Экономика | Жуалы ауданы әкімиятының жұмыспен қамту және сервисті жетілдіру шаралары

 Экономика |  Жуалы ауданы әкімиятының жұмыспен қамту және сервисті жетілдіру шаралары

Мазмұны

1.Қызмет көрсету және сервистік қызмет – қоғамның
әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды факторы
1.1 Қызмет көрсету және сервистік қызметтің түрлері мен нысандары
1.2 Қызмет көрсету аясы және оның рыноктық экономикадағы орны
1.3 Қызметтер рыногындағы бәсеке
1.4 Қызмет көрсету маркетингінің ерекшелігі

2 Жуалы ауданы әкімиятының жұмыспен қамту және әлеуметтік-бағдарламалар бөлімінің жалпы сипаттамасы.
2.1 Мекеменің міндеттері, функциялары және құқық
2.2 Мекеменің басқару ұйымдастыру құрылымы
2.3 Мекеменің негізгі құралдарын талдау
2.4 Мекеменің жоспарлаған әлеуметтік жұмыстарының талдауы
2.5 Жамбыл облысы мен Жуалы ауданы әкімиятының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметінің орындалуын
талдау және ондағы негізгі мәселелері

3 Әлеметтік – мәдени сервисті жетілдіру шаралары
3.1 Жуалы ауданындағы әлеуметтік -мәдени сервисті жетілдірудегі маркетингтік әдісті қолдану шаралары.
3.2 Облыстағы жұмысбастылықты қамтамасыз ету бойынша шараларды
эксперттік әдіспен негіздеу

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Қызмет аясы еңбек және қоғамдық өзара қатынастың жетілдіруіне тікелей және жанама әсер етеді, өмір салтының қалыптасуына қатысады, қала мен ауыл арасындағы әлеуметтік-экономикалық және мәдени-түрмыстық айырмашылықтардың жойылуына әсер етеді. Сөйтіп оның халықшаруашылық маңыздылығы халықтың өмірлік маңызды мүдделерімен тікслей байланыстылығымен түсіндіріледі Қызмет көрсету аясының маңызды әлеуметтік-экономикалық функциясы қызмет формасымда өндірілетін халық үшін қосымша өмірлік игіліктерді құру болып табылады
Қызмет саласы халық өмірінің бірқатар маңызды әлеуметтік-зкопомикалық мәселелері шешуге көмектеседі Ол халықтың әрдайым өсіп отыратын материалды-тұрмыстық қажеттілігін қанағаттандырады, оның бос уақытын көбейтеді, денсаулықты нығайтады және көңіл-күйін жоғарылатады, өмір сүру деңгейін ұзартады, қала және ауыл халқының еңбек және тұрмыс жағдайын жақсартуға маңызды әсер етеді. Ол сондай-ақ жалпы ұлттық өнімнің және ұлттық табыстың өсуіне әсер етеді Материалды, еңбек және қаржы ресурстарым үнемдейді, қоғамдық еңбек өнімділігінің жүйелі өсуіне әсер етеді
Қазіргі сатыдағы қызмет аясының маңыздылығының өсуі оның салаларындағы қосымша еңбек көлемімен дәлелденеді Қазіргі қазақстандық жағдайдың ерекшелігі өндіріс пен қызмет аясында жиналған әлемдік тәжірибені ескере отырып, менеджменттің және маркетинттің бір уақытылы қызмет етуі мен дамуы болым табылады. Бүгінгі күні әр қызмет ондіруші қатаң бәсекелестік ортада қызмет етеді, бұл өлемдік қызмет аясының кеңею теиденциясымен негізделеді. Соның ішінде қызметтендіру үрдісі әлемнің әр елінің тіршілік әрекетінің барлық жақтарым қозғайды, сонымен қатар ол дамыған елдердегі жалпы ішкі онімнің 80%-ын және дамушы елдерде 55%-ын қамтамасыз етеді. Осындай текті экономикалық көрсеткіштер қарастырылып отырған мәселенің дамуы мен жетілдіруін негізді және терең талдаудың қажеттілігін дәлелдейді.
Соңғы жылдары кәсіпкерлік және ісксрлік өрісіндегі қызмет аясының салаларын дамытудың жалпы және жеке мәселелері бойынша іс-әрекеті халықтың материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған, болашағы бар салаларды зерттеумен айналысатын, экономикалық ғылымның дамуына маңызды үлес қосқан көптеген мазмұнды және өзекті зерттеулер жарияланды.
Берілген жұмыста қызмет көрсету аясының кейбір теориялық, әдіснамалық және тәжірибелік аспектілері талданады, әлеуметтік-экономикалық категория ретінде қызметтің рөлі, экономикадағы орны анықталады. Қызмет көрсету аясы қоғамдық өндіріс тиімділігіне әсер ететін әлеуметтік-экономикалық дамудың маңызды факторы ретінде ғылыми жоспарда талданады. Халыққа материалдық және материалдық емес сипаттағы, сондай-ақ әлеуметгік-мәдени мақсаттағы қызметтерді көрсету аясының практикалық іс-әрекеті де қарастырылады. Бәсекелестік күрес жағдайларында әрекет түріне және көлеміне тәуслсіз әр кәсіпорын рынокта табысты қызмет ету үшін және сұранысты қанағаттандыру үшін маркетингтің белгілі құралдарын қолданады.
Қызмет көрсету аясының келесі даму перспективасы, ең бірінші шағын және орта бизнестің, рыноктық инфрақұрылымның дамуымен, делдал және коммерциялық қызмет келемі мен ассортиментінің, сервистік қызмет жасаудың кеңеюімен, импорттық тұтынушылық тауарлардың жеке саудагерлерінің көтерме саудамен және берілген субъекттерге салық салу механизмін жетілдірумен айналысатын ресми заңды тұлғаларға айналуымен байланысты. Рыноктық қатынастарға отумен байланысты шаруашылық етудің жаңа формаларының дамуы оларды тіркеу, бухгалтерлік, құқықтық, ақпараттық кеңес беру қызметтеріне қажетгіліктің пайда болуына алып келді. Банк қызметтерін коммерциализациялау банк қызметтерінің спектрін кеңейтуді талап етті, олардың көлемі және клиенттер тобы көбейді. Соңғы жылдары мүлдем жаңа дәстүрлі емес қызмет түрлері пайда болды, негізінен әлеуметтік сипаттағы кызметтср, мысалы үй жұмысшылар қызметі, танысу қызметі, жеткізу қызметі, Интернет дүкендер және басқалар. Қоғамды ақпараттандыру байланыстың жаңа құралдарының және қызметтерінің дамуына (факс, телекс, ұялы байланыс) ақпараттық кеңестік және инженерингтік қызметтерге қажеттіліктердің пайда болуына алып келді.
Қызмет аясы салаларының көп бөлігі ақылы қызмет жүргізуге негізделген рыноктық механизмінің әрекет ету жағдайларында тиімді дамыды (ең алдымен өндірістік қызметтер). Ақылы қызмет рыногы тауарлы рынокпен жиынтық ретінде қарастырылады және рыноктық қатынастарға тән тандарға тәуелді болады. Бірақ ақылы қызмет рыногы мен тауарлы рыногы арасында толық теңдік жоқ. Олардың айырмашылығы ерекше текті тауар ретіндегі қызмет спецификасымен, сондай-ақ ақылы қызмет рыногында қалыптасатын экономикалық қатынастар спецификасымен де негізделген
1.Қызмет көрсету және сервистік қызмет – қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды факторы

1.1 Қызмет көрсету және сервистік қызметтің түрлері мен нысандары

Шетелдегі сервис – бұл бұрынан белгілі және өндіруші – кәсіпорының маркетинг қызметінің қабылданған үлгісі. Біздің еліміздің экономикасында бұл сектор жаңа ғана дамып келеді.Мұны жоғары білікті кадрлардың жоқтығымен, мемелекет экономикасындағы отандық өндірушілердің берік емес және тұрақсыз жағдаймен,тауар өндіру технологиясы мен оның алдағы уақытта қызмет көрсетуінің артта қалушылығымен түсіндіруге болады. Дегенмен, ішкі нарықта бәсекелестік ортаны бірте-бірте қалыптастыру, кәсіпкерлерді әлеуетті клинттер ушін күрес құралы ретінде сервистік қызметті белсенді түрде пайдалануға итермелейді.
Сервис- маркетингтің функциясы ретінде оны пайданалудың барлық кезеңі ішінде, алынган өнімдерді (тауарларды) тиімді пайдалануды қамтамасыз ету үшін,сатып алушыларға көрсетілетін қызметтер кешені түрінде таныстырылған.Нақтылай айтсақ, сервис-бұл өнімдерді өткізумен және пайданалумен байланысты қызметтердің кешені.
Шынында да тиімді пайдалану деген нені білдіреді?Оған былайша жауап беруге болады.Біріншіден, тауардың барлық параметрлерінің оның тұтыну қасиеттеріне толық сәйкес келуі; екіншіден, оны пайдаланудың (тұтынудың) барлық мерзімінде бұйымның жұмыс қабілетін қамтамасыз етуге жасаушы – фирмалардың жауапкершілігі болып шығады.
Қызметін жүргізуі ретіндік сервистің мазмұны өнімдердің бір түрлері үшін маңызды, ал өнімдердің басқа бір түрлері үшін атқаратын рөлі шамалы болуы мүмкін.Мәселен, өндіріске арналған тауарларды өткізу мен күрделі тұрмыстық техникалар үшін сервистің рөлі өлшеусіз.Оған керісінше,киім, кеңсе тауарларын өткізуге сервис соншалықты қатыспайды. Бірақ, кез келген жағдайда нарықтағы үлесті көбірек жеңіп алуға және болашақта өз жағдайын нығайтуға мүдделі кәсіпкер, тұрақты түрде сервисті назарынан шығармауы тиіс.Қазірдің өзінде «сервистің сапасы – коммерциялық табысқа жетудің кілті» деген пікір кең түрде таралып үлгерген.
Сервистік қызмет маркетингі әлемдік тәжірибеде қабылданган кейбір қағидалардың сақталуын болжайды.
Ұсыныстың міндеттілігі. Егер өндіруші-фирма одан ары қарай сервисті талап етуші бұйымдарды шығарып,осыған орай оны тұтынушыларға ұсынбайтын болса, онда ол нарық жағдайындағы жеңіліс табуы мүмкін.
Пайдаланудың міндетті еместігі. Нарық қызметкерінің сервисті сатып алушыға таңып қоюы міндетті емес. Клиент одан ары қарай сервистің қажеттілігі туралы шешім қабылдай отырып, өзін мүлде еркін сезінуі тиіс.
Сервистің ыңғайлығы. Маркетинг сатып алушыға ыңғайлы болатындай жерде, сондай үлгідегі және белгілі уақытта сервистік қызмет көрсетуден тұрады.
Сервистің икемділігі. Сатып алушыларға ұсынылатын фирмалардың сервистік шараларының шеңбері аса алуан түрлі болуға тиісті.Нарықтағы ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру