Тепеңкөк
Бұрыңғы заманда бір сараң байдың үш ұлы болыпты. Ол балаларын үйлендірмеген екен. Бір күндерде балалары ақылдасып, үлкені мен ортаншысы кенже інісіне айтыпты:
— Біздей байдың балалары әлдеқашан үйленіп, мал-малданып, жан-жанданып отыр, біз әлі күнге шейін сүр бойдақпыз. Сен әкемізге барып айт, бізге қатын алып берсін, – деп.
Бұл барып айтқан соң, әкесі:
— Күз болсын, кәрі бие, қатпа тайлар жетілсін, – депті. Күз болыпты, кенже баласы тағы айтқан екен, әкесі:
— Қылышын сүйретіп қыс келеді, қыс өткен соң алып беремін, – депті.
Сол жылы қыс қатты болып, байдың малы жұтап, бір көк тайды балалары шөп жұлып беріп, аман алып қалыпты. Сол жылы бай мен бәйбіше өліп, балалар тап-тақыр кедей болып қалыпты. Үйдің жабдығы балаларға бір жылдық ауқат болыпты.
Бір жылдан соң балалар арып-ашып, жоқшылық көреді. Көк тай құнан болып, мұнан басқа тігерге тұяқ қалмапты. Кенжесі екі ағасына айтыпты:
— Мына құнанды маған бер, мен енді тіленшілік қылайын, мал-пұл тауып күнелтейік, – деп. Бұған ағалары көніпті.
Қысы-жазы тіленшілік қылып, екі ағасын асырапты. Күндердің күнінде сол елдегі бір байдың үлкен асында бәйге болып, бас бәйгеге елу жорға ат тікпек болған екен. Осы кезде кенже інісі көк дөненмен бір ауылдан айран алып келе жатса, астындағы аты артынан қуған ауыл иттері мен тазыларға шаңын да көрсетпей кетіпті. Сонда ол ағаларына келіп:
— Біздің көк дөнен тазыларға да шалдырмады, осыны мына астың бәйгесіне қоссам қайтеді, – депті.
Ағалары мақұлдап, көк дөненді таң асырып, суытып, бәйгеге қосуға алып келіпті. Бұл елдің Барақ деген ханының бәйгеге қосып жүрген екі аты бар екен, олар да бәйгеге түскелі отыр екен. Бұл көк дөненді кедейдің таз баласына мінгізіп қоя беріпті. Көк дөнен өзі арық, ақсақ. Аттарды айдап бара жатқанда, балалар көк дөненді бір, баланы бір түртіп кетіп, екіншісі екі түртіп кетіп, мазақ қылып, жылатып барыпты. Бір мезгілде аттарды қайырып, кері шапқанда, орта жолға шейін көк дөненді тозаң жауыпты, орта жолдан аса бергенде, заулай зымырапты. Сонда тазша бала аттарды басып озып, бір-бірлеп қалдырып отырғанда, бәрінің бастарына байлаған орамалын алып, бір-бір салып, өте берген екен. Сонда ханның қос қарасы алдында кетіп бара жатыр екен, онымен көк дөнен қатарласып кеп, біраз таласып, аздан соң, оны да кейін тастап, жөнелген екен. Өзінен басқа балалар өз руларының атымен ұран шақырып, айқайлап келе жатады. Тазша бала не деп ұрандарын білмеген соң, «Тепеңкөк» деп ұрандап келе жатыпты. Сонда хан дүрбімен қарап тұрып:
— Бір көк келе жатыр, жолдан қосылған неме ме, алдан бөгеңдер, – деп жұртқа бұйырыпты. Хан сөзіне еліккен жігіттер баланың жолын тосып, бүйірден қосыла лап қойғанда, бірін де ілестірмей, көк дөнен озып, «шу» деп жүре берген екен. Сонда көк дөненнің иесі:
— Келер ме екен Тепеңкөк, келмес пе екен Тепеңкөк, соятұғын қойым жоқ, отқа салар майым жоқ, көтере гөр, аруақ, – деп, зар жылап тұр екен. Сонда көк дөнен көмбеге бірінші болып кіріпті, кедей жігіт атын өзі барып ұстаған екен. Хан келіп:
— Бұл жолай қосылған ат, – депті. Сонда көк дөненнің үстіндегі бала барша атқа мініп шапқан балалардың орамалын қойнынан шығарып, алдына тастапты. Сонда хан атын қақбасқа бір салып, үйіне қайтып кетіпті. Үш ағайынды жігіт қырық жорға атты өздері алып, он жорғаны тазша балаға беріпті. Ел ішінде қандай бәйге болса да көк дөнен алдын бермей, атағы жер жарыпты. Сөйтіп, ағайынды жігіттер ел қатарына қосылып, мұраттарына жеткен екен.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: ертегі Тепеңкөк туралы ертеги казакша сказка на казахском, сказки Тепеңкөк для детей на казахском языке, балаларга Тепеңкөк арналган кызыкты ертегилер, 3-4 жастағы 5-6 кішкентай балаларға арналған ертегілер, ертегилер Тепеңкөк казакша оку, Тепеңкөк