Экономика | Экономиканы мемлекеттік реттеудегі бағыттары

 Экономика | Экономиканы мемлекеттік реттеудегі бағыттары

Мазмұны

КІРІСПЕ .............................................................................................................3

I-бөлім. ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ................................4
1.1 Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық негізі..........................4
1.2 Экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттігі.......................................8
1.3 Экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі элементтер......................11

II-бөлім. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮШІН ЭКОНОМИКАНЫ РЕТТЕУДІҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ............................................................15
Экономиканы салықтық-фискалдық реттеу және оның Қазақстан экономикасы үшін маңыздылығы.............................................................15
2.2 Нарықтық экономикадағы ақша-несие саясаты және оның Қазақстан экономикасының дамуы үшін маңыздылы ..................................................23
2.3 Қазақстан Республикасының индустриялы-инновациялы саясаты ....30
2.4 Әлеуметтік-экономикалық жоспарлау және болжау мемлекеттік
қызметті реттеу бойынша алғашқы кезең ретінде.................................39

ІІІ ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДЕГІ
ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ШЕТЕЛ ТӘЖІРИБЕСІ.......44
3.1 Экономиканы реттеудің ұйымдастырушылық негіздері және шетел
тәжірибесі..................................................................................................44
3.2 Көшпелі экономиканың жалпы сипаттамасы және оның
заңдылықтары...........................................................................................52

ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................61
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................63

Экономика қоғам дамуының негізі, ал мемлекет сол қоғмның негізгі буыны болып табылады. Өз кезегінде мемлекет экономиканы реттеуді жүзеге асырады. Экономиканы ретеу қоғамдық даму мен мемлекеттің экономикалық сипатына байланысты әр түрлі деңгейде және әр түрлі әдістер қолданылады.
Экономиканы мемлкеттік реттеуде мемлекеттің рөлі оның экономикалық процестерді реттей алатын қабілеті экономика мен саясатың байланыстыратын экономикалық саясаттың жасалуына тәуелді болады. Экономикалық саясат дегеніміз экономикалық реттеудің шоғырланған мағынасын береді. Экономикалық заңдардың дамуын адамзат қоғамы саясатты қолдану арқылы жүзеге асырады. Мемлекет қоғамның жемісі болып табылады және ол ылғи да рететуді қажет етеді.
Қазақстан Рсепубликасының өз егемендігін алып, жаңадан нарықтық қатынастарға өтіп, дамудың нарықтық жолына түсуіне байланысты елдегі мемлекеттік ретттеудің мақсаты мен бағыттары өзгеріп, экономиканы мемлекеттік рететудің жаңа формалары мен әдістерін дамытудың қажеттігі туындады. Атап айтқанда, бастапқы жылдары елдің тұрақтылығын қамтамасыз ету, мемлекеттік меншікті жекешелендіру, әлеуметтік саланы қолдау, экономикалық өсуді қамтамасыз ету болып табылатын.
Ал бүгінгі еліміздің аяғынан нық тұра бастаған кезеңде экономиканы мемлекеттік рететудің жаңа формалары мен әдістерін жүргізудің маңыздылығы туындап отыр. Ол әсіресе Қазақстанның алдағы жылдары әлемнің ең дамыған 50 елінің қатарына қосылуға ұмтылған бағдарламалар мен Жолдаулардың негізінде болып отыр. Сол себепті, Қазақстан үшін экономиканы мемлекеттік реттеу мен қолдаудың, дамытудың әдіс-шараларын ендігі жерде дамыған елдердің экономиканы реттеу мен ұлттық экономика үшін маңызды болып отырған салалар мен даму жолдарын мемлекеттік рететудің рөлі орасан зор болып табылады.
Сондықтан мен курстық жұмысымның тақырыбын «Экономиканы мемлекеттік ретету: қағидалары мен үлгілері» деп бүгінгі таңдағы өзекті болып табылатын мәселеге байланысты тақырып алдым.
Тақырыпты орындаудағы мақсат пен міндеттеріме келесілер жатады: экономиканы мемлекеттік рететудің қажеттігін, маңызын және қалыптасқан реттеу бағыттарын айқындау; экономиканы реттеудің қажеттігі мен ерекшеліктеріне тоқталу, нарықтық экономика кезіндегі мемлекеттік реттеудің әдістерін талдау және Қазақстан үшін бүгінгі таңдағы маңызды болып табылатын экономиканы мемлекеттік реттеудің әдістерін талдау болып табылады.
I-бөлім. ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ

1.1 Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық негізі

Өндірістің төмендеуімен, инфляциямен және уақыт кезеңіне сай нарықтық экономикаға көшумен сәйкес сипатталатын еліміздегі экономикалық дағдарыстың созылуы мемлекеттің өзіне тән қызметтерін атқармауына байланысты деп негізделген. Мемлекетке келесі міндеттер жүктелген.
1.Құқықтық негізді құру. Құқықтық негізсіз экономика, жалпы қоғам дұрыс дамымайтыны белгілі. Мемлекет меншіктік құқықты анықтайтын, кәсіпкерлік қызметті реттейтін, өнім сапасын қамтамасыз ететін және т.б. заңдарды құрастырады және қабылдайды. Құқықтық негіз көмегімен мемлекет кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің ара қатынасын реттейтін “ойын ережесін” қамтамасыз етеді.
2. Елдегі құқық ережелерін және оның ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Мемлекет әрбір азаматтың, жалпы қоғамның және нарықтық экономиканың барлық субъектілерінің құқығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті. Егер мемлекет міндетті қызметін атқамайтын болса, онда криминалды жағдайдың дамуына шектеулер қойылады: кәсіпорын қызметі мен жалпы экономикаға әсер ететін коррупция, мафия, пара алу және т.б. қылмыстарға
3. Экономиканың тұрақтануы. Экономиканың тұрақтануы экономиканың тұрақты дамуы деп түсіндіріледі, яғни негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер оптималды деңгейге жетіп тұрақталса: ЖҰӨ көлемі және ұлттық табыс, инфляция және жұмыссыздық деңгейі, бюджет дифициті. Экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін мемлекет барлық рычагтарын және сәйкес фискалды, қаржы-несиелі, ғылыми-техникалық және инвестициялық саясат жүргізу жолы саясатының әдістерін қолдануға міндетті. Егер мемлекет экономиканың тұрақтылығына құлшынбасы, онда ол кәсіпкерлік қызметке, елдің жалпы экономикасына, әлеуметтік жағдайға және т.б. процесстерге әсер етуі мүмкін.
Мысалы, егер мемлекет инфляциямен күрес жүргізбесе, онда ол ел экономикасын құлдыратуы мүмкін. Инфляция келесі жағымсыз жағдайларды тудырады:
- Төлем балансына әкелетін дифицитке, өнеркәсіптік өндірістің төмендеуіне, жұмыссыздықтың өсуіне әкелетін ұлттық таурлардың бәсекелестік қабілеттілігін төмендетеді.
- Ақшаның елден ауытқуы, әсіресе шетел влютасының.
- Импортты тауарлардың бағасының жоғарылауына әкелетін және сонымен бағаның жалпы өсуін күшейтетін валюта девальвациясы.
- Азаматтардың жанаұтарын қамтамасыз ету.
4. Әлеуметтік қорғау мен әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ету. Мемлекет барлық жұмысшыларға минимум жалақы, зейнетақы, жұмыссыздыққа берілетін қаражаттар, сонымен қатар, инфляцияға байланысты фиксирленген табыс индексін жүзеге асыру жұмыстарының кепілдігін қамтамасыз ететін мәні бар активті әлеуметтік саясатты жүргізуі міндетті. Бұл саясатты жүргізе отырып мемлекет елдің минималды өмір сүру деңгейін қамтамасыз етуі керек.
5. Бәсекелестікті қорғау. Нарықтық экономикада бәсекелестік негізгі реттеуші элементтердің бірі болып табылады. Ол өндірушілерді тауар мен қызмет көрсетулерге жаңа технологияны ендіруге, өнім сапасын арттырып, өндіріс шығындарын төмендетуге міндеттейтін экономиканың барлық саласындағы негізгі прогресс болып табылады. Сондықтан мемлекет өзінің барлық күшімен бәсекелестікті қорғауға міндетті. Бәсекелестік кезінде сатып алушылар- иегерлер, нарық- олардың агенттері, ал кәсіпорын олардың құлы. Монополия кезінде жағдай тез өзгереді, сатыпалушы иегердің орнына құл болады.
6. Шаруашылық заңдылықтарды құрастыру, қабылдау және орындалуын ұйымдастыру. Яғни, кәсіпкерліктің, салық салымның, банктік жүйенің құқықтық негізі. Осы және басқа қызметтерді орындау үшін мемлекет өзінде бар ресурстар мен рычагтарды барынша қолдануы керек.
Кәсіпкерлік қызмет пен ел экономикасы жеткілікті деңгейде мемлекеттік саясатқа байланысты. Мемлекет өз қызметімен осы процестерді айтарлықтай тежеуі және жылдамдатуы мүмкін.
Нарықтық экономика. өзінің көптеген жақсы жақтарына қарамастан өзінің қоғамы мен әрбір азаматтарының мүддесіндегі барлық әлеуметтік және экономикалық процестерін автоматты түрде реттеуге мүмкіндігі жоқ. Ол табыстың әлеуметтік әділ бөлінуін қамтамасыз етпейді., қоршаған ортаны қорғауға мақсат қоймайды және халықтың қорғаусыз бөлігін қолдай алмайды.
Жеке бизнес жоғарғы табыс әкелмейтін жобалар мен салаларға ақша жұмсауға қызығушылық тудырмайды, бірақ қоғам мен мемлекет үшін ол өмірлік қажетті. Нарықтық экономика көптеген мәселелерді шеше алмайды. Мұның бәрн мемлекет қадағалау керек.
Мемлекет өз қызметін орындауда және экономиканы реттеуде экономикалық (жанама) сияқты әкімшілік(тура) әдістерді қолданады. Ол әдіс сәйкс заңдылық актілермен ережелерді реттеп және шығару жолымен елдің экономикасы мен кәсіпкерлік қызметке әсер етеді.
Экономиканы ретеу үшін мемлекет қолданатын экономикалық рычагтар әр түрлі, олардың негізгілері болып: салықтар, табыстарды және ресурстарды болу, бағаның қалыптасу, мемлекеттік кәсіпкерлік қызметі, кредитті – қаржылық механизмдер.
Әкімшілік, яғни егер экономикалыө әдіс тиімді болмаса, тура әсерету әдісін мемлекет қолдануы керек.
Дүниежүзілік тәжірибе көрсеткендей әкімшілік әдісті келесі облыстарда қолдануға болады:
- табиғи мемлекеттік монополия (фундаменталды ғылым, қорғаныс және т.б.);
- қорашаған ортан қорғау және ресурстарды қолдану;
- сертификаттау, стандартизация, метрология;
- әлеуметтік саясат; халықтық өмірінің минималды параметрлерін қолдану және анақтау (жалақының кепілдендірідген минимумы, жұмыссыздарға көмек ақша);
- сыртқы экономикалық қызмет (импорты мемлекеттік қадағалау, экспортты лицензиялау).
Кәсіпкерлік қызметінің, мемлекеттің экономикасын көтеру мен тұрақтандырудың қалыпты жағдайын жасау үшін экономикалық сияқты әкімшілік әдістері орындау кезіндефиксалды, несиелі – қаражаттық, ғылыми – технологиялық инвестициялық, бағалық, автоматты және т.б. саясаттың түрлері жүргізу керек.
Мемлекеттің фискалды саясаты. Мемлекеттің фискалды саясаты болып экономиканың тірілуі мен тұрақтануы мақсатында мемлекеттік бюджет пен салықсалуды реттеу табылады. осы рычагтардың көмегімен кәсіпкерлік қызмет пен ел экономикасына мемлекеттің әсер ету механизмі келесімен аяқталады. өндірістің құлдырауы кезінде жалпы сұраныстың жоғарылауы үшін мемлекет қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға және әртүрлі мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға өз шығындарын жоғарылатады. Мемлекет экономикасының жоғарылауына өз табыстарын азайту жолымен де әсер етуі мүмкін, яғни халықтан және кәсіпорындардан алынатын салықты азайту. Бұл жағдайда халықтың тұтынушылық тауарларына сұранысы жоғарылайды, ал нәтижесінде экономиканың тірілуіне әкелетін кәсіпорынның инвестициялауға мүмкіндігі жоғарылайды. Қаржылы-несиелі саясат деп мемлекеттің банктік проценттер мен ақша массасын және несиелерді мемлекеттік басқару түсіндіріледі. Бюджеттік саясаттан несиелі-ақша саясаты жақсы қару болып саналады , оның көмегімен өндірістің құлдырауы мен инфляцияға сәйкестігін жеңе білуге болады. Бұл саясаттың мәні мемлекет ақша массасына және пайыздық ставкаларға әсер етеді, ал олар тұтынушылық және инвестициялық сұранысқа әсер етеді. Несиелі-ақша саясатында басты рольге Қазақстанның Ұлттық банкі ие болады. Экономикалық жағдайларға байланысты пайыздық ставкаларды реттей отырып, ол коммерциялық банктерге несие беруді шешеді.
Ғылыми-техникалық саясат. Ғылыми-техникалық прогрессті жылдамдатылуы экономиканың жоғарылауының және елдің күшті индустриалды мемлектке айналуының маңызды факторы болып табылады. Мемлекттің бірлік ғылыми-техникалық саясаты деп ғылым мен техниканың кешенді дамуын қамтамасыз ететін мақсатқа бағыттандырылған шаралардың жүйесі, олардың нәтижелерін халық шаруашылығына енгізілуі көрсетіледі.
Амортизациялық саясат. Ол мемлекеттің жалпы ғылыми-техникалық саясаттың құрамдас бөлігі болып табылады. Амортизацияның мөлшерін, оның есептелу жіне пайдалану ретін белгілей отырып мемлекет қайта өндірудің темпі мен сипатын реттейді.
Инвестициялық саясат. Кәсіпкерлік қызмет пен елдің экономикасына әсер ететін маңызды рычаг болып мемлекеттің инвестициялық саясаты табылады. Оның көмегімен мемлекет өндіріс көлемінің темпіне, ЖТП-тің жылдамдауына, қоғамдық өндірістің құрылымының өзгеруіне және көптеген әлеуметтік мәселелердің шешілуіне әсер етеді.
Мемлекет инвестициялық активке келесі рычагтардың көмегімен әсер етуі мүмкін: қаржылы-несиелі және салық саясаты, кәсіпорындарға әр түрлі жеңілдіктер берілу, амортизациялық саясат; ғылыми-техникалық саясат. Осыдан мемлекет елдің болашақ экономикасы қандай инвесициялық саясат жүргізуге байланысты болады.
Мемлекеттік кәсіпкерлік. Мемлекеттің экономикаға тура әсер етуінің маңызды формасының бірі болып мемлекттік кәсіпкерлік табылады. Ол мемлекеттік кәсіпорынның өндіріс пен тауар және қызмет көрсету өткізуімен байланысты жүзеге асырылатын кәсіпкерлік қызметтің ерекше түрін қалыптастырады.
Осыдан мемлекет келесі жалпы ұлттық мақсаттарды анықтауды жүзеге асыра отырып шаруашылықтың өзіндік субъектісі болып қызмет атқарады: өндірістің құрылымдық қайта құрылымы, салалық және теорриториалды диспропорцияның жұмсаруы, ғылыми-техникалықпрогрессті ынталандыру, экономиканың тиімділігінжоғарылату. Мемлекеттік кәсіпкерлік қайта өндірупроцессіне тура қатынаста болады.
Жоспарлау және реттеу. Болжау, жоспарлау және реттеу елдің экономикасын басқаруда мемлекттің басты рычагтарының бірі болып табылады.нарықтық қатынастарға көшкеннен бері басқару жақсы, ал жоспарлау әдістері біршама өзгерген. Индикативті жоспарлаудың мәні мемлекет экономикалық саясат пен қолда бар ресурстардан алдыңғы кезеңдерге экономиканы функционалды талдау негізінде жоспарлы кезеңге негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерді, ЖҰӨ өсу темпін және ұлттық өнімді, инфляция және жұмыссыздық деңгейін белгілейді. Осы көрсеткіштердің жиынтығы жоспарланған кезеңдегі экономика жағдайын сипаттайды. Осыдан мемлекет ел экономикасы мен халықтың өмір сүру деңгейіне әсер ететін макроэкономикалық көрсеткіштердің шамаларын жоспарға енгізуі керек. ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру