Сабыр

 Сабыр

Ертеде бір байдың Еснияз деген баласы болыпты. Баласы өскеннен кейін бай оған келіншек әпермекші болады да бір байдың қызына құда түседі. Ал Еснияз өзі оқығысы келіп жүреді екен. Әкесі келіншек әпергеннен кейін үйінен қашып кетеді. Бала қашып бір қалаға барады да, сол қалада оқиды. Бірнеше жыл оқығаннан кейін ауылына кайтып келе жатса, алдынан қой бағып жүрген бір шал кездеседі.

Шал Еснияздан: «Қайдан келе жатырсың, балам»,– деп жөн сұрайды. Еснияз шалға көрген-білгенінің бәрін түгел айтады. Сонда шал: «Сен бүгін біздің үйге қон, ертең кетерсің»,– дейді. Еснияз «жарайды» дейді.

Шал жолаушы үйіне келген соң одан оқыған сабақтарының, кітаптарының атын сұрайды. Әбден сұрап білгеннен кейін шал отырып Есниязға: «Сен шынында да көп оқыған екенсің, сенің енді бір оқитын кітабың «Сабыр» екен. Бұл кітапты өзің оқыған жоқсың ба, әлде оқытқан жоқ па?» дейді.

Сонымен Еснияз қайта барып, «Сабыр» деген кітапты оқып қайтады. Еснияз енді еліне келе жатса, бір ауыл кездеседі. Бұл ауыл әкесінің ауылы екен. Кешке қарай әкесінің үйінің қасындағы бір үйге келеді. Келсе, өз әйелі жүр. «Құдайы қонақпын» деп алғаш танымаған кісі болып отырады. Әйелі бір бала жігітпен екеуі Есниязға қарамай, ойнап-күліп отырады. Сөйтіп отырғанда жататын уақыт болады. Әйелі жаңағы жігіт екеуі бір төсекке, ал Еснияз есік жаққа жатады. Еснияз әйелінің мына қылығын көргесін пышағын алып өлтірейін деп ойлайды. Бірақ баяғы «Сабыр» деген кітапты оқығанда: «Не болса да, әуелі сабырлық керек» деген сөз есіне түседі. Содан сабыр тұтып жатады. Таң атқасын сол ауылдан өз үйіндегі жігіттің кім екенін сұраса, ол өзінің кетерде туған баласы екен. Сөйтіп, Еснияз әйелімен, баласымен қосылып, әрі бай, әрі білімді адам болып, мұратына жетіпті.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру