Хрустальды әйнек ыдыстан қалай ажыратамыз
Хрусталь сатып алғанда оның таза хрусталь екеніне күмән келтіріп жатамыз. Сондықтан хрусталь ыдысты қарапайым әйнектен ажырату жолдарын бірге іздеп көрейік.
Хрусталь – қорғасын қосылған әйнек. Оны XVII ғасырда Георг Равенскрофт есімді ағылшын әйнек құрамын зерттеп отырғанда кездейсоқ ойлап тапқан. Ол әйнекке қорғасын тотығын қосқанда, әйнек ерекше мөлдір түске ие болып шыға келген. Ол заманда хрустальды тек бай адамдар қолданған. Бүгінде технология дамып, хрустальды қарапайым халық та сатып алатын болды.
Қорғасын хрустальдың мөлдір, берік болуын қамтамасыз етіп, оны жарқырата түседі. Сапалы әйнекті хрустальдан ажырату оңай емес. Шыны ыдысты берік жайпақ жерге қойып, оны қарындашпен түртсеңіз, шынының неден жасалғаны анықталады. Егер түртіп қалған кезде, сыңғырлаған әуезді дыбыс шықса, ыдыс хрусталь деген сөз. Кәдімгі әйнектен жасалған ыдыстың дыбысы ұзаққа созылмайды, қатаң болады. Хрустальдың шын-өтірігін ұзақ бақылау арқылы да анықтауға болады. Ол үшін жап-жарық бөлме керек. Жарық шыныға түскенде, хрусталь бағалы тас сияқты жарқырап, айналасына сәулесін шашады. Қарапайым әйнектің бұндайға күші жетпейді.
Сондай-ақ шыны ыдыс сатып аларда, қаптамасын мұқият оқығаныңыз жөн. Қаптамада ыдыстың неден жасалғаны жазылып тұрады. Әдетте кез келген адамның қалтасы көтеретін хрусталь ыдыста 24% Pb (ыдыстағы қорғасын мөлшері) деген жазу болады. Шыныдағы қорғасын мөлшері 24%-ға жетсе, ол хрустальға жатады. Қорғасын мөлшері 24%-дан жоғары хрустальдардың бағасы сәйкесінше көтеріле береді.

Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: пайдалы Хрустальды әйнек ыдыстан қалай ажыратамыз кеңес кенестер советы на казахском, пайдалы кенестер кыздарга, полезные советы на казахском языке, Тұрмысқа пайдалы кеңестер кеңестер, кенес кенестер жігіттерге ерлерге, денсаулыкка арналған кенестер, Хрустальды әйнек ыдыстан қалай ажыратамыз