Құқық | Адам және азамат құқықтары бостандықтары мен міндеттері

 Құқық | Адам және азамат құқықтары бостандықтары мен міндеттері

Мазмұны

КІРІСПЕ .............................................................................………….............. 3-6

I ТАРАУ. Адам құқығы мәселесіне тарихи-теориялық шолу
1. Адам құқығы мәселесінің қалыптасуы ……………............… 7-12
2. Қазақстандағы адам құқығы ...............................................… 12-13
3. Қазақстан Республикасындағы адам құқықтарын қорғау .... 13-21

II ТАРАУ. Адам және азамат
1. Азаматтықтың жалпы негіздері .............................................. 22-32
2. Қазақстан Республикасы азаматы мәртебесі ......................... 32-40

IІI ТАРАУ. Құқық, бостандық және міндет
1. Конституциялық құқықтыр, бостандықтар мен міндеттер жүйесі ..41-58
2. Саяси құқықтар мен бостандықтар және басты міндеттер ............ 58-67

ҚОРЫТЫНДЫ ......................................................................................…….. 68

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ .......................................………… 69

Қазіргі кезеңде рухани құндылықтардың ішінде адам құқықтары мен негізгі еркіндіктерінің алатын орны ерекше. Әлбетте, адам құқықтары мен негізгі еркіндіктері оларға мемлекет немесе басқа біреудің тарапынан сыйға тартылмағандықтан, оларды адамның табиғи құқықтары деп атайды. Дәлірек айтатын болсақ, табиғи құқықтарына адамның өмір сүруі, еркіндікке жету, жеке басының еркіндігі жатады.Сол себепті де адам қандай да бір күш немесе үкімет алдында өздерінің табиғи құқықтары үшін мәңгі қарыздар емес екендігі айқын. Табиғи құқықтармен негізгі еркіндіктердің азаматтар несібіне жазылғандығы, ол адам, яғни осы өзі жеткілікті. Тек қана, осы табиғи заңдылыққа қол жеткізу үшін де орасан зор күш жұмсау қажет болды. Ал адамның мемлекет пен өзара әрекеті нәтихесінде туындайтын құқықтары, яғни еңбек ету, білім алу, азаматтық алу, сот әділдігіне жүгіну, салауатты өмір сүру, еркін жүріп түру, мүліктерге ие болу құқықтары үшін әліде толастамай келеді. Жаңа үшінші мыңжылдық алдында көптеген халықтар бостандық пен тәуелсіздікке жетті. Яғни адам құқықтары мен негізгі еркіндіктерінің дәуірі туғандай.
Адам құқықтары мәселесі – бүкіл адамзатқа ортақ мәселе. Адам құқықтарына, негізгі бостандықтарына, демократияға және заңдық үстемдікке қатысты мәселелер халықаралық мәнге ие, өйткені бұл құқықтар мен еркіндіктерді қамтамасыз ету халықаралық құқытық тәртіптің негізгі құрамдас бөлігінің бірі болып табылады. Мемлекеттердің ( Біріккен Ұлттар Ұйымы, Еуропа Қауіпсіздігінің ынтымақтастық Ұйымы ) халықаралық институттар көлемінде қабылданған адам құқықтары төңірегіндегі міндеттемелері, жеке мемлекеттердің тек ішкі ісі болып қана қоймай, барлық қатысушы мемлекеттердің көздеген мүддесіне айналды. Бүкіл әлем халықтарының қауіпсіздігі мен ынтымақтастығын нығайту түсуге септігін тигізетін маңызды халықаралық келісімдерге жету осындай негізде ғана мүмкін болды. Мысалы ретінде қойылған Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастықтық Кеңесіне Қорытынды Актісін айтуға болады. Бұл Қорытынды Актіні қабылдау Еуропалық құрлықтағы мемлекеттер арасындағы тығыз қатынастың дамуына ықпал жасайтын тарихи оқиға болды.
Қорытынды Акт бұл бейбіт және бейбіт қатар өмір сүруге ұмтылған мемлекеттер арасындағы қатынастар парқын қалыптастырып қана қоймай, сонымен бірге мемдекеттердің дамуы мен ынтымақтастығының бағытын айқындайтын бірыңғай құжат деуге де болады.Қорытынды Акті Еуропа мемлекеттері арасындағы жаңа келісімдер мен келісімшарттардың дайындалуы мен қалыптасуын, жалпы Еуропалық мәжілістердегі қол жеткізген келісімдерді жүзеге асыруды ескереді.
Жалпы адам құықтары туралы сөз қозғағанда 1948 жылы 10 желтоқсанда қабылданған «Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясына» назар аудармауға мүмкін емес. Адам құқықтарын қорғау, оның қажетті талаптарын жасап, жүзеге асыру мәселелері халықаралық қатынастарда көптеген ұйымдар мен мемлекеттердің басты мақсаттарына айналып, олардың заңдарында, кейбір ұйымдардың бірқатар құжаттарында орын алып келеді. Алған рет бұл салада қабылданған басты құжат «Адам құқықтарының жалпы Декларатциясы ». Ал Еуропа аймақтары арасында адам құқықтарына байланысты құқықтық реттеу тек Екінші Дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін ғана қолға алына бастады. Осы орайда 1950 жылы Римде «Адам құқықтары бойынша Еуропа Клнвенциясы» қабылданып, өз жұмысын жүзеге асыра бастады.
Адам құықтарының жалпыға бірдей Декларатциясының бірінші тармағында: адам баласының құндылығы: «бостандықтың, әділеттіліктің және жалпы бейбітшіліктің негізі болып табылады»- деп көрсетілген.
Аадам құқықтары бойынша Еуропа Конвенциясының алғы баптарында Жоғарыда Келісуші Тараптар өз юрисдикциясында табылатын әрбір адамның құқығы мен еркіндігін қамтамасыз ету мәселесі қарастырылған. Ешкім адам баласына қарсы әдейі қасақана қылмыс жасай алмайды, егер қылмыс пайда болған кезде ол сот шешімі мен өлім жазасына тартылады делінген. Конвенцияның 4 бабына сәйкес, ешкім басында еркі жоқ біреудің құлы болмау керек; ешкім мәжбүрлеп немесе міндетті түрде жұмысқа тартылмауы керек;
Әрбір адам еркіндік және дербес құқығына ие. Өз құқықтарынан және еркіндіктерінен адамда ешкім ажырата алмайды, тек заңмен бекітілген келесі жағдайларда ғана:
- компетентті сот оны айыпты деп тану негізінде;
- заңмен көрсетілген, заңды сот шешімін орындамаған немесе кез келген міндеттемені орындауды қамтамасыз ету мақсатында заңды түрде тұтқындау нмесе тұлғаны ұстау;
- компетентті орган алдында кәмелетке толмаған тұлғаны заңды ұйғарым негізінде тәрбиелеушілік қадағалау үшін немесе оны заңды түрде ұстау;
- заңды түрде инфекциялық ауруларды таратушы, жанауруларын, алкоголиктерді, наркомандарды ұстау;
- бір елден екінші елге заңсыз өтуге әрекеттенген тұлғаларды Заңды түрде ұстау. Барлық ұсталғандарға оның ұсталғандығы туралы өзіне түсінікті тілде хабардар етеді. Ұсталған әрбір айыпталушы әділ сотқа жүгініп, құқықтарына негізделіп қылмыскер атауынан ақтау құқығына ие.
Халықаралық құқық саласында адам құқықтары ертеден келе пайда болып, дами бастаған салалардың біріне жатады. Жалпы адам құқықтарының қалыпсауы мен дамуында ертеден бері ұлы ғұлама ойшылдар өз пікірлерін ұсынған. Айта кететін болсақ Ежелгі Грейияда адам құықтарының дамуына әсер еткен Гесиод пен Солонды, Сократты айтатын болсақ, ал Ежелгі Римде Аврелий, Цицерон және Ульпиндар арықарай дамытуға өз үлестерін қосты. Кеңестік ғалымдардан Блищенко И.П, Дмитриева Г.К, Черниченко С.В, Лукашева Н.И, Бекяшев сынды зерттеушілер кіреді.
Қазақстанның заң ғылымында адам құықтары жөніндегі құқықтық мәселелер белгіді бір аяда зерттелгенімен де, бұл мәселе туралы құқықтық аспектілер толық зерттелмеген.
Қазақстан ғылымында осы саланы зерттеу жұмыстары жөнінде бастамалар тарихтан белгілі Тәуке ханның Жеті жарғысында орын алған. Мемлекетіміз тәуелсіз мемлекет болғаннан бастап, адам құқықтарын қорғауды басты міндет деп біліп халықтың хал-ахуалын жақсарту көп күш шығармақта. Елімізде құқықтың бұл саласынынң терең жол алып дамуына ықпал аткен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссияның мүшесі М.А. Сарсембаев, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің халықаралық қатынастар және Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты кафедрасының меңгерушісі, тарихи ғылымдарының докторы, профессор Ж.У. Ибрашевтің Адам құқықтары саласындағы жинағын, сонымен қатар С.К. Жүрсімбаевтың Адам құқықтары мен азаматтық еркіндіктердің қамтамасыз ету мәселесін ғылыми тұрғыдан айқындап.
Диплом жұмысының мақсаты адам құқықтарының қалыптасуы мен дамуын қарастыра отыра, Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары және бостандықтары мен міндеттерінежүйелі талдау жасау.
Қазақстан Республикасы тәуелсіз ел болып, халықаралық құқық субъектісі ретінде танылып, өз халқының құқықтары мен бостандықтарын қорғауда көптеген шараларды жүзеге асырды. Шаралардың негізін қалаушы нақты адам құқықтарын тікелей реттейтін құжаттың жетіспеушілігі. Еліміз көптеген халықаралық конвенциялардың қатысушысы ретінде халықаралық аяда өз халқының құқығын қорғауда. Құқықтың бұл саласына байланысты халықаралық кеңістікте қандайда бір мәселе туындаса, бұл проблеманы екіжақты және көпжақты ынтымақтастық негізінде, әрине мемлекеттік деңгейде шешу қажет.
Жұмыс кіріспеден, 3 тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

I ТАРАУ. Адам құқығы мәселесіне тарихи-теориялық шолу

1. Адам құқығы мәселесінің қалыптасуы

Адам құқықтары – құқықтың саласы, негізгі азаматтық, саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар мен адам бостандығын қалыптастыратын нормалардың жиынтығын және жеке құқықтар мен бостандықтардың дұрыс орындалуын көздейтін құқықтық – ұйымдастыру тетіктері.
Адам құқықтары ұзақ тарихи қалыптасудың эталондары мен стандарттардың нәтижесі болып, қазіргі демократияның нормасы ретінде қалыптасты. Тұлға мен билік арасындағы қарым-қатынастардың әдістері мыңдаған жылдар бойы назарда болды. Қоғам прогресі мен адамның дамуы, бостандық жолында мемлекеттің тұтас билігін тежеу талпынысы, мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың өктемдік әрекетінен адамдарды сақтау, тұлғаға барынша өз тағдырын өзі шешу кең түрде мүмкіншілік беру айқын көріне бастады.
Әрбір адам тұлғасынан бастап белгілі бір мөлшерде ( материалдық және рухани) ажыратылмас құқықтарға ие, ол құқықтарды қамтамасыз ету үшін қоғам мен мемлекет жәрдемдесуі тиіс.Әрқашан да бұл игіліктдің мөлшері материалдық өндіріс жүйесінде тұлғаның қоғамдағы әлеуметтік құрылымында алатын орнымен анықталады. Қоғам дамуының әр сатыларындағы құрт өзгерістер, өркениет өзгешелігі, формальды теңдік қағидасына негізделген адам құқықтарына қазіргідей жан- жақтылық белгісін берген жоқ.
Дегенмен V – IV ғасырларда ежелгі полюстерде демократия идеясы мен азаматтық алғаш рет дүниеге келген жерде адам құқықтары тұжырымдамасының пайда болуы прогресс пен бостандық жолындағы үлкен қозғалыс болды.
Ежелгі плюсте азаматтық пен саяси құқықтар байланысты болды: бостандық, мемлекеттік істерді шешуге арналған құқық, әділеттілікті орнатуға қатыстысу құқығы қара жұмыспен айналыспаған адам ғана иеленеді.
Азаматтықтың ежелгі полюстерде шектеулілігіне қарамастан, мұндай институт тек мәдениетің жұмыс істеуі мен дамуының бір құралы болып табылады.
Алғашқы кезде заңның құнына, заңдылыққа ерекше көңіл бөлген азаматтық туралы, адам құқықтары туралы ұғым, әр азаматтың полюске деген қамқорлық теория жүзінде пайда бола бастады. Келесі қоғамның дамуы адам құқықтары мен заңның үстемдігі бір – бірімен тығыз байланысты екенін көрсетті. Бұл ежелгі ойшылардың мемлекеттік, бостандық және ізгілік бағытындағы үдемелі дамуының белгісі болды. Тарихи дамудың баспалдағы адам құқықтары үшін, бостандықтары үшін кеңеюі және баюы үшін болған күрестің нәтижесі еді.
Гуманистік игіліктің алтын қорына енген адам құқықтары тұңғыш рет Ұлы бостандық хартиясында (1215ж.) мазмұндалып, ағылшындардың құқықтары туралы билльмен (1689ж.), Егемендік декларациясымен (1776ж.), американдықтардың Құқтар туралы билльмен және адам мен азаматтардың құқықтары декларациясымен дамытылды. 212 б Бұл игіліктердің генезисін көре тұра, адамдардың табиғи құқықтарын оқып зерттеуге талпыныс берген ежелгі гректердің философиясын, әлеуметтік әділдік пен теңдіктің жорамалдарын қозғаған реформация мен білімпаздықтың кезеңіндегі постулаттарды еске түсірмеуге болмайды.
1919 жылы Ұлттар Лигасының жарғысы адам құқықтарын жинайтын жалпы ережелерді қосқан жоқ. Ол кезде адам құқықтарын халықаралық түрде қорғау туралы ойды Ұлттар Қауымдастығы мойындаған жоқ еді, сонымен қатар ол келісімнің құрастырушылары оған үлкен мән берген жоқ. Бірақ ол келісімде адам құқықтары туралы халықаралық заңдардың дамуына әсер ететін екі ереже болды (22 және 23 баптар).
22 бапқа сәйкес, Ұлттар Лигасының жарғысымен Лига мандаттарының жүйесі құрылды. Бұл ереже тек Бірінші Дүниежүзілік соғыста жеңілген, бұрынғы отар мемлекеттерге ғана қолданылады. Бұл қағидаға сәйкес, отар мемлекеттер Лигаға тәуелді аумақтар болып қайта құрылып, ол мемлекеттердің басқаруын жеңуші державаларға берді, ол өз кезегінде жыл сайын Лигаға олардың міндеттерді қалай орындаған жөнінде баяндайтын.
Лиганың ыдырауымен бұл мандаттар жүйесі де жойылды.
Ұлттар Лигасы жарғысының 23 бабы әйелдерге, ерлерге және балаларға әділетті және адамгершілікті жұмыспен қамтамасыз етуге қатысты мәселелерге арналған. Сонымен қатар, бұл бап айтылған мақсаттарға жету үшін, халықаралық ұйымдарды құруды көздейді. Бұл қызметті Ұлттар Лигасы құрылған уақытта құрылған Халықаралық еңбек ұйымы өзіне алды. Халықаралық еңбек ұйымының заң шығару міндеті және оның құрған халықаралық еңбек шарттары мен адам құқықтары туралы халықаралық заңдардың дамуына үлкен ұлес қосты.
Сонымен қатар, Ұлттар Лигасы азшылықтың құқықтарын қорғайтын жүйенің дамуында үлкен рөл атқарады. Бұл өкілеттілікті Ұлттар Лигасы бірінші Дүниежүзілік соғыстан кейінгі қол қойылған келісімдер арқылы алды. Сол соғыстың салдарының бірі, Еуропа мен Таяу Шығыстың саяси картасының өзгеруі болды. Жаңа мемлекеттер пайда болып, көптеген мемлекеттер өз тәуелсіздігін алды. Көпшілікте олардың құрамына этникалық, тілдес мәдени азшылықтар кірді. Жаңа саяси тәртіптің болуы олардың мәдени өмір сүруіне қауәп-қатер туғызады деген байсалды, тарихи күмән болды. Сол үшін жеңуші державалар одағының өкілеттіліктері, жаңа мемлекеттердің өздерінің этникалық, тілдік, діни құқықтарын қорғайтын арнайы келісім шартқа қол қоюды кеуделеді. Бұндай келісім шарттарға қол қойылды. ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру