file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Кір сабынның пайдасы

Кір сабынның пайдасы

✅ Кір сабын тек кір жуу үшін ғана емес, тұрмыс-тіршілікте де өзіндік пайдасы зор. Ендеше, сіздермен кір сабын жайлы біраз пайдалы кеңестермен бөлісе отырайын.

✅ Денеңіз сызылып, кесіліп кеткенде, жарақаттанғанда жарақаттанған жеріңіз тез жазылу үшін әсері мол және түрлі жұқпа аурулардан сақтайды.

✅ Ит тістеп алған жағдайда қан тоқтағаннан кейін жараға сабын ертіндісіне малынған дәкені басыңыз.

✅ Құлап қалған жағдайда дереу кір сабынды жағыңыз,ол көгеруден сақтайды.

✅ Тұмау кезінде сабын ерітіндісіне малынған мақта тампонын алып, мұрын қуысына тығуға болады. Бұл, әрине, жағымсыз емдеу шарасы, дегенмен, өте пайдасы зор.

✅ Іріңдеу кезінде де көмегін тигізеді. Кесілген кір сабын, қант ұнтағын және пиязды қоса отырып, жақсылап араластырасыз. Содан соң түнде іріңге жағып, жабысқақ пластырьмен жараны жабу қажет. Жара іріңнен айыққанша емдік шараны жасап тұру қажет.

✅ Ер адамдар қырынғаннан кейін тері тітіркенсе, кір сабынмен сабындап қоюға болады. Көпіршік кебуін күтіп, кепкеннен кейін сумен шайыңыз.

✅ Таз ауруына шалдыққанда дәрігерлер кір сабынмен жуынуға кеңес береді.

✅ Терлеген кезде, денеде тітіркену болған уақытта кір сабынмен 2-3 рет жуыныңыз.

✅ Бет терісі әдемі болуы үшін бетті аптасына 2-3 рет жуып тұру қажет. Және бетке кішкентай бөртпелер шыққан уақытта да осы кеңесті қолданғаныңыз жөн.

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру