География | Жұбантам алаңына барлау жұмыстарын жүргізу

 География | Жұбантам алаңына барлау жұмыстарын жүргізу

Мазмұны

Геологиялық бөлім
1.1 Алаңның физикалық, географиялық және эканомикалық жағдайы
1.2 Ауданның геологиялық, геофизикалық зерттелуі
1.3 Литологиялық, стратиграфиялық сипаттама
1.4 Тектоника
.4.1 Оңтүстік – Торғай ойпаңындағы грабен – синклиналдардың қалыптасу ерекшелігі (Арнайы бөлім)
1.5 Мұнайгаздылығы
1.6 Алаңның сулылығына сипаттама
1.7 Мұнай және газ қорын есептеу
1.8 Жобалау, іздеу жұмыстарының әдістемесі мен көлемі
1.8.1 Жобалау, іздестіру жұмыстарының мақсаты мен міндеті және ұңғымаларды орналастыру жүйесі
2 Техникалық бөлім
2.1 Ұңғыны бұрғылаудың геологиялық жағдайлары
2.2 Жуу сұйығының сипаттамасы
2.3. Ұңғы құрылымын жобалау
2.3.1 Пайдалану құбыр тізбегін беріктікке есептеу
2.3.2 Пайдалану құбыр тізбегін цементтеуге есептеу
2.4 Ұңғы сағасын жабдықтау
2.5 Геологиялық, геофизикалық зерттеулер жинағы
2.5.1 Шлам және керн алу
3 Экономикалық бөлім
3.1 Негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштер есебі
4 Еңбек қорғау
4.1 Қауіпті және зиянды өндірістік факторларды талдау
4.2 Қоршаған ортаны қорғау
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ
Жұбантам алаңында бор түзілімдерінде мұнай кеніштерінің барлығын анықтауға осы диплом жобасы арналған.
Осы диплом жобасында іздеу жұмыстарын жүргізудің негіздеу, олардың міндеттерін бұрғылаудың әдістемелігін және көлемін, ұңғымаларды сынамалау жұмыстарын және геофизикалық зерттеу жұмыстары қарастырылған.
Жобаланған ауданының мұнай-газ кеніштерін барлығы анықталған жағдайда Каспий маңының оңтүстік – шығыс ауданының мұнай қорларының көбейуіне мүмкіншілік береді.
Диплом жобасын құрастырғанда алаңдағы мұнайгаздылығы анықтау үшін алаңының геологиялық құрылымын, мұнай-газды жағдайын мәлімдеп, іздеу жұмыстарының әдістерін және жүргізу бағыттамаларын дәлелдеу, ұңғыларды орналастыру тәртіптерін және олардың тереңдіктерін анықтау, қорын есептеу сұрақтары қарастырылған.
Жұбантам алаңында жүргізілген сейсмобарлау жұмыстарының МОГТ мәліметтерінен Жұбантам алаңы тектоникалық экрандалған және литолгиялық шектелген шоғык екені байқалады.
Диплом жобасын құрастыруға дипломаттық диплом құрастыру аладындағы және өндірістік тәжірибесінде сонымен қатар жоба құрастыруға қажетті материалдар қолданылған.
Диплом жобасы, диплом жобасын құрастыру әдістемелігіне және стандартқа сай құрастырылған.
1 Геологиялық бөлім
1.1.Алаңның физикалық, географиялық, экономикалық жағдайлары
Жұбантам кенорыны Сағыз және Ембі өзен араларында орналасқан. Атырау облысы Жылыой әкімшілігіне кіреді. Кенорын алаңы Құлсары темір жол станциясының солтүстік шығысына қарай 90 км. қашықтықта орналасқан.
Орография жағынан жұмыс алаңының территориясы Каспий маңы ойпатының оңтүстік бөлігіне тән болып келеді. Жазықтық аумақта тартылып қалған тұзды сор көлдері көктемде жауынды және еріген қар суларымен толып отырады. Кейбір терең сорлар жаз мезгілінде тартылмай көлік жүрісіне бөгет болады. Сор сулары ащы тұзды, органикалық жағынан техникалық мақсаттарда пайдалануға болады. Ас суы жұмыс алаңында тапшы. Сондықтан ауыз суын жақын орналасқан ауылды мекендерден тасымалданады. Бұрғылау жұмыстарына қажетті суларды Сағыз өзенінен тасымалдайды.
Ауа райы өте ерекше континенталды, жаз айларында құрғақ +400С+450С, қыс айлары салқын, орташа –100-1500С кейбір кезде –300-400С аяз болады. Жалпы жыл бойынша орташа температура +50С. жыл бойынша орташа жауын шашынмен қар суларының мөлшері 200мм аспайды.
Аудан көлеміндегі жануарлар дүниесімен өсімдіктер әлемі кедей, сондықтан тіршілік жәндіктері-тышқандар, сарышұнақтар, қояндар, қосаяқтар, қасқырлар; құстар-бүркіт, қыран түрлері жиі кездеседі. жер бедерінің беткі қабаты әдетте тұрақсыз саздақтардан және ұсақ құмтас, саздар түзілімдерінен тұрады.
Ауданның негізгі қатынас жолдары-жақын елді мекендермен байланыстыратын жазда ыңғайлы қара топырақ жолдары, тас жолдар және үлкен темір жолдар.
Жергілікті халықтардың көп мөлшері негізінен қазақпен орыс ұлттары мекен етеді.

1.2.Алаңның геологиялық, геофизикалық зерттелу тарихы
1962 ж. Ембі мнай, газ облысының ауданында 43-44-49/62 гравиметриялық партиямен В.А.Найденов жетекшілігінің басқаруымен алаңдық гравиметриялық түсіру жүргізілді. Осы жұмыстар нәтижесінде 1: 200000 масштабты гравиметриялық карта тұрғызылды.
1970 ж. «Казнефтегазразведка» басқаруымен сейсмикалық партиясы 65-66/70 Орал геофизикалық экспедициясымен Жұбантам, Даулеталы күнбездерінде МОВ және КМПВ сейсмикалық зерттеулер жүргізілді.
Жүргізілген сейсмикалық зерттеулер нетижесінде Дәулеталы және Жұбантам күмбездерінің тұзасты түзілімдерінің құрылысы мен тұз жабындары зерттелді.
Жартылай тұйықталған, тектоникалық бұзылыстармен экрандалған мұнай газ жиналуына барлық қолайлы жағдайлары бар аудандарды бөлген.
Барлық профильбері бойынша 1:20000 масштабты сеисмикалық қималар, III, V құрылымдық карталар және VI (тұз жабыны) шағылу беткейлері бойынша схемалық құрылымдық карталар тұрғызылды.
1972 ж. «Казнефтегазразведка» басқармасымен Орал геофизикалық экспедициясының 65-66/72 сеисмикалық партиясы сейсмикалық зерттеулер жүргізді. Осы жүргізілген жұмыстар нәтижесінде Қызылкөл, Жұбантам, Оңтүстік Қабысысор, Жусалысай, Қарамұрат және т.б. күнбездері зерттеліп, III, V, VI шағылу беткейлері бойынша 1:50000 және 1:100000 масштабымен құрылымдық карталар тұрғызылды.
1980-1981 жылдары «Казгеофизика» Іле геофизикалық экспедициясы 2/80-81 Ембі партиясы тұз асты және тұз үсті кешендерінде мұнай, газдылы құрылымдарды табу және дайындау үшін МОГТ нақтылы сейсмикалық зерттеулер жүргізілді.
1981-1983ж.ж. Жұбантам күмбезінде «Гурьевнефтегазгеология» бірлестігімен ЦГПЭ құрылымдық бұрғылау жүргізілді. Барлығы жалпы ұзындығымен 10198 м. 24 ұңғыма бұрғыланды. Осы жұмыстардың негізгі мақсаты ашылып жатқан қиманың геологиялық құрылымын, сейсмикалық шағылу беткейінің көлбей жатуының нақтылығын, литологиялық құруын, түзілімдердің мұнайгаздылығын және құрылымды терең іздеу барлауға дайындау басты мақсат болды.
1987-1990 жылдары ПГО «Казгеофизика» сейсмикалық экспедицияларымен үлкен көлемді сейсмикалық зерттеулер жүргізілді, осы жұмыстардың нәтижесінде Жұбантам құрылымының геологиялық құрылысы анықталды.
2002-2003 жылдары 8702 сейсмикалық партияның профильдерін біраз бөлігін қайта өңдеп, 2003 жылы геолого-геофизикалық гравиметриялық мәліметтерінің арқасында интерпритациялдық кешен жұмыстары жүргізілді. Осы жұмыстар нәтижесінде Жұбантам құрылымының геологиялық құрылысы анықталды.
Ұңғымаларды геофизикалық зерттеу әдістемесі ҰГЗ мәліметі бойынша интерпритация қорытындысы және олардың дәлділігі.
Ұңғымалар тығыздығы 1,22-1,25г/см3, тұтқырлығы 45-70 сек. Және қабаттың қабаттық жағдайдағы кедергісі 0,17-0,45 Омм болып келетін сазбен шайылған сұйықтықта бұрғыланған.
ҰГЗ жүргізу шарты негізінен ұңғымаларды геофизикалық зерттеуге дайындау нормасына сай келеді.
Ұңғымалардың қималарын оқу үшін ҰГЗ-дің келесі түрлері қолданылады: стандартты каратаж, бүйірлі микрокаратаж, акустикалық каратаж, кавернометрия, термометрия, инклинометрия. Әр бір ұңғыма үшін жүргізілгенгеофизикалық зерттеулер көлемі 3,4,1 кестеде көрсетілген. Зерттеу АКС/Л-7 каратажды станциясында жүргізілген. Жұмыстың техникасы мен әдісі ұңғымаларда геофизикалық зерттеу жүргізудің техникалық міндеті және қолданылған аппараттар мен құралдардық техникалық инструкциясымен сәйкес келеді.
Тереңдік масштабы 1:500 м. стандартты электракаратаж барлық ұңғымаларда жүргізілді. Рк қисығының жазу масштабы 1омм 1 см-ге ПС-2,5-12,5мв 1см-ге. Тіркеу жылдамдығы 2500 м/г аспайды. Стандартты каратаж қисығы қима корреляциясы үшін қолданылады.
Бүйірлі зондты каратаж тереңдік масштабы 1:200 табанлы градиент зонды сериясы А0, 4М 1N, А1МО, 1N:А2МО, А8М1N ұңғымаларда жүргізілді. Жазу масштабының кедергісі 10мм 1см. Тіркеу жылдамдығы 2000-2500 м/сағ. БКЗ саны нақты қисық кедергісі қабаттарын сіңбейтін теорияллық қисықпен сипатталады.
Бүйірлі каратаж 3, 4, 11, 14, 15 ұңғымаларында жүргізілген. Кедергі масштабы логарифмдімодулі 3,5 см-ге тең. Тіркеу жылдамдығы 2000 м/г-ге дейін. Өлщеу АБКТ аппараты мен жүргізілді.
Бүйірлі микрокаратаж ұңғымаларда ИМБК аппараттарымен жүргізілді. Кедергі масштабы логарифмдік модулі 3,5 см-ге тең, тіркеу жылдамдығы 1200 м/сағ.
15 ұңғымада каллонадағы жазу жоқ. Аккустикалық каратаж қисығының сапасы қабат тығыздығына байланысты бағаланды.
Термаметрия ұңғымаларында БКЗ арқасында жүргізілді. Геометриялық градиентті анықтау мақсатындығы температура өлшеуі қатынаспайды. Интерпритация үшін сынама өлшеудегі ұңғымаларда жүргізілген.
Барлық кешен зерттеулерінің мәліметтері бойынша каллекторлар болай болды: БКЗ, БК, ИК, МКЗ, РК, АК, ДС, ПС. ПС және ГК қисықтарында коллекторлар қарсы амплитудасы, сазды қабатты болып келеді немесе ДС қисықтарындағы ұңғыманың номиналды диаметрін сақтайды. Микрокаратаж бойынша МБК қабатының қабатшаларға бөлінуімен ерекшеленеді.
Қабаттар ВНИГИК әдісі бойынша өндіріледі. Ұңғымада 4 өнімді қабат зондты қисықтық екі қабатшадан тұрады, ал 14 ұңғымада коллекторға қарсы төмендетуін өнімділік баққылауын сулы қабат зондталған үш қабатшалы қисық өнімділікті жоғарлатқыштан тұрады
Су мұнай жапспрын анықтау.
Мұнай-су бөлімі БКЗ, ИК қисығы бойынша КС мәліметтерінде бөлінеді. Су мұнай жапсары 482,4 м. (-392,3) және 389 м. (-297,4) сәйкесінше тереңдікте 14 (IVбеткей) және 15 (VIIбеткей)ұңғымаларындағы кедергінің күрт өзгеруі брйынша бөлінеді.
Коллектордың кеуектілігін анықтау.
Қабат коллекторларының кеуектілігі кедергі әдісінің мәліметі және акустикалық каратаж бойынша анықталады. Қабат кеуектілігін кедергі әдісінің мәліметі бойынша анықтау үшін: сулы қабаттың кедергісі (өнімділік аймағында) қабат суларының кедергісі және қатыстық кедергінің кеуектіліктен тәуелділігінің параметрлері керек.
Қабат суларының кедергісін судың химиялық талдау мәліметіне қарап бағаланады. Қабат суларының минералдығы 125,6/л. тең. Ауданда геометриялық градиент өлшенген жоқ. Есепке саналған 23-330С аралығындағы температура алынды, орташа үлкендігі 260С тең.
Жоғарыда айтылған минералдылығына және қабат температурасына қарап қабат суларының кедергісі 0,06 омға тең деген тұжырымға келеміз. Ал кедергі кеуектілігінің Ал кедергі кеуектілігінің кеуектілікте тәуелділігі сынамаларға аз көлемде зерттеу жүргізуіне байланысты анықталған жоқ. Есепке Орысқазған кенорнының тәуелділігін Рп = f (Kп) алынған.
1.3. Литологиялық, стратиграфиялық қимасы
Палеозой жүйесі – PZ
Ашылған палеозой қимасының түзілімдері перм жүйесінің кунгур жік қабатымен ғана берілген.
Ауданның осы кезңінде ұңғылармен кунгур жік қабатында төменгі пермнен төрттік кезеңге дейін кешен түзілімдері ашылды.
Электрокаратаж диаграммасы, литологиялық белгілері, микрофауналық нәтижелері мен палинологиялық талдаулар арқасында стратиграфиялық кескіндеу бөлек жік қабаттар мен жік қабатшаларда жүргізілді......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру