Зерттеудiң көкейкестiлiгi. Қазiргi кезеңдегi студент спортшылар дайындау жүйесi өзiндiк мақсаты, мiндеттерi, құралдары, әдiстерi, ұйымдастыру түрлерiмен материалдық-техникалық шарттары т.б. бар, студенттердiң ең жоғарғы спорттық нәтижелерге жеткiзуге қамтамасыз ететiн күрделi де көп факторлы құбылыс болып табылады, сондайақ студент спортшыны жарыстарға дайындайтын ұйымдастырылған педагогикалық үрдiс. Дүние жүзiндегi студент жастар арасында кеңiнен тараған спорт түрлерiне спорттық түрлер мен баскетбол жатады. Баскетболшы студенттердiң спорттық шеберлiгiнiң шыңын анықтайтын факторлардың бiрi ойыншылардың техникалық тәсiлдерi (қабылдап алу мен беру), лақтырудың алып жүгiрудi, кәрзеңкеден ыршыған, түспеген допты игерудегi, допты ұстап қалу мен соғып жүгiрудi тиiмдi орындау болып саналады. ....
КІРІСПЕ Әл – Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған . Ол данышпан философ, энциклопедист – ғалым , әдебиетші – ақын , математик . Әл – Фараби 870 ж. Арыс өзенің Сырдарияға құя беріс сағасындағы ежелгі Отырар қаласында дүниеге келген, Ол ең алғаш білімді қыпшақ тілінде Отырар қаласында алған , өсе келе сол замандағы ғылым мен мәдениет орталығы атанған Бағдад , Дамаск , Каир т.б. қалаларда білім алады. Өзінің түркі тілімен қатар араб , араб , латын , санскрип тілдерін жетік білген . Әл – Фарабидің ғұлама ғалым ретінде зерттеу жүргізбеген , ат салыспаған ғылым саласы жоқ деуге болады . Сондықтан Әл – Фарабиді отандық және шет елдік шығыстанушы зерттеушілер таяу және Орта шығыстың ең алғашқы әлеуметтік саяси ғылымының негізін қалаушы ретінде таниды . Фараби және оның шәкірттерінің ғылым мен мәдениетті дамытудағы орнын анықтау , ғылым мұраларын мұқият өте үлкен маңызды жұмыс . Сондықтан дүние жүзінің әр түрлі халықтарынан шыққан оқымыстылар Фараби мұраларын 1000 жыл бойы тынбастан зерттеп келеді. Таяу және Орта шығыс елдерінде кітап басып шығарудың басталуымен шығыс халықтарының тарихын , әдебиет , философия , философиялық шығармаларын , мәдениеті мен ескерткіштерінің қолжазбаларын басып шығару үшін көп жағдай жасалды . ХХ ғасырдан бастап бұрыңғы өткен ойшылдарымен оқымыстылардың шығармаларымен бірге Әбунасыр Әл – Фарабидінде трактаттары басылып шыға бастады . Ең алғаш 1905 жылы белгісіз каирлік кітап шығарушы Фарабидің ең үлкен және негізгі « Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактаты » деген еңбегін басып шығарды . Кітаптың алғы сөзінде ескі әдебиеттерге сүйеніп берілген Фарабидің өмірі мен ғылым еңбектері туралы бірқатар мәліметтер берілді . 1907 жылы Каирде Фараби трактаттарының философиялық жинағы / Мажмуат фалсафа ли ибн Наф аль – Фараби / 8 шағын философиялық шығармаларынан тұратын еңбегі басылып шықты . Каирде 1909 , 1910 , 1916 , 1926 , 1948 жылдарда Фараби еңбектерін басып шығарды . Фараби мұраларын зерттеуде дүние жүзінің көптеген оқымыстылары еңбек етті . Олардың ішінде араб – парсы тілдерінде жазған ибн әлнадим / 995 / , Әл – Байхоки / 1169 / , Ибн - әл Венике / 1484 / , Кам Сартон / 1927 / , түрік тілнде А. Сайылы мен П. Үлкен / 1950 / жазған . Елімізде , шығыстану ғылымында фарабитанушы зерттеу 1924 жылы атақты әдебиетші А. Саадиден басталған . С. Н. Григорян / 1958 / еңбектерінде : / VII – XVI ғ. Орта Азия мен Иран философиясының тарихынан » , « Таяу және Орта шығыс халықтарының ортағасырлық философиясы » / Фарабидің әлеуметтік – саяси көзқарасы қаралған . М. М. Хайруллаев өзбек тілінде / 1963 / жазған өзінің « Фарабидің Философия тарихындағы көзқарасымен оның маңызы » және « Фараби :дәуірмен уақыт » атты еңбектерінде оны өз дәуіріндегі ұлы гуманист деп бағалайды . Ал қазақстандық философтар А. Х. Қасымжанов және С. К. Сатыбекова өздерінің еңбектерінде Әл – Фараби гуманист , ұлы ағартушы , ойшыл деп суреттейді . Шетелдік зерттеушілерден Әл – Фарабидің жалпы философиялық шығармаларына арналған И. Мадкура , Р. Вальцер , А. Эхаванидің еңбектері жатады . Неміс ғалымы Г. Леидің зерттеулерінде Фарабидің саяси - әәлеуметтік көзқарастары қысқаша талдау жасаған . Ал тәжік ғалымы Фарабитанушы А. Д. Жахиддің еңбектерінде мемлекеттің теориясы Фарабидің толығымен ашылған . Атақты шығыстанушы – зерттеушілер И. Гольлцмер , М. Штайншипайдер , Дж. Сартон , Карра де Во , Н. Штайнер , Ф. Диетерицин , А. Мец , А. Массэ , А. О. Лери , Дж . Хоурони және де басқа ғылымдар Араб халифатының идеялық өмірі туралы , ондаған ой еркіндігі мен гуманизм туралы өз еңбектерінде көп жазған.....
Тақырыптың өзектілігі. Нарықтық экономика дамуының теориясы мен тәжірибесіне сәйкес кәсіпкерлік қоғам өмірінің неғұрлым маңызды: экономикалық әлеуметтік және саяси сфераларындағы құрылым құрушы элемент болып табылады. Нақты өмірде аталған аспектілердің көрінісі бірқатар ішкі және сыртқы факторларға байланысты қалыптасады, ол кәсіпкерлік зерттелу объектісі ретінде күрделі және көп жақты болып келеді. Шағын бизнесті дамытудың негізгі мақсаты кәсіпкерлік ары қарай дамуы үшін, жаңа мықты импульс алуы үшін, көзқарасты шоғырландыру қажет негізгі (маңызды, стратегиялық) сәттерді анықтауда. Осындай сәт ретінде нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерліктің негізін құрайтын ортаңғы класс мәселесін қарастырылу ұсынылады. Арнайы зерттеулер жүргізген ғалымдардың образдық салыстыруы бойынша “қазіргі дамыған қоғамда әлеуметтік құрылымды эллипс түрінде көрсетуге болады, оның жоғарғы және төменгі жағын сәйкесінше элита мен кедейлер, ал ортаңғы жағы көп бөлігін – орта класс құрайды”. Қазақстандағы шағын кәсіпкерліктің дамуы өтпелі кезең ерекшеліктеріне байланысты қиын және қайшылықтарымен жүзеге асырылады. ....
Тақырыптың өзектілігі: Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде дамуында сыртқы және ішкі, дәстүрлі және заманауй факторлар өз сабақтастығын тауып жатыр.Сабақтаса отырып дамудың белгілі бір деңгейіне жеткен еліміз үшін бүгінгі таңдағы басты міндет – келешек ұрпаққа өшкенін қайта жандыртып, ұмытылғанын қайта еске салдыру. Осы айтылған ойды жүзеге асырудың ең алғашқы және басты этапы – қазақ мемлекеттігінің шынайы тарихын жазу болып табылады. Тарихтың небір қырлы да сырлы құпияларын ашу жолдарында сол замандарға қатысты құжаттардың алатын орны өте зор. Әр заманның өзіндік ерекшеліктеріне байланысты құжаттар да өзіндік сипатқа ие болуда. 20 – шы ғасырдың басында дәстүрлі жазба құжаттармен қатар өмірге электронды құжаттар ұғымы келді. Көзбен көріп, құлақпен естіп білетін жаңа сарындағы құжаттар елдің саяси және мәдени өмірінің айнасына айналды. Ғасыр басында өмірге келген құжаттардың шоғырын іздеп тауып, жүйелеп сақтау сол заманда мұрағаттар алдында тұрған басты міндет еді. Көп жылдар бойына осы жұмыс атқарылып келе жатыр. Еліміз егемендікке қол жеткізгеннен бері төл тарихымызға деген қызығушылығымыз бұрыннан бетер арта түсті. Қоғамның бұл сұранысын қанағаттандыру үшін республика мұрағаттары талмай жұмыс істеу үстінде. Қазіргі заман ақпарат заманы болғандықтан ақпарат, соның ішінде ретроспективті құжаттар ақпарат қоғамның рухани, мәдени дамуындағы басты ресурсқа айналды. Электронды құжаттарды саяси, құқықтық, әлеуметтік және мәдени – ағартушылық салаларда пайдалану оларға деген сұранысты ұлғайта түсті. Дәлірек айтсақ, кешегі мен бүгінгіні байланыстыратын, өткеннен өнеге алуға уағыздайтын құжаттың соның ішінде электронды құжаттардың құны артты. 1998 жылы 22 желтоқсанда қабылданған «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Қазақстан Республикасының жаңа заңында «Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры Қазақстан халқының тарихи – мәдени мұрасының ажырамас бөлігі болып табылады және оны Қазақстан Республикасының ұлттық игілігі ретінде мемлекет қорғайды» делінген. Аталмыш заңның 2 – бабында көрсетілген осы тұжырымдар арқылы біз фото құжаттардың мемлекет, ел үшін маңыздылығы қандай деңгейде екенін көреміз. Осыған сәйкес бүгінгі қоғам мүшелерін ретроспективті құжаттармен таныстыру және оны пайдалану мүмкіндіктерін кеңейту Қазақстан мұрағаттарының басты міндеті болып отыр. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2003 жылы қабылдаған «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында аудиовизуалды құжаттарды қайта өңдеу шараларына байланысты көптеген жұмыстар атқарылуда. Осы орайда цифрлеу әдісі арқылы ескірген құжаттардың көшірмелері, сонымен қатар шет елден Қазақстан тарихына қатысты құжаттарды (Мысалы Мұстафа Шоқай қоры) еліміздегі мұрағаттарға қайтарып алу бүгіндегі актуалды мәселелердің бірі болып табылады. ....
КІРІСПЕ Зерттеу көкейкестілігі. Бүгінгі таңда жас ұрпақтың білім алуы мен дамуына ерекше ден қойылып, көңіл бөлінуде. Соңғы психологиялық-педагогикалық зерттеулерде жеке тұлғаның өзіндік сана белсенділігін дамыту елеулі мәселелердің біріне айналып отыр. Алайда, ол тұлғаның дамуын оқу қызметіндегі бірінші кезектегі міндет деп танығанда ғана іске асады. Жасөспірім шақтағы дүниетанымның қалыптасуы және қоғамдық белсенділіктің маңызы философия, әлеуметтану және психологиядағы ең бір өзекті мәселелердің бірі. Жасөспірімдік кезең – адамның денелік дамуының, оның өзіндік сапасының жедел өсуінің, дүниетанымының қалыптасуының, кәсіптік таңдаудың аяқталу кездері және ересектер өміріне аяқ басуының басталуы. Адамның жаны мен тәнінің сапалық, сандық жағынан да үлкен өзгерістерге түсуінде осы жаста адамның қоғамдық белсенділігі артады, сана – сезімі өседі, жан дүниесі шыңдала түседі. Бұл кезеңде дамудың барлық жақтары сапалы өзгерістерге жақындайды, саналы іс-әрекеттер қаланып, психологиялық жаңа құрылымдар, әлеуметтік құрылымдар қалыптаса бастайды. Бұл үрдіс жасөспірімдік шақтағы баланың негізгі ерекшеліктерін анықтайды. Л.С. Выготский, А.Г. Ковалев, В.Г. Маралов, Г.К. Селевко, Я.Л. Коломенский, және т.б. педагог-психологтардың еңбектерінде осы мәселелер жан-жақты қарастырылады. Дәл осы шақта оқушының психикалық дамуында, әсіресе өзіндік сана қалыптасуында қарым-қатынас ерекше мәнге ие болады. Сынып ішіндегі оқушылардың арасындағы және оқу іс-әрекетіндегі қарым-қатынасты көптеген психологтар зерттеген. Олар И.Я. Лемберг, Г.А. Цукерман, У.В. Дубровина, В.А. Крутецкий, Х.Т.Шерьязданова, Н.Қ. Тоқсанбаева, А.М. Прихожин. Жоғары сынып оқушысы өзін қоршаған ортаны тануда ішкі әлеміне дүниетанымдық сұрақтарын қояды: «Мен бұл әлемде қандай маңызға иемін», «Онда мен қандай орынды аламын», «Менің қандай мүмкіндігім бар», «Мен қандаймын», «Болашақта кім боламын?» және т.б. Осы кезеңде жасөспірім мектептегі қызығушылықтарынан шығып өзін үлкендерше сезініп әр түрлі тәсілдермен үлкендер өміріне араласқысы келеді: қысқа мерзім күйінде өмірлік бағдарламаны жасап шығару, «кім боламын» сұрақтарына жауап табу, мамандық таңдауын белгілеу, тұлғалық және моральдық, яғни рухани өзін-өзі билеу сияқты сұрақтар мазалайды.. Жасөспірімдік шақта өз ерекшеліктерін білгісі келуі, өз-өзіне ден қойып, кемшіліктерге назар аударуы ерекше орын алады. Аталмыш мәселелер төңірегінде көптеген психолог–ғалымдар жұмыс жүргізді. Мәселен: Б.Г.Ананьев, Л.С.Выготский, Н.А.Логинова, З.Фрейд, Ж.Пиаже, А.А.Бодалев, А.Г.Ковалев, А.Г.Асмолов, ал қазақ психологиясында: А.Жұмағұлов, Т.Тәжібаев, С.Ұзақбаева, М.Мұқанов және т.б. болды. Зерттеу тақырыбының өзектілігі жасөспірімдердің өзіндік сана-сезімін қалыптастырудағы даму мәселелерінің жүйелілік сипатымен негізделеді. Осы орайда зерттеу тақырыбын «Жасөспірімдік шақта қарым-қатынастың дамуын зерттеу» деп алдық. Зерттеудің мақсаты ─ жасөспірімдерде қарым-қатынастың психологиялық маңызын анықтау. Зерттеу нысаны – қарым-қатынас дамуын зерттеу үрдісі. Зерттеу пәні – жасөспірімдерде қарым-қатынасты дамыту тәсілдері. Зерттеу болжамы – егер сабақ және сабақтан тыс уақытта жасөспірімдердің қарым-қатынасын дамытуға баса назар аударылса, онда олардың жеке тұлғалық қасиеттерінің айқындалуына, өз-өзіне деген қатынасының жас ерекшелікке сай қалыптасуына қол жеткізуге болады, өйткені, тұлғақарым-қатынасының құзіреттілігі қазіргі заман талабы.....
1.1. Тақырыптың өзектілігі мен тәжірбиелік маңыздығы.Егеменді ел болғалы да біршама уақыт өткенімен мал басы, оның ішінде ірі қара мал саны өспей отыр. Бүгінде республикада мал саны небәрі 6 млн ғана. Мал басы көбінесе шаруа қожалықтары мен жеке кооперативтерде шоғырланған. Ірі қара мал басының бұлай өспеуінің себебі төлдер арасында жиі кездесетін жұқпалы және жұқпалы емес аурулар себепкер болып отыр.Республикамызда ірі қара шаруашылығы мал шаруашылығының дәстүрлі және негізгі саласы болып табылады.Ірі қара малы өнімділігін арттырудың басты жолы – мал басын көбейту десек, одан алынатын төлді аман сақтау маңызды болады....
Зерттеу өзектілігі Жаңа заман мектеп реформасы тек мектептің басқару жүйесі мен оқу үрдісін қамтып ғана қоймай, сол мектептің бала оқытатын мұғалімдері түгелімен өзін-өзі жаңа бағытқа қарай кәсіби шеберлігін күнделікті жаңа технологияларды меңгере отырып, үнемі ұштай түсу яғни іздену үстінде. Кез келген оқу процесі қиыншылықтар мен қайшылықтар туғызып отырады. Ондай мәселелерді таным үрдістерін, есте сақтауды дамыту, көңіл-күй мәселесі, берілген білімді қабылдау, ойлауды дамыту, қиялына әсер ету сияқты факторларды оқушымен ынтымақтасқан түрде жүзеге асыру мұғалім мен мектеп психологының бірлескен қызметтеріндегі іскерлігі мен кәсіптік шеберлігіне байланысты болып отыр. Кез-келген оқу процесі болсын немесе күнделікті өмірде мұғалім балалардың жас және дара ерекшеліктерін, жеке психикалық жай-күйін бағалай алмаса, белгілі бір мақсатқа қол жеткізіп, сыныпта жақсы психологиялық ахуал жасай алмайтыны белгілі. Сондықтан қоғамдағы елеулі өзгерістер мен адамдар арасындағы қарым-қатынас құралдарының қарқындап дамуына байланысты жаңа тұлғаны қалыптастыру заман талабы. Бастауыш сынып оқушыларының ақыл-ойын дамыту мәселесі қазіргі таңдағы педагогика мен психологияның ортақ мәселелелерінің бірі болып табылады. Осы кезеңде оқушының қоршаған болмыспен танысу ....
КІРІСПЕ Жұмыстың жалпы сипаттамасы Қазақ әдебиеті мен мәдениетінде өзіндік орны бар аударма өнері сан ғасырлардан тамыр тартып жатыр. Салт-дәстүрі де, әдебиеті мен мәдениеті де бір-біріне ұқсамайтын екі елдің арасында аударма екеуін жалғастырушы алтын көпір іспеттес. Аударманың тағы бір ерекшелігі ол әдебиеттің бұрынырақ пайда болған жанры болғандықтан, қалған басқа салаларға қарағанда тарихи тереңде жатыр. Қазақ аудармалары шын мәнінде мыңдаған жылдық даму жолын басынан өткерді. Мәселен, әдебиетшілер аударманың тарихын сонау XII-ХIV ғасырлардан бері қарай зерттеуді бастады. Әрине, ол кездерде қазақ әдебиетінің тарихында «Алтын орда дәуірі» деген атпен белгілі болған дәуірде аудармаға ұқсас өзгеше әдеби жанр «назирагөйлік» қатты өркендеп дамыған. Оның өзі әдеби байланыстармен қатысты екендігін осы жерден байқауға болады. Демек, аударманың өзі екі елдің бір-бірімен әдеби жағынан қарым-қатынасқа түсуі, сол арқылы елдердің арасында ортақ әдеби процестің қалыптасуы. Аударма жанры қазақ әдебиетінде, әсіресе, өткен ғасырлардың ішінде дамудың үлкен бір белесіне жетті. Бұл тұрғыда орыс әдебиетінің классикалық үлгілерінен жасалған аудармаларды зор мақтанышпен көрсетуімізге болады. Атақты жазушылар Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсірепов, Мұхтар Жанғаливтар орыс халқының ұлы тұлғалары Н. В. Гоголь, Л. Н. Толстой, Н. Погодиндерден аударма жасап, көптеген озық туындыларды қазақ әдебиетінің алтын қорына әкеліп қосты. Сондықтан көптеген зерттеушілер аударма туындыларды төл әдеби мұраларымыз деп қарастырды. Аударма теориясы мен практикасын ұштастыра қарастырған әдебиеттанушы-ғалымдар Ә. Сатыбалдиев, С. Талжановтар осы саладағы жарияланып жатқан көптеген еңбектерді сарапқа салып, талдауды жүзеге асырды. Сол сияқты көптеген ғылыми зерттеу жұмыстары жазылы, осы салада кандидаттық, докторлық диссертациялар қорғалды, монографиялар жазылды. Аударманы жан-жақы қарастырудың нәтижесінде аударма теориясы деген жаңа ғылым саласы қалыптасты. Аудармалардың өзі бірнеше топтарға бөлініп, оның теориялық және практикалық негіздері дамытыла бастады. Кеңес үкіметі кезінде аударманың теориясын қалыптастырған С. Талжанов пен Ә. Сатыбалдиев еңбектері бұл жанрдың іргесінің беки түсуіне үлкен септігін тигізді. Ә. Сатыбалдиевтің шетел, орыс жазушыларының туындыларын қазақ тіліне келістіріп аударған тамаша аудармашы екендігі мәлім. Мұның өзі ғалымның екі жақты өнерді шебер меңгергендігін көрсетеді. Ол көркем аударма саласындағы тәжірибесіне сүйене, аудармашылық өнердің қыр-сырын терең зерттеп, оны жақсартудың нақты жолдарын саралап, құнды пікірлерін ортаға салды. Яғни, көркем аударманың теориясымен де айналысып, аудармада түпнұсқаның ерекшеліктерін сақтау, шығарманың көркемдік күшін, идеялық, эстетикалық әсерін айнытпай жеткізу сияқты мәселелерін алға тартады. Сонымен қатар майталман теоретик аударма түрлерін де саралайды: «Еркін аударма – түпнұсқаның шеңберінен шықпай, автордың бар стилін сақтай отырып, аударманы оқуға жеңіл және тартымды етіп шығара білуді еркін жеткізу тәсіліне жатқызады, оның өзін шығармашылық еркіндік деу керек.....
Каратэ тарихының тамыры жекпе-жек өнерінің жүйесі ретінде тереңде жатыр. Ұрыс өнерінің жетекші эксперттері қоян-қолтық ұрыс жүйесінің отанын ежелгі Үндістан деп есептейді. Б.д.д. шамамен VI-ғасырда Будда монахы қалың сақалды Бодхидхарма (жапонша Да Мо) "Сақалды варвар" Қытайға келеді. Ұзақ уақыт ел аралағаннан кейін Хенань провинциясындағы Шаолинь монастырына тоқтайды, онда ол әрбір тірі жанның кеудесінде Будда табиғатының оянуы туралы өзінің білімін үйретеді. Бодхидхарма Будда әрбір адамда, кез-келген затта болады, оны тек өмірге ояту керек деп тұжырымдайды. Бірақ монахтар негізінен сутра мен киелі кітапты оқуға жүгінді, шындықтан әрі кете берді және жаңа білімге ұмтылмады. Ары қарай аңызда Бодхидхарманың 9 жыл бойы қабырғамен ойласып және өзін-өзі жетілдіру үстінде үңгірде өмір сүргендігі баяндалады. Да Мо ұзақ уақыт қимылсыз отырғаннан қозғалу қабілетінен айрылады, бірақ ол кешенді дене жаттығуларын жасай отырып, жоғалтқанын қалпына келтіреді.....
Тақырыптың көкейкестілігі: Жер бетіндегі биік таулардың айнала қоршаған орта үшін, ондағы болып жатқан әр түрлі ішкі және сыртқы әрекеттердің, жер шарындағы тірі ағза мен климаттық жағдайдың қалыптасуында маңызды рөл атқаратыны белгілі. Әсіресе, оның жер бетіндегі климат пен экожүйенің тұрақтылығын сақтауда ерекше қызмет атқаратыны белгілі. Бұл әрекеттер жер асты процестерінде түрлі тектоникалық және геологиялық қозғалыстар мен ауытқуларға негіз болады. Осы болатын географиялық құбылыстар жер беті тауларымен, әсіресе биік тауларымен тығыз байланысты [1]. Дүниежүзіндегі ең биік таулардың негізгі бөлігі Азия территориясында бой көтерген. Бұл таулар өзінің физикалық-географиялық жағдайымен дүниежүзілік таулардан өзінің ерекшіліктерімен оқшауланып тұрады. Ең алдымен оның географиялық орналасуы мен географиялық қалыптасуы, жер бедері, климаты табиғи ландшафтысы және өзендерінің гидрологиялық режимдерімен ерекшеленеді [2]. Сонымен қатар, жер шарындағы табиғат нысандарының ішінде ораграфиялық жағдайы бойынша да зерттеуге өзекті сипат береді. Осындай өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, біз дипломдық жұмысымыздың тақырыбын «Азияның биік таулы аймақтарының физикалық-географиялық ерекшеліктері» – деп белгіледік. Себебі, бүгінгі күні болып жатқан табиғаттағы ырғақтылық құбылыстардың өзгеруі мен қалыптасуында Азияның биік таулы аймақтарының алатын орны ерекше. ....