Құлпынайдың адам денсаулығына пайдасы

Құлпынайдың адам денсаулығына пайдасы

Құлпынай жемісін көбіне махаббат, сұлулық, жастық жемісі деп атайды. Ал оның не үшін олай аталатынын бәріміз бірдей біле бермейміз. Оның сырын білгіңіз келсе, мына мақаламызды мұқият оқып шығыңыз. Өйткені біз бүгін сіздерге бұл жемістің адам денсаулығына пайдасы туралы айтатын боламыз.

1. Құлпынай жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алады

Бүгінгі таңда бүкіл әлем бойынша жүрек-қан тамырлары ауруларынан қайтыс болып жатқан адамдар саны күн санап көбейіп келеді. Егер бұл жемісті өзіңіздің ас мәзіріңізге қосатын болсаңыз, аталмыш аурудың алдын алуға болады. Өйткені оның құрамында холестерин деңгейін төмендететін эллаговалық қышқыл бар. Сонымен қатар құлпынайдағы С дәрумені қан тамырларын қалыпты деңгейде ұстайды.

2. Құлпынай жемісі беттегі пигменттік дақтарды кетіреді

Егер теріңізді ағартып, секпілдер мен пигменттік дақтардан құтылғыңыз келсе, бетіңізге құлпынайдан маска жасаңыз. Алайда әуелі білегіңізге немесе басқа жеріңізге жасап көріңіз. Егер бәрі жақсы болса, бетіңізге сала беріңіз. Мұндай масканы аптасына 1-2 рет жасап тұрсаңыз дұрыс болады.

3. Құлпынайдан жасалған маска безеу мен қабынуға қарсы көмектеседі

Егер теріңізге түрлі бөртпелер шығып мазалайтын болса, онда ойланбастан құлпынайдың түйінінен маска дайындаңыз. Себебі оның құрамында тері ауруларымен белсенді күресетін антиоксиданттар бар.

4. Бұл жеміс кәріліктен де сақтайды

Құлпынайдағы антиоксиданттар бос радикалдарға қарама-қарсы әсер етеді. Сондықтан кәріліктің ауылы алыстайды. Ол үшін түскі тамағыңызды ішіп болғаннан соң 40 минуттан кейін құлпынай жеуіңіз керек.

5. Құлпынай тісіңізді ағартады

Құлпынайдың құрамындағы С дәрумені тісті сарғаюдан құтқарады. Оны тұтыну арқылы сіз белгілі бір уақыттан кейін тісіңіздің ағарғанына көзіңіз жетеді.

6. Көздің көруін жақсартады

Жыл өте келе көзіңіздің көруі де нашарлай түсетіні анық. Ол кезде құлпынайдағы С дәрумені, органикалық қышқылдар, флавоноидтер түрлі көз ауруларына қарсы көмектеседі.

Құлпынай жеп сұлулығыңызды сақтаңыз және денсаулығыңызды күтіңіз

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру