Қаржы | Лизинг қатынастарының даму мәселелері және лизинг мәмелесін жасауды ұйымдастыру
Мазмұны
Кіріспе………………………………………………………………………….. 3
§1. Лизинг туралы негізгі түсініктер
1.1 Лизингті анықтау және оның мәні……………………………………….. 8
1.2. Лизингке шолу жасау және оның дамуын талдау…………….………….15
1.3. Лизинг шартының обьектілері мен субьектілері…………………………29
§2. Лизинг шартын құқықтық реттеу; лизинг түрлері және
олардың ерекшеліктері
2.1. Қазақстан Республикасында лизинг шартының құқықтық
реттелуі……………………………………………………………..………..40
2.2. Лизинг түрлерін дәрежелеу, лизингтің арендадан
айырмашылығы……………………………………………………….……..52
2.3. Дамыған елдерде қаржылық лизингке сипаттама беретін
негізгі ерекшеліктер (халықаралық лизинг)…………………….………..65
§3. Лизинг қатынастарының даму мәселелері және лизинг
мәмелесін жасауды ұйымдастыру
3.1. Қазақстан Республикасындағы лизинг…………………….…………..77
3.2. Лизинг мәмілесін жасаудағы негізгі кезеңдер………………………78
3.3. Лизинг мәмілесін жасауға дайындық және оның
тиімділігін талдау………………………………………………………….80
Қорытынды……………………………………………………………………81
Қолданылған әдебиеттер……………………………………………………82
Қосымшалар…………………………………………………………………8
. Лизингтің тарихи алғы шарттары. Өндірістік күштердің дамуы лизингтік қатынастардың пайда болуы негізі ретінде.
Лизинг идеясы біз үшін жаңалық емес, бірақ “лизинг” термині бүрын бізде қолданылмаған. Лизинг шартының мәнін ашу Аристотель заманына (б. д. д. ІVғ.) келіп тіреледі. Байлық меншікті иелену құқынан емес, сол меншікті пайдалана білу құқынан тұрады. Бұл – Аристотельдің сөзі. Сонымен мүліктің иесі оны иемденіп қана қоймай, сол мүлікті пайдалану нәтижесінде табыс табуы қажет.
Лизинг (to lease, lease) ағылшын тілінен аударғанда “аренда, арендовать” – “жал, жалға беру” деген мағына білдіреді. Лизинг түсінігі отанымыздың және шетелдердің кәсіпкерлік қызметінде кеңінен қолданады. Лизингке байланысты қатынастардың күрделенуі лизингтің мәні жөнінде әртүрлі көзқарастардың пайда болуына себеп болып отыр.
Лизингтің қаржылық-коммерциялық, құқықтық және техникалық аспектілері бар. Лизинг терминінің дәл қай уақытта пайда болғаны анықталмаған. Австриялық зерттеуші В. Хойер “Еуропада бизнесті қалай жасау керек” кітабында “лизинг” терминінің қолданылуын XІX ғасырдың соңғы ширегіне жатқызады. Мұны 1887 жылы “Белл” телефон компаниясы өз телефон аппараттарын сатпай, оларды арендаға беру туралы шешім қабылдаған оқиғамен байланыстырады. Оның пікірі бойынша, 1952 жылы Сан-Францискода “Юнайтед стейтс лизинг корпорейшн” атты бірінші лизинг қоғамының құрылуы лизингтің дамуына күшті себеп болды.
Орыс тілінде “лизинг” терминінің тура аналогы жоқ. Көбіне ли¬зингті өндірісте қолданылатын машиналардың, жабдықтардың, көлік құралдары мен құрылыстардың ұзақ уақыттық арендасы деп түсінеді. Францияның, Бельгия мен Италияның лизинг туралы заң актілерінде credіt-taіl (несие – аренда) locatіon fіnancement (аренданы қаржыландыру) operazіon dі locazіone fіnansіatіvo - қаржылық арендасы жөніндегі операциялар деген терминдер қолданылады. Бірақ біздің ойымызша, бұлардың барлығы лизингтің мәнін толық айтпайды.
Лизингтің экономикалық тура мағынасы мүлікті уақытша пайда-лануға берумен байланысты пайда болған мүліктік қатынастардың кешені ретінде түсіндірілуді. Бұл кешен лизинг шартынан бөлек басқа да шарттарды енгізеді, соның ішінде сатып алу – сату шарты мен несие шарттары (займ) кіреді. Лизингке осы шарттардың күрделі үйлесімділігі тән.
Мүлікті уақытша пайдалануға өткізу кезіндегі қатынастар лизингте өзекті және негізгі қатынастар болып саналады. Мүлікті сатып алу – сату жөніндегі қатынастар көмекші роль атқарады. Бұл қатынастар шарттың басында ғана роль атқарып қоймай, лизинг шарты біткен соң пайдаланушы мүлікті өз меншігіне алу кезінде лизинг қатынастарының толық кешенін аяқтай алады.
Сонымен лизингті мүлікті меншікке сатушыдан сатып алумен және ақыға уақытша пайдалануға берумен байланысты пайда болған қоғамдық қатынастардың кешені деп қарау керек.
Осындай түсіндірме ретінде лизинг шетелдер мен отанымыздың теориясы мен машығында қолданылып келеді.
Сонымен Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі 1999 жылғы 1 шілдедегі жаңа жобасының (ерекше бөлім 565 бабында “лизинг шарты бойынша лизинг беруші лизинг алушы көрсеткен мүлікті сатушыдан меншігіне сатып алуға және лизинг алушыға осы мүлікті ақы төлеп уақытша иеленуге және кәсіпкерлік мақсатта пайдалануға міндеттенеді” деп лизингке түсініктеме берілген).
Лизингтің қарама-қайшы екі жақты мәні бар. Экономикалық тұрғыдан қарайтын болсақ, біріншіден лизингті қаржыларды негізгі капиталға қайтару мақсатымен жұмсау деп түсінуге болады. Яғни меншік иесі (лизинг беруші) бекітілген уақытта қайтарып алатын қаржыны белгілі бір мерзімге береді. Лизинг беруші өзінің атқарған қызметі үшін қаржылай марапатталады. Осыған қарай өзінің мазмұны бойынша лизинг несиелік қатынастарға сәйкес келеді және несиелік шарттардың мәнін сақтайды. Екінші жағынан, несие беруші мен несие алушы капиталмен ақша түрінде емес, тауар түрінде іс жүргізетіндіктен лизинг инвестициялауға ұқсас келеді. Лизингті тауарлық несие деп те айтуға болады.
Сондықтан қаржы шарты, нақтылап айтқанда несие операциясы, лизинг шарттарының өзегі болып табылады. Мүліктің иесі пайдаланушыға, яғни лизинг беруші лизинг алушыға қаржылай қызмет көрсетеді: лизинг беруші мүлікті өз меншігіне толық бағасына сатушыдан сатып алып, лизинг алушының аммортизациялық төлемдері есебінен мүліктің бағасын өтеп алады.
Сонымен, егер лизингті мүлікті уақытша ақы төлетіп пайдалануға беру ретінде қарастырсақ, онда оған негізгі қорлардағы тауарлық несие ретінде баға беруге болады.
Несие қатынастарының субьектілеріне қарыз беруші ретінде лизинг беруші, қарыз алушы ретінде лизинг алушы жатады. Лизинг беруші (лизинг компаниялары, банктер, кәсіпорындар және т. б.) лизинг шарты бойынша мүлікті лизинг алушыға (заңды тұлға бола алатын кез-келген мемлекеттік акционерлік қоғамдар, жауапкершілігі шектеулі қоғамдар және т. б.) жалға береді. Ал несие обьектілеріне машиналар, жабдықтар, көлік құралдары және т. б. жатады. Қарыз (несие) құнын ұйымдастыру түрі бойынша лизинг коммерциялық кредитке ұқсас болғанмен, олардың арасында айырмашылық та бар.
Ең алдымен бұл коммерциялық несие мен лизингтегі мүлікті иелену қатынастарын қамтиды. Коммерциялық несие беру кезінде уақытша пайдалануға алынған шарт обьектісі несие алушының меншігінде қалады.
Лизинг беру кезінде лизинг алушының мүлікті пайдалануға құқы болғанымен, оны меншіктенуге құқы жоқ. Яғни мүлікті иелену құқы лизинг берушіде қалады да, оны пайдалану құқы лизинг алушыға өтеді. Лизинг алушы осы құқықты иемдену үшін лизинг берушіге лизинг төлемдерін жүзеге асырады. Лизинг мерзімі аяқталған соң, обьект (пайдалануға берілген мүлік) лизинг берушінің меншігінде қалады. Бірқатар лизинг шарттарында, шарт мерзімі біткен соң, лизинг алушының лизинг обьектісін сатып алу құқы қарастырылады. Мұндай жағдайда лизинг берушіге обьект құны толық төленген соң, обьект лизинг алушының меншігіне өтеді.
Коммерциялық несие де, лизинг те сауда және несие шарттарының өзара байланысын болжайды. Коммерциялық несие кезінде несие шарты сатып алу – сату актісімен келісіледі, сауда шарты күшін жоймай, несие шарты да күшін жоймайды.
Лизингтің сатып алу – сатумен тығыз байланысы жоқ. Мүлік лизинг компаниясының меншігінде болады және лизинг компаниясы лизинг алушыға мүлікті сатумен айналыспайды. Сатып алу – сату лизингте сирек кездеседі.
Коммерциялық несие тауар түрінде беріліп, ақша түрінде өтеледі. Лизингте несие тауар түрінде беріледі. Лизингтік төлемдер, өзінің экономикалық тұрғысынан қарағанда, несиені пайдаланғаны үшін, мүлік түрінде төленеді. Келісім-шарт аяқталған соң, шарт обьектісі лизинг берушіге сол зат түрінде қайтарылады.
Лизинг шартының өтемақылық өзгешелігі бар, онда төлем жалға алынған жабдықтардың шығарған өнімі арқылы немесе үстеме қызмет арқылы (встречные услуги) жүзеге асырылады.
Коммерциялық несие қысқа мерзімге беріледі. Классикалық лизинг мүлікті жалға ұзақ мерзімге береді, сонымен қатар орта және қысқа мерзімге де шарт жасасуға болады. Біздің елімізде лизинг дамуының осы кезеңі бірнеше айға жасалған лизинг шарттарының көптігімен ерекшеленеді.
Сондықтан жоғарыда айтылған тұжырымдарға сүйене отырып, лизингтің экономикалық ролі мен мазмұны теорияда және машықта әртүрлі болып талқыланатынын айта кету керек. Біреулер лизингті кәсіпкерлік істі несиелендіру тәсілі деп түсінсе, енді біреулер оны қаржылық арендамен теңестіреді (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік комитетінің 540-бабы), үшінші біреулер лизинг өндіріс құралдарын сатып алу – сатудың бүркемеленген (жасырын) тәсілі десе, төртіншілер лизингті сенім берушінің мүлкін пайдалану деп түсінеді.
Бірақ қазіргі таңда классикалық принциптерге сүйене отырып лизингке мүлік иеленуші және пайдаланушы деген түсініктер беруге болады. Лизингті кәсіпкерліктің ерекше бір түріне жатқыза отырып, мүлікті екі маңызды құқықтық шекке бөлуге болады:
1. мүлікті пайдалану құқы (пайда, табыс табу мақсатымен пайдалану);
2. мүлікті меншіктену құқы (меншік обьектісін иелену).
Басқа сөзбен айтқанда лизинг – байлықтың көзі.
Осыдан келе лизингке өндірістік күштер мен өндірістік қатынастардың байланысындағы ахуалын анықтайтын меншіктік қатынастарды жүзеге асыру тәсілі деген мағлұмат беруге болады. Осы анықтаманың негізіне Оттава қаласындағы 1988 жылғы 28-мамырда жазылған (Канада – Оттава) халықаралық лизинг конвенциясындағы лизингке берілген түсініктеме кіреді. Бұл халықаралық құжатқа “лизинг – мүліктік қатынастардың ұш жақты кешені” деген пікір орын алған. “Қаржылық лизинг туралы” Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 5-шілдедегі заңында және “Лизинг туралы” Ресей Федерациясының 1998 жылғы 29-желтоқсандағы Заңында үш субьектінің (лизинг берушінің, лизинг алушының, сатушының) лизингтегі қарым-қатынастары қарастырылады, яғни лизинг мүліктік қатынастардың үш жақты кешені ретінде қарастырылады.
Осыған орай классикалық лизинг үш жақтың - лизинг берушінің, лизинг алушының, сатушының қарым-қатынастарын алдын-ала қарастырады. Лизинг операциясының мәні мынада: артық қаржысы жоқ потенциялды лизинг алушы лизинг беруші компанияға лизинг шартын жасау жөнінде іскерлік ұсыныс жасайды.
Осы шартқа сәйкес лизинг беруші лизинг алушы таңдаған мүлікті сатушыдан меншігіне сатып алып, лизинг алушыға осы мүлікті ақы төлеп уақытша иеленуге және пайдалануға береді. Шарт аяқталған соң мүлік лизинг берушінің меншігінде қалады. Кешеннің құрамына екі шарт кіреді:
1) сатып алу – сату шарты (лизинг компаниясы мен сатушы арасындағы шарт, бұл жерде мүлікті жасап шығарушы ретінде сатушы, сатып алушы ретінде лизинг компаниясы болып табылады);
2) лизинг шарты (лизинг компаниясы мен пайдаланушы арасындағы шарт, яғни лизинг компаниясы сатушыдан сатып алынған мүлікті пайдаланушыға, лизинг алушыға уақытша иеленуге береді).
Егер сатушы мен лизинг беруші немесе сатушы мен лизинг алушы бір ғана тұлға болатын болса, онда шарт жасаушылардың құрамы екі адамнан ғана тұрады.
Қымбат жобаны жүзеге асыру кезінде тұлғалардың саны көбейе түседі. Бұл лизинг берушінің шартқа басқа қаржы көздерін (банктерді, сақтандыру компанияларын, инвестициялық қорларды және т. б.) қатыстыруымен байланысты. Енді біз мына суретте (1.1-сүреті) лизинг шарты мен қаржы ағымдарының жалпы желісін (үлгісін) көрсеткіміз келіп отыр.
.1. Сүреті.
Мүлікпен қамтамасыз ету
Сатып алу-сату Лизинг
шарты шарты
Мүліктің ақысын төлеу Лизинг төлемдері
Несие Несиені Сақтандыру Сақт.
шарты өтеу шарты ережесі
Бұл жерде: ЛБ – лизинг беруші,
ЛА – лизинг алушы,
МС – мүлікті сатушы,
ҚҰ – қаржы ұйымдары,
СК – сақтандыру компаниялары.
Лизинг – ұйымдық форма және меншікке қатысты бола тұрып, қожалықтың белгілі бір жүйесін қамтамасыз етеді. Әрбір экономикалық дәреже сияқты лизингтің мазмұны және оны қолданудың әртүрлі тәсілдері бар. Өндіріс күштері мен өндірістік қатынастар элементтерімен өзара байланыса отырып, лизинг өндірістің ұйымдастыру – құқықтық формасларына, материалдың негізіне (кәсіпкерлік істің заттық элементтеріне, мүлікті сатып алу-сатуға, несиелендіру шарттарына сүйенеді және оның әлеуметтік-экономикалық негізі бола алады).
1.2. Лизингке шолу жасау және оның дамуын талдау
Лизинг бизнесінің тарихы мен дамуы зерттеле келе, ол дүние жүзінің көптеген елдерінде қолданыла бастады, сонымен қатар лизинг кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруда ең орынды тәсіл болып саналады.
Осылайша лизинг қатынастарындағы нағыз шу 20-ғасырдың 50-жылдарының басында Америкада болған еді. Лизингке белсенді түрде өндірістік құралдар, технологиялық жабдықтар, машиналар, механизмдер, кемелер, ұшақтар және т.б. өткізіле бастады. Бұл бастамаға АҚШ Үкіметі жоғары баға бере отырып, осы қызмет жағдайын жасаудың мемлекеттік бағдарламасын жасады. Бұл лизинг қызметін едәуір жандандырды. Бірқатар жағдайларға байланысты лизинг тез дами бастады. Бұл лизинг бизнесі қалыптасуының бастамасы еді.
Бекітілген оқиға лизинг қызметін көрсететін компаниялар мен фирмалар пайда болды. Осындай лизинг қызметі олардың кәсіпкерлік қызметінің негізін қалады.
Лизинг АҚШ-та, Канадада, Еуропада 60-80 жылдары қарқынды дамыды, ол жуық арада оның географиялық шекаралары кеңейе түсті. Лизингтік нарық Австралияда, Жапонияда пайда болды. Лизингтің өсуі мен даму деңгейі 80-жылдардың аяғында былай сипатталады: егер АҚШ-та мүлік лизингі өндірісітік инвестициялары жалпы көлемінің 98%-ін құраса, Австралияда – 30%-тен астам, Ұлыбрита-нияда – 20%, Францияда – 17%-ке жуық,, Италияда – 14%, Герма-нияда – 15%, Австрияда – 9%-ке жуық, Канадада 8% құраса, қазіргі таңда мүлік лизингі осы аталған елдерде 1,5-2,0 есе өсті. Ресейде ол 1996 жылы 12%-тін құраса, 2000 жылы 20%-ке дейін өсті.
Мысалы, АҚШ-та 1987 жылы лизингке өткізілген мүліктің жалпы санының 33,2%-тін есептеу техникасының құралдары, 9,5%-ін оргтехника, 21,9%-ін өнеркәсіп жабдықтары, 4,9%-ін көлік құралдары, 1,2%-ін құрылыс машиналары, 10,1%-ін сауда-саттық жабдықтары құрады.
1987 жылы АҚШ-тағы лизинг жеке түрлерінің ара-қатынастық теңдігі мына төмендегідей болған: жасалған шарттардың жалпы құнының 65%-ін қаржы лизингі шарттары, 10%-ін оперативті лизинг шарттары, 25%-ін “леведж-лизинг” шарттары құрады.
Осының барлығы бізге кәсіпкерліктің жаңа түрінің даму қарқыны мен динамикасының негізін құрайтын аренданың бір түрі – лизинг туралы мағлұмат беріп отыр. Сондықтан лизингтің мәнін, оның негізгі қасиеттері мен потенциалын, принциптері мен ұйымдастыру түрлерін анықтап алу керек. Лизинг жүйесінің экономикалық механизмі мен артықшылығын білу арқылы ғана оны кәсіпкерлік істе кеңінен қолдануға болады.
Лизинг барысында қалыптасатын қатынастардың күрделілігі оның пайда болуы мен мәнін анықтайды.
Сонымен, лизинг – қатынастардың ұйымдық-экономикалық түрлерінен тұратын кәсіпкерлік қызметтің ерекше түрі. Күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде, ол көпқұрылысты экономиканы қалыптастыру жөніндегі маңызды, яғни қаржылық, өндірістік, салықтық және амортизациялық жеңілдіктерді қолдану функцияларын қамтиды.
Лизингтің тартымдылығы
Бірде бір қызмет түрі, егер де ол шарт жасасушы екі жаққа да
пайда әкелмейтін болса, ол кеңінен қолданылмайды. Лизингтің қандай артықшылығы шарт жасауға қатысушыларды қызықтырады?
1. Мүлік түріндегі инвестициялау қаржы несиесіне қарағанда қаражатты қайтармау қаупін кемітеді, өйткені кепілдік ретінде қолданылатын мүлік лизинг берушінің меншігінде қалады.
2. Лизинг 100%-тік несиелендіруді шамалайды және тез арада төлемдерді жүзеге асыруда талап етпейді, бұл ақша шөндірістік қорларды жаңалауға, қымбат мүлікті алуға мүмкіндік береді. Ал әдеттегі несие алу кезінде кәсіпкер несиенің бір бөлігін алдын-ала өз қаржысы есебінен төлеуі керек.
3. Кәсіпорындар мүлік сатып алу үшін несие алудың орнына лизинг арқылы мүлік алуға тырысады, өйткені лизинг мүлкі кепілдік ретінде саналады. Шетелдерде кейбір лизинг компаниялары лизинг алушыдан ешқандай қосымша кепілдік талап етпейді.
4. Лизинг шарты несиеге қарағанда қолайлы, өйткені екі жаққа да төлеудің қолайлы жоспарын ойлап табуға мүмкіндігін туады. Мұндай лизингтік төлемдер лизингке алынған мүлік арқылы шығарылған тауарларды сатып болғаннан кейін жүзеге асырылады. Төлемдердің мөлшері белгіленіп немесе кейде ауысып отырады.
5. Лизинг алушы үшін лизинг мүлкінің бүлінуі қаупі жеңілдетіледі, өйткені мүлік лизинг алушының меншігіне өтпейді, ол уақытша пайдаланылады.
6. Лизинг мүлкі лизинг алушының балансына есепке алынбайды, бұл лизинг алушыны мүлікке салық төлеуден босатады.
7. Лизинг төлемдері өндіріс шығындары мен лизинг алушы шығарған өнімнің айналымына қатысты.
8. Лизинг төлемінің көлемін азайту жолымен лизинг алушыға амортизациялық және салықтық жеңілдіктер беріледі. Жеңілдетілген амортизация салықты кемітіп, материалдық-техникалық базаны жаңартуды тездетеді.
9. Мүлікті өндіруші ұзақ мерзімді шарт қатынастарымен шарт объектілерін жаңалау жолымен өз өнімін өткізудің қосымша мүмкіндіктерін қарастырады.
10. Халық шаруашылығының көзқарасы бойынша лизинг өнімді өткізу, өндірісті дамыту, ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін енгізу жаңа жұмыс орындарын ашу, импорт өнімін алмастыратын өнім шығару құралы ретінде қызмет атқарады. Сондықтан мемлекет лизинг қатынастарын кеңейтуді қолдап отыр.
Енді біз несие мен лизинг механизмін қолданудың ерекше өзгешеліктерін мысал ретінде көрсеткіміз келіп отыр.
1.1. Кестесі.
Несие және лизинг механизмін қолданудың ерекше өзгешеліктері
Несие Лизинг
Инвестициялар кез-келген кәсіпкерлік қызметке жұмсалады Инвестициялар өндірістік қызметті күшейтуге, күштерді дамыту мен модернизациялауға жұмсалады
Керекті құралдардың жоқтығына байланысты қаржыны жұмсауды қадағалау, бақылау Қаржы жұмсауды бақылау қамтамасыз етілген, өйткені лизингке нақты бір мүлік (құрал-жабдықтар, машиналар және т.б.) беріледі
Несие алу үшін, оны қайтарудағы 100% кепілдік керек Кепілдіктің көлемі өзі кепілдік болып табылатын лизингке берілген мүліктің (құрал-жабдықтар мен машиналардың) құнына төмендейді
Алынған мүлік кәсіпорынның балансына әсер етеді, оған амортизация есептеленеді Мүлік лизинг берушінің немесе лизинг алушы-кәсіпорынның балансына әсер етеді. Жеңілдетілген (3-коэффициентімен) амортизация есептеледі
Несиені өтеу алдын-ала қарастырылған салықтар салынатын кәсіпорынның тапқан табысы есебінен жүзеге асырылады Лизинг төлемдері (өнімнің құнына кіреді) салық базасын төмендетіп, өндірістің дамуына жағдай жасайды
Лизинг алушы мүлікті пайдаланудың ақысын лизинг берушіге ли¬зинг төлемдері түрінде жүзеге асырады. Төлемнің көлемі, тәсілі, түрлері мен мерзімі екі жақтың келісімі бойынша бекітіледі. Лизинг төлемдерінің жалпы сомасына:
-лизинг мүлкінің құнын өтейтін сомма;
-лизинг келісімі бойынша мүлікті алу үшін пайдаланған реесурстардың ақысын лизинг берушіге төлеу;
-лизинг берушіні делдалдық қызметі үшін комиссиялық марапаттау;
-егер лизинг мүлкін лиизинг беоруші сақтандырған болса, сақтандыру қаржысын өтеу;
-шартта алдын ала қарастырылған лизинг беоушінің қосымша қызметін өтеу;
-егер лизинг беруші мүлікке салған салықты төлеген болса, салық сомасын өтеу;...

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: дипломдык Лизинг қатынастарының даму мәселелері және лизинг мәмелесін жасауды ұйымдастыру жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар жобалар Қаржы дипломдық жұмыстар, Лизинг қатынастарының даму мәселелері және лизинг мәмелесін жасауды ұйымдастыру