Дипломдық жұмыстар

Дипломдық жұмыстар санатында қазақ тілінде жасалған жобаларды қарап, сатып алу емес тегін жүктей аласыз. Қазақ тілі, математика, информатика, бағдарламалау, қазақ әдебиеті, топырақтану, қаржы, педагогика, дене шынықтыру, құқықтану, география, психология, есеп және аудит, биотехнoлогия және тағы басқа пәндер бойынша дайын дипломдық жұмыстар жарияланған!!!

География | Сарысу өзені алабының негізгі гидрологиялық сипаттамаларын анықтау

Сарысу өзені Орталық Қазақстанның ірі өзендерінің біріне жатады, әрі Бетпақдаланы кесіп өтетін жалғыз өзен болып табылады. Өзен суы ауыл шаруашылығында, өнеркәсіпте және тұрмыста кеңінен қолданылады. Аймақта халық санының, егістік алқаптың өсуіне және соңғы кездегі климаттың біржақты өзгерісі орын алып отырған жағдайда Сарысу өзені алабы өзендерінің гидрологиялық сипаттамаларын қайта анықтау мәселесі туындап отыр. Дипломдық жұмыста Сарысу өзені алабының жалпы физико-географиялық сипаты, климаттық факторлар, алаптың гидрологиялық зерттелуі, су режимі және негізгі гидрологиялық сипаттамалары зерттелінді.
Жұмыстың негізгі мақсаты – ағындының қолда бар мәліметтері бойынша Сарысу, Жаман Сарысу және Жақсы Сарысу өзендерінің есептік тұстамаларындағы жылдық ағындысының негізгі сипаттамаларын анықтау болып табылады.
Жұмыста бастапқы мәліметтер бағаланды және алаптың климаттық, физико-географиялық сипаттамалары есепке алынып, өзенннің қалыпты ағындысы және әртүрлі қамтамасыздықтағы ағынды мәндері анықталды. Қарастырып отырған өзендердің су режимінің өзгеру заңдылықтары зерттелінді. Әртүрлі қамтамасыздықтағы су өтімдері анықталды. Алынған гидрологиялық мәліметтер алаптың су ресурстарын пайдалауда аймақта экологиялық жағдайды өршітпей мәселелерін шешуде қолданыс табуы мүмкін. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Психология | Девиантты мінез – құлықты жасөспірімдермен әлеуметтік жұмыс

КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбымыздың өзектілігі: Еліміздің нарықтық қатынастар кезеңінде болашақта бүкіл әлемдік өркениет аренасында өз орны бар мемлекет деңгейінде дамуы халқымыздың ұлттық менталитетінің болмысына әсіресе жаңа жас ұрпақтың сындарлы тәлім-тәрбиесіне тікелей байланысты.
Дегенмен бүгінгі таңда ұлттық болмысымызға кереғар, келеңсіз құбылыстардың жастар арасында кең етек алуы жас ұрпаққа қажетті заман талабына сай тәлім-тәрбие жүйесін жаңартуға, ұстаздардың сонымен қатар ата-аналардың алдына аса маңызды міндеттер қояды. Бұл міндетке халқымыздың ғасырлар бойғы ұрпақ өсірудегі ұлттық тәрбие дәстүрлер тәжірибесі негізінде адамгершілік қадір қасиеттері тағылымды, рухани дүниесі бай, мінез-құлық мәдениеті еліміздің болашағы үшін қызмет етуге дайын азаматты қалыптастыру арқылы жетуге болады.
Жасөспірімдердің әлеуметтік проблемаларына деген қызығушылықтың өзектілігі әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өзгеру кезеңін басынан кешіп отырған қоғамдарда күшейіп отыр. Қазақстан үшін жас ұрпақ жасөспірімдердің әлеуметтік проблемаларын зерттеу, әлеуметтік жұмыстың механизмін, технологияларын зерттеу қазіргі қазақстандық жастар үшін – жас ұрпақтық нарық заңдарына кездесіп, бұрынғы ұрпақтарға қарағанда қатал бейімделу жолдарын таңдау алдында қалуымен де байланысты. Балалар мен жасөспірімдер қараусыздығы, жасөспірімдер арасындағы қылмыс, нашақорлық және т.б. сол сияқты өтпелі кезеңде байқалған. Мұндай құбылыстардың ауқымы жасөспірімдерді әлеуметтік жұмыстың әлеуетті объектілеріне айналдырып отыр.
Қоғамның өтпелі кезінде, қоғамдық өмірдің көптеген салалары дағдарыс жағдайында болғанда, әлеуметтік процесстердің динамикасы асоциальдық және антиәлеуметтік сипатындағы – зорлау мен дүниеқорлық арқылы жасалатын қылмыстар, маскүнемдік, нашақорлық және токсикомания, жезөкшелік, аморализм сияқты мінез-құлық реакциясының өршуін туғызуы өзінен-өзі түсінікті. Мұндай құбылыстар жасөспірімдер арасында кең таралған.
Осыған байланысты бұл күндері жалпы білім беретін мектептердегі тәрбие ісінің мазмұны Отандық және әлемдік өркениетті елдердегі психология, педагогика және физиология ғылымдарының жетістіктерін пайдалана отырып жетілдірудің қажеттігі туындауда. Бұл бір жағынан, екінші жағынан, бүгінгі өскелең ұрпақтың бойындағы рухани құндылықтардың өнегелік нұсқаларын бір-біріне кіріктіре отырып игеруге бағыттай білу балалар тәрбиесінің мазмұнын, құрылысын және нысандарын одан ары жетілдірудің қажеттілігін туғызып отыр. Үшіншіден әрбір қоғамда болып тұратын формациялық өзгерістер өскелең ұрпақ тәрбиесінің мақсаты мен мазмұнын өзгертуді, тәрбиелік әдістемелік технологияларын жаңартып, толықтырып отыруды талап етеді. Бұл мәселенің шешімін табу, өсіп келе жатқан жеткіншек ұрпақты жан-жақты жетіліп, үйлесімді дамыған адамгершілік қадір-қасиеттері мол жеке тұлға етіп тәрбиелеуде берік тұғырлық негізін қалайды.
Қазіргі кезде елдегі әлеуметтік қайшылықтардың асқынуы кәмелетке толмаған жасөспірімдердің арасында қылмыстық істерге баруына мүмкіндіктер туғызуда. Дөрекілік күйдегі бейресми жастар құрамдары саны өсуде, олардың өзгермелі теріс пиғылдары сана-сезімдері қаталдыққа, озбырлыққа, өтірікшілдікке, жеке басын ойлау бағдарламаларын мінездейді.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қазақ әдебиеті | Оралхан Бөкейдің «Атау кере» повесіндегі әр түрлі тілдік амалдары

Кіріспе
Бүгінгі таңда қазақ әдеби тілі мен жалпыхалықтық тілдің арасындағы сабақтастыққа көп көңіл бөліну үстінде. Себебі, жалпыхалықтық тіл көркем әдебиеттің қайнар көзі болып табылады. Ақын-жазушылар өз шығармаларында әдеби тілді де жалпыхалықтық тілді де өз ойларын жеткізу үшін ұтымды пайдалануға тырысады. Бұл талпыныстардың кейде сәтті шығатындары да бар, кейде олар шығарманың мазмұндық құрылымына нұқсан келтіріп тұрады. Сондықтан, жалпыхалықтық тіл мен әдеби тілдің арасындағы нәзік сабақтастықты үзіп алмай, олардың орнын тауып пайдаланғанның табысты болары анық.
Тілдік қордың толығуы, тілдік бірліктердің молаюы сияқты процесс осындай байланыстардың арқасында жүзеге асады. Сондықтан, жекелеген жазушылардың, ақындардың өз шығармаларында тілдік бірліктерді қалай қолдана алатындығына қарай олардың жеке стильдік ерекшеліктері сараланады, автор ретіндегі шеберлігі айқындалады.
Қазақ әдебиеті соңғы жылдары тек толысу, даму белесінде болғаны мәлім. ХХ ғасырда негізі қаланып, жүйелі түрде қалыптасса да, әлем әдебиетінің кез келген озық үлгілерінен кем түспейтін туындылар жазылып, талай елдердің тілдеріне аударылды, талай адамдар сүйсіне оқитын болды. Осының бәрі шындығына келгенде, жазушылардың жеке шығармашылық ерекшеліктеріне қатысты екенін ескергеніміз жөн.
Жергілікті тіл ерекшеліктері мен аймақтық лексиканы әдеби тіл деңгейіне дейін көтеріп, оқырмандарына жол тапқан ақын-жазушылар жетерлік. Оралхан Бөкей, Дүкенбай Досжан сияқты ғалымдарды міне, осы тұрғыдан келгенде бағалауымызға негіз бар. Әсіресе, Оралхан Бөкейдің бұл саладағы жетістіктері өте мол. Жазушының өткен ғасырдың 70 жылдары прозада қарымды еңбек етуі қайталанбас дүниелердің қазақ әдебиетіне қосылуына себеп болды. Оның шығармаларының тілдік ерекшеліктерін танып-білу де өз алдына бір әлем. О. Бөкей қазақ тілінің құнарын, шұрайын мейлінше сарқа пайдаланған жазушы болып есептеледі. Бұл кезінде көптеген ғалымдардың назарына да іліккен. Академик Р. Сыздық пікір білдіргендей, «Авторлық даралықты, жазушының өз қолтаңбасын танытатын стильдік амалдың бірі – кейіпкерлерді сөйлету, ойлату тұстары. Бұл саладан қарағанда, О. Бөкей тілге аса бір ұқыптылықпен қарайтын, сәйкестік, орындылық дегендерге интуициясы мен білігі күшті қаламгер екендігі көрінеді» [ Сыздықова Р. Ғ. «Қазақ әдеби тілінің тарихы.» Алматы, Ана тілі, 1993].
Оралхан Бөкей Алтай өңіріндегі көпке танылмай, ұмытылып бара жатқан сөздерді әдеби тілге әкеліп қосты. Рас, кейбір жазушылар оның бұл қадамынан мін тауып, кемшіліктерін көрсетіп те жатты. Алайда сөздің бейнелілігін неше түрлі көркемдік тәсілдермен жеткізу, шығармада әр жолда тірі сурет жасау – Оралханның әдебиет белесінде жеткен шынайы табысы. Оны ешкім де жоққа шығара алмаса керек-ті. Сондықтан, Оралхан Бөкейдің әр шығармасын жеке алып, оның барлығын тілдік тұрғыдан талдаудың берері мол екендігі анық. Осы тұрғыдан алғанда, Оралхан Бөкейдің «Атау кере» шығармасын талдауды негізгі нысана ретінде алып отырмыз.
«Атау кере» повесті жазушының дара қаламгерлік шеберлігін, қолтаңбасын танытатын озық шығарма. Ондағы сюжет желісі де негізінен адам мен қоғам болмысына қатысты, екі арадағы байланыс, табиғат мәселесіне арналады. Мұндағы кейіпкерлер жүйесінің әрқайсысында өзіндік ойлау ерекшелігі, өзіндік ойлау стилі бар. Осылардың бәрін Оралхан Бөкей «Атау кереде» жеткізуде халықтық тілдің қазынасынан емін-еркін пайдаланған. Сол себептен, Оралхан Бөкейдің «Атау кересі» тілдік тұрғыдан біршама зерттеу еңбектерге арқау болды. Шығармадағы тілдік құбылыстардың, сөз тіркестерінің, фразеологизмдердің жеке-жеке зерттелуге тұрарлық дүние екендігін де айта кеткеніміз жөн.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қазақ тілі | Ауызекі сөйлеу стилі

Кіріспе
Ауызекі сөйлеу – адамдар арасындағы коммуникативтік қатынастың басты әрі жиі көрінетін формасы. Осыған байланысты лингвистикада тіл-тілдің ауызекі сөйлеу ерекшеліктері арнайы зерттеу обьектісі болып келеді. Сонымен бірге ауызекі сөйлеу тілін зерттеудің бағыт-бағдары, әдіс-тәсілдері де алуан түрлі. Бірқыдыру еңбектерде лексикология, грамматикалық тұрғыдан ауызекі тілдің лексикалық, грамматикалық ерекшеліктерін тану мақсат етілсе, басқа, мәселен, психолингвистикалық зерттеулерде ауызекі сөйлеудегі сөзді құрау, түсіну процесстерінің психикалық астарын ашу мақсат етіледі.
Қазақ тіл білімі о баста ауызекі сөйлеу тілінің фактілерін зерттеуден басталған. Бұлай болуы, бір жағынан, ол кездегі жазбаша әдебиеттің шама-шарқына байланысты болса, екінші жағынан, ғалымдардың қазақ тілінің таза халықтың көзін, негізін тауып, сол фактілерге сүйеніп, зерттеуге талпынуына да байланысты еді. Қазақ тілін алғаш зерттеушілердің бірі – белгілі ғалым Н.И.Ильминскийде осы бағытты ұстады. Ол қазақ тілін осы тілде сөйлеушілердің өз аузынан жазып алынған фактілер негізінде зерттеу қажет, қазіргі кітаби материалдарда қазақ тілінің өз заңдылықтарына сай келе бермейтін шағатай тілінің элементтері көп деп үнемі ескертіп отырды. Н.И.Ильминский қазақтардың сөзді өнерге балап, оған ерекше талап қойып, мән беруін жоғары бағалады. Ол: «Қазақтың шешен кісілерін тыңдау бір рақат нәрсе: олардың сөзі ұйқасты, сымбатты, анық, көркем» деп жазды. Қазақ тілі жөнінде алғаш толық, жүйелі лингвистикалық еңбек жазған П.М. Мелиоранский де өзі, негізінен, ауызекі сөйлеу тілінің фактілеріне сүйенетінін ерекше атап отырады. Алайда революцияға дейінгі зерттеулер ауызекі сөйлеу тілін арнайы қарастыра да, жан-жақты қамти да алмады.
Қазақ тіліне арналған алғашқы бұл зерттеулерде оның басты фонетикалық, грамматикалық жүйесін анықтауға ғана баса мән беріліп, стильдік тармақтарын даралап тану міндет етілді.
Революциядан кейін қазақ тілін зерттеудің бағыт, мазмұны мүлде өзгерді, ол тарихи ұлы міндетке – қазақ халқының социалистік жаңа мәдениетін жасау, соған жол ашу мүдделеріне қызмет ету мақсатын көздеді. Сондықтан да бұл кездегі қазақ тіл білімі баса көңіл бөлген мәселелер - әдеби тілдің қалыптасуы, дамуы, жазуды жетілдіру, әдеби тіліміздің фонетикалық, грамматикалық жүйесін тану болды. Ауызекі сөйлеу тілінің ерекшеліктері, ауызекі сөйлеу тілі мен жазба әдеби тілдің арасындағы өзара қатынастың сыры ашылмады. Ауызекі сөйлеу тілі – қазақ тілінің қайнар көзі, негізі дегеннен аса алмады.
Қоғам мүшелерінің білім, мәдениет дәрежесінің өсуі, олардың қоғамдық өрісінің ұлғаюы, творчестволық белсенділігінің артуы ауызекі сөйлеу тілінің рөлін көтерді. Ауызекі сөйлеу тілінің жұмсалу аясы да орасан кеңіді, тақырыбы кеңейіп, мазмұны да күрделенді. Сондықтан жұртшылықтың ауызекі сөзге қоятын талабы да өсті. Тіл білімі саласында ауызекі сөйлеу тіліне ден қою осы қоғамдық, әлеуметтік талапқа байланысты. Ауызекі сөйлеу тілін зерттеу оның коммуникативтік (пікір алысу) сипатын анықтап, фонетикалық, грамматикалық тәсілдерді қолдану, пайдалану ерекшеліктерін ашуды көздейді, мұның өзі қоғамдық коммуникацияны жетілдіру, мәдени дәрежесін өсіруге көмектеседі.
Жұмыстың өзектілігі. Функционалдық стильдердің ішінде ауызекі сөйлеу стилі қазақ әдеби тілінің жіктелуінде айрықша орын алады. Ауызекі сөйлеу стилінде прагматикалық фактордың қатарына жататын тыңдаушыға айрықша көңіл аударуды қажет етеді. Ауызекі сөйлеу стиліндегі прагматикалық фактор деректі ситуацияны білдірмейді, бірақ коммуникативтік актінің маңызды бөлігі болып саналатын тілдік емес ситуацияны өзара әрекеттестік үстінде толық есепке алып отырады. Олай болса, ауызекі сөйлеу стилі ерекше стиль түріне жатады. Ауызекі сөйлеу стилі функционалдық стилдердің ішінде өзіне тән фонетика, лексика, грамматикасы бар күрделі әрі әмбебап стиль түрі болып саналады. Осы фонетикалық, лексикалық, грамматикалық ерекшеліктерін көрсету бұл жұмыстың өзектілігін айқындайды.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Бітіру жұмысының негізгі мақсаты табиғаты күрделі саналатын ауызекі стилінің функционалдық стильдердің ішіндегі өзіне ғана тән фонетикалық, лексикалық, грамматикалық ерекшеліктерін зерттеу болып табылады. Ауызекі сөйлеу стиліне тән белгілерін көрсету мүддесі алға қойылады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Журналистика | Отандық және шетелдік БАҚ тағы денсаулық мәселелерінің көтерілуі

Атақты ғалым, физиолог И.П.Павлов адам табиғаттың асқақ туындысы екенін, сонымен бірге оның күрделі де нәзік жүйе екенін, соған қарамастан табиғат қазынасынан игілік көру үшін адам дені сау, әлеуетті және ақылды болуы тиіс деп атап көрсеткен болатын. «Денсаулық-зор байлық» дейді халық. Денсаулық біздің қоғамда әр адамның жеке қазынасы, өз меншігі ғана емес. Сонымен бірге ол мемлекеттің қол жеткен табысы, ел байлығы болып есептеледі. «Ердің саулығы – елдің байлығы» деп халқымыз тауып айтқан. Біздің кемелденген отанымызда халық денсаулығы мемлекет қамқорлығына алынған. Бұл құқық мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерінің білікті медициналық тегін көмегі арқылы; азаматтарды емдеуге және олардың денсаулығын нығайтуға арналған мекемелер жүйесін ұлғайту арқылы; қауіпсіздік техникасы мен өндірістік санитарияны дамытып, жетілдіру арқылы; кең көлемді профилактикалық шаралар жүргізу арқылы; айналадағыны ортаны сауықтыру жөніндегі шаралар арқылы; жеткіншек ұрпақтың денсаулығына айрықша қамқорлық жасау, оның ішінде оқуға және еңбек тәжірибесіне байланысты емес балалар еңбегіне тыйым салу арқылы; аурудан алдын-ала сақтандыруға және ауру-сырқауды азайтуға, азаматтардың ұзақ жасап, белсенді өмір сүруін қамтамасыз етуге бағытталған ғылыми зерттеулерді өрістету арқылы қамтамасыз етіледі. Әділ заңның аялауы арқасында біздің елімізде халыққа медициналық көмек көрсету мен аурулардың алдын алу ісінде елеулі табыстарға қол жетіп отыр. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Дене шынықтыру | Баскетбол ойыныныдағы ойындық әрекеттердің әдістемелік негіздері

Зерттеудің өзектілігі. Студенттердің оқытушымен бірлескен, жұмысы теориялық білімдібекітуге тереңдетуге себін тигізеді, оқу-әдістемелік жзәне тәрбиелік жұмыстарды жүргізуде оқыту процесінде педагогикалық дағдылар мен біліктілікті қалыптастыруға жағдай туғызады.
Практикалық сабақтарда студенттер ойынның әдістері мен тәсілдерін орындау техникасын ұтымды меңгереді, тактиканы үйренеді және жетілдіреді, жаттығуды және жарысқа төрешілік етуді үйрету әдістемесін меңгереді, жалпы арнайы дене дайындығының тәсілдерін оқыту әдістемесін оқиды.
Жаттықтыру және үйрету әдістемесінен, тактика мен техника негіздерінен студенттердің алған білімдерін нақтылайтын және тереңдететін әдістемелік сабақтар негізгі сабақтың құрамджас бөлігі болып табылады. Жастары және дайындық деңгейі әртүрлі топтағы шұғылданушыларға сабақ өткізу әдістемесі мен ұйымдастыру мәселелеріне аса көңіл бөлінеді.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Дефектология | Ақыл есі кем балалардың сөздік қорын молайтудың ерекшеліктері

Ақыл-есі кем балаларды оқыту мен тәрбиелеу арнайы мекемелердің алдында тұрған үлкен міндет болып табылады. Сондықтан мемелекет қазіргі таңда даму мүмкіндігі шектеулі жандарға айрықша назар аударып, қамқорлық көрсетіп отыр. Бұл қамқорлықтың бәрі Елбасының халыққа жолдауында, ҚР Білім туралы заңында, «Кемтар балаларды әлеуметтік-медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдану туралы» т.б. заңдарында айтылып, дамуында кемістігі бар балаларға көмек көрсетудің тиімді жүйесі, оларды оқыту, тәрбиелеу, еңбекке баулу және кәсіби даярлығын шешуде, бала мүгедектігінің алдын алуға бағытталған көптеген көкейкесті мәселелер жан-жақты қарастырылған.
Білім туралы заңының 2-тарау 8-бабаының 6 тармақшасында «Мемелекет даму мүмкіндігі шектеулі азаматтардың білім алуына, дамуындағы ауытқуды түзетуіне және әлеуметтік жағдай жасауды қамтамасыз етеді» делінген.
Л.С. Выготский, С.Л. Рубинштейн, А.Н. Ленотьевтің және басқа психологтардың көзқарасымен келісе отырып адам психикасы әрекет процесінде белсенді өзгеріп отырады.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды түзетіп және оқыту барысында , адекватты түрде тәрбиелеу кезінде мұндай балалардың бойында өз-өзіне қызмет ету және оларды профессионалды дағдыларды үйретуге болатынын аналарына түсіндіреді.
Бұл мемлекетті оларды арнайы мекемелерде қамтамасыз етуден, ал балаларды қоршаған ортаға тәуелділіктен және толық көмексіздіктен босатады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Дене шынықтыру | Жас спортшыны оқытудың және тәрбиелеудің ерекшеліктері

Тақырыптың өзектілігі. Спорттық дайындық кез – келген педагогикалық ықпалдардың құралдары, әдістері мен түрлерін және осы ықпалдар бағытталатын нысандарды терең білуге бағытталады. Педагогикалық ықпалдар мазмұны спортшылардың жасына олардың дайындық сатыларына қарай өзгеріп отырады.бірақ негіздері, яғни жалпы заңдылықтары, ережелері, оқыту мен тәрбиелеу принциптері өзгермейді.
Спорттық дайындық педагогикалық ықпалдардың тәрбиелік, білім беру және сауықтыру бағыттарын ұсынады, олар өзара байланыста ортақ міндет – спортшыларының жеке қабілеттерін барынша дамыту мен оларды жарыс әрекеті жағдайында жүзеге асыруды атқарады. Қойылған мақсатты атқару үшін педагогикалық ықпалдар нысаны мен мәнін жақсы білу қажет. Педагогикалық ғылым мен іс – тәжірибеде жинақталған кеңестерді басшылыққа алу қажет, яғни әдістеме өзінің ықпал ететін нысанын, яғни өсіп келе жатқан, дамушы жас спортшыны білуімен табиғи байланыста болуы тиіс. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Дене шынықтыру | Грек рим күресі жаттығуларында балуандардың жылдамдығын арттыру әдіс тәсілдерін жетілдіру

Тақырыптың өзектілігі. Салауатты өмір салтын қалыптастыруды спорт арқылы дамыту - мәселені түбегейлі шешері сөзсіз. Қазіргі кезде елімізде қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуы табысты болуы үшін денсаулығы мықты және де дене күштері жетілген тұлғаны тәрбиелеу қажеттігі туындап отыр.
Бүгінде дамыған 50 елдің қатарынан орын алу үшін денсаулығы мығым, қоғамды соның ішінде жастарды, жас ұрпақтың денсаулығын нығайту өте қажетті және жоғары дәрежеде дене тәрбиесі жағынан даярлау аса маңызды міндеттердің бірі болып отыр.
Дипломдық жұмыстың мақсаты. Еліміздегі қоғам арасында салауатты өмір салтын қалыптастырудың бірден-бір құралы ретінде және дене қасиеттерін тәрбиелеудің әдістемесін жасау мен теориялық жағынан зерттеу.
Зерттеу пәні: Қоғамды салауатты өмір салты мен дене-тәрбиесіне қалыптастыру және дамытумен байланысты мәселелер.
Зерттеу объектісі ретінде түрлі сипаттағы спорттық техникалар мен жаттығу әдіснамалары алынған.
Дипломдық жұмыстың әдіснамалық негізін кеңестік кезеңіндегі жаттырықтушылар мен қазіргі заманғы отандық жаттықтырушылардың еңбектері, алдынғы қатарлы шетел әдебиеттері құрады. Дипломдық жұмысты жазу барысында грек-рим күрес әдістерінің техникасын жетілдіру әдістері, салыстырмалы талдау әдістері, ғылыми абстракция әдістері пайдаланылды. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қаржы | Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау

«Тәуелсіздікті алған алғашқы күннен бастап біз сіздермен бірге дәйектілікпен құрып жатқан жаңа Қазақстан өзінің дербес даму жолын таңдап, жылдан жылға әлемдік қоғамдастыққа жақындау процесінде зор құрмет пен беделге қол жеткізе отырып, алға қарай нық сеніммен ілгеріліп келеді», деп Н.А.Назарбаев 2007 жылдың ақпан айының 28 жұлдызындағы Қазақстан халқына жолдауында атап өтті.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында шаруашылық жүргізудің әкімшіл-әміршіл жүйесінен нарықтық жүйеге көшу жүзеге асырылуда. Кәсіпкерлік сала, әсіресе кіші және орта бизнес саласы белсенді дамуда. Шаруашылық субъектілерінің қызметінің тиімділігі тікелей елдегі нарықтық қатынастар дамуынан, сонымен қатар кәсіпкерлер еркіндігінен, яғни оған тиімді көрінетін кәсіпкерлік шешімді қабылдауға мүмкіндік беретін жеке тәуелсіздігіне тәуелді. Шешімнің тиімділігі кәсіпорынды алдын ала қойылған стратегиялық және тактикалық мақсаттарына жетуімен анықталады.
Яғни кез келген кәсіпорын фирманы басқарудың жалпы мақсаттарына жетуге бағытталатын жүйенің болуынан тәуелді. Бұндай жүйе болып қаржылық менеджмент табылады. Ол әрқашан жоспарлаудың, басқарудың және қаржылық талдаудың ғылыми негізін қолдану арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау мен болжаудың әдісі ретіндегі қаржылық талдау қаржылық менеджменттің ажырамас бөлігі болып табылады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық