Өлі мен тірінің достығы туралы аңыз
Ертеде бір байдың үш ұлы болыпты. Бай жылқысынан қысырақтың бір үйірі жоғалыпты. Байдың үлкен ұлы әкесіне келіп:
— Әке, қысырактың үйірін мен іздеп келейін!.. – дейді.
— Бара ғой, балам, ізде! – дейді әкесі. Ұлы азық-түлігін алып, қару-жарағын асынып, атына қонады.
Әкесінің сиқыры бар екен дейді, баласын сынағысы кеп, алты қырды асып, алты арланға айналып, баласын тосады. Алты арлан қасқырды көріп баласы қорқып, үйіне қайтып барып, жатып алады. Қысырақтың үйірін іздемекші болып әкесіне ортаншы ұлы келеді. Ол да қасқырдан қорқып, үйге қашып келеді. Енді ең кіші ұлы қалады. Ол келіп әкесіне:
— Мен іздеймін, – дейді. Әкесі:
— Жарайды, – деп жауап қатады.
Әкесі балаларының сыншысы еді. Ол алты жолбарыс болып жолда жатып алады. Алты жолбарыс болған әкесін көрген ұлы астындағы атын қамшылап-қамшылап жіберіп, жолбарыстарға тап береді. Жолбарыстарға найзасын сілтей бергенде:
— Тоқта! – деді әкесі.— Ей, балам, мен, менмін ғой, немене найзаңды сүңгітіп алмақсың ба?! Иә, мен біліп едім, енді қолыңды жай, ұлым! Әкесі батасын беріп:
— Жолың болсын, ұлым, сенің алдыңда, енді, өз кейпіме келейін, – дейді де:— Балам, ұмытпа, елсіз түзде жүргенде, далаға қонбай, ескі мазарлар кездессе сонда түне, – дейді.
Күн артынан күн өтіп, бірде, күн ұясына қонар кезде, кіші ұлы ескі қорғандарды көреді, молалардан басқа иен далада көзге түсер ештеңе жоқ еді. Молалардың батыс жағында, топырағы әлі қап-қара болып жатқан жас қабірды көреді. Сол жас қабірға жақындап келіп:
— Сәлем! – дегенде, көр жақтан:
— Кімді сұрап тұрсың? – деген жауап шықты. Артынша, көрден қастары қап-қара, өрімдей жас жігіт шықты. Жігіт:
— Кімді сұрайын? Құдайы қонақ едім, түнейін деп келдім, – дейді.
— Онда, атыңнан түс, – дейді өлік, тізгіннен ұстап, барлық салт-дәстүр бойынша, атынан түсіреді. Сонан соң көрден шыққан аруақ-өлік қолынан ұстап:
— Көзіңді жұм, мен айтқанда ғана аш, – дейді де, жетелеп ала жөнеледі. Бір жерге келгенде:
— Аш көзіңді, – дейді. Жігіт көзін ашса, алдында тамаша үй тігулі тұр, сәулетті сарайдан аумаған, іші кірсе шыққысыз, жұпар иіс аңқиды. Олар үйге кіріп жайғасқаннан соң көрден шыққан (аруақ-өліктің қап-қара қызметшісі бар екен) аруақ қызметшісіне бұрылып:
— Қонаққа мал әкел, – деді. Қара қызметші шығып кетіп, боз қойды жетектеп келді. Қойды сойып, етінен жақсылап асқызып, тамаққа тойып, ештеңе болмағандай ұйықтайды. Ертеңгісін жігіт қолы-басын жуып, кешеден қалған тамақты жылытып әкеп дастарқанға қойғанда, аруақ сөз бастап:
— Кел, екеуміз дос болайық, – дейді. Жігіт:
— Болсақ болайық, – деп жауап береді. Сол жерде құшақтасып дос болысады. Қонақ жігіт:
— Рұқсат болса, жолға шығайын, қысырақтарымды іздейін, – дейді. Аруақ:
— Жақсы, достым, біраз сабыр ет, мен өзімнің тағдырымды әңгімелеп берейін, – дейді.— Мен бір байдың жалғыз ұлы едім, әкем бай болды. Бірде, біздің ел соғысқа шықты, мен де қосылдым. Ұрыста, жау жағынан қара қасқа атты, қара қалпағының төбесі мыжырайған, қолында ұзын қызыл сапты найзасы бар, қара сақалы шошайған біреу «жекпе-жекке!» – деп, ортаға шықты. Мен шықтым. Жекпе-жекке ол тұрғын халықтардан, мен шапқыншы жақтан шықтым. Ол найзасын түзеді, мен де ыңғайладым, бірақ менің найзам қысқалау еді де, оныкі ұзынырақ еді. Оның сілтеген найзасы бірінші кеп қадалды, мен өлдім. Менің соғыста шаһид болғанымды естіп, алла-тағалам шейіт етті. Сол жорықта, менің астымдағы ат көтерем еді. Қусаң жететін, қашсаң құтылатын әкемнің екі аты бар еді, ұшқан құс та жетпейтін жүйрік, мен сол екі аттың бірін мінейін деп едім, әкем рұқсат етпеді. Егер маған дос болсаң, бүгін біздің ауылға бар, сонда қон, сенің қысырақтарың біздің жылқының ішінде жүр, қазір өсіп, саны тоқсанға жетті. Егер мені дос деп санасаң, біздің жылқының ішіндегі бір үйірде жүрген екі айшұбарды жарып таста.
— Жарайды, – дейді жігіт.— Жарып тастар едім, бірақ менің пышағым жоқ. Аруақта әдемі кішкене пышақ бар екен.
— Мә, мынаны ал да, жарып таста, – деді жігітке.— Менің саған бір өтінішім бар, біздікінде болғанда, мен берген пышақты үйдегілерге көрсетпе, қарындасым бірден танып қояды, танып қойса саған сондай қорқынышты болады, – дейді.
Жігіт аруақ-жігіттің аулына келіп қонды. Таң атты, өрістен жылқы қайтты. Жігіт атына мініп, өрістен қайтқан жылқының алдынан шықты. Жылқышылар жас балалар еді, жігіт олардың бар-жоғын елемей, табынның алдында ойнақтап келе жатқан екі айшұбарды ұстап алды да, жарып тастады.
«Бай! Бай! Мына бір адам екі айшұбарды жарып тастады», – деп, жылқышы балалар ауылға қарай шапты. Екі бірдей айшұбарды жарған адамның беті-жүзіне кім қарасын, аттарына міне сап, ауылдағылар жігітке тап берді. Жігітті ұстап байға алып келді. Қолы тигені жігітті ұрып, қолы тимегені жерді сабалап, алдымен киімнің сыртынан соқса, кейіннен, шешіндіріп сабады. Аяғындағы етігін шешкенде, аруақ-досы берген әдемі пышақ қонышынан түсіп кетті. Аруақ-досының қарындасы да сол жерде тұр еді. Пышақты көрген қыз: «Ой-бай! – деп айқайлап жіберді де, — мынау ағамның пышағы ғой!» – деді де, жігіттің қолынан ұстай алды. О бастағы ұрған, ұрған ба, нағыз ұрып-соғу енді басталды. «Оны өлтірген осы», – десіп, жан-жағынан айқайға басып, жігітті өлтіргелі жүр. Аруақ-досы ескертіп:
— Егер қатты қинаса, бар шындықты айт, – деген-ді. Енді шын айтпаса, өлтіретіндерін білген жігіт:
— Уа, жұрт! Шынымды айтайын, өлсем де шынымды айтып өлейін! Үш-ақ ауыз сөз беріңдер! Айтайын ба, әлде жоқ па?!
— Айтқын, егер бірдеңе білсең? – десті.
Жігіт сонда:
— Мен бір байдың баласы едім, – деп, басынан кешкендерін айтып берді. Оның сөзіне ешкім сенбеді.
— Өлтіреміз! Шыныңды айт, өлтірген сен!
Сонда жігіт тұрып:
— Халайық, сіздер маған сенбедіңіздер, егер мен досымды көрсетсем сенесіздер ме? Халық:
— Жарайды! Тек көрсет, сонда ғана сенеміз, – десті. Аруақтың әкесі халықты жиып, баласының моласына бармақ болды. Барлығы атқа мініп, біздің жігітке өгізше ме, сиыр ма мінгізді. Бәрі қоршап жігітті алып келеді, әлі де болса сенбейді. Бәрі жиылып молаға да жетті.
— Халайық! – деді жігіт. — Осы жерде тұрыңдар, жыламаңдар, мен досымды шақырам. Халық тоқтай қалды, бірақ аруақтың әкесі шыдамай жігіттің соңынан ерді. Аруақ-жігіт осының бәрін біліп жатты – аруаққа бәрі белгілі. Әкесі оны тірі күнінде өкпелетсе де, ол әкесіне сәлем берейін деп, көрінен шықты. Әкесіне амандасты... шешесі келді, онымен де амандасты, содан соң жалғыз қарындасы, оның жанында, оң жақта қалған, қалыңдығы келді. Қалыңдығы қарындасынан бұрынырақ ұмтылып еді, Аруақ-жігіт оны оң қолының шынашағымен итеріп жіберіп, алдымен қарындасымен көрісті. Сорлы қыз, баяғыда өліп қалған жалғыз ағасын көріп, жасқа булығып, талықсып, ағасының оң иығына құлады. Аруақ-жігітке қарындасының көз жасы тамған сәтте, зым-зия жоқ болды. Халық осыдан кейін жігітке сеніп:
— Жақсы! Жарайсың! – деп, басқаша сый-құрмет көрсетіп:
— Сен, – деді бай жігітке... — Менің жалғыз шамшырағымның досы екенсің, енді сен де өз баламсың, менің мал-жанымның жартысын ал, – деді.
Жігіт сонда тұрып:
— Маған ештеңенің керегі жоқ, тек менің әкемнің қысырақтарын қайтарсаңыз болғаны, – деді. Бай өзінің ұсынысын екі рет қайталады, жігіт екі рет рақметін айтып, өзінің тоқсан жылқысын айдап қайтты. Жігіт тағы да молаға келді. Жылқысын мазарлардың жанына жайып жіберіп, досының көріне жақындап:
— Достым! – деді. Досы шықпады. Үш мәрте «Достым!» – деп айқайлады. Төртінші рет шақырғанда ғана аруақ-досы шықты. Түрі сұп-сұр, әбден қиналғаны көрініп тұр.
— Мен, – деді Аруақ, — сенің даусыңды әлдеқашан естідім, бірақ тез шығуға мүмкіндік болмады. Қарындасымның иығыма тамған жасы телегей-теңізге айналып, су астында қалдым. Сен мені бірінші рет шақырғанда, мен судың астында едім, ал екінші рет шақырғанда судың ортасында едім, үшінші рет шақырғанда судан шықтым, азырақ дем алдым. Оһ! Ақырғы күндері әбден қажыдым, қалжырадым, – деді. Өлік досын қайтадан өзінің тұрағына алып барды, екеуі тағы бірнеше күн бірге тұрды, ал жігіттің тоқсан жылқысы болса, сол маңда жайылып жүрді, оларға ештеңе де тиіспеуге тиіс еді. Енді жігіт үйіне қайтпақшы болып, жиналды.
— Иә, достым, – деді сонда аруақ, — сен барлық пәле-жаладан аман-есен үйіңе қайтасың. Сен барып жеткенде, ауылың соғысқа дайындалып жатады. Сенің жақындарың «өзің жолдан арып-ашып келдің, жорыққа бармай-ақ қой» – деседі. Сен бірақ оларды тыңдама, ертеңіне жорыққа аттан.
Жігіт аулына келеді. Әке-шешесі, туған-туысқандары бір жасап қалады. Бәрі жалынып, жігітке жорыққа барма деп жалынады. Бірақ аруақ-досы айтқан сөздер жігіттің есінде, ертеңіне жорыққа аттанады. Айрылысарда, аруақ-досы оған тағы былай деп еді: «Жаудың ауылына жақындағанда бәрі атқа қамшы басады, ал сен болсаң, ауылдың батыс жағын ала шап, ауылдан саған қарсы: қара қалпағының төбесі қайқиған, қара қасқа атты, қолына қызыл сапты ұзын найза ұстаған, қара сақалды қарсы шабады. Тәңірінің көмегімен сен оны түйрейсің, мені өлтірген сол. Сен оны бауыздап жатып мына сөздерді айт: «Досым барған жерге бар», оның мінген атын да жарып жібер және былай де: «Досым барған жерге бар». Қалай айтылды, солай жасалды. Олар ауылға жақындағанда бәрі аттарына қамшы басысты, ал жігіт болса ауылдың батыс жағына қарай шапты. Аруақ-досы айтқандай, қарсы алдынан қара сақалды шыға келді. Жігіт қара сақалды найзамен түйреп, бауыздап жатып:
— Досымның кегі, оның жанынан орын тап, – деп айтты. Қара қасқа атын да жарып жатып: — Досымның кегі, – деп айтты. Аруақ-досы тағы да былай деп еді: «Бәрі олжа бөліскенде, сен ауылдың батыс жағына қарай шап, ауылдың ең шетінде жаңадан тігілген ақ отауды көресің, отауға жеткенде атыңды оң босағаға байла. Отауда жаңа түскен жас келіншек және екі қыз, қаршыға мен қарғы бауы бар қара тазыны көресің. Досымның кегі, соның жанына барыңдар деп айт та, үйдегінің бәрін жарып таста».
Бәрі олжа бөлісіп жатқанда, жігіт ауылдың батыс жағына қарай шапты. Аруақ-досы айтқандай, ақ отау тігулі тұр, атын үйдің оң босағасына байлай салып, отауға кіріп келді. Жас келіншек пен күн десе көзі, ай десе аузы бар, екі қыз отыр.
— Досымның кегі үшін, соның жанынан барып орып алыңдар, – деп, жас келіншекті бауыздап, екі қыздың үлкенін жарып тастады да, екіншісін қимады, қызығып кетіп бетінен өпті, бірақ досының тапсырмасы есіне түсіп кетіп, оны да жарып тастады. Ал, қаршыға мен тазыны бөгелместен жарып тастады. Аруақ-досы оған тағы былай деген еді: «Бәрі көп қазына байлық алады, бірақ сен ештеңеге тиіспе. Отаудың алдында бәйтерек, сол теректің жанында тал шыбықтар өсіп тұрады, сен шыбықтарды шауып таста, сонда түйенің құмалақтарын көресің... Түйенің құмалақтарын, жас шыбықтарды жинап ап, отаудың жанында жайылып жүрген қара нарға бәйтеректі, құмалақ пен шыбықтарды артып ал да аулыңа қайт».
Жасақ жорықтан соң ауылға қайтты, өз жайлауларына жақындағанда дауыл тұрды. Дауыл екі күн, екі түн соқты. Олжаға түскен барлық малдың өлгені өліп, өлмегені быт-шыт болып бытырап кетті. Жауынгерлер аттарынан да айырылды. Жігіт түйені шөгеріп қойып, жайбарақат жанында жатып алды. Досы оған айтқан болатын: «Ауылға бір көш жер қалғанда, көк шыбықтың бірін ал да, түйенің құмалақтарын сонымен салып қал: «Бисмилла-хиррах» деп, сонда құмалақтар бақырған түйелер, кісінеген жылқылар, мөңіреген сиырлар, маңыраған қойлар болып, өріп шыға келеді. Сонан соң көк шыбықпен «бисмилляхи» деп, теректі де салып қал, сонда теректің бір бұтағы алтын, бір бұтағы күміске айналады. Осы байлықтардың иесі қара сақал сиқыр еді. Осынша байлықты сиқырлықпен ұрылардан сақтап, осынша малды ит-құстан аман сақтап келген еді».
Ауылға келгенде, барлығы қолдарын мұрындарына тығып, арып-ашып, жаяу-жалпылап әрең жетеді. Ал, жігіт болса, мал мен байлыққа кенеліп оралады. Ол алып қайтқан алтын мен күміс бүкіл әлемнің байлығына тең еді. Жігіт үйінде екі-үш күн болып, моладағы аруақ-досына келді де:
— Ассаламағаләйкүм, достым! – деді.
— Сөйле, – дейді, аруақ-досы, қабірінен шығып, досын сонда алып кірді. Жігіттің жарып өлтірген: қара қалпақты кісіні және жас келіншекті, екі қызды, тазы мен қаршығаны көріп, таң-тамаша болды. Жігіт өзі бетінен сүйген қызды көріп, күліп жіберді. Сол қыздың ол өпкен жері қап-қара болып кетіпті.
— Е-е, байғұс адам, – деді аруақ-досы. — Мен саған ризамын, екі қыздың кішісі саған ұнап еді, сен оны ала ғой, ал маған келіншек пен үлкен қыз қалсын, – деді. Аруақ-досы жігітті қонақ етті, ал қара қалпақты оларға қызмет етіп жүр.
Жігіт:
— Енді мен үйге қайтайын, – деді.
— Жарайды, жақсы, – дейді аруақ-досы, сонан соң: — сен аулыңа барғанда арбалы екі саудагер үй-үйді аралап жүреді. Олардың екі аты бар: бірі - торы, екіншісі - жирен, екеуі де арық, бірақ сен арықтығына қарама, қанша сұраса да, ақшасып төлеп сатып ал. Алдымен торы атты, содан соң жирен атты сатып ал да, үш жыл оларға құрық та салма, ерттеме және қоржын да салма... Үш жыл өткен соң торы атты сой да, барлық сүйек-шеміршектерін сындыр, мишығын қара, егер мишығында тамшыдай қара дақ болса, онда жирен атты тағы да, бір жылға жылқыға жібер. Төрт жыл өтіп, бесінші жылда үйдің сыртына қаңтарып қой, бір үзім шөп, бір жұтым су бер, одан артық ештеңе берме, өзің мінбе, сонда жирен ат қаншырдай жарайды. Біраз уақыт өткенде басың ауырады, ауырып-ауырып қойып кетсе - жақсы, ал егер басыңның ауырғаны үдей түссе, жиренге отыр да, маған қарай шап. Достар қоштасып айрылысты.
Жігіт ауылына келсе, татарлар сауда жасап жатыр, екі аты бар, досы айтқандай: торы ат пен жирен ат. Саудагерлерге торы атты сатшы деп жабыса кетті:
— Атыңның орнына екі ат берейін, – деп. Керуенші үш ат сұрады. Жігіт керуеншінің айтқанын істеп, үш ат беріп, торы атты айырбастап алды. Сонан соң жирен атты саудаға салды. Керуенші де сыншы еді... Жирен атқа бес жылқы сұрады. Жігіт жирен атты да айырбастап алды. Досының айтқанын жасап, екі атты да үш жылға табынға жіберді. Үш жыл өтіп, төртінші жылда торы атты сойды, миынан тырнақтың үлкендігіндей қара дақ шықты. Жирен атты табынға, тағы бір жылға босатып жіберді. Бесінші жыл болғанда жирен атты үйде байлап ұстады. Бірде, басы ауырды, жазылмады. Жігіт өзінің осы құпия-сырын не әке-шешесіне, не құрбы-құрдастарына айтпады. Оның сырын жаратушы құдай мен аруақ-досы ғана білді. Басы ауырып қоймаған соң; — Жиренді ерттеңдер, біраз серуендеп қайтайын, – деді ол. Жігіттің ауруына қайғырған ауыл у-шу болды. Зар жылаған ауылдың у-шуын естіген жігіттің басы айналып, көзі қарауытты. Аттың үстінде әрең шыдап отырған жігіт:
— Қош аман бол, елім! – деді де, атты тебініп қалды. Досына қарай шапты. Аруақ-досы осының бәрін біліп жатты. Досымның жағдайы жаман, бүйірі қызып алған жирен тұлпар екпінімен, осы тұстан алып кетпесін, – деп ойлады. Досын тоқтатып алып қалудың амалына кірісті. Қатындарға қырық құлаш жібек арқан естірді. Далаға шығып қараса, досы шауып келе жатыр екен. Тұсынан өте бергенде, қырық құлаш жібек арқаннан жасалған бұғалықты лақтырды. Досы аттан түсіп қала берді де, бүйірі қызған жирен тұлпар екпінін тоқтата алмай зу етіп өте шықты. Аруақ досын көтеріп ап, өзінің моласына кірді. Досы шауып келе жатқанда, Әзірейіл мен Жебірейіл оның жанын алмақшы болып, соңынан қуған еді, бірақ жирен тұлпардың жүйріктігі соншалық, екі періште қуып жете алмайды. Достардың соңын ала молаға Әзірейіл мен Жебірейіл келіп кірді:
— Қашқынды бергін бізге, біздің қашқын осында, – деді.
— Бермеймін, – деді аруақ-жігіт. — Мен құдайдың шейітімін, құдай үшке дейін тілегіңді орындаймын деген. Кетіңдер бұл жерден! – деді. Әзірейіл мен Жебірейіл құдайға келіп:
— Сен жанын ал деп жіберген пендең бізден қашып кетті. Оны бір аруақ паналатып отыр. «Бермеймін» – дейді, «мен құдайдың шейітімін» – дейді, «Құдай тағала үшке дейін менің тілегімді орындауға тиіс» – дейді. — Енді не істеуіміз керек? – дейді періштелер. Құдіреті күшті құдай:
— Иә, дұрыс, дұрыс, ол менің шейітім! Өлімнен алса алып қала берсін, соның қалағанындай болсын. Өстіп, аруақ-жігіт пен тірі-жігіт бар мақсаттарына жетіпті дейді.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: ертегі Өлі мен тірінің достығы туралы аңыз туралы ертеги казакша сказка на казахском, сказки Өлі мен тірінің достығы туралы аңыз для детей на казахском языке, балаларга арналган кызыкты ертегилер, 3-4 жастағы 5-6 кішкентай балаларға арналған ертегілер Өлі мен тірінің достығы туралы аңыз, ертегилер казакша оку, Өлі мен тірінің достығы туралы аңыз