Құқықтану | Азаматтық іс жүргізудегі дәлелдеудің нысаны

 Құқықтану | Азаматтық іс жүргізудегі дәлелдеудің нысаны

Мазмұны

Кіріспе…………………………………………………………………………...........3

І-тарау Азаматтық істер бойынша міндеттемелерді орындау
1.1. Азаматтық істер бойынша міндеттемелерді орындау ұғымы және оның принциптері…..................................................................................………….6
1.2. Азаматтық істер бойынша міндеттемелерді орындау нысаны және тәсілі...8
1.3. Азаматтық істер бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі және орны..................................................................................................................13

ІІ-тарау. Азаматтық істер бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету
2.1. Азаматтық істер бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері ұғымы және олардың түрлері…….............................................. 18
2.2. Азаматтық істер бойынша міндеттемелерді орындау-кепілпұл…............22
2.3. Азаматтық істер бойынша міндеттемелерді орындау-тұрақсыздық айыбы...…………………………...............................……………………….25
2.4. Азаматтық істер бойынша міндеттемелерді орындау-кепілдік және кепіл болушылық……………………..............................................………………30
2.5. Азаматтық істер бойынша міндеттемелерді орындау-кепіл……………..41

Қорытынды.................................................................................................................70
Пайдаланылған әдебиеттер.......................................................................................72

Азаматтық істер бойынша міндеттемелерді орындау ұғымы міндеттемеге сәйкес 6ip адам (борышқор) басқа адамның, (несие берушінің) мүлкін беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т.б. сияқты белгілі бip әрекеттер жасауға, не белгілі 6ip әрекет жасаудан тартынуға міндетті, ал несие беруші борышқордан өз мідеттерінің орындауын талап етуге құқылы. Несие берудің борышқордан атқарылғанды қабылдауға міндетті. Міндеттеме заң талаптары жене міндеттеме шарттарына сәйкес, мұндай шарттар мен талаптардың болмаған жағдайында - іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтар ғана немесе баск,а талаптарға сәйкес түрде орындалуы тиіс. Шарт бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етуде борышқордың, мүлкіне әсер етудің қосымша шарасы қолданылады, осы арқылы оның өз міндеттемелерін орындауына ықпал етіледі. Борышқордың, шартта көрсетілген мідеттемелерін орындамауы немесе тисті дәрежеде орындамауы жағдайында несие беруші мүддесі қанағаттандырылады. 80-жылдардың соңы мен 90-жылдардың басында реформалық, басталумен құқықтық, базасыз нарық, қатынастары карыштап дами бастады. Осыған орай міндетті құқық, рөлі, соның ішінде мідеттемелерді қамтамасыз ету әдістері, рөлі едәуір ұлғая түсті.
1995 жылғы наурызда Қазақстан Республикасы Азаматтық, Кодексінің 271 бабына орай, мідеттемелер заңда көрсетілген келісімдер мен тағы басқа шарттардан, сонымен бірге Қазақстан Республикасының Азаматтық, Кодексінің 7 бабанда көрсетілген зиян келтіру және басқа негіздерден келіп туындайды.
Тараптар арасында пайда болған шарттар немесе заңға негізделген міндеттемелер, шарт немесе заң, талаптарына сәйкес болмаған жағдайда, іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтарға және Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 272 бабында қарастырылған: айып төлеу; кепіл; кепіл болушылық; (кепілдік); кепілпұл; борышқор мүлкін алып қалу;
Алайда, жоғарыда керсетілген әдістер мұнымен аяқталып қалмайды. Қазақстан Республикасының Азаматтық, Кодексінің 292 бабында міндеттемелерді орындау заң жүзінде немесе келісімде көрсетілген тағы басқа әдістер арқылы қамтамасыз етілуі мүмкін.
Азаматтық істер бойынша міндеттемелерді орындау - борышкердің несие беруші өзінен талап етуге құқылы әрекетті жасауы (немесе әрекеттен тартылуы). Бұл әрекеттің нақты сипаты орындалуға жататын міндеттеменің түріне байланысты (тауарларды беру, жұмыс жасау, қызмет көрсету, шығынды өтеу жөне т.б.) Әрекеттен тартыну орындалуы әрқашан да белсенділікті керек ететін міндеттемелерге тең емес. Мысал ретінде автордың басқа баспаға қолжазбасын өткізбеу міндетін келтіруге болады. Сондықтан да, авторлық шартты орындаудың мазмұнына қолжазбаны басқа баспаға беру әрекетінен тартыну кіреді.
Заңдарда немесе шартта көзделгеннен басқа реттерде міндеттемені орындаудан біржақты бас тартуға және оның шарттарын біржақты өзгертуге жол берілмейді (АК-ның 273-бабы).
Шарт тең құқылы негізде, тараптардың еркін ықтияры негізінде жасалады, сондықтан ол екі жақтың өзара келісімімен тоқтауы тиіс. Шартты орындаудан біржақты бас тарту, шын мәнінде, шартты біржақты тоқтату, сондықтан оған жол берілмейді. Жекелеген жағдайлар үшін бұған арнайы рұқсат ету заңда белгіленген. Кейбір мұндай жағдайлар АК-да көзделген (404-бап).
Тиісінше орындау принципі жөне нақтылай орындау принципі міндеттемені орындаудың негізгі принциптері болып табылады. 272-бапта былай делінген: "Міндеттеме — міндеттеме шарттары мен заң талаптарына сәйкес тиісінше орындалуға тиіс, ал мұндай шарттар мен талаптар болмаған жағдайда - іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтарға немесе әдетте қойылатын өзге де талаптарға сәйкес орындалуға тиіс".
Бапта тиісінше орьшдалу принципі айтылған, яғни, ол — тиісті борышкердің, тиісті несие берушіге, тиісті мерзімде, тиісті орында, тиісті затқа қатысты және тиісті тәсілмен орындауы.
Міндеттеме тиісінше орындалды деп саналады, егер орындау нысанына, субъектілерге, орнына, мерзіміне және орындау тәсіліне қатысты барлық шарттар мен талаптар орындалған болса.
Тиісінше орындау принципін жүзеге асырудың нақты тәсілдерін АК ашпайды, ол міндеттеме шарттарына және заңнама талаптарына, ал ондай шарттар болмаса - іскерлік айналым талаптарына немесе өзге әдетте қойылатын талаптарға сілтеме жасайды.
Нарықтық қатынастардың келуіне байланысты тиісінше орындауға қойылатын талаптардың көпшілігін шарттағы тараптардың өздері анықтайды. Сондықтан АК-да айтылатын міндеттемелердің шарттары тиісінше орындауды анықтаудың жиі қолданылатын тәсілі болып табылады.
Заңнама тиісінше орындаудың талаптарын императивті белгілей алады, яғни біржола, үзілді-кесілді, басқа нұсқаларға жол бермей (мысалы, сапаға талап, жеткізілген тауардың түгелдігі). Тараптар бұл талаптарды өзгерте алмайды. Бірақ заңнамада да талап диспозитивті берілуі мүмкін, яғни тараптардың өзге ережелер қабылдауына мүмкіндік беріледі (мысалы, өнімді жеткізу шарты бойынша жөнелту тәсілдері). Бұл ретте, егер тараптар шартта өзгедей жағдайлар қарастырмаса, заңнама талабы қолданылады.
Заң акгілерінде әкімшілік актілерінің талаптарын орындау міндеті белгіленген жағдайда, тараптар тиісінше орындау үшін осы актілерде белгіленген талаптарды сақтауы тиіс. Мысалы, Мемлекетгік кәсіпорын туралы Жарлықтың 13-бабында "мемлекеттік кәсіпорын үшін мемлекеттік тапсырысты орындау міндеті болып табылады. Кәсіпорын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметі) сатып алушы немесе сатушы ретінде шарт жасаудан бас тарта алмайды, егер мұндай шарттар жасасу мемлекеттің тапсырысында көзделген болса" делінген. Бұл ретте мемлекеттік кәсіпорын тиісінше орындаудың мемлекеттік тапсырыста келтірілген барлық талаптарын сақтауға міндетті (санын, сапасын, орындау мерзімін және т.б.).
Әдетте қойылатын талаптар, көбіне, орындау нысаны болып табылатын тауар, жұмыс және қызмет сапасын анықтағанда қолданылады. Бұл талаптар заңнамада немесе шартга белгілі бір тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің белгіленген сапа стандарттары болмаған жағдайларда да қолданылады. Сондай немесе ұқсас тауарларға, жұмыстарға немесе қызметтерге (түріне, сортына, т.б.) әдетте қойылатын талаптар қолданылады.
Тиісінше орындау барлық реттерде міндеттемені тоқтатады және борышкерді міндетін орындаудан босатады. Тиісінше орындамау несие берушіге міндеттеменің нақты орындалуын (АК-ның 354-бабының 1-тармағы) және азаматтық-құқықтық жауапкершілік шараларын қолдануды талап етуге негіз береді.
Нақты орындау принципі АК-ның 354-бабында келтірілген жөне оның мәні —залалдың өтелгендігіне қарамастан міндеттемені заттай орындау керектігінде (яғни, міндеттеменің нысаны болып келетін сол әрекеттерді жасау). Сонымен қатар бұл бап заттай орындау принципінің қолданылуын бұрынғы заңнамамен салыстырғанда қатты шектеді. Тиісінше орындамаған жағдайда тұрақсыздық айыппұлын төлеу жөне шығындарды өтеу борышкерді міндеттемені орындаудан босатпайды, яғни нақты орындау принципі күшінде болады.
Міндеттемелерді қамтамасыз етудің бұрыннан белгілі және өте кең таралған әдici айып төлеу болып табылады. Айып төлеу -зат жүзінде немесе шартта белгіленген ақшалай сома, оны борышқор келесі тарапқа өз міндеттемесін орындамаған немесе тиicтi дәрежеде орындамаған, сондай-ақ, шартта көрсетілген мерзімді ұзартқан жағдайда төлейді. Айып төлеудің түрлері айыппұл мен өciм болып табылады.
Осы жұмыста әрекет eтyшi заңға талдау жасау әдісі арқылы міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етудің азаматтық-құқықтық, әдістеріне зерттеу жүргізуге, оны ресми түрде түсіндіруге және кәсби тұрғыда әдістеме жасауға талпыныс жасалады.
І-тарау Азаматтық істер бойынша міндеттемелерді орындау

1.1. Азаматтық істер бойынша міндеттемелерді орындау
ұғымы және оның принциптері

Азаматтық істер бойынша міндеттемелерді орындау - борышкердің несие беруші өзінен талап етуге құқылы әрекетті жасауы (немесе әрекеттен тартылуы). Бұл әрекеттің нақты сипаты орындалуға жататын міндеттеменің түріне байланысты (тауарларды беру, жұмыс жасау, қызмет көрсету, шығынды өтеу жөне т.б.) Әрекеттен тартыну орындалуы әрқашан да белсенділікті керек ететін міндеттемелерге тең емес. Мысал ретінде автордың басқа баспаға қолжазбасын өткізбеу міндетін келтіруге болады. Сондықтан да, авторлық шартты орындаудың мазмұнына қолжазбаны басқа баспаға беру әрекетінен тартыну кіреді./4/
Заңдарда немесе шартта көзделгеннен басқа реттерде міндеттемені орындаудан біржақты бас тартуға және оның шарттарын біржақты өзгертуге жол берілмейді (АК-ның 273-бабы).
Шарт тең құқылы негізде, тараптардың еркін ықтияры негізінде жасалады, сондықтан ол екі жақтың өзара келісімімен тоқтауы тиіс. Шартты орындаудан біржақты бас тарту, шын мәнінде, шартты біржақты тоқтату, сондықтан оған жол берілмейді. Жекелеген жағдайлар үшін бұған арнайы рұқсат ету заңда белгіленген. Кейбір мұндай жағдайлар АК-да көзделген (404-бап).
Тиісінше орындау принципі жөне нақтылай орындау принципі міндеттемені орындаудың негізгі принциптері болып табылады. 272-бапта былай делінген: "Міндеттеме — міндеттеме шарттары мен заң талаптарына сәйкес тиісінше орындалуға тиіс, ал мұндай шарттар мен талаптар болмаған жағдайда - іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтарға немесе әдетте қойылатын өзге де талаптарға сәйкес орындалуға тиіс".
Бапта тиісінше орьшдалу принципі айтылған, яғни, ол — тиісті борышкердің, тиісті несие берушіге, тиісті мерзімде, тиісті орында, тиісті затқа қатысты және тиісті тәсілмен орындауы.
Міндеттеме тиісінше орындалды деп саналады, егер орындау нысанына, субъектілерге, орнына, мерзіміне және орындау тәсіліне қатысты барлық шарттар мен талаптар орындалған болса.
Тиісінше орындау принципін жүзеге асырудың нақты тәсілдерін АК ашпайды, ол міндеттеме шарттарына және заңнама талаптарына, ал ондай шарттар болмаса —іскерлік айналым талаптарына немесе өзге әдетте қойылатын талаптарға сілтеме жасайды./7/
Нарықтық қатынастардың келуіне байланысты тиісінше орындауға қойылатын талаптардың көпшілігін шарттағы тараптардың өздері анықтайды. Сондықтан АК-да айтылатын міндеттемелердің шарттары тиісінше орындауды анықтаудың жиі қолданылатын тәсілі болып табылады.
Заңнама тиісінше орындаудың талаптарын императивті белгілей алады, яғни біржола, үзілді-кесілді, басқа нұсқаларға жол бермей (мысалы, сапаға талап, жеткізілген тауардың түгелдігі). Тараптар бұл талаптарды өзгерте алмайды. Бірақ заңнамада да талап диспозитивті берілуі мүмкін, яғни тараптардың өзге ережелер қабылдауына мүмкіндік беріледі (мысалы, өнімді жеткізу шарты бойынша жөнелту тәсілдері). Бұл ретте, егер тараптар шартта өзгедей жағдайлар қарастырмаса, заңнама талабы қолданылады.
Заң акгілерінде әкімшілік актілерінің талаптарын орындау міндеті белгіленген жағдайда, тараптар тиісінше орындау үшін осы актілерде белгіленген талаптарды сақтауы тиіс. Мысалы, Мемлекетгік кәсіпорын туралы Жарлықтың 13-бабында "мемлекеттік кәсіпорын үшін мемлекеттік тапсырысты орындау міндеті болып табылады. Кәсіпорын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметі) сатып алушы немесе сатушы ретінде шарт жасаудан бас тарта алмайды, егер мұндай шарттар жасасу мемлекеттің тапсырысында көзделген болса" делінген. Бұл ретте мемлекеттік кәсіпорын тиісінше орындаудың мемлекеттік тапсырыста келтірілген барлық талаптарын сақтауға міндетті (санын, сапасын, орындау мерзімін және т.б.).
Іскерлік айналым дағдысының міндеттемелерін орындағанда қолданудың ең жарқын мысалы ИНКОТЕРМС ережелері болып табылады, ол халықаралық сатып алу-сату шарттарын орындағанда ұдайы қолданылады.
Әдетте қойылатын талаптар, көбіне, орындау нысаны болып табылатын тауар, жұмыс және қызмет сапасын анықтағанда қолданылады. Бұл талаптар заңнамада немесе шартга белгілі бір тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің белгіленген сапа стандарттары болмаған жағдайларда да қолданылады. Сондай немесе ұқсас тауарларға, жұмыстарға немесе қызметтерге (түріне, сортына, т.б.) әдетте қойылатын талаптар қолданылады./5/
Тиісінше орындау барлық реттерде міндеттемені тоқтатады және борышкерді міндетін орындаудан босатады. Тиісінше орындамау несие берушіге міндеттеменің нақты орындалуын (АК-ның 354-бабының 1-тармағы) және азаматтық-құқықтық жауапкершілік шараларын қолдануды талап етуге негіз береді.
Нақты орындау принципі АК-ның 354-бабында келтірілген жөне оның мәні —залалдың өтелгендігіне қарамастан міндеттемені заттай орындау керектігінде (яғни, міндеттеменің нысаны болып келетін сол әрекеттерді жасау). Сонымен қатар бұл бап заттай орындау принципінің қолданылуын бұрынғы заңнамамен салыстырғанда қатты шектеді. Тиісінше орындамаған жағдайда тұрақсыздық айыппұлын төлеу жөне шығындарды өтеу борышкерді міндеттемені орындаудан босатпайды, яғни нақты орындау принципі күшінде болады. Бірақ міндеттемені орындамау жағдайында шығынды өтеу және тұрақсыздық айыппұл төлеу борышкерді міндетемені заттай орындаудан босатады, яғни кері принцип қолданылады.
Екі принцип те диспозитивтік сипаттағы жалпы ереже ретінде қолданылады, бірақ заң актілері мен шартта өзгедей көзделуі мүмкін./12/
Борышкерді міндеттемені заттай орындау міндетінен босату керегі болмай қалған міндеттеменің орындалуынан несие беруші бас тартқан, сондай-ақ бас тарту төлемі ретінде белгіленген ақшалай сома төленген жағдайларда орын алады (АК-ның 354-бабының 3-тармағы).
Заңда міндеттемені мәжбүрлеп орындауға еріксіз көндіру жағдайлары белгіленген. Мысалы, жеке — белгілі бір затты меншікке, шаруашылық ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру