Дене шынықтыру | Жасөспірімдердің жаттығу процесі кезінде жас ерекшеліктерінің алатын орнын зерттеу әдістемесі

 Дене шынықтыру  | Жасөспірімдердің жаттығу процесі кезінде жас  ерекшеліктерінің алатын орнын зерттеу әдістемесі

Мазмұны


КІРІСПЕ ……………………………………………………………………...........6
1 Болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерін кәсіби іс–әрекетке
дайындаудың әдістемелік жүйесі………..............................................…......11
1.1 Дене тәрбиесі мұғалімдерінің кәсіби білім берудің көп деңгейлі
және көп басқышты дайындық жүйесі........……………………………..........11
1.2 Болашақ мұғалімдерді оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге
асыруға психологиялық тұрғыда дайындаудың мазмұны...........……..…......20
2 Болашақ мұғалімдерді оқушылардың дене мүмкіндіктері мен
қозғалыс қимылдары ерекшеліктерін ескере отырып дайындаудың
педагогикалық шарттары…............................………………......................33
2. 1 Болашақ мұғалімдерді оқушылардың дене мүмкіндіктері мен
қозғалыс қимылдары ерекшеліктерін ескере отырып дайындаудың
педагогикалық шарттары…............................………………............................33
2.2 Оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға болашақ
мұғалімдерді дайындаудың әдістемесі ………….......…..................................45
Қорытынды......………………...………………………….....….……......................76

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының әлемдік өркениетке, демократиялық дәстүрге өту жағдайында адамзат қоғамының ғасырлар бойы жинақтаған жалпы құндылықтар мұрасына ден қоюы, рухани-адамгершілік негізінде дене тәрбиесін сабақтастықта дамытып, салауатты өмір сүру дағдылары арқылы дене мәдениетін қалыптастыру өзектілігі артуда. Бұл мәселе ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» бағдарламасында, ҚР «Білім туралы» Заңында, «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі ретінде көрініс тапқан.
Дене тәрбиесін, жаңа технология мен озат тәжірибені ұлттық және жалпыадамзаттық құндылық қағидаларымен сабақтастыра зерттеу – бүгінгі күн талабынан туындап отырған педагогика ғылымының міндеттерінің бірі. Дене тәрбиесінің мәнін бүгінгі жаңа заман талабына сәйкес қарастыру – бұл адамды өзі өмір сүрген ортаның жемісі ғана емес, сол ортадағы дене мәдениеті, адамгершілік қарым-қатынасы әрекетімен көрінетін субъект деп танылуымен айқындалады. Қоғамның елеулі өзгерістерге түсуі, адамның мақсат-мұраттарына, тұрмыс-тіршілігі мен мінез-құлқына, сондай-ақ өзінің жеке басына да субъект ретінде өзгеріс енгізуде. Оның үстіне қоғамдағы салауаттылық, дене мәдениеті мен рухани құндылықтардың табиғаты, мәні, шығу тегі және атқаратын қызметтері туралы жан-жақты зерттеу, оқушылардың дене тәрбиесін салауаттылық дене мәдениеті мәселесімен байланыста қарастыру қажеттігі біздің тақырыбымыздың өзектілігін айқындай түседі.
Ғылым, техника, мәдениет және білім дамуының өзара байланыстылығы мен өзара сабақтастығы тарихи сипатта екендігін ескере отырып, жүргізген теориялық зерттеулеріміз қорытындылары, озат тәжірибелерді оқып үйрену мен жүйелеу, көп жылдық тәжірибеміз көрсетіп отырғандай, болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерін сапалы даярлауда олардың болашақ кәсіби әрекетінде оқушылардың салауатты өмір сүру дағдыларына баулу, дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыру мәселесін теориялық талдау мен дене тәрбиесіндегі тәжірибелерді объективті тұрғыда талдаудың маңыздылығы өте жоғары екендігі айқындалды.
Дене тәрбиесінің әлеуметтік жүйе және қоғамдық құбылыс есебінде дене тәрбиесі жүйесін, оның қалыптасуы мен дамуының негізгі заңдылықтарын, оның қызметі мен құрылымын танып, білудің қажеттілігі білім мен тәрбие талаптарына сәйкес өсіп келе жатқан ұрпақтың дене тәрбиесін қамтамасыз ету үшін керек. Дене тәрбиесі тек мектептегі дене шынықтыру сабағы ғана емес, ол сабақтан тыс, мектептен де тыс денсаулыққа байланысты шаралар жүйесі екенін ескерсек, қазіргі кезеңдегі білім беру орындарындағы дене тәрбиесінің жүйесі жастардың денсаулықтарын нығайтумен қоса, тұлға бойындағы биологиялық-психологиялық қажеттіліктердің жан-жақты жетілуіне, өмірге белсенді ұстаным мен ізгілікті қатынастарын дамытуды меңзейді. Мұндай маңызды әдістеме ғылыми және оқу пәні ретінде жетекшілік рөл атқаратын, дене тәрбиесі саласындағы кәсіптік бағытта болашақ мұғалімдерді даярлауды жүзеге асыратын жоғары оқу орындарындағы оқыту жүйесіне тікелей байланысты.
Дене тәрбиесі мәселелерін шығармашылық тұрғыда шешуге, өзгермелі өмір жағдайында инновациялық процестер мен жаңашыл бағыттарды дер кезінде меңгере отырып, тәжірибеге сын көзбен қарап, дене тәрбиесі міндеттерін жүзеге асыруға белсенді, салауаттылық пен дене мәдениетін меңгерген маман дайындаудың маңыздылығы артуда.
Оқушылар мен студент жастардың дене тәрбиесін және жеке тұлғаның дене мәдениетін қалыптастыру мәселелері бірқатар ғылыми зерттеулерге арқау болған М.Таникеев, Т.А. Ботағариев, Б.А. Тойлыбаев, Ж.К. Оңалбек, Қ. Т. Жанабаев, Б.М. Сапарбаев, Е. Мұхитдинов, А. Қарақов, А.Б. Нұрлыбекова т.б. Ал жоғары оқу орындарында болашақ маман даярлау мәселелері бойынша маңыздылығы жоғары зерттеу жұмыстары орындалған (Қ. Бөлеев, Б. К. Момынбаев, С.С. Смаилов, Н. Д. Хмель, М. Ә. Құдайқұлов, О. С. Сыздықов, Л.С. Сманов, М. Н. Сарыбеков, Е.Омар, Л.Байсерке, А.А.Саипов, А.А.Жолдасбеков, В.А.Сластенин т.б.)
Жеке тұлғаны қалыптастырудағы әлеуметтік ортаның мәні туралы (А. Ғ. Қазмағамбетов, Л. К. Керимов, В.А.Ким, К.Ж. Қожахметова т.б.) білім мазмұнын жаңарту және оқушылардың интеллектуалдық қабілетін дамыту (Қ. Ералин, Т.С. Садыков, А.Е. Әбілқасымова, Б.Т. Кенжебеков, Ш.Таубаева, С.М. Кеңесбаев, С.А.Әбдіманапов, К.М.Беркімбаев, А.Қ. Аренова т.б.) мәселесін зерделеген зерттеулер бар.
Ал, Қ.И.Адамбеков, С.И. Қасымбекова, В.В. Сериков, А.С. Иманғалиева, Т.Т. Галиев т.с.с. қазіргі кездегі педагогтар болашақ мамандарды кәсіби даярлаудың психологиялық – педагогикалық негіздеріне көңіл бөлген.
Дене тәрбиесі өсіп келе жатқан жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру саласының бір тармағы болып табылады және ол жеке тұлғаның жан-жақты дамуына, күшті де қуатты болып өсуіне, ұзақ уақыт шығармашылық еңбекке жарамды адамды қалыптастыруға, оны Отан сүйгіштікке даярлауға қызмет етеді.
Демек, жоғары оқу орындарына болашақ мамандарды кәсіби дайындау денсаулығы мықты, жан-жақты дамыған, алуан түрлі дене және ақыл-ой еңбектерін тәрбиелеуге қабілетті ұрпақты даярлау жөніндегі мемлекеттік қажеттілік талаптарына байланысты жүргізілетін іс. Қазақстан Республикасы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының алға қойып отырған басты міндеттерінің бірі-халықаралық білім жүйесіне ену.
Жоғары білімді дамытудың жаңа ұлттық тұжырымдамасы мен бағдарламасына, жоғары білімдегі құрылымдық өзгерістерге байланысты білім мазмұнына оның жаңаша педагогикалық негіздерін енгізу қажеттігі туды, біздің зерттеуіміз дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға болашақ мұғалімдерді дайындау үдерісі тұрғысынан қарастырылды.
Республикамыздағы білім беру саласында және әртүрлі қолдану салаларына байланысты жаңа бағыттағы спорт, дене тәрбиесі жүйесі бойынша мамандарға деген сұраныстардың артуы, оларды даярлаудағы білімділігі мен қабілеттілігі, біліктіліктің қазіргі талаптарға сай болуы өте үлкен маңызды жұмыстарды атқаруды талап етеді және болашақ педагогтардың кәсіби даярлығын, білім стандартына, мазмұнына сай жетілдіру мәселелері көкейкесті мәселе болып отыр.
Көрсетілген міндеттерді толық жүзеге асыру дене тәрбиесі жүйесіне тікелей байланысты. Дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыру – денсаулықты нығайту, білім беру, дамыту, тәрбиелеу міндеттерін шешуге арналған педагогикалық жұмыстардың бірі бола отырып, жеке тұлғаның денсаулық деңгейін арттыру, табиғи күш-қуатын нығайту, дене мүшелерін гигиеналық негіздері мен дене-қозғалыс қабілеті мүмкіндіктеріне сай, өз бетінше қимыл-қозғалыс жаттығуларын орындап өзін-өзі үнемі дамытып, көңілді де сергек жүруге баулиды.
Болашақ ұрпағымыздың денсаулығының мықтылығы, салауатты өмір сүруі мектеп мұғалімінің жеке басымен оның жоғары оқу орнындағы теориялық жеке тәжірибелік даярлығының дәрежесіне тікелей байланысты. Осыған орай оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастыруға болашақ мұғалімдерді дайындау ісін кәсіби даярлықтың ажырамас бөлігі ретінде қарастыру керек. Дене тәрбиесі және спорт мамандары күрделі әлеуметтік міндеттерді шешуге араласумен бірге оқушылардың психологиялық ерекшеліктеріне сай, оқу-тәрбие міндеттерін шешуде олардың рухани жетекшісі де болуы тиіс.
Қазіргі кезде дене тәрбиесі мұғалімі биологиялық (физиология, анатомия, биохимия, спорттық метрология т.б.), педагогикалық (педагогика, психология, дене мәдениетінің ілімі, спорттық жаттығу негіздері, дидактика т.б.) пәндерді философия, әлеуметтану, медицина, математика ғылымдарын және басқару мен ұйымдастыруды жете меңгеруі қажеттігін ескерсек, дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруда педагог кадрлар даярлау мәселесінің өзектілігі айқындалып, оның түрлі бағыттары бойынша ауқымды зерттеулердің қажеттілігі байқалады.
Бүгінгі таңда болашақ мұғалімдерді оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруды ескере отырып дайындаудың қажеттігі мен бұл мәселенің ғылыми-теориялық тұрғыда талданбауы және болашақ мұғалімдердің кәсіби дайындығын ғылыми - әдістемелік тұрғыдан жеткілікті деңгейде қамтамасыз ету сұранысы мен осы уақытқа дейін педагогика ілімінде аталған мәселенің арнайы жүйе ретінде қарастырылмауы арасында қарама-қайшылықтар орын алып отырғаны байқалады.
Зерттеу пәні. Болашақ мұғалімдерді оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға дайындау.
Зерттеудің мақсаты – оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға болашақ мұғалімдерді дайындаудың әдіснамалық-теориялық негіздерін айқындап, оны жүзеге асырудың ғылыми-әдістемелік жүйесін жасау және оларды тәжірибелік–эксперименттен өткізіп, қорытындысын шығару.
Зерттеудің міндеттері:
1. Мектеп оқушыларының дене мүмкіндіктерімен қозғалыс қимылдарын ескере отырып дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға болашақ мұғалімдерді кәсіби дайындау мазмұнын сипаттау.
5. Оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға болашақ мұғалімдердің дайындығын жетілдірудің ғылыми-әдістемелік негіздерін жасау.
6. Қазіргі кезеңде оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға болашақ мұғалімдерді дайындаудың тиімділігін тәжірибелік тексеруден өткізу.
Зерттеудің жетекші идеясы. Жоғары оқу орындарында болашақ мұғалімдерді оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға дайындаудың теориялық-әдіснамалық және ғылыми - әдістемелік негізін жасау ұлттық және жалпы адамзаттық құндылыққа негізделген, болашақ ұрпақты салауаттылық пен дене мәдениетін рухани тұтастықта қарастыратын тәрбие кеңістігін құру еліміздің жарқын болашағына сеніммен қарауға мүмкіндік береді.
Зерттеу әдістері: Зерттеу мәселесі бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтану, мәдениеттану және әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау; жоғары оқу орындары мен мектептегі оқу-тәрбие үдерісін бақылау; сауалнама, тест алу; әңгіме жүргізу; зерттеу проблемасы бойынша арнайы курс ұйымдастыру және оны талдау; педагогикалық эксперимент нәтижелерін статистикалық тұрғыдан өңдеу.
Зерттеу көздері: зерттеу мәселесі бойынша философтардың, психологтардың, педагогтардың және дене тәрбиесі бойынша мамандардың ғылыми еңбектері, ресми материалдар мен құжаттар (ҚР Конституциясы, “Білім беру туралы” Заңы, ҚР “Қазақстан - 2030” даму стратегиясы, “Дене тәрбиесі” тұжырымдамасы т.б.), оқу-әдістемелік әдебиеттер, мерзімдік баспа материалдары, бағдарламалар, педагогикалық іс-тәжірибелер және автордың жеке басына тән іс-әрекет тәжірибесі.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңызы:
5. Оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға болашақ мұғалімдерді кәсіби дайындаудың ғылыми - әдістемелік жүйесі жасалды.
6. Оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға болашақ мұғалімдерді дайындаудың тиімділігі тәжірибелік эксперименттен өткізіліп, тексерілді.
Зерттеудің тәжірибелік мәнділігі:
- зерттеудің практикалық мәнділігі ұсынылған қағидалардың жүзеге асуына, оқыту формалары мен әдістерін жетілдіру, мектеп оқушыларының дене тәрбиесі жүйесінің жаңа бағыттарын айқындау және оны практикаға енгізу, оқытушының шеберлігі мен шығармашылық дербестігін жетілдіру т.б мәселелер болашақ кәсіби мамандарды дайындау аясындағы маңызды көкейкесті мәселені шешуге мүмкіндік беретіндігімен байланысты.
Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:
- мектептегі дене тәрбиесіне болашақ мұғалімдердің даярлығы нақты айқындалған психологиялық, педагогикалық, физиологиялық, әлеуметтік-шығармашылық шарттар арқылы қамтамасыз етілуі.
- дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға бағытталған педагогикалық ұсыныстарды жоғары мектеп тәжірибесінде пайдаланудың мазмұндық сипаттамасы болашақ маман дайындауда мәнділігімен көрінуі....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру