Дипломдық жұмыстар

Дипломдық жұмыстар санатында қазақ тілінде жасалған жобаларды қарап, сатып алу емес тегін жүктей аласыз. Қазақ тілі, математика, информатика, бағдарламалау, қазақ әдебиеті, топырақтану, қаржы, педагогика, дене шынықтыру, құқықтану, география, психология, есеп және аудит, биотехнoлогия және тағы басқа пәндер бойынша дайын дипломдық жұмыстар жарияланған!!!

Журналистика | Корпоративтік журналистика

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Корпоративтік бұқаралық ақпарат құралдары – компанияның клиенттеріне, қызметкерлеріне немесе бизнес бойынша серіктестеріне бағытталған басылымдар. Кейде жарнамалық рөлді де атқара алатын тұстары бар. Бұқаралық ақпарат құралдары компанияның өз күшімен шығаруға немесе арнаулы баспаға тапсырысқа беруге болады.
Классификаторға сәйкес корпоративтік медиа және бұқаралық ақпарат құралдары үш негізгі түрге бөлінеді:
1) b2b (business-to-business) – серіктестерге бағытталған корпоративтік басылымдар. Мұндай басылымдар максимальді ақпаратты және пайдалануға ыңғайлы болып жасалады. Бұл жағдайда сапа ең жоғары деңгейде болуы керек. Тек мазмұны ғана емес, оны беру әдісі де сапалы болуы керек. Осылайша бәсекелес артықшылықтары полиграфия, дизайн, қалыптау болып табылады.
Көптеген кәсіпкерлер қазіргі медианарық жағдайында іскерлік коммуникацияның үдерісі оңай емес деп айтады. Бұқаралық БАҚ-тағы тапсырыспен жазылған материалдар белгілі бір деңгейде өздерінің беделін түірді. Жекеменшік корпоративтік журнал немесе газет бизнес-байланыстарды жайғаудың және іскерлік ортада компанияның бейнесін қалыптастырудың ең ілгерілеу құралы болып табылады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Әлеуметтану | Қазақстандағы саяси сайлау технологиясын әлеуметтік талдау

Диплом жұмысының жалпы сипаттамасы. Диплом жұмысында Қазақстандағы саяси сайлау технологиясын әлеуметтік талдау барысы, яғни сайлау технологияларының Қазақстандағы қалыптасуы мен даму ерекшеліктері зерттеледі. Сонымен қатар, саяси-әлеуметтік жүйенің сайлау институтына және сайлау технологияларына әсері қарастырылады. Сайлау институты, сайлау технологиялары, электоралдық формула, сайлау инженерингі сияқты ұғымдардың анықтамаларына әлеуметтік тұрғыдан талдау жасалынып, бірқатарына өзіндік көзқарасымызды білдіреміз.
Диплом жұмысы тақырыбының өзектілігі. Қазақстан бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басып отыр. Әлемдік рейтинг кестесінің жоғары бөлігіне іліккен елдер тобының ішінен орын алуымызға мүмкіндік туып отыр. Оған дәлел, бізде еркін және ашық демократиялық қоғам орнап жатыр. Барлығымызға белгілі, былтырғы жылы (2007 ж.) елімізде Демократиялық реформалардың жалпыұлттық бағдарламасы кеңінен талқыланды. Демократиялық және өркендеген мемлекеттер орнатудың ортақ заңдылықтарын, сондай-ақ біздің қоғамның маңызды мәдени-тарихи белгілері мен дәстүрлерін үйлесімді ескеруіміз керек. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қазақ әдебиеті | Қазыбек би және қазақ шешендік өнері

КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы.
Тақырыптың өзектілігі. Қазақ ауыз әдебиетіндегі аса бай мұралардың бірі – шешндік сөздер. Шешендік сөздер – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан, рухани ойлау сүзгісінен өткен, тұшымды әрі ұтқыр сөз өнерінің жауынгер саласы. Қазақ шешендік өнерінде өзіндік орны бар, беделді Қазыбек бидің есімі ерекше екені даусыз. Қазақ шешендік өнері мен Қазыбек биді, оның өмір сүрген дәуірін суреттеп, соны беттерін ашу жұмысымыздың негізгі өзектілігі болып табылады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеті.
- Қазақ шешендік өнері жайлы;
- Қазақ шешендік өнері және Қазыбек би дәуіріне тоқталу;
- Қазыбек бидің шешендік келбетін танытатын шешендік толғауларына талдау жасай отырып, мәнін түсіндіру.
Тақырыптың зерттелу деңгейі.
Қазақ шешендік өнерінің өзекті мәселелеріне арналған ғылыми еңбектер көптеп пайдаланылды. Атап айтсақ, М.Ғабдуллиннің «Халық ауыз әдебиеті», С.Негимовтың «Шешендік өнер», Б.Адамбаевтың «Халық даналығы» сынды еңбектер қарастырылып, талданды. Қазыбек би жайында айтылған пікірлерге шолулар жасалып, жан – жақты қаралды.
Зерттеу жұмысының құрылымы.
Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
Шешендік сөздерді тек қана тарихи тұрғыдан ғана емес, практикалық тұрғыдан қарастырып, зерделеу – бүгіннің талабы. Себебі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауында: «Біз қазақ халқының сан ғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап түлете береміз. Сонымен қатар ұлтаралық және мәдениет аралық келісімді, біртұтас қазақстан халқының ілгері дамуын қамтамасыз етеміз».
Қазақ ауыз әдебиетіндегі аса бай мұралардың бірі – шешендік сөздер. Сөз жоқ, шешендік сөздер – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан, рухани ойлау сүзгісінен өткен, тұшымды әрі ұтқыр сөз өнерінің жауынгер саласы. Бір қызығы – қазақ қоғамында шешендік өнер немесе шешендік сөздердің араласпайтын мәселесі кемде-кем болған. Күнделікті өмірдегі «от басы, ошақ қасындағы» даулы мәселелерден бастап, іргелі, мемлекетаралық деңгейдегі іс-шараларға дейін шешендікпен көмкеріліп, әділ шешімін тауып отырған.
Қазақ халқы – сөз қадірін өз қадірім деп білген. Кеңдігін де, кемелділігін де, елдігін де, кемеңгерлігі мен көсемдігін де сөзге сыйғызған. Оның тарихы да, тағдыры да, тәлімі мен тәрбиесі де, даналығы мен дала көңілі де сол сөзде жатыр. Тұла бойдың тылсым сырын сыртқа жаяр, лып еткен сезім, терең ақыл, кемел ой, арман-мұрат, мұң мен сыр – бәрі сыйған сиқыр сөздің бағасын біреу білсе, қазақтай-ақ білсін. Сондықтан да ол үшін сөзден өткен күш, құдірет жоқ. Тоқтам жоқ.
Қазақ – «ат сүрінгенше» ақыл тапқан, ұшқыр ойды қастерлеген, ғасырлар бойы сөз мұрасын қорғаштап, сөз асылын жоғалтпай келген, ардақтысы да, аяулысы да сөз болған халық. Сондықтан да, «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін» айтуға талап қойған. Небір әйгілі шешендер, дуалы ауыз билер шаршы топта сыбанып шығып жүйелі сөз бастаудың қиын екендігін ескертіп отырған.
Қол бастау қиын емес,
Көк найзалы ерің болса.
Жол бастау қиын емес,
Соңыңа ерген елің болса.
Тауып айтсаң береке қылады,
Таптай айтсаң келеке қылады (1,87).
Демек, қазақ қоғамында сөзге талап бәрінен де қатал. Оған «сөз шынына тоқтайды пышақ қынына тоқтайды» - дейтін мақал да дәлел бола алады. Ел арасында шешендікке қатысты құланаян Құлмамбеттің айтатын «сөзімнің қыл өтпейді арасынан» дейтін сөзі де кең тараған. Сөз жоқ, сөзге талап қою, шешендіктің сапасын арттырып, қадірін күшейткен. өз тұсында халық әдебиетін зерттеген Х.Досмұхамедұлы да «Шешен қандай болу керек?» деген сауал тастап, оған халық әдебиетінен мынадай мысал келтірген болатын:
Алқада жауап сөйлесе,
Түюлі сөзден аспаса,
Десте-десте сөз жөнін,
Іретімен сәндесе.
Кемелдігін парықтаса,
Билігін алаш мақтаса,
Түмен жауап айтпаса,
Уәдесін сатпаса.
Қалдырып әділ сөздерін,
Көңілінде шанбаса,
Сабырсыз сөзден қатпаса,
Орнына қойып баршасын,
Бір-біріне шатпаса.
Пікірге кәміл жұрт озған –
Би шешеннің іреті... (2, 23).
Сөзсіз, шешендік сөз суырып салма ақындықпен туыстас.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Менеджмент | Мұрағат ісін ұйымдастыруда іс-шараларды жүргізу

Тақырыптың өзектілігі. “Біз өз халқымыздың тарихтағы өз бағыт- бағдарын табу жолындағы күрделі ізденістерін айқын көзге елестете алуымыз үшін өткенімізді білуге тиістіміз .
Біз аспаннан түскен, ауадан жаратылған жоқпыз, арттағы ұрпақтың игілігі үшін атамекенді қаны мен терін аямай төгіп, азап пен арпалыста алыса жүріп, аман алып қалған ата-бабалардың ұрпағымыз. Олардың бастан кешірген абыройлы сәт тері біздің рухымызды асқақтатып, жеңістері мен жәбірленген сәттері бізді де қателіктер мен адасушылықтардан сақтандырады .
Уақыт талабына тек өткенді біліп, тарихқа қанығып барып , дұрыс жауап таба аламыз. Цицерон айтқандай: “Тарих- тағдырымыз тәрбиешісі”. Есінен айрылған адам соқыр және әлсіз . Мұрағат та сол сияқты. Ол болмаса адамзат өткенге көз жіберу, бүгінгіні түсіну, ертеңгіні жасау мүмкінкіншілігіне ие бола бола алмас еді.”.
“Мұрағат - өткеннің ескерткіші , онсыз адамзат құлықтық ден мүлдем ада болған болар еді.
Мұрағат болмаса көптен-көп жазықсыз қаза тапқандардың аттарын білу мүмкін емес еді”
Қазақстан Республикасаның бүгінгі таңдағы экономикалық дамуы ол тікелей елбасымыздың ұстанған жаңа бағыттағы саясаты десек болады. Мінекей, осындай жаңа бағыттағы саяси, экономикалық мәдени жүйеде елдің ел болып қалуы тікелей оның мәдени құндылықтарына байланысты. Ал мәдени, тарихи құндылықтың қайнар көзі мұрағаттарда екені мәлім. Ендеше мәдени байлықтарымызды көздің қарашығындай сақтап келген мұрағаттардың өз тарихын зерттеу біздің сол құндылықтарымызға көзқарасымызды көрсетсе керек. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Биотехнология | Шұбатқа ветеринариялық санитариялық баға беру

Түйе шаруашылығы мал шаруашылығының өте ертеден келе жатқан салаларының бірі. Түйе сүтінің және одан жасалатын өнім – шұбаттың қоректік және емдік қасиеттері Қазақстанда, сондай-ақ Орта Азия республикаларында аса жоғары бағаланады. Шұбатты адамдар ертеден ақ ем және жалпы денсаулыққа пайдалы құрал ретінде пайдаланып келеді.
«Денсаулығы зор, өздері өте қайратты болып келетін көшпелі арабтар жаңадан ашыған түйе сүтін ішеді» деп жазған болатын И.И.Мечников. Түйе сүтін Африка тайпалары да ішеді екен, түйе сүтін ішпейтін тайпаларға қарағанда олардың арасында атеросклероз ауруы сирек кездеседі екен.
Қазақтың халық медицинасында шұбатты өкпе, асқазан ауырғанда, сондай-ақ уланғанда, мешел болғанда пайдаланады. Атап айтқанда, өкпе туберкулезіне шалдыққан кісілерге бактерияға қарсы препараттар мен шұбатты қосып бергенде емдеу нәтижесі жоғары болады. Сонымен басқа созылмалы гастритті, созылмалы колитті емдегенде бұл тағамның маңызы зор. Қарын сөлінің қалдығы төмен кісілер 15-20 күн шұбат ішкеннен кейін қүлан таза айығады.
Шұбаттың емдік қасиеті құрамындағы сүт қантына, сүт қышқылына, алкогольге, көмірқышқылгазына, белоктарға, тұздарға, витаминдерге байланысты.
Сонымен қатар түйе сүті әртүрлі заттарға бай болғандықтан бактериялар өсуіне де жарамды орта болады.
Сонымен қатар түйе сүті көптеген инфекциялық ауруларды адамдар мен малдарға тарататын көзі болып табылады.
Сондықтан құнарлы және қаупсіз өнімді алу және оны тұтынушыларға жеткізу барысында шұбатқа ветеринариялық-санитарлық баға беру керекті звено болып табылады. Осыған байланысты біздің зерттеу жүргізу мақсатымыз «Дулат» жекеменшік шаруашылық қожалығынан алынған шұбатқа ветеринариялық-санитариялық баға беру....
Дипломдық жұмыстар
Толық

География | Жамбыл облысының туристік географиясы

Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Республикамыздың әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына ену стратегиясын айқындап, елу елдің қатарына кіру үшін 7 кластерді дамыту керек екендігін атап көрсетті. Бұл жеті кластердің бірі – туризм кластері. Туризм – әрі экономика, әрі саясат Мемлекет басшысының туризм кластерін дамыту арқылы Қазақстанның халықаралық беделін көтеру, сала жұмысының тиімділігін арттыру арқылы оны табыс көзіне айналдыру жайлы үкімет алдына мәселе қойып отыр. Туризм бүгінгі күнде жай ғана демалыс емес, қай мемлекетте болмасын шағын және орта бизнесті дамытатын қозғаушы күш. Бұл сала сонымен қатар, валюттік түсімдердің қайнар көзі әрі жергілікті халықты жұмыспен қамтамасыз етудің де құралы. Әлемдік статистика мәліметтеріне сүйенер болсақ, келген турист қай елге болмасын орта есеппен мың доллар көлемінде қаржы түсіріп, тоғыз адамды жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді екен. Жер бетінің ұлтарақтай ғана аумағын мекен еткен Андора, Лихтенштейн, Монако, Сан-Марино тәрізді егжейлі мемлекеттерден бастап әлемдік саясатқа ықпал жасап келе жатқан Ұлыбритания, Германия, Испания, Франция, Қытай, Канада тәрізді іргелі державаларға дейін туризмді экономиканың негізгі табыс көзі айналдырған. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қазақ тілі | Қазіргі қазақ тіліндегі жанасу байланысу формасы

Кіріспе
Тіл білімінің күрделі де қызық саласының бірі – синтаксис. Грек сөзінен шыққан «sintaxis» ойдың жемісін көрсететін сөйлемнің құрылысын зерттейді.
Синтаксис грамматикалық ілім ретінде мынадай негізгі екі салаға бөлінеді: 1) сөз тіркесінің синтаксисі. 2) сөйлемнің синтаксисі.
Қазақ тіл білімі тарихында Ахмет Байтұрсынов пен Құдайберген Жұбанов ерекше орын алады. Тілдік тәсілдердің жұмсалу жүйелерін айқындап, оларға өзінше ат қойып, айдар таққан кісі Ахмет Байтұрсынов болады да, олардың жұмсалу, даму, қалыптасу заңдылықтарын айқындауға ерекше күш жұмсаған профессор Құдайберген Жұбанов болды. Екеуі де кезінде әділетсіздіктің құрбаны болды да, олардың ізін жас ғалымдар жалғастыруда. Олар мақала, кітап, оқулықтар жазса да, докторлық, кандидаттық диссертация жазса да, А.Байтұрсынов құрастырған тілдегі фонетикалық, грамматикалық жүйелік пен ұғым, категория атауларын пайдаланады. Бір қатары Қ.Жұбановтың салған жолымен шұғылданады. Солардың бәрі – қазақ тіл білімінің табысы.
Сөз тіркестерінің құрамы, олардың түрлері, тәсілдері, байланысу формаларын қарастыратын сөз тіркесінің синтаксисі 1950 жылы бой көтеріп, оның мәселері көптеген ғылыми зерттеудің обьектілері болып, синтаксис ғылымының бір саласы ретінде қалыптасты.
Осы аталмыш ғылымның тарихына үңілетін болсақ, 1950 жылға дейін «сөз тіркесі» термині қалыптасқан жоқ болатын, тек сөйлемдегі сөздердің байланысы деп көрсетіліп жүрді. Дегенмен де бірен – саран еңбектерде оқта – текте кездеседі. Мысалы, 1948 жылы Ғ.Бегалиев пен Н.Сауранбаевтың авторлығымен шыққан «Қазақ тілінің грамматикасында» сөз тіркесі термині айтылып, оған мынадай анықтама береді. “Сөздер жеке түрде де және бір – бірімен байланысып та айтылады, бір – бірімен мағына жағынан байланысқан бірнеше сөздердің тобын сөз тіркесі дейді”. [ 1. 149 ]
Қазақ тіл білімінің көшбасшылары А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов еңбектерінде сөйлем сөз болады да, сөз тіркесі синтаксисі туралы жазбайды.
Жоғарыда айтқанымыздай өткен ғасырдың 50-жылдарынан кейін ғана бұл термин қазақ тіл білімі саласында қолданысқа ие болып, 1954 жылы «Қазіргі қазақ тілі» деген атпен көлемді кітап шығады. Қазақ тіл білімінің салалары – фонетика, лексика, және грамматика жөнінде жазылған елеулі еңбек болды. Ең басты жаңалығы – сөз тіркесі синтаксисінің бөлек қарастырылуы және сөз тіркесіне мынадай анықтама берілуі. “Сөз тіркесі дегеніміз – сөйлемдегі сөздердің синтаксистік байланыста айтылған мағыналық тобы”. [ 2. 337.]
Бұдан соң шыққан еңбектердегі сөз тіркесі туралы анықтамаларға қысқаша тоқталатын болсақ. С.Аманжолов, А.Әбілқаев, И.Ұйықпаевтың авторлығымен шыққан 1961 жылғы «Қазақ тілі грамматикасы» атты еңбекте: «Толық мағыналы екі я бірнеше сөздің бір – біріне тұлғалық әрі мағыналық жағынан бағына байланысуын сөз тіркесі дейміз», - деген анықтама берілген. [ 3. 27.] Ал 1971 жылы шыққан М.Балақаев пен Т.Қордабаев «Қазіргі қазақ тілі» оқулығында сөз тіркесі жайлы мынадай пікір айтады: «Синтаксистік қарым – қатынасты білдіру үшін кемінде толық мағыналы екі сөздің сабақтаса байланысқан тобын сөз тіркесі дейміз».[4.15] «Қазіргі қазақ тілі» атты 2004 жылы шыққан еңбекте де тап осылай берілген (авторлары М.Балақаев, Т.Сайрамбаев).....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Экономика | Қазақстанда шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау

Қазақстан Республикасында Шағын және орта кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдаудың 2001-2002 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын (бұдан әрi - Бағдарлама) Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгi Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi Даму стратегиясын одан әрi iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" 2000 жылғы 17 ақпандағы N 344 Жарлығын iске асыруды қамтамасыз ету мақсатында әзiрледi. Шағын және орта кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламаларын 1992 және 2000 жылдардағы кезең iшiнде iске асыру Қазақстан Республикасында жеке кәсiпкерлiктiң жасақталуы мен қалыптасуына негiз қалады. Шағын және орта кәсiпкерлiк экономикасының жинақылығы салыстырмалы түрде аздаған инвестициялары мен тәуекелiнiң неғұрлым аздығымен қысқа мерзiм iшiнде, бiрiншi кезекте тауар айналысы саласындағы сол кездегi жағдайды өзгертуге және тұрақтандыруға мүмкiндiк бердi.Қазақстан ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Психология | Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамыту

КІРІСПЕ
Адамның барлық нағыз адамдық қасиеттері өз өміріне тәлім-тәрбие нәтижесінде қалыптасады.
Бастауыш сынып оқушыларының таным процестері дамуына оқытудың тигізетін әсері өте үлкен. Дамыта оқыту проблемалары 18 ғасырдан бері зерттелуде. Швейцар ғалымы И.Г.Песталоцци оқу барысында балалардың қабылдау және еске сақтау қабілетін дамыту проблемасын зерттеуді бастаған. Бұл идеяны К.Д.Ушинский, Л.С.Выготский жалғастырған. Д.Б.Занков дамыта оқытуға қазіргі технологияларды қолданып, жалпы ақыл-ойды дамыту жолдарын анықтаған. Қазіргі бастауыш мектеп бағдарламасы барлық таным процестерді жедел дамыту жолдарын ескере отырып жасалған оқулықтар мазмұны ойлауды дамытуға үлкен үлесін қосады. Дегенмен осы проблеманы шешу үшін әр мұғалім ойлау қабілетінің ерекшеліктерін, оны дамыту жолдарын толық түсінуі қажет. Балалардың осы ерекшеліктеріне жан-жақты түсіну үшін бітіру жұмыс тақырыбын «Бастауыш сынып оқушыларының қабілетін дамыту ерекшеліктері» деп анықтадық.
Осы тақырыпты зерттеу мақсатының бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамытуға әсерін тигізетін тәсілдері анықтау деп белгіледік. Зерттеу міндеттерін келесі түрде анықтадық:
1. Ойлау қабілеті туралы ұғымды анықтап бастауыш сынып оқушылары ойлау процесінің ерекшеліктерінің ғылыми-теориялық негіздерімен танысу.
2. Бастауыш сынып оқушылары ойлау процесінің дамытуға халық педагогикасы мен психологиясы элементтерін қолдану ерекшеліктерін зерттеу.
3. Ойлау процесті дамытуға шығармашылық тигізетін әсерін көрсету.
Осы анықталған мақсат пен міндеттерді орындау үшін қабілеттің анықтамасы және ерекшеліктеріне сүйене отырып, ойлау қабілетті дамытуға әсерін тигізетін жағдайларды анықтау арқылы, ойлауды дамыту жолдарын зерттедік. Ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді талдап және озық тәжірибелі мұғалімдердің мақалалары мен дидактикалық материалдарымен танысып, оның біршамасын бітіру жұмыста қолдандық.
Жиналған материалдарды логикалық жүйеге келтіріп бітіру жұмысының құрлысын анықтадық. Ол кіріспе, екі тарау, қорытынды және пайдаланған әдебиеттерден тұрады.
Кіріспеде тақырыптық актуалдылығы дәлелденіп, міндет-мақсаттары анықталды.
Бірінші тарауда қазіргі ғалымдар Д.Б.Занков, М.И.Махмұтов, Б.Тұрғынбаева, В.В.Давыдов, Б.М.Теплов т.б. қабілет табиғаты, бастауыш сынып оқушылырының ойлау ерекшеліктері және оның формалары: ойлау қабілетін дамытуға әсерін тигізетін себептер талданған.
Екінші тарауда оқыту барысында бастауыш сыныпта ойлау процесін дамытуға халық ауыз әдебиеті элементтерін, шығармашылық тапсырмаларды, дидактикалық ойындарды қолданудың тигізетін әсері талданған. Қортындыда ойлау қабілетін дамыту ерекшеліктерін оқу процесінде қолдау туралы нұсқалар жасаған.

1. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

1.1. Қабілетті қалыптастыру жолдары

Адамның қоршаған орта ерекшеліктеріне икемделу, білім мен іскерлікті меңгеру оның қабілетіне байланысты. Қабілет дегеніміз адамның білімді, іскерлікті тез және сапалы меңгеруі. Жаңа туған баланың қоршаған ортаны, өзін-өзі танып білуге қабілетінің нышандары генотипінде болады. Осы нышандар қасиетке айналу үшін бала адамдар арасында өсіп, күнделікті тіршілік барысында қарым-қатынас жасауға, қоршаған ортада өзін емін-ерік сезінуге негіз болады. Барлық адамға тән іс-әрекет түрлеріне адамның қабілеті өз өмірінде қалыптасады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Құқықтану | Ақша және бағалы қағаздар азаматтық құқығының объектілері ретінде

Егемен Қазақстанның қоғамы мен мемлекетінің нарықтық экономиканың негізгі принциптеріне сәйкес дамуының екінші онжылдығы жалғасып келуде. Осы мерзімнің ішінде экономикалық және қоғамдық қатынастардың жүйесінде түбегейлі түрдегі өзгерістер орын алуда.
Жаңа Конституция мен оның негізінде қабылданған заңдарымыз мұндай өзгерістердің құқықтық негізі болып табылады. Экономикалық қатынастарды реттеу саласында шешуші рольге біздің “экономикалық конституция” жаңа Азаматтық кодексіміз ие.
Дегенімен де экономикалық қатынастардың дамуы азаматтық заңнаманы одан әрі жетілдіру қажеттілігіне алып келіп отыр. Кодекстегі бағалы қағаздарға қатысты нормалар кеңес дәуірінің азаматтық заңнамасымен салыстырғанда прогрессивті сипатқа ие.
Азаматтық құқықтың объектілерінің бірі бағалы қағаздар болып табылады. Азаматтық кодекстің 129-бабында оған мынадай анықтама берілген: белгіленген нысан мен міндетті реквизиттерді сақтай отырып, жүзеге асырылуы тек оны көрсеткенде ғана мүмкін болатын мүліктік құқықтарды куәландыратын құжат бағалы қағаз болып табылады. Осындай анықтамадан бағалы қағаздың ерекше сипаты шығады, ол атап айтқанда:....
Дипломдық жұмыстар
Толық