География | Жамбыл облысының туристік географиясы
Мазмұны
КІРІСПЕ...................................................................................................................
1 ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ТУРИСТІК ГЕОГРАФИЯСЫ .....................
1.1 Географиялық орны және тарихы...................................................................
1.2 Аудандар бойынша туристік рекреакциялық потенциал...............................
2 ӘЛЕУМЕТТІК –ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ.....................................
2.1 Халқы және үлкен қалалары.............................................................................
2.2 Экономикасы......................................................................................................
3 ТУРИЗМ САЛАСЫНЫҢ ДАМУ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ БОЛАШАҒЫ.....
3.1 Туризмнің қазіргі жағдайы................................................................................
3.2 Ұсынатын турларға сипаттама..........................................................................
3.3 Достық алаңы ансамблі.....................................................................................
3.4. Туризмнің болашағы және 2009-2011жж. арналған бағдарлама.................
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ................................................
Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Республикамыздың әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына ену стратегиясын айқындап, елу елдің қатарына кіру үшін 7 кластерді дамыту керек екендігін атап көрсетті. Бұл жеті кластердің бірі – туризм кластері. Туризм – әрі экономика, әрі саясат Мемлекет басшысының туризм кластерін дамыту арқылы Қазақстанның халықаралық беделін көтеру, сала жұмысының тиімділігін арттыру арқылы оны табыс көзіне айналдыру жайлы үкімет алдына мәселе қойып отыр. Туризм бүгінгі күнде жай ғана демалыс емес, қай мемлекетте болмасын шағын және орта бизнесті дамытатын қозғаушы күш. Бұл сала сонымен қатар, валюттік түсімдердің қайнар көзі әрі жергілікті халықты жұмыспен қамтамасыз етудің де құралы. Әлемдік статистика мәліметтеріне сүйенер болсақ, келген турист қай елге болмасын орта есеппен мың доллар көлемінде қаржы түсіріп, тоғыз адамды жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді екен. Жер бетінің ұлтарақтай ғана аумағын мекен еткен Андора, Лихтенштейн, Монако, Сан-Марино тәрізді егжейлі мемлекеттерден бастап әлемдік саясатқа ықпал жасап келе жатқан Ұлыбритания, Германия, Испания, Франция, Қытай, Канада тәрізді іргелі державаларға дейін туризмді экономиканың негізгі табыс көзі айналдырған.
Жерінің кеңдігі жағынан тоғызыншы орында тұрған Қазақстанның табиғаты ешбір елден кем емес екендігі бесенеден белгілі. Әр аймағы өзіндік қасиеттерімен ерекшеленетін біздің жеріміз батысы мен шығысы, солтүстігі мен оңтүстігі бірін-бірі қайталамайтын көрікке ие. Аспанымен бой таластырған қарлы шыңдар мен биік таулар, құмды, шөлді далалар, ну ормандар мен қалың тоғайлар, өзендер мен көлдердің де неше атасы біздің жерімізде орналасқан.
Жамбыл облысында туризмнің барлық түрін дамытуға мүмкіншіліктер бар. Бастауын б.д.д. үшінші мың жылдықтан алатын Ұлы Жібек Жолының пайда болуы мен дамуы тарихи негіз болып табылады. Табиғи климаттық жағдайларына байланысты, Қазақстан рекреациялық ресурстарға, ерекше әсем табиғи ескерткіштерге бай және қазақ даласында ата-бабамыздан келе жатқан баға жетпес құнды мәдени мұралары да шексіз. Айтарлықтай туристік – ресурстық потенциалы, түрлі табиғи ортасы және жануарлар әлемі бай елдің экологиялық туризмді дамытуға үлкен мүмкіншілігі бар. Экотуризмнің дамуы облыстағы барлық табиғи-шаруашылық кешенніңдамуына, сонымен қатар, елдің әлеуметтік-экономикалық басты мақсаты тұрғындардың салауатты өмір сүру үшін қоршаған ортаның жақсы жағдайда болуын қамтамасыз етеді.
Қолайлы табиғи-климаттық ахуал мен алуан түрлі мәдени-тарихи ресурстар танымдық, экологиялық, спорттық, сауықтыру және «тәуекелдікке толы» туризмді дамытуға септігін тигізері сөзсіз.
1 ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ТУРИСТІК ГЕОГРАФИЯСЫ
1.1 Географиялық орны және тарихы
Жамбыл облысы – Қазақстан Республикасының оңтүстігіндегі әкімшілік-аумақтық бөлік. Шу-Іле таулары мен Балқаштың батыс жағалауы, Қаратау жотасы, Қырғыз Алатауы мен Бетпақдала аралығында орналасқан. Облыс оңтүстігінде Қырғыз Республикасымен, батысында Оңтүстік Қазақстан, шығысында Алматы облысымен шектеседі. Жер көлемі 144,3 мың км2. Тұрғындары 1001 (2006 ж) мың адам. Орталығы – Тараз. Облыс аумағында халық бірдей қоныстанбаған, олар негізінен таулы жерлерде қоныстанған. Облыс әкімшілік ауданға бөлінген: Жамбыл, Байзақ, Жуалы, Сарысу, Талас, Мойынқұм, Қордай, Шу, Меркі және Тұрар Рысқұлов [1].
Жері негізінен жазық. Солтүстік бөлігі (Бетпақдаланы есептемегенде) негізінен, Талас және Шу өзендері алаптарында орналасқан. Шу аңғары облысты екіге бөледі. Солтүстік бөлігінің батысы түгелімен ойысты-сортаңды, шығыстан ұсақ шоқыны – жартасты Бетпақдала шөлі алып жатыр. Оның теңіз деңгейінен биіктігі 350-500 метр. Мұндағы ең биік жері – Байқара тауы (665 м). Шу өзенінің оңтүстік бөлігі – төбешікті – қырқалы келген Мойынқұм құмды алқабына (теңіз деңгейінен биіктігі 300-600 м) ұласады. Оның орта бөлігіндегі құм бұйраттардың арасында көптеген шұраттар (оазистер) кездеседі. Бұл жерлерде жер асты суы (грунт суы) жер бетіне жақын жатыр.
Облыстың шығысында Шу-Іле тауларының аласа келген Желтау, Айтау, Хантау, Майжарылған таулары және Қопа, Қараой үстіртті жазықтары орналасқан. Осылардың биіктіктері 500 метрден аспайды. Беткейлері көлбеу, жоталары жазық келеді. Облыстың қиыр оңтүстік-шығысында Іле Алатауына қабысып, кіндіктас пен Жетіжол таулары жатыр. Шу-Іле тауларынан бастау алатын өзендердің барлығы дерлік жаз айларында кеуіп, құрғақ арналарға айналады. Шу-Іле тауларының оң жағалық аңғарын ала солтүстік – батыстан оңтүстік-шығысқа қарай созыла орналасқан Сарыой үстіртті жазығы мен сексеуілді даласы жатыр. Сарыой жазығында мемлекеттік Андасай қорықшасы орналасқан. Облыстың оңтүстік, оңтүстік-шығысында Қырғыз Алатауының Қазақстанға қарасты солтүстік, солтүстік-батыс бөлігі орналасқан. Облыс аумағындағы оның ең биік жері – Меркі өзені бастау алатын тұсы (4099 м). Облыстың оңтүстік-батысында облыс аумағына, Талас Алатауының қиыр солтүстік бөлігі кіреді. Таудың облыс амағындағы бөлігінің ең биік жері – 4027 м. Мемлекеттік Ақсу –Жабағылы қорығының солтүстік-шығыс бөлігі (Жуалы ауданы аумағында) осында ораналасқан [9]. Облыстың оңтүстік-батыс аумағын Қаратау жотасының солтүстік-шығысындағы үлкен Ақтау мен оңтүстік-шығыс бөлігі (кіші Қаратау) кіреді. Оның облыс аумағындағы ұзындығы 150 км шамасында. Ең биік жері кіші Қаратау жотасының орта тұсы (1610 м). Оңтүстік-шығысында ірі фосфорит кен орындары, полиметалл кентастары бар. Облыстың орталық өңіріндегі сазды-тақтасты, құмды төбешікті жерлерінде бұлақтар, ұсақ тұзды көлдер, құдықтар көптеп кездеседі.
Климаттық тұрғыдан облыс аумағының жазық өңірі Балқаш-Арал, Жоңғар (Жетісу) – Шу –Іле және Қаратау Қызылқұм климаттық облыстарына жатады. Олар өз тұрғысынан бірнеше климаттық аудандарға бөлінеді. Облыс аумағын қамтитын аудандарға орталық Қазақстан климаттық ауданының оңтүстік бөлігі (Бетпақдала), Балқаш маңы климаттық ауданы, (Балқаш көлінің батысы), Мойынқұм климаттық ауданы, Шу-Талас климаттық ауданы жатады. Облыстың климаты біршама құрғақтығымен және континенттілігімен ерекшеленеді. Мұны облыс аумағының Еуразия құрлығының орта тұсында орналасқандығы, мұхиттардан алыстығы, ауа райының ашық болуына мүмкіндік туғызатын атмосфералық айналымның ерекшелігі, сондай-ақ күн шығуының молдығын қамтамасыз ететін оңтүстік ендікте орналасқандығымен түсіндіруге болады. Облыс бойынша ауаның орташа тәуліктік температурасы 00С-тан жоғары кезең 225-245 күнге созылады. Аясыз кезең жазық өңірлерде 5-6 ай, тау бөктерлерінде және тауда 4-6 ай болады. Жазық өңірлерде жауын-шашын аз (100-300 мм). Қар қабаты жұқа (10-15 см). Оңтүстік аудандарда тұрақты қар жамылғысы болмайды. Туризмді дамытуға өте қолайлы.
Облыста жер беті ағыны біркелкі таралмаған. Өзендер, негізінен, облыстың оңтүстігіндегі Қырғыз және Талас Алатауларының солтүстік беткейлерінен бастау алады. Олдардың басым бөлігі Шу мен Талас өзендері алқабында жатыр және осы өзендердің салалары болып табылады. Облыс аймағындағы ең ірі және ұзын өзен – Шу (1186 км.). Ол Қырғызстан аумағында Тянь-Шань тауларынан басталады. Теріскей Алатауы мен Қырғыз Алатауындағы мұздықтардан басталатын Жуанарық, Қошқар өзендерінің қосылуынан қалыптасады.
Табиғат көркем Буалі шатқалынан өткен соң облыс аумағына кіреді. Облыстағы оның ұзындығы 800 км. Шатқалдан өткен соң ағысы баяулап жазықтығы кең аңғарлы өзенге айналады. Облыс аумағында оған жалғыз Қорағаты өзені қосылды. Қызылордада, Оңтүстік Қазақстан жерлеріндегі Ащыкөл-Ақжайқын ойысына құяды. Ірілі-уақты 80 саласы бар. Қорағаты, Меркі, Ақсу, т.б. облыстың Мойынқұм, Бетпақдала арқылы ағады. Арнасының ені 50-100 м, ең терең жері 4,8 м. Негізінен, мұздық және қар суымен толығады. Жылдың аяғының 15%-ға жуығы көктемде, 58%-ы жаз-күз айларында, 27%-ы қыста өтеді. Жылдық орташа су өтімі 77 м3/с. Желтоқсан-Наурыз айларында қатады, мұзының орташа қалыңдығы 64-74 см., шілде-тамыз айларында суы мол болады. Жазда судың орташа температурасы 22-23 0С, ең жоғарғы температурасы 26,7 0С жетеді. Өзенде сазан, табан, жайын т.б. балықтар бар. Шу бойында Тасөткел бөгеті, Тасөткел суару жүйесі салынған. Егіндік пен жайылымды суару және суландыруға Шу өзені суының 55% жұмсалады.
Облыстағы екінші үлкен өзен Талас, Қырғызстан мен Қазақстан жеріндегі өзен. Ұзындығы 661 км су жиналатын анабы 52700 км2. Қазақстандағы бөлігі 453 км. Негізінен Жамбыл облысының Байзақ, Талас, Сарысу аудандары жерімен ағады. Қырғыз Алатауы мен Талас Алатауы мұздықтарынан шығатын Қарақол және Үшқома өзендері қосылған жерден басталып, Мойынқұмдағы Айдын көліне жетпей құмға сіңіп, тартылып қалады. Аңғары жоғарғы бөлігінде тар шатқалды, ені 1-2 км, жазыққа шыққан төменгі бөлігінде кең, 25-30 см көп жылдық мұз, жауын-шашын суынан толысады. Маусым-тамыз айларында тасиды. Тараз қаласынан төменгі ағысында Таластан бірнеше тармақ (Шалқы, Көделі, Тасарық т.б.) таралады. Суы көктемде, күзде тұщы, ауыз суға жарамды.
Тараз қаласынан 10 км жерде Киров бөгені, сағасынан 197 км жерде Юбилейный, 275 км-де Жінәлі, 280 км-де Қазақбай бөгендері және Талас-Аса каналы салынған. Егін суаруға пайдалану үшін Талас-Аса каналы тартылған. Таласқа оның ірі саласы – Аса өзені (ұзындығы 253 км) сол жақтан құяды.
Облыстағы көптеген кішігірім өзендер (Шабақта, Борандай, Бүркітті, Теріс, Шалсу т.б.) Қырғыз Алатауына, қаратау жотасынан бастау алады. Шу-Іле және қаратау жотасынан басталатын өзендердің барлығы дерлік жаз айларында құрғап қалады, не жылғаларға айналады [24].
Облыс аймағын Балқаш көлінің оңтүстік-батыс бөлігі кіреді. Облыс аумағындағы ең ірі көл – Бишікөл. Бишікөл – Шу-Талас алабындағы көл. Тараз қаласының солтүстік-батысында 60 км жерд, Қаратаудың солтүстік беткейіндегі тектоникалық ойыста орналасқан. Теңіз деңгейінен биіктігі 438 м. Аумағы 88 км2, ұзындығы 18 км, ені 7,5км-ге дейін, орташа тереңдігі 3,5 м, ең терең жері 8 метр. Жауын-шашын мол жылдары су көп. Суы тұщы. Бишікөлге Аса өзені шығыс жағынан құйып, солтүстігінен ағып шығады. Көлде сазан, шабақ, табан балық, ақ амур, майшабақ, т.б. бар. Көл суын төңірегіндегі шаруашылықтар егін суаруға және демалыс орнына пайдаланады.
Жамбыл облысы – сан алуан жануарлар мен құстардың мекені. Кәсіптік маңызы бар сүтқоректілерден: артаутеке (тау-тасты, тік жарлы, құзды жерлерде тіршілік етеді), елік (аршалы ормандарда), марал (жазда субальпілік белдеуде, қыста тоғайлы жерде), ақбөкен (бетпақдалада); қоңыр аю (Батыс Тянь-Шань жаталарында), доңыз (Шу мен Талас өзендері аңғарларында) кездеседі. Басқа жыртқыштардан – қасқыр, қызыл түлкі, сусар, ақкіс және аңқалық сияқты терісі бағалы аңдар кең тараған, ондатр жерсіндірілген. Қанаттылардан ұлар, үкі, сақалтай (қозықұмай), шымшық, бұлдырық, т.б. кездеседі. Бауырымен жорғалаушылардан кесіртке, қалқантұмсық жылан мен сұр жылан бар. Өзендер мен көлдерде алабұға, қарабалық, сазан, көксерке, табан, қызылқанат балық, жайын тіршілік етеді. Облыс аумағы, сондай-ақ, сирек кездесетін, жылдан-жылға саны азайып, қорғауға алынған, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген бүркіт, ителгі, Қаратау арқары, мензибр суыры, көкқұс, лашын, т.б. құс – жануарлардың мекені. Облыс аумағында Қазақстандағы тұңғыш қорық – Ақсу-Жабағалы қорығы, ақбөкендердің қысқы мекені – Андасай қорықшасы (зоологиялық) және Ақсай қорықшасы орналасқан [4].
Жамбыл облысының аумағында тас ғасырынан, полеолит дәуірінен бері адамдар өмір сүріп келеді. Бұл жерде андрон мәдениеті мен ұзақ ғасырлар бойы бір-бірін алмастырған сақтардың, үйсіндер және қаңлылар және басқалардың мәдениеттері қалыптасты. Мұнымен қатар өңірдің тарихы мен мәдениеті тамыр жайған Тараз қаласын басып өтетін Ұлы Жібек жолы, және сол кездің Қытай, Үндістан, Византия, Парсы, Батыс Еуропа және ежелгі Русь сияқты ірі елдермен саяси-экономикалық байланыстары өңірдің қарыштап дамуына қолайлы жағдай туғызды.
Шу, Талас, Аса өзендерін кесіп өтетін бұл өңірде іргетасы шартты түрде біздің эрамызға дейінгі 586 жылы қаланды деп есептелінетін ежелгі Талас қаласының пайда болуына ықпал еткен коңыржай климат, құнарлы топырақ, бай жайылым оны ары қарай өсіп-өркендетті. Қытай саяхатшысы Сюань-Цзяньнің деректеріне қарағанда 630 жылы өзінің көлемі жағынан замандастары Самарқанд, Шашу (Ташкент) қалаларынан кем түспесе, Исфиджаб, Қасан және басқа қалалардан асып түскен. Бұл жерде әр елден келген көпестер тауарларын саудалайтын. Өзінің ең гүлденген сәтінде 11-12 ғасырларда жеткен қаланың қыштан жасалған құбырлар пайдаланылған жерасты су желісі, тас төселген көшелер мен аяқжолдар канализациялық коллектор мен күйген кірпіштен көпкүмбезді ғимарат ретінде соғылған моншасы болған.
1220 жылы Орта Азияның түгелге дерлігін және қазақ елінің едәуір жерін жаулап алған моңғол шапқыншылары ақырына дейін қарсылық көрсетіп баққан Тараз қаласын тыптипыл ғып тастады. Бұдан кейін Тараз өзінің мәні мен мәртебесін жоғалтып алды. Бұл аймақта толассыз жүрген өзара соғыстар, Батыс Еуропа мен Үндістанға ашылған теңіз жолы арқылы Ұлы Жібек жолымен сауда-саттықтың тоқтауына және бұның бойында жатқан қалалардың токырауына әкеп соқты. Тарихта ірі оқиға ретінде Тараз туралы 1513 жылы оған Қасым ханның жорығы кезінде айтылады. Нәтижесінде, бір замандары атағы шыққан қала 15 ғасырдың басында Қазақ хандығына қосылғанжай қоныстардың біріне айналды. Археологиялық қазбалардың материалдары, мазарлар мен тастардағы бейнелер ортағасырлық Тараз бен ең ежелгі қазақтарды біріктіретін мәдени байланыстар болғанын айғақтайды. Ұзақ жылғы археологиялық, тарихи-сәулет зерттеулерінің нәтижесінде табылған ескерткіштер облыстың тарихи-мәдени мұрасының құнды қоры болып табылады. 19 ғасырдың басында бұл аймақта шекара мен керуен олдарың күзету үшін бірқатар камалдар салынды. Осылай ежелгі Тараздың үйінділерінің орнында орналасқан жері тиімді болғаннан кейін тез дамуға бет алған қамал бой көтерді. Уақыт өте қалаға айналған қамалдың аты Наманган-Коче болды. 1856 жылы ол «Әулиеата» болып өзгертілді. Бұл атын ол Қарахан батырдың құрметіне алды. Әулиеата өзінің сыртқы келбеті мен жоспарлануы басқа ортаазиялық қалалардан ерскшеленген жоқ. Орталығында көптеген сауда орындары мен қолөнершілері орналасқан қалада 2-3 мың тұрғын болды.
Кеңес Өкіметі өзі үстемдік құрған алғашқы күнінен бастап, бұрынғы тәртіпті түбегейлі өзгертіп, жергілікті билікті нығайтуға кірісіп кетті. Осының айғағындай, 1936 жылдың 10 қаңтарында Әулиеата Қазақ компартиясының бірінші хатшысы Мирзоянның құрметіне Мирзоян деп аталды. Ал, 1937 жылы 5 маусымда қала аты Жамбыл тауларында дүниеге келген қазақтың белгілі ақыны Жамбыл Жабаевтың атымен аталды. Қалаға оның тарихи атауы 1997 жылы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қаулысымен қайтарылып, Жамбыл қаласы Тараз боп өзгертілді.
Талас... Тараз... Әулиеата... Мирзоян... Жамбыл... Тараз.
Осылай ғасырлар бойына атауы сан өзгертілген қаланың тағдыры оңай болмаған [5].
1.2 Аудандар бойынша туристік рекреакциялық потенциал
Жамбыл ауданы – Жамбыл облысының оңтүстік-батысындағы әкімшілік бөлік. 1928 жылы құрылған. Жері 4,3 мың км2. Тұрғыны 75,6 мың адам Ауданның Әкімшілік орталығы облыс орталығынан 27 шақырым жерде орналасқан Аса ауылы. Аудан аумағында 45 елді мекен бар. Аудан жері таулы (Қаратау мен Қырғыз Алатауының түйіскен жері), ауданның орталығы қыратты, ал солтүстікке қарай жазық келеді. Ауданның ең биік жері орта тұсында (Үлкен Бұрылтау, 1138 м). Климаты континенттік, қысы жұмсақ, жазы ыстық. Ауаның жылдық орташа температурасы қаңтарда – 6-70С шілдеде 22-260С. Жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері 250-400 мм. Аудан жерімен Талас, Көделі, Аса өзендері ағып өтеді. Жері тау-шалғынды, сұр, шалғынды батпақ топырақты келеді, жусан, жантақ, сортаң шөп, қамыс-құрғақ, бұталы өсімдіктер, т.б. өседі. Ақбөкен, арқар, қоян, түлкі, қасқыр, шиебөрі, қырғауыл т.б. мекендейді. Аудан аумағында 38 ұлт пен ұлыстың өкілдері тұрады. Жамбыл ауданындағы халықтың басым көпшілігі қазақтар (95,5%). Халық біршама тығыз орналасқан. Халық қоныстануының орташа тығыдығы 1 км2-ге 16 адамнан келеді. Аудандағы ірі елді мекендер: Аса (7,9 мың адам), Жалпақтөбе (7,6). Жамбыл ауданында 99 мәдени-тарихи ескерткіштеге ие. Оның 89-ы археология, 7-і тарихи, 2-уі сәулет және 1-уі монументалды өнер ескерткіші. Археология ескерткіштері негізінен ең ежелгі керуен жолдарының бойынан табылған. Олардың ішінде Әулиебастау, Бектөбе сияқты ірі қалалар мен ерте темір және орта ғасырдағы Ақтөбе, Күзембайтөбе, Кішімүрде қоныстары, Ақыртас заңғар кешенінің, қарауыл мұнараларының қалдықтары, бейіттер мен қорғандар (қорымдар) бар. Ортағасырлық сәулет өнерінің ғажайып ескерткіштері Айша бибі мен Бабаджы қатын кесенелері де мұнда орын тепкен.
“Төменгі Барысхан” – IV-XIV ғасырлар. Тараздың іргесінде орналасқан ғажайып қала. Қаланың топографиясында бұрыштары мен көлденеңінен орналасқан мұнаралардың төбешіктері мен мұжылған тіреулерімен қоршалған жәдігерлер бой көрсетеді. Қала екі сатыдан тұратын, төбе неғұрлым жарыққа бағытталған болып келеді. Қалаға кіреберісте мұнаралап көп салынған. Территориясында қауыздардың қалдығы, суағарларға ыңғайланған еңістер байқалады. Қаланың шығыс бөлігінде оның ауылшаруашылық аймағын құрайтын усадьбалардың қалдығы – жекелеген төбешіктер көзге түседі.
Тектұрмас сәулеттік кешені X-XVI-ғасырлар. Талас өзенінің жағасына, Тараз қаласының оңтүстік-шығыс бөлігіне, айнала ортадағы биік төбеге салынған ежелгі қаиетті орын. Тектұрмас қасиетті сұлтан Махмуд хан жерленген жер деп саналады. Кешен негізі VII-XI-ғасырда, Ислам діні енгенге дейін қалана бастады. Ислам дәуірінде салынған кесененің өзі 1935 жылы қиратылған. Қазіргі оның орнына ортағасырлық үлгідегі жаңа кесене салынып, қалпына келтірілді. Дәл қасында қазақтың ұлы батыры Мәмбет батырдың моласы үстіне соғылған кесене бар. Кесене орналасқан төбеден төменде жатқан Тараз қаласының бар көрінісі жақсы көрінеді. Іргеде ағып жатқан, көне қалаға аты берілген Талас өзені адам әсерін күшейте түседі. Осы жерде X-XIII ғасырларда ...

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: дипломдык Жамбыл облысының туристік географиясы жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар жобалар География дипломдық жұмыстар, Жамбыл облысының туристік географиясы