жояды.
• Мыстан жасалған заттарды шикі картоп жақсы тазалайды.

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру