Дене шынықтыру | Спортшыларға алғышқы медициналық көмек көрсету түрлер

 Дене шынықтыру  | Спортшыларға алғышқы медициналық көмек көрсету түрлер

Мазмұны


КІРІСПЕ ………………………………………………………………………...........3

І-тарау
1.1. Сабақтағы жүктемелерді мөлшерлеп бөлудің әдістемесі ................................5
1.2. Жоғары оқу орындарының медициналық топтарындағы
дене шынықтыру.......................................................................................................21
1.3. Арнаулы медициналық топтарды құру ..........................................................22

ІІ-тарау
2.1. Арнаулы медициналық топтардағы дене тәрбиесінің қолданбасы мен жүйесі .........................................................................................................................23
2.2. Өз-өзін бақылау ................................................................................................25
2.3. Дене тәрбиесінен арнаулы медициналық топтары бойынша дәрістер жоспарын құру ..........................................................................................................27

ІІІ-тарау
3.1. Студенттерде жиі кездесетін кеселдерге бағытталған кешендік жаттығулар.................................................................................................................30
3.2. Қосымша құралдар ............................................................................................60
3.3. Арнайы медициналық топтардағы сабақтың артықшылығы ........................63

Қорытынды ................................................................................................................66
Әдебиеттер тізімі ......................................................................................................67

Зерттеудің өзектілігі. Жоғары оқу орындары бағдарламасына дене тәрбиесінен арнаулы медициналық топтар сабағының кіруі жеткіншек ұрпақтың денсаулығын нығайтуға және оларды болашақ еңбек шеберлігіне баулуға атсалысу керек.
Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев 19.XI.97 жылғы өзінің "Қазақстан халқына жолдауында" былай деген:
"Біздің азаматтарымыздың салауаттылығына эканомикалық деңгей өздігінен кепілдік бере алмайды. Онда адамдар өз денсаулықтарына дұрыс кеңіл белмеу нәтижесінде жылдан-жылға аурушаң болып бара жатқан сондай бір жанданған эканомиканы көз алдыңа келтіру қиын соқпайды... Біз ез азаматтарымыздың бүкіл ғұмырлары барысында дендері сау болуы үшін барған сайын күш жұмсай түсуіміз керек".
Дене тәрбиесінен арнаулы медициналық топтардағы оқытушылардың алдындағы негізгі тапсырма: жаттығушы ағзаны жеткілікті пайдалы дене қимылы жаттығуларымен қамтамасыз ету, денсаулықты қалпына келтіруге ат салысу және жетік маман иесі болумен қорытылады.
Тәлімгерде дене қимылы жаттығулары дәрісінің әдістемелік (маңыздылығы) ерекшелігі студенттер арасында жиі кездесетін ауру түрлерінде айқындала түседі.
Дене тәрбиесі оқытушыларына және де сонымен қатар студенттердің өз беттерінше жаттығулары үшін ұсынылады.
Жүктемені мөлшерлеп бөлу (дозировка) - бұл оның көлемін және қарқынын бағытғы реттеу деген ұғым. Мөлшерлеп бөлу мәселесі дене жаттығуларындағы жуктемені белгілеу бойынша ұсыныстармен шектелмейді. Шұғылданушыларға әсер ету күші тек жаттығулардың сипатына ғана емес, сонымен бірге оқу жұмысының мына элементтерімен де байланысты: түсіндіру, жаттығуларды көрсету, оқушыларды ұйымдастыру және т.б.
Әрбір нақтылы жағдайда оқытушы сабақта жүктеменің мүмкін болған үлкен көлемін қамтамасыз етуге ұмтылады (оның педагогикалық ақталғандығы жағдайы ескеріліп). Жүктеменің келемінің көбеюі сабақтың барынша ұтымды жалпы тығыздығы нәтижесінде іске асады.
Сабақтың жалпы тығыздығы деп педагогикалық ақталған уақыттың барлық сабақтың ұзақтығына қатынасын айтады.
Педагогикалық ақталған уақытқа келесі қызмет түрлері немесе сабақ бөліктері жатады: оқытушылардың түсіндіргені, көрсеткені, оқытушының нұсқауын ұғыну және түйсікпен қабылдау, өз жолдастарының әрекетін ұйымшылдықпен талдау; дене жаттығуларын орындау және одан кейінгі қажетті демалыс; жәрдемші әрекеттер – қайта сапқа тұрғызу; спорт қондырғыларын орнату, секіру шұқырындағы құмды жұмсарту және т.б.
Оқу уақытының ақталмаған шығынына ұйымдастырудағы қойылған оқу-тәрбие міндеттерін шешуге және кемшіліктерге байланысты бос тұрып қалу жатады: сабаққа кешігіп келу және оны ерте аяқтау, тәртіп тәртіп бұзуға байланысты сабақ үстіндегі үзілістер, спорт құрал-саймандарының жарамай қалуы, мұғалімнің кетіп қалуы.
Зерттелу деңгейі.Оқу-тәрбие міндеттерін шешу үшін сабақтағы педагогикалық ақталған қызмет түрлері маңызды емес. Мысалы, амалсыз демалыс және жәрдемші әрекеттің аз мәні болады, ал сол уақытта оқушылардың өз жолдастарының әрекеттерін зерттеп және сын көзбен талдауы педагогикалық тұрғыдан сабақтың өте маңызды сәттеріне жатады (егер бұл оқытушының арнайы ұйымдастыруымен және оның тікелей қатысуымен өтсе). Мүмкіндігінше босқа тұрып қалуды және жәрдемші әрекеттерді болдырмау жолдарын қарастыру қажет.
Бұл үшін әр түрлі әдістер қолданылады: алдын ала оқушылардың жүретін барынша қысқа жолдарын белгілейді; артық сапқа тұрғызу және қайта тұрғызудан қашу; спорт қондырғыларын орнату және жинауды шұғылданушылардың ішінен арнайы кезекші тағайындап жарыс тәртібімен өткізіледі.
Осы тәртіппен оқытушы түсіндіруге, өз бетінше жұмысқа және тікелей жаттығуды орындауға мүмкіндігінше көп уақыт бөледі. Сабақтың жалпы тығыздығына қолайлы келудің тәсілі осылай жасалады. Жаттығуды орындауға жұмсалған уақыт моторлы тығыздық ұғымымен байланысты, яғни жаттығуды орындауға кеткен уақыттың сабақтың жалпы уақытына қатынасы.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Моторлы тығыздық - дене жаттығуларымен шұғылданудың өнімділігінің барынша ерекше көрсеткіші, сондықтан, әрине, бірдей жағдайда мүмкіндігінше сабақтың үлкен моторлы тығыздығын қамтамасыз ету керек. Сонымен бірге оның ең бастысы оқу-тәрбие міндеттерін шешу сапасы болып табылатын сабақтың шұғылданудағы маңызын артық бағалауға болмайды, өйткені ол өз кезегінде түсіндіруге, қозғалысты, кинограмманы, үлгіні және басқа да оқытып үйрету әдістерін көрсетуді талап етеді. Осылай гимнастик сабағынның негізгі бөлімінде сабақтың моторлы тығыздығы ең жақсы, қолайлысы деп жиі саналып, 10-15 пайызды құрайды.
Уақыттың арақатынасын түсіндіруге, көрсетуге және жаттығуға жақсы бейнеде белгілеу, сабақты әдістемелік сауатты жүргізудегі ең басты жағдайдың бірі. Ысылған, іскер оқытушылар түсіндіруді оқушылардың тікелей қозғалысты орындауы кезінде жүргізеді.
Алайда ол кезде жаттығудың күрделілігі, оқушылардың дайындығы және шұғылданудың ұсынылған сабақ үлгісінің талаптарын ескеру қажет. Сабақтағы педагогикалық ақталған қызметтің барлық түрлеріне бөлінген уақыт шегінде жүктеменің қарқындылығын мөлшерлеп бөлу мәселесі де өте маңызды. Дене жаттығулары сабағындағы жүктеменің қарқыны оның көлеміне қарағанда тікелей үлкен реакцияны қозғайды. Көп шамада сабақтың оқу-тәрбиелік нәтижесі және олардың сауықтыру әсері қарқындылыққа көп байланысты.
Зерттеу объектісі. Сабақтағы жүктеменің қарқындылығына қойылатын негізгі талап оның физиологиялық және психологиялық әсерінің мүмкін болған шегін анықтау болып табылады. Әрбір нақтылы сабақта жүктеменің өзіндік мүмкін болған шектегі шамасы болуы тиіс және ол әр кезде жасына, жынысына, шұғылданушылардың жаттыққандығына және сабақтың нақтылы міндеттеріне байланысты анықталуы тиіс.
Жүктеменің шектелуі, әсіресе, жоғары шектеулі туралы мәселе әр түрлі авторлармен әр қилы шешіліп келеді. Әр уақытта бәрінен жиі жүктеменің дәл көрсеткіші ретінде тамырдың соғу жиілігі алынады. Кейбір авторлар тамыр соғу көрсеткішінің абсолюттік шегін сабақта аынқтауға тырысты. Мысалы, тамыр соғуының максимальді мүмкіндігі 1 минутта 150 рет соғу деп саналды. Басқалары тамыр соғуы жиілігіне мүмкіндік шегін бастапқы қалпынан пайызбен белгілеуге ұмтылды, мысалы, 80%. Соңғы кездері жүргізілген зерттеулер (В.С.Фарфель, М.В.Раскин және т.б.) шұғылдану сабақтарында тамыр соғуы жиілігінің шектеулі қалпына қатынасы бір мағыналық шешім болуы мүмкін емес екенін делелдеді. Мысалы, спорттағы көптеген сабақтарда сабақтың басындағы тамыр соғуының төмендетілген көрсеткішінде (мин/55-60 рет соғуы) тамыр соғуының шектеулі жиілігі минутына 200-250 рет. Сондықтан тамыр соғуынын жиілігінің өсуі 400 пайызға дейін жетеді, яғни 1 минутта 240-250 рет соғады.
Зерттеу жұмысының құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыс кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімі тұрады.

І-тарау

1.1. Сабақтағы жүктемелерді мөлшерлеп бөлудің әдістемесі

Жүктеме қарқынын сауатты мөлшерлеп бөлу үшін оқытушы сабақта оқу-тәрбиелік қызметтің барлық түрлерін-ұйымдастыру кезінде оны арттыру және төмендету (түсіру) әдістерін жақсы меңгеруі тиіс.
Мысалы, қызметтің көмекші түрлерін күшейту үшін оларға оқу-тәрбиелік сипат береді: спорт қондырғыларын орнату және жинауды, ауырлықты алып жүруді үйрету, ұжымдағы тәртіпті, ұқыпты жұмыс істей білуге тәрбиелеу үшін пайдаланады; сапқа тұрғызу мен саптағы қозғалысты жүгіріп немесе керісінше белсенді демалыс үшін орындайды (денені босатуға, тыныс алуға және т.б. жаттығу беріледі). Жаттығуды орындар алдында кезек күтіп тұрған шұғылданушылардың белсенділігін сүйемелдеп, қолдау үшін оларға арнайы тапсырма ұсынады: "Қозғалыс тәсілінің мына элементтеріне назар аударыңдар және оны барлық топтағы шұғылданушылардың қаншалықты меңгергенін талдауға тырысыңдар"; шұғылданушыларға өз бетінше орындау үшін ұштастыру және жалпы дамыту жаттығуларын ұсынады; зерттеу, үйрену үшін кинограмма, сызба үлгі, суреттер және т.б. береді.
Оқытушының шұғылданушыларды оқу-тәрбие міндеттерін өздігінен іске асыра білуге үйретуі ерекше назар аударуға тұрарлық мақтаныш. Мұнда әр түрлі қызмет түрлері пайдаланылады: әңгіме, кеңес өткізу, тапқырлықты, ептілікті, қиын жағдайда жөнін таба білу талап етілетін шұғылданушылардың алдына міндет қою.
Түсіндіру және көрсету кезінде шұғылданушылардың назарын өзіне аударуы, олардың белсенділігін тәрбиелеуі оқытушының басты міндеттерінің бірін құрайды. Оқушылардың жұмысы неғұрлым қарқынды_болған сайын, жаттығу нәтижесін солғұрлым табыс күтуге болады.
Дене жаттығуларьшың қарқындылығын мөлшерлеп белгілеу шұғылданушыларға тікелей және жанама әсер ету арқылы әдістемелік тәсілдердің қатарымен іске асады.
Шұғылданушыларға тікелей әсер ету әдістеріне жаттығудың қайталану саны, жылдамдығы, күші, қолданылатын сыртқы ауырлық жүктеме шамасы туралы сөзбен нұсқау беру және т.б. жатады. Тікелей әсер ету әдістерін пайдаланып, егер оқушылар мұғалімнің тапсырмасын дұрыс орындаса, онда барынша кең ауқымда жаттығудың қарқындылығын қарқындылығын дәл мөлшерлеп, бөлімдермен орындатуға болады.
Шұғылданушыларға жанама әсер ету әдістеріне қатаң уақытпен белгіленген жаттығулармен орындалатын ойындық және жарыстық әдістерінің кезектесуімен жүргізілуі жатады.
Мысалы, әдеттегі тапсырмамен орындауға қарағанда спорттық сайыс кезіндегі жаттығуды орындау жағдайындағы үлкен қарқындылығымен айырмаланады. Селқос, бейқамдықты жеңу үшін осыны пайдалануға болады. Бүтіндей алғанда жаттығулардың орындау қарқындылығын жанама әдіспен мөлшерлеп, бөлу тікелей әдіске қарағанда дәлдігі азырақ болса да оны қолдану кажет. Осы бейнеде сабақтағы жүктемені ең қолайлы мөлшерлеп, бөлу жоғары қарқындылығын, шұғылданушылардың ақыл-ой, сонымен бірге дене жұмыстары ретінде сабақтың 100 пайыздық жалпы тығыздығын қамтамасыз етуді талап етеді. Жүктемені мөлшерлеп бөлудің жоғарыда сипатталған әдістері оқушыларды дұрыс ұйымдастыра білуге және оларға жаттығудың ететін әсерінің дәрежесін бақылауға тәуелді.
Сабақты ұйымдастыру әдістемесі. Сабақты ұйымдастыру әдістемесі оқытушының белгіленген оқушылар контингентімен (сынып, команда, үйірме) жұмыс істеу әдісіне, шұғылданушылардың тапсырманы орындау тәртібіне, оқытушылар мен оқушылардың және шұғылданатын орындағы спорт қондырғыларының орналасуына (зал, стадион, спорт алаңы және т.б.) байланысты. Сабақтың дұрыс ұйымдастырылуы оқу-тәрбие міндеттерін шешу үшін қолайлы жағдайды қамтамасыз етеді.
Сабақта шұғылданушыларды ұйымдастырудың негізгі үш әдісі айырмаланады: фронтальді (маңдай алдынан), топтық және жеке.
Фронтальді әдісі кезінде оқытушы бірегей оқу материалы бойынша барлық оқушылармен бір уақытта жұмыс істейді.
Сабақты топпен өткізу әдісі кезінде оқушылар топтарға бөлініп, әр топ жеке оқу тапсырмаларын алады. Оқытушы барлық оқушыларды өз бақылауында ұстап, бір топпен басымырақ жұмыс жүргізеді немесе кезекпен бірінен кейін келесі топқа өтеді.
Жеке өткізу әдісі кезінде әрбір оқушы жеке тапсырма алып, оны өздігінен орындайды. Мұнда оқытушы оқушылардың жұмысына таңдап, іріктеп басшылық жасайды.
Бұл әдістердің әрқайсысының өзіндік артықшылығы және кемшіліктері бар. Сабақты қарсы алдынан фронтальді әдіспен өткізу кезінде барлық оқушылардың қимыл-қозғалысын назарда жақсы ұстауға және олардың қимыл әрекеттерін тікелей басқаруға болады. Алайда бұл кезде оқушылардың әрқайсысына қимылын дербес, өздігінен басқару қиындайды. Топтық және жеке әдістерді қолдану керісінше, оқытушының барлық оқушыларды бақылау мүмкіндіктерін шектейді. Бұл әдістердің қайсысының берілген сабақты өткізуге жарамды екені, оқу материалдарының жаңалығына және күрделілігіне, сабақ өткізілетін орыннның материалдық жабдықталуына, шұғылданушылардың жасына, жаттығу өткізілетін орынның кеңдігіне және т.б. байлынысты.
Мысалы, бастауыш сынып оқушыларымен дене тәрбиесі сабағын фронтальді әдіспен жиі өткізеді, өйткені жае ерекшелік күшіне қарай олар өздігінен қозғалысты қажетті мүмкіндікті меңгеруге қабілетсіз. Сабақты спортшы-гимнасттармен топтық әдіспен өткізу басымырақ, өйткені жекелеген гимнастикалық қондырғылардың сыйымдылық мүмкіндігінің аздығы және т.б. Шебер-жеңіл атлеттерге жеке әдіспен сабақ өткізу тән, өйткені бұл спорт түріндегі оқытып үйрету жүйесін спорттық шеберліктерінің артуына байланысты жаттығуды жекешелендіру талабы артады.
Сабақтық шұғылдануда тәртіп бойынша оқушыларды ұйымдастырудың әдістерін араластырып қолдану тән. Сабақтың басталуы әдетте фронтальді әдіспен, негізгі бөлімінде шұғылданушыларды топқа беледі немесе олармен жеке жұмыс жүргізеді, ең соңында, сабақты қайтадан фронтальді әдіспен аяқтайды.
Сабақтың әдістемесін, сонымен бірге шұғылданушылардьщ берілген тапсырмаларды орывдау тәртібін анықтайды. Сабақтың әдістемесін аньщтайтын екі тәсілі бар: бір уақытта және кезекпен.
Біріншісі, жаттығу немесе басқа қызмет түрлеріқце барлық оқушылармен орындалады, ал екіншісінде әрқайсысын кезекпен орындайды.
Екі әдісте де оқушылар үзіліссіз (ағыммен) немесе арақашықтықпен жұмыс істеуі мүмкін.
Үзіліссіз, толассыз орындаудың мәні, мұнда оқушылар жаттығулардың бірінен кейін бірін дем алмай орындайды.
Мысалы, гимнастика сабағында денені жалпы дамыту жаттығуларының лайықтыларын таңдағанда алдыңғы сабақтың соңындағы жаттығу келесілері үшін негіз болатындай болса, онда жаттығулар сериясын үзіліссіз орындауға болады. Мысалы, жеңіл атлетика сабағында жүгіріп келіп, екпінмен ұзындыққа секіру кезінде бір оқушы жерден серпінді күш алып секіргенде, екінші оқушы жүгіруді бастаса, үшінші оқушы бастапқы дайындық қалпында тұрады, төртіншісі секіру шұқырынан оралып қайтадан дайындалатын орынға келіп тұрады және т.б.
Толассыз әдістің ерекше әр түрлілігі дене сапаларын қарқынды дамытуға мүмкіндік жасайтын жаттығуларды айналма әдіспен орындау болып табылады. Мұнда оқушылар жаттығулар кешенін толассыз арнайы жерде немесе шеңбер бойына орналастырылған спорт қондырғылары «бекеттерінде» («станция») біреуінен кейін екіншісіне («тұтқалы аттан», белтемірге тартыну «бекетіне») өтіп орындайды.
Жаттығуларды толассыз орындау бөліп өткізуге қарағанда үлкен қарқындылықты қамтамасыз етеді. Алайда оның жалпы білім беру қатынасында әсерлілігі төмендеу өйткені жаттығулардың арасында үзілістің болмауы түсіндіруді, қозғалысты талдауды және оқытып үйретудің басқа да элементтерін пайдалануды қиындатады. Сабақта жаттығуларды толассыз немесе бөлек-бөлек орындауды таңдау бәрінен бұрын оқу материалының жаңалық дәрежесіне және сабақтың нақтылы міндеттеріне байланысты. Мысалы, жаңа оқу материалын таныстыру және үйрену кезінде жаттығуды бөлек-бөлек орындау орынды, қозғалысты жетілдірудегі дене сапаларының қарқынды даму міндеттері қойылғанда, жаттығуды үзіліссіз орындау мақсатқа сәйкес келеді.
Оқушылардың жаттығуларды жақсы орындауы сабақ өтілетін орындағы оқытушының, оқушылардың және спорт қондырғыларының дұрыс орналасуына тікелей байланысты. Егер оқушылар бір қатарда шеренга бойынша тұрса, ал мұғалім осы қатардың оң немесе сол жақ шетіне жақын тұрса, онда оның түсіндіруін, көрсетуін және т.б. саптың екінші жақ ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру