Аскөк
Аскөктің тағамды дәмдендіргіштік қасиетімен қоса дәрілік қасиеті бар екенін біздің жыл санауымызға дейінгі адамдар жақсы білген. Оны көне Египетте бауыр сырқатын емдейтін дәрі деп қараған. Ол бүгінде әлем халықтарының барлығында қолдан өсіріліп, күнделікті қажеттіліктерін өтейді. Аскөк бір жылдық немесе екі жылдық болып келеді. Оның биіктігі 1,5 метрге дейін жетеді. Жағдай талғамай еккен орынға жақсы жерсініп, бойлап өсе береді. Ол шатырша гүлділер тұұымдасына жатады.
Аскөк шілде-тамыз айларында гүлдеп, қыркүйек айында дәні піседі. Тұқымының құрамында эфир майы 3 пайызға дейін болады. Одан су буымен айдау арқылы басқа да май түрлерін өндіреді. Бұдан басқа фенхон, анетол, флавоноидтар, аскорбин қышқылы, каротин басқа да химиялық қосылыстар бар. Одан қан қысымын төмендететін, қантамырларын кеңейтетін, ішектердің жұмысын жақсартып реттейтін, зәрді жүргізіп, қақырық түсіретін дәрілер жасайды.
Халық емшілері одан ежелден ұйқы келтіретін, өтті айдайтын, бауырды емдейтін, балалы әйелдерге сут шығаратын дәрі ретінде қолданып, бай тәжірибе жинақтаған. Аскөк тұқымын ас қорыту жүйесінің жұмысын жақсарту үшін де тиімді пайдалана білген.
Ғылыми медицина жас балаларға арнап одан аскөк суын дайындайды. Ол үшін аскөк майының бір бөлігіне 1000 бөлік тазартылған су қосып дайындайды.
1. Аскөктің ұнтақталған дәнінен бір шай қасықты бір стақан қайнап тұрған суға салып, жабық ыдыста бір сағат бұқтырады. Іш жүрмей қатып қалған кезде осыдан әр жолы 2 ас қасықтан күніне 3-4 рет ішеді. Аталған ауруға арпа және аскөк тұқымынан алып, ұнтақтап, оған алоэнің кептірілген қабығынан қосып, соның бір шай қасығын бір стақан қайнап тұрған суға салып, жарты сағат жабық ыдыста бұқтырады. Осыны бір ас қасықтан ас алдында күніне 3 рет ішетін болса, ішек жұмысын реттейді.
2. Зәр жүрмей бегеліп қалса ұнтақталған аскөк тұқымынан 2 ас қасықты, ырғай тамырынан ұнтақталған 3 ас қасықты, жантақтың шөбінен бір ас қасықты, алоэнің құрғатылып, ұнтақталған жапырақ үгітіндісінен бір ас қасықты араластырып алады да осыдан бір ас қасықты 300 г қайнап тұрған суға салып, жабық ыдыста жарты сағат ұстайды. Дәрі дайын. Осыдан бір ас қасықты ас алдында, 3 күніне үш рет ішеді. Бір емделу барысы 15 күн.
3. Адамның ұйқысы қашып, көңіл-күйі бұзылған кезде бір стақан аскөк тұқымын ұнтақтап, оған екі ас қасық ұнтақталған шүйгін шөп тамырын қосады да, жарты литр таза кагор шарабына салып, 20 минут ақырын қайнатады. Осыны 2 сағат бұқтырып қойып, жатар алдында сүзіп, 50 грамнан ішеді. Бір емделу барысы 7 күн.
4. Өт пен бүйрекке тас байланған кезде 2 ас қасық аскөк шөбін тұқымы, шөбі, жапырақтарын ұнтақтап, 500 г кайнап тұрған су құйып, су моншасында тағы 20-30 минут ұстайды. Осыны бұқтырып, салқындаған соң жылыдай ас алдында 3-4-ке бөліп ішеді. Бір емделу барысы 21 күн.
5. Зәр жолдарының ауруына, зәр бөгеліп, жолдары ашып ауырған кезде бір ас қасық аскөк тұқымын бір стақан қайнап тұрған суға 20-30 минут жабық ыдыста бұқтырып, сүзіп, бір ас қасықтан күніне 5-6 рет ішеді.
6. Қан қысымының өзгеруіне бір ас қасық ұнтақталған шөбін 250 г қайнап тұрған суына салып, 30 минут бұқтырады. Осыны астан бұрын жарты стақаннан ішіп, 10 күнге жалғастырады.
7. Аллергиядан тері бүлініп, қотырланғанда аскөк шырыны мен шөбін суға қайнатып алып, екеуін қосады да қотыр үстінен компресс жасайды.
8. Көздің көру қабілеті нашарлап, үстіңгі қабатына жұқа қабат өсіп шыққан кезде аскөк шырынына таза дәкіні батырып, көзге компресс жасайды.
9. Дене күйіп қалған кезде аскөк шырыны мен шөбінің қайнатындысын жылыдай көзге компресс жасайды.

Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: пайдалы Аскөк кеңес кенестер советы на казахском, пайдалы кенестер кыздарга, полезные советы на казахском языке, Тұрмысқа пайдалы кеңестер кеңестер, кенес кенестер жігіттерге ерлерге, денсаулыкка арналған кенестер, Аскөк