Қаржы | Ипотекалық несиелеудің Қазақстан Республикасындағы дамуын талдау

 Қаржы  |  Ипотекалық несиелеудің Қазақстан Республикасындағы дамуын талдау

Мазмұны

Ι-бөлім. ИПОТЕКАЛЫҚ НЕСИЕНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ МЕН ТӘЖІРИБЕСІ
1.1 Ипотекалық несиелеудің теориялық аспектілері
1.2 Ипотекалық несие объектілері мен субъектілері
1.3 Ипотекалық несие нарығының құрылымы
1.4 Ипотекалық несиені қолданудың шетелдік тәжірибесі

ΙΙ-бөлім. БАНК ҚЫЗМЕТІНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ТАЛДАУ
2.1 Банктің қысқаша сипаттамасы
2.1.1 Банк қызметіндегі негізгі жетістіктері
2.1.2 Банк активтерінің құрылымы
2.1.3 Банк міндеттемелерінің құрылымы
2.2 Банк балансына талдау
2.2.1 Банк активтерін талдау
2.2.2 Банк пассивтерін талдау
2.2.3 Банк өтімділігін талдау
2.3 Банк қызметінің тиімділігін талдау
2.4 Ипотекалық несиелеу нарығының динамикасы мен дамуы

ΙΙΙ-бөлім. ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ИПОТЕКАЛЫҚ НЕСИЕГЕ ТҰРҒЫН ҮЙ САТЫП АЛУЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ
3.1 Шығыс Қазақстан облысының тұрғын үй нарығының негізгі даму тенденциялары
3.2 Тұрғын үйдің орташа құны және орта есеппен жан басына шаққанда халық табыстарының есебі
3.3 Тұрғын үйге қол жеткізу коэффициентін және халықтың оны сатып алуына қаражаттарды жинақтау мүмкіндігін есептеу
3.4 Президенттің 2004-2005 жылдардағы Қазақстан халқына Жолдауларына сәйкес ҚР ипотекалық несиелендірудің даму болашағы


ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИ КӨЗДЕРІ


Дипломдық жұмыстың тақырыбының өзектілігі. Нарықтық қатынастардың дамуы мемлекет экономикасындағы жылжымайтын дүние мүлік ролін бағалау мен адамдар өмірінде елеулі өзгерістерге әкелді.
Дипломдық жұмыстың мақсаты – қазіргі уақыттағы жағдайға және ипотекалық несиелеудің Қазақстан Республикасындағы дамуына баға беру. Көрсетілген мақсатқа жету үшін келесі мақсаттар қойылған:
1 Ипотека институтының тууын зерттеу;
2 Шет елдердің тәжірибесі негізінде Қазақстанда ипотекалық несиелеу жүйесінің дамуының мүмкін үлгілерін қарап шығу;
3 Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй жағдайын ипотекалық тұрғын үй несиелеу жүйесін орындау алдында суреттеу;
4 Қазақстан Республикасындағы ипотекалық несиелеудің дамуы және енгізу процесін талдау;
5 Шығыс Қазақстан облыс тұрғындарының ипотекалық несиеге тұрғын үй сатып алуының инвестициялық мүмкіндіктерін бағалау.
Қойылған мақсаттар дипломдық жұмыстың құрылымымен шарттасылған және кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан, 35 атаудан құралған пайдаланған әдебиеттер мен 6 қосымшадан құрылған.
“Баспанаң болмайынша, түтін түтетіп, бала өсіру қиын” – демекші, тұрғын үйді сатып алу - әрбір жанұяға қажетті бірінші кезектегі қажеттілік.
Жылжымайтын дүние мүлік нарығының сегментінің ең дамыған түрі тұрғын үй нарығы болып табылады. Тұрғындар бөлігінің қажеттілігін қанағаттандыру мен қолдау, қазіргі уақытта маңызды мақсаттардың бірі. Бұрын, пәтерді сатып алатын адамдар, қолма-қол ақшамен бірақ алатын. Қазір сатып алушылардың негізгі жиыны өз кішкене пәтерлерін сатып, үлкен пәтерді қосымша төлеммен алып, өз тұрғын үй жағдайларын жақсартатын адамдар көбірек. Жылжымайтын дүние мүлік нарығындағы жағдай, көбіне осы сатып алушыларға байланысты.
Потенциалды сатып алушылар қолындағы құралдарды тиімді пайдалануға болатын елеулі көмекті ипотека береді. Тұрғын үй ипотекасының несиесі құрылысшыларға да тұрақты және тұрғын үй құрылысын үздіксіз қаржыландыруға көмектеседі. Бюджеттен елеусіз қаражеттар бөлінгенімен, ипотекалық несие қазіргі уақытта бюджеттік емес қаржыландыруға түсетін пәрменді түпдеректің бірі болып табылады.
Нарықтық экономика жағдайында мемлекет үшін құрылыс кешеніне инвестициялық процессті реттеу мәселесі маңызды. Құрылыс кешеніндегі инвестициялық процесстерді жүргізу мен ұйымдастыру механизмі нарықтық экономика талаптарына баламалылық және «нарық ойынының заңдарын» инвесторлар (заңды тұлға), банктер, тапсырыс беруші және құрылысшыларды ескеру қажет. Шетелдік тәжірибені толық қолдану Қазақстан экономикасының ерекшелігі мен нарықтық қатынастардың толық орындалмауы салдарынан қиындатылған. Оған қарамастан, тұрғын үй ипотекалық несие тәжірибесіне сүйене отырып, оның тәжірибелік қолдануының мүмкіндігін куәландырады. [1, б.104]
Бұл жұмыстың теориялық маңыздылығы, Қазақстандағы ипотекалық несиелеудің дамуы және қалыптасу процессі туудан және бүгінгі күнге дейін толық қаралған, яғни, ҚР ипотекалық жүйесінің әрекет істелгенінен бастап қорытындылау жасалған.
Жұмыстың тәжірибелі маңыздылығы, осы тақырыпты одан ары зерттеу үшін қолдану мүмкіндігі, сонымен қатар, жұмыстың орындалуы барысында алынған білім, келешек кәсіпшілік қызметте өте бағалы және пайдалы бола алады.
Тұрғын үй құрылысы - біздің экономикамызды алға сүйреуші қуатты күші.
Жұмыстың бірінші бөлімінде, ипотекалық несиелеудің теориялық аспектілері, яғни даму тарихы, қазіргі кездегі ерекшелігі, объектілері мен субъектілері, ипотекалық несие нарығының құрылымы (бастапқы және қайталама нарықтары) және оны қолданудың шетелдік тәжірибесі сипатталған.
Екінші бөлімде, банктің қызметіне қаржылық талдау жасалып, оның даму тарихына, қызметінің негізгі жетістіктеріне, құрылымына қысқаша сипаттама жасалды. Банк балансына, активтер мен пассивтеріне, өтімділігіне, қызметінің тиімділігіне талдау жасалып, ипотекалық несиелеу нарығының динамикасы мен дамуы зерттелді.
Үшінші бөлімде, дипломдық жобаның жаңа енгізулері ретінде Шығыс Қазақстан облысының тұрғын үй нарығының негізгі даму тенденциялары, тұрғын үйдің орташа құны және орта есеппен жан басына шаққанда халық табыстарының есебі, тұрғын үйге қол жеткізу коэффициентін және халықтың оны сатып алуына қаражаттарды жинақтау мүмкіндігін есептеуі, Президенттің 2004-2005 жылдардағы Қазақстан халқына Жолдауларына сәйкес ҚР ипотекалық несиелендірудің даму болашағы сипатталған.
Тұрғын үйге қол жеткізу коэффициенті тұрғын үй нарығында халықтың төлеу қабілетінің өзгерісінің нақты тенденциясын көрсеткенімен, ол шартты жеткілікті болып келеді, себебі, тұтыну шығындарын шегерусіз жанұяның жиынтық табыстары ескереді. Халықтың нақты инвестициялық мүмкіндіктерін бағалағанда, табыстың тұтыну шығындарынан шамадан асатын бөлімін ескеру қажет.
Тұрғын үй нарығындағы халықтың инвестициялық мүмкіндіктерін нақты бағалауын тұрғын үйге қажетті ақша қаражаттарының сомасының жинақтау кезеңінің ұзақтық көрсеткіштерін қолдану негізінде алуға болады, халық шығындарының құрылған құрылымының есебімен, пайдалы активтерге жиналған қаражаттардың инвестициялау шартымен.
Халықтың үлкен бөлігі қаржылық қолдаусыз тұрғын үй нарығында тәжірибелі төлем қабілеті жоқ болатыны айқын. Қазақстанда тұрғын үй мәселесін шешу және аймақтық тұрғын үй нарығын дамытуға қажетті, халықтың инвестициялық потенциалын қамтамасыз ететін тұрғын үй лизингісі және ұзақ мерзімді тұрғын үйді несиелендіру жүйесін құру негізінде жасауға болады.

Ι-бөлім. ИПОТЕКАЛЫҚ НЕСИЕНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ МЕН ТӘЖІРИБЕСІ
1.1 Ипотекалық несиелеудің теориялық аспектілері

Нарықтық қатынастардың дамуы мемлекет экономикасындағы жылжымайтын дүние мүлік ролін бағалау мен адамдар өмірінде елеулі өзгерістерге әкелді.
Бұл жағдайда жылжымайтын дүние мүлік нарығының құру әдістері, жолдарды негіздеу және мәселені анықтау тұр, ол нарық субъектілерінің қажеттіліктерінің әсерін қанағаттандыруды қамтамасыз ету мәселесін шешеді. Жылжымайтын дүние мүлік нарығын тиімді басқару жалпы инфрақұрылымды құру мен дамыту нормативтік базаға кіретін жылжымайтын дүние мүлік пен мәмілеге мемлекетті құқықтарды тіркеу жүйесімен байланысты. Жылжымайтын дүние мүлікке жеке меншік ерікті сақтандыру жүйесінің құқықтарын қосарласып жүргізумен, салық салу механизмінің инвестициялық белсенділігің дамытуды ынталандыру мен тұрақтандыруды тұрғызу арқылы, Қазақстанның жылжымайтын дүние мүлік қызмет етуін, біріңғай мүліктік кемен түрінде қамтамасыздандырады.
Жылжымайтын дүние мүлік нарығының сегментінің ең дамыған түрі тұрғын үй нарығы болып табылады. Тұрғын үй құрылыс көлемінің ұлғаюы, адам зәру қажеттілігін қанағаттандыруды қамтамассыз ететін, жоспар шешімінің әртүрлілігі мен жетілдірілуі, құрылыстың тұрақты қымбаттауы, инфляция өсімі мен халық табысының қысқаруы тұрғын үй нарығының жұмысының тұрақтылығын бұзып, құрылысшыларға залал әкеледі. Оқшауландырылған қаржы қорлары айналымнан алып тасталды. Жылжымайтын дүние мүлік нарығында бірінші кезеңде, Астанадағы беделді аудандарда пәтерлер сатылады. Риэлтер фирмалары оқшауланған аудандағы пәтерлер, сонымен қатар ескі жобамен жасалған жинақтама үйлердегі пәтерді сатудан бас тартуда. Астана тұрғындары, тұрақты табыс табатын және пәтер сатып алғылары келетіндер, жоба сапасын, пәтер қолайлығына, аудан инфрақұрылымының дамуына көңіл аударады. Бұл тұрғындар бөлігінің қажеттілігін қанағаттардыру мен қолдау, қазіргі уақытта маңызды мақсаттардың бірі. Бұрын, пәтерді сатып алатын адамдар, қолма-қол ақшамен бірақ алатын. Қазір сатып алушылардың негізгі жиыны өз кішкене пәтерлерін сатып, үлкен пәтерді қосымша төлеммен алып, өз тұрғын үй жағдайларын жақсартатын адамдар көбірек. Жылжымайтын дүние мүлік нарығындағы жағдай, көбіне осы сатып алушыларға байланысты.
Потенциалды сатып алушылар қолындағы қаражаттарды тиімді пайдалануға болатын елеулі көмекті ипотека береді. Тұрғын үй ипотекасының несиесі құрылысшыларға да тұрақты және тұрғын үй құрылысын үздіксіз қаржыландыруға көмектеседі. Бюджеттен елеусіз қаражаттар бөлінгенімен, ипотекалық несие қазіргі уақытта бюджеттік емес қаржыландыруға түсетін пәрменді түпдеректің бірі болып табылады.
Нарықтық экономика жағдайында мемлекет үшін құрылыс кешеніне инвестициялық процессті реттеу мәселесі маңызды. Құрылыс кешеніндегі инвестициялық процесстерді жүргізу мен ұйымдастыру механизмі нарықтық экономика талаптарына баламалылық және «нарық ойынының заңдарын» инвесторлар (заңды тұлға), банктер, тапсырыс беруші және құрылысшыларды ескеру қажет. Шетелдік тәжірибені толық қолдану Қазақстан экономикасының ерекшелігі мен нарықтық қатынастардың толық орындалмауы салдарынан қиындатылған. Оған қарамастан, тұрғын үй ипотекалық несие тәжірибесіне сүйене отырып, оның тәжірибелік қолдануының мүмкіндігін куәландырады.
Сату объектілері мен жылжымайтын дүние мүлік нарығының қатысушылар қызметінің белгісін нақты белгілеу мүмкін емес, яғни тұрлаусыздық және пәтерді сату саласындағы нарықта коммерциялық тәуекелдің тым үлкен болуы. Бірақ, жетістікке жетуге болады, егер сату объектілері ретінде жылжымайтын дүние мүлікті бағалаудың әдістерін максималды қолдансақ, риэлтордардың практикалық жинақталған тәжіребесі, банктер мен құрылыс ұйымдары арасында ипотекалық несие талдауын жүргізуге мүмкіндік береді.
Қазіргі коммерциялық банктердің басты мәселесі көбіне несиелеу процесіндегі тәуекелдің болуына байланысты туындайды.
Несиелік тәуекел – бұл қарыз алушының алған негізгі қарызы мен оған есептелетін пайызды тиісті уақытында несиегерге төлей алмай қалу ықтималдығы. Несиелік тәуекелдің алдын алу үшін банктер қарыз алушылардан несиенің тұрақты қамтамасыз етілу формасын талап етеді. Несиені қамтамасыз етудің дәстүрлі емес формасы ипотека болып табылады. Бұл әлемдік тәжірибеде кеңінен қолданылады. [2, б.104]
Ипотека – жылжымайтын дүние мүлік кепілдігі, ол кәсіпорын, құрылым, ғимарат және құрылыс, жәнеде жермен, белгілі бөлімдермен немесе пайдалану құқығы бар несие алу үшін басқа объектілер.
Ипотека нарықтық қатынас жүйесіндегі қазіргі өнертабысы емес. Ипотека түпдерегі заттар құқығының ұғымы пайда болған уақытқа байланысты, олар өз кезегіндегі әртүрлі тарихи дәуірде кең қолданылған санат санына жатады.
«Ипотека» ұғымы (грек тілінен hypotheke – кепілдік (кепіл зат)) б.э.д. 6 ғ. Басында Грецияда пайда болып, белгілі жер иелікпен несиегерге борышқордың жауапкершілікпен қамтамассыз етумен байланысты болды. Бұл міндеттемені ресімеуде қарызгердің жер территориясында жазуы бар бағана қойылды, көрсетілген меншік аталған сомма несиегердің кінәратын қамтамассыздандыру. Бұл бағана, ипотека деген атқа ие болып, жер меншігіне түскен қарыз белгіленді. Кейінірек ол мақсатқа арнайы ипотекалық деп аталатын кітаптар пайда болды. Ежелгі Грецияда ипотеканың алғашқы нысандарын қолдану жария болды, яғни хабарланған жер меншігінің жағдайы туралы әрбір мүдделі адам еш қиындықсыз біле алу мүмкіндігі болды.
Ипотекалық несие феодолизм кезінде де дамып, несие ісі ретінде қазіргі жағдайда туындады. Ипотекалық банктердің классикалық мемлекеті болып Германия саналады. 1770 ж. Бреславлде Пруссия ханы Фридрих 2 ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру