Қыздың ары ұлттың ары
Баяғыда Хожай деген бай саудагер болыпты. Бұрыңғылалардың "Ер Қосайдың жолын берсін, Хожай саудагердің саудасын берсін"- дейтін батасында бар. Бұл Хожай саудагер бір күні Ер Қосайға мақтаныпты:
- Арғынның Ақсары биінің үйінде жатамын. Ардақты қызы Ботагөз сұлу некелі қатынымдай, - деп.
- Сені қойнына алмайды, - деп Ер Қосай екеуі ерегесіп бәстесіпті.
Егерде сарттың сөзі рас болса, Қосай бар жиған-тергенін сартың алдына салып береді. Қожаның сөзі жалған болса маңдайындағысын Қосайдың қолына тапсырмақшы болады. Базар тарқап, Қосай мен Хожай саудагер Арғынның Ақсары биінің ауылына келеді. Қатын-қалаш, бала-шаға бәрі үймелеп келіп жатыр. Хожай дүниені аямай шашып-төгеді. Келгендердің бірі - Ботагөз сұлу. Бәрі тарқаған кезде Ботагөз сұлуды Хожай бай жалғыз алып қалып, жалынып:
- Баяғыдан бері алдадың, енді бүгін қойныңа ал! - деп жабысыпты.
Қыз айтыпты:
- Ит ас ішетұғын итаяққа жылы су төгейін, соны іш. Мені шын жақсы көретіндігіңді дәлелдесең, білгеніңді қыл - депті.
Хожай сорлы қыздың не айтқанын орындайды. Қыз: - Тойдың ба, шөлің қанды ма? - депті. Хожай: - Дүниеде сусын іздеместей шөлім қанды, - деп жауап қатады.
- Ендеше осы тойғаның да жетер. Итаяқтан адам ішпес, ішкен сарттың астына ит те жатпас! - деп, қыз үйіне тұра жөнеліпті.
Аналарымыз ұлтты осылай сақтаған. Байлық үшін ешкімнің астына жатпаған!

Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: пайдалы Қыздың ары ұлттың ары кеңес кенестер советы на казахском, пайдалы кенестер кыздарга, полезные советы на казахском языке, Тұрмысқа пайдалы кеңестер кеңестер, кенес кенестер жігіттерге ерлерге, денсаулыкка арналған кенестер, Қыздың ары ұлттың ары