Алтын балық / Золотая рыбка
Баяғы заманда Бағдат шаһарында жоқшылықпен күні өткен бір кемпір мен шал тұрады екен. Олардың ортасында сегіз жасар жалғыз ұл баласы болыпты. Кемпір үй ішімен айналысады да шал ау тартып, азын-аулақ іліккен балықты талшық қып, тағам етіп, күнелтеді екен. Бір күні баласы:
— Әке, мен де ау салуды үйренейін, бүгін мені жібер, – деп өтінеді. Шал мен кемпір жалғызы әлдеқалай суға түсіп кете ме деген қауіппен рұқсат етпесе де бала жылап-еңіреп қоймағансын, «барсаң бар» дейді. Бала қуанып кетеді. Кешкісін құрған ауына ертесімен барып қараса, бір алтын балық оралып тұрады. Бала қуанғанынан не істерін білмейді. Үйге жеткенше жүгіреді. Баласының алтын балық әкелгенін көргенде, қуанған кемпір мен шал тұра жүгірісіп, біріне-бірі соғылысып, құлап та қалады.
Шал балықты алып, шаһардың патшасына жүгіреді. Патша сарайының күзетшілері оны сарайға кіргізбей әуре жасайды. Ақырында «патшаға тарту етіп алтын балық әкелді» дегенді естіп, кіруге патша өзі рұқсат береді. Балықты көрген патша шалға:
— Сен өміріңде алтын балық ұстап көрген жоқ едің, мынаны кім ұстады? – деп сұрайды. Шал:
— Кішкентай ұлым ұстады, – деп жауап береді.
— Онда сол баланы жібер маған, – деп, шалды үйіне қайтарады. Бала келгенсін патша оған көп алтын береді, бала үйіне қуанып қайтады. Оны естіген патша санаттары күншілдік етеді. Олар патшаны былай деп азғырады:
— Бұл алтын балық жалғыз болмау керек. Оның жұбайын таптырып алыңыз балаға,– дейді.
Патша санаттарының айтқан ұсынысын қабыл алады. Баланы шақырып алып:
— Бұл балықтың жұбайын тауып әкел, – деп бұйырады. Сау басына сақина тілеп алған бала үйіне жылап келеді. Патшаның бұйрығын айтады, әке-шешесі де қатты налиды. Содан бала тағы да ау құрады. Ауына барса, тағы да алтын балық ілігіп жатыр екен. Балықты алып, тағы да патшаға апарып тартады. Патша қатты разы болғандықтан, көп алтын қазына береді және кемпір-шалға жақсы сарай салдырып береді. Бұрын өлмесінің күнін кешкен шалдың үйі қазір кең бөлмелері бар, дүние-мүлкі мол, жақсы, сәулетті үйлердің қатарына кіреді.
Мұны көрген патша санаттары өшпенділікті бұрынғыдан да күшейтеді. Олар енді баланы алысқа, «барса келместің» жолына жіберудің айласын қарастырады.
Олар патшаға келіп былай дейді:
— Мәртебелі тақсыр, бұл бір тамаша іс болды. Тек бір келіспейтін жері алтын балық жай суда өмір сүре алмайды, оның дүниеде өзіне лайықты алтын суы да болуға тиісті, енді соны алдырыңыз, – дейді.
Аңқау патша оған да иланады. Баланы шақыртып алып, алтын су тауып әкелуге жұмсайды.
— Орындамасаң, дарға асып өлтіремін, – дейді патша. Бала үйіне қатты қамығып келеді. Әкесі: «Тағы не әмір етті патша?» – деп сұрайды. Бала: «Алтын су тауып алып кел деді», – деп жылайды. Кемпір-шал мұны естігенде, естерінен айырылады. Бір күні бала әке-шешесімен бақыл айтысып, алтын су іздеп, алыс сапарға шығады. Ол неше орман, өзендерден өтіп, биік асулардан асып, елсіз-сусыз шөл далалармен, беталды құла түзбен жүре береді. Бір жерлерге келгенде, қой баққан шалға кез болады. Қарияға сәлем беріп қолын алады. Шал баладан жөн сұрайды. Бала өзінің бағдаттық екенін, патшасының әмірі бойынша алтын су іздеп жүрген жан екенін айтады. Қойшы шал ұзақ ойланып, сөйлепті:
— Тегі ондай су бары бар, бірақ оған жетіп алып, қайту оңай іс емес, – дейді ол. Осы арадан қырық күншілік жол жүріп, үлкен дарияға кез боларсың, одан кемеге мініп өтесің. Дарияның ол шеті мен бұл шеті өте қашық. Кеме жыл тәулігінде бір оралады. Кеме бергі жағада болса, тез өтесің, арғы жағада болса, бір жыл күтуіңе тура келеді және, – дейді қария сөзін жалғап, – содан әрі тағы жүре бересің. Алдыңнан тас қорған көрінер, ол көрінгеннен кейін де он тәулік жол жүресің. Оның биіктігі қырық кез дейді айтушылар. Оны қыз патшасы билеп тұрады. Оның халқы да әйелден болса керек. Тұрғындары адам перісі дейді. Міне, осы шаһардың ішінде алтын сулы көл бар дегенді естігенім бар, шырағым, – дейді шал.
Бала одан әрі де ұзақ жүріп, қария айтқан дарияға келсе, керуен тиелген кеме жағадан жаңа ғана қозғалып барады екен. Жартастан кемеге секіріп берді бала. Сәті болғанда, кеменің дәл үстіне түседі. Теңізден өтіп шығып, неше тәулік жол жүргеннен кейін қыз патшасының тас қорғанына да жетеді, бірақ қорғанның биіктігі сондай, оның басына шығу былай тұрсын, тіпті, төбесіне қараудың өзі қауіпті болады балаға. Бала қатты қамығып, зарлап жылайды, дегенмен қарап жата алмайды. Қорғанның сыртын айналып жүре береді. Ақырында бір қорғанға жанай шыққан зәулім терекке кезігеді. Бала соның бойымен өрмелеп қорғанның басына шығады. Қорған іші, бүкіл қала тамаша бір нұрлы сәулеге бөленіп, көз тұндырып тұр екен. «Бұл алтын судың сәулесі болар», – деп ойлады бала. Мұны көрген бала дәті шыдап, аялдай алмай, қорғаннан ішке қарай секіреді. Содан кейінгіні өзі де сезбейді. Бір уақытта көзін ашса, бір үйдің ішінде жатыр екен. Үй ішіне көз салып қараса, тамаша көрікті үй екен, ешбір жан сезілмейді. Бір уақытта есіктен бойжеткен қыз кіреді. Қыздан бала сұрай бастайды.
— Мен қайда жатырмын?
— Сені қорғанның ішінде мүшкіл халде жатқан жеріңнен осы үйге алып келдім, бүгін үшінші күн, сен маған өз жайыңды баян етші! – дейді қыз.
— Мен Бағдаттан келемін, алтын су іздеп жүрмін, – дейді бала.
— Сенің іздеген суың осында бар. Бірақ, бұл жер сен үшін өте қауіпті, – дейді қыз. Мұнда, – дейді ол, – адам перісінің уалаяты тұрады. Патшамыз Қорлығайым деген қыз. Оның халқы да бір өңкей әйелдер, еркек адам атымен болмайды. Егерде ер адам мұнда кезіксе, өлтіреді, мен саған шынымды айтсам, өзім бұл араның адамы емеспін. Тегі, сол өзіңнің айтқан «Бағдат» шаһарынан болуым керек. Олай дейтінім, – дейді қыз, – патшамыздың маған «әй, Бағдат қызы» деп шақырғаны әлі есімде қалыпты. Мені осында жас кезімде көтеріп алып келсе керек. Сондықтан, – дейді қыз, – осы мен тұрған үйде көрінбей тұра бер. Білсе, сені де, мені де жоқ қылады. Сонымен бала көрінбестен, қызбен бірге, бірі апа, бірі іні есебінде тұра береді. Әлгі «Бағдат қызы» патшаның аспазшысы екен, ол күн сайын түрлі жемістерден басқа да әртүрлі тәтті өсімдіктерден тамақ жасап беріп тұрады екен, алайда тағамға тұз салу дегенді білмейді екен. Бір күні бала қалтасының түбінде жүрген бір кесек тұзды қазанға тастап жібереді. Сол күні асын ішкеннен кейін, Қорлығайым аспазшы қызды шақырып алып: “Бүгінгі асты кім пісірді?”, – дейді. Аспазшы қыз бүгінгі тамағының аса дәмді екендігін өзі де сезген болатын, сондықтан ол былай деп жауап береді:
— Тақсыр патшам, мен сізге нағыз шынымды айтайын. Бұдан он бес жыл бұрын еш адамға қатыссыз жүкті болып, бір қыз тудым, сол қызым қазір он бес жасқа жетті, бүгінгі асты пісірген сол, – дейді.
Патша өзінің санаттарын жиып алып:
— Қазір шаһардың халқын түгел алтын көлдің жағасына сапқа тұрғызыңдар, – деп бұйырады. Әлгі аспазшы қыз да баланы қыздарша киіндіріп, жиынға алып барады. Халық жиналып болған соң, дереу шешініп суға түсуге тәртіп беріледі. Сол уақытта баланың ер екені анықталады да бір санатына патша баланың басын кесуге бұйырады. Баланың басын алмақшы болған патша санаты баланың көрікті жүзінен есі ауып құлайды. Екінші санаты да оның аяғын құшады. Бұған ашу шақырған патша балаға қылышын алып, өзі ұмтылады. О да есі ауып құлайды. Есін жиып, Қорлығайым патша халқын таратады да баланы өз сарайына енгізуге бұйырады.
Сарайға келгенсін қыз патша балаға айтады:
— Менің саған ықыласым түсті, сондықтан өлтірмедім. Ықтияр болсаң, саған тиемін және тағымды беремін, – дейді Қорлығайым.
— Қарсылығым жоқ, – дейді бала, – бірақ сізге қояр бір тілегім бар, қабыл алсаңыз.
— Айт! – дейді қыз патша.
— Мен елімнен шыққанда, патшамыздың әмірі бойынша, алтын су іздеп шығып едім. Сол іздегенім сіздің шаһардан табылды. Соны патшамызға табыс етсем деймін. Тілегім осы, – дейді бала.
Патша баланың тілегін қабыл алып, Шолақ пері деген бас санатына бұйрық береді: «Керекті мөлшерде алтын суды алып және мына баланы қанатыңа отырғызып, Бағдат патшасына жеткіз», – дейді.
Бағдат патшасының сарайына алып келіп түсіреді де Шолақ пері былай дейді: «Патшаңызға кіріңіз де алтын балық жүзетін хауызды көрсетіңіз және, – дейді ол, – мен өзіңе керек болған кезде, мынаны тұтата қоярсың», – деп, шашынан екі тал жұлып береді.
Бала патшасына кіріп, бұйрығын орындап келгенін айтып:
— Хауызды қараңыз, – дейді. Қараса, хауыз алтын сумен лық толып тұрады. Оны көрген патша хисабы жоқ сыйлықтар береді. Бала үйіне барғанда, әке-шешесі баласын танымай қалады. Қасірет пен қапалық шеккен сорлылар айтумен әрең таниды. Олар баласының аман келгендігіне үлкен той жасап жатқанда, патшаның жауыз санаттары баланы қалайда жоюға әрекеттеніп жатады.
Олар тағы да патшаға келіп былай дейді:
— Зор мәртебелі, патша ағзам! Дәрежеңіздің бұдан да жоғары болғанын шын ниетпен тілейміз. Сіздің алтын балығыңыз да бар, ол еркін жүзетін алтын суыңыз да болды. Әрине, тақсыр, бұған өзіңіздің данышпандығыңыз арқылы жетіп отырсыз. Екінші жағынан, біздің көмегіміз болғанын біліп отырсыз. Біздің сізге тағы бір берер кеңесіміз бар.
— Айтыңыздар, бағалы ұсыныстарыңды тыңдауға әрдайым әзірмін, – дейді патша.
— Ол мынандай, дүниеде екі алтын құс бар дегенді естиміз. Енді соны алдырсаңыз, мәртебеңіз бұрынғыдан да артар еді, – деп азғырады олар.
Ақылсыз патша оған да иланады. Баланы шақырып алып, екі алтын құсты тауып әкелуге бұйырады. Бұл жолы да бала үйіне қамығып келеді. Алайда, ол Қорлығайымға барып ақылдаспақшы болады. Шолақ перінің екі тал шашын тұтатады. Сол-ақ екен, Шолақ пері жетіп келіп, баланы алып, қыз патшаға көзді ашып-жұмғанша жетіп барады. Бала қыз патшаға өз патшасының тапсырмасын, екі алтын құсты, іздейтінін айтады. Қорлығайым оны да өзі табатынын ескертеді. Шолақ періні өзінің басқа елде патша болып тұрған ағасына жұмсап былай дейді:
— Қорлығайым қарындасың ерге шығатын болды, соның тойына шақырады және екі алтын құсын шашуға алып келсін деп айтты де, – дейді.
Қарындасының тойына екі алтын құсын алып, ағасы да келеді. Сөйтіп Қорлығайымның отыз күн ойыны, кырық күн тойы өткенсін, екі алтын құсты алып, бала Шолақ перінің қанатына мініп, еліне келеді. Патшаға екі алтын құсты тарту қылып тартқасын, патша разы болып, патшалық тағына отыруға балаға өз орнын береді. Сөйтіп, кемпір-шалдың баласы екі елді өзі билеп, Қорлығайымды әйелдікке алып, барша мұратына жетіпті. Қорлығайымға аспазшы болған бағдаттық қыз сол баланың туған апасы, кемпір-шалдың тұңғыш қызы екен. Оны бес жасында белгісіз нәрсе көтеріп алып кеткен екен. О да әке-шешесін көріп, қуанышқа кенеледі.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: ертегі Алтын балық ертеги сказка на казахском, қазақша ертегілер жинағы оқу, казакша ертегилер балаларга, сказки на казахском языке для детей скачать, Алтын балық, Алтын балық ертегісі ертегі ертеги сказка, алтын, ертегі Алтын балық Золотая рыбка ертеги сказка на казахском казакша ертегилер балаларга, ертегі ертеги сказка на казахском, сказки на казахском языке для детей, Алтын балық Золотая рыбка сказки на казахском для детей скачать, Алтын балық Золотая рыбка