Кеден ісі | Кеден органдарында басқаруды ұйымдастырудың теориялық

 Кеден ісі | Кеден органдарында басқаруды ұйымдастырудың теориялық

Мазмұны

Кіріспе .............................................................................................................. 5-6

1-тарау. Кеден органдарында басқаруды ұйымдастырудың теориялық
негіздері
§ 1.1 Кеден органдарында басқаруды ұйымдастырудың мәні мен мазмұны
(объектілері және субъектілері) ................................................................... 7-14
§ 1.2. Кеден ісін басқарудың заңдылықтары мен принциптері ................ 14-17
§ 1.3. Кеден органдарындағы басқарудың функциялары мен әдістері..... 17-24
§ 1.4. Кеден ісін басқарудың құқықтық негіздері ...................................... 24-31

2-тарау. Қазақстан Республикасында кеден органдарындағы қызметті
ұйымдастыру
§ 2.1. Кеден органдарында қызметті ұйымдастырудың әлемдік
тәжірибесі ....................................................................................................... 32-37
§ 2.2. Қазақстан Республикасы кеден органдарының құрамы мен
мақсаттары ...................................................................................................... 38-45
§ 2.3. Қазақстан Республикасы кеден органы қызметкерлерінің
лауазым иелерінің құқықтық мәртебелері .................................................. 45-58

3-тарау. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша кедендік бақылау департаменті жұмысына талдау
§ 3.1. Оңтүстік Қазақстан Облысы кеден басқармасындағы
басқаруды ұйымдастырудың жағдайын талдау .......................................... 59-68
§ 3.2. Басқаруды ұйымдастырудың ОҚО КБ бойынша проблемалары мен
болашағы, оларды жетілдіру жолдары ........................................................ 69-72

Қорытындылар мен ұсыныстар ............................................................... 73-76

Қолданылған әдебиеттер ............................................................................ 77-79

Қазақстан Республикасы кеден қызметiнiң он алты жылдық жұмыс тәжiрибесi стратегиялық мақсаттарды нақты айқындаусыз, анық басымдықтарды тұжырымдаусыз елеулi табыстарға қол жеткiзудiң мүмкiн еместiгiн көрсеттi.
Қазiргi уақытта кеден қызметiн Қазақстандық сыртқы сауданы мемлекеттiк реттеудiң нақты жұмыс iстейтiн құралына айналдыру үшiн күш-жiгер жұмсалып жатыр, бұл жаңа басқару жүйесi бар қазiргi заманғы кеден қызметiн құруды, бақылау және пайдаланылып жүрген дәстүрлi кеден рәсiмдерiн жетiлдiру саласында жаңа стратегия әзiрлеудi талап етедi.
Бұл талаптардың негiзгi мақсаты фискальдық саясат жүргiзу, сыртқы сауданы реттеу және мемлекеттiң экономикалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында кеден органдарының алдында тұрған мiндеттердi шешудiң мейлiнше тиiмдi және ұтымды жолдарын iздеу болып табылады.
Сыртқы экономикалық байланыстардың дамуына тиiмдi жәрдемдесудiң қажеттiлiгi Қазақстандық кеденнiң алдына кеден iсiн дамытуға жаңа тәсiлдердi әзiрлеу мiндетiн қойды.
Бұл димпломдық жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасының кеден қызметiн жетiлдiру тұжырымдамасы жинақталған тәжiрибенi жүйелеуге және осының базасында кеден органдары қызметiнiң негiзгi бағыттары бойынша реформалардың мейлiнше ықтимал барысын алдын ала болжауға, басымдықтарды айқындауға әрекеттену болып табылады.
Дипломдық жұмыс кезінде жасалған талдау көрсетілген міндеттерді шешу қазіргі заманғы кеден қызметі үшін өзекті проблема болып табылатындығын көрсетеді. Кеден қызметін кеңінен жетілдірудің, оны сыртқы экономикалық қызметтің өсіп келе жатқан көлемі мен көп салалылығына сәйкес келтірудің, кеден қызметінің Қазақстанның сыртқы және ішкі саясатының ұдайы өзгеріп отыратын шарттары мен міндеттеріне, халықаралық кедендік практикада қабылданған ережелерге, нормаларға, стандарттарға және рәсімдерге бейімделуінің барынша қажеттігі пісіп жетілді.
Кеден ісі саласында жетілдіру жұмыстарын табысты жүргізу үшін сөзсіз қаржыландырудың тиісті ресурстары мен көздері қажет. Дипломдық жұмыста көзделген іс-шараларды қаржыландыру мәселесі неғұрлым күрделі болып табылады. Қазақстан Республикасының кеден қызметін жетілдіруді қамтамасыз етудің қаржылық тетігі мәселесі мемлекеттік бюджеттен кеден жүйесін дамытуға көзделген қаражатты бөлуді, республиканың кеден қызметінің жетілдірілуін жүргізуге мүдделі дүниежүзілік қаржы институттары тарапынан инвестициялар тартуды білдіреді.
Еліміздің тәуелсіздігімен қатар дүниеге келген кеден қызметі жыл өткен сайын дамып, қанатын кең жайып келеді. Еліміздің экономикалық қауіпсіздігін сақтау туралы мәселе Президентіміздің Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстан - 2030» жолдауында нақты көрсетілген.
Сыртқы сауданы мемлекеттік реттеу жүйесінде кеден қызметінің жөні бөлек. Сондықтан, соңғы жылдары еліміздің кеден органдарының құрылымы біршама өзгерістерге ұшырады, жауапкершілік күшейтілді. Халықаралық кеден бекеттерінен заңсыз өткізілетін тауарларға тосқауыл қойыла бастады. Бұл еліміздің экономикалық қауіпсіздігін қамтамассыз ету шараларын мықтап қолға алғандықтың белгісі.
Қазақстан Республикасының кеден қызметін жетілдірудің мақсаты экономикалық саясат пен мемлекеттің қауіпсіздігі стратегиясын іске асырудың тиімділігін арттыру, сыртқы сауданы дамытуға жан-жақты ықпал ету болып табылады. Бұл міндеттер Қазақстан Республикасының кеден қызметін реформалау бағдарламасының негізіне алынды. Кеден қызметін реформалаудың негізгі міндеттерін шешу сыртқы экономикалық байланыстарды дамытуды, СЭҚ-қа қатысушыларға қызмет етудің сапасын арттыруды және уақытын қысқартуды, бюджетке төлемдердің түсуін арттыруды, есірткілердің, қару-жарақтың, мәдени құндылықтардың контрабандасының жолын кесудің тиімділігін көтеруді, материалдық ресурстарды көлеңкелі айналымнан шығаруды, ұйымдасқан қылмыскерліктің әлсіреуін, Қазақстан Республикасының екі жақты және халықаралық шарттарда көзделген міндеттемелерінің орындалуын, Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне ықпал етуді және әлемдік шаруашылық байланыстар жүйесіне біртіндеп кіруін қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі жүргізіп отырған, жаңа инвестициялық саясатпен, шаруашылық және сыртқы экономикалық қызметті құрылымдық қайта құрумен, нарықтық қатынастарды одан әрі дамытумен, халықаралық сауда мен кеден органдарына интеграциямен сипатталатын экономикалық реформалар жағдайында сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу шараларын әзірлеуге және іске асыруға, Қазақстан Республикасының мүддесінде кеден саясатын қалыптастыруға қатысуды, басқа да мемлекеттік органдармен қатар ұлттық экономиканы дамытуға ықпал етеді. Елдің сыртқы экономикалық, ғылыми-техникалық, азық-түліктік, экологиялық және қаржылық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді; елдің бюджетіне СЭҚ-дан кірістердің неғұрлым толық түсуін қамтамасыз етуді, тауарлардың бақылаусыз әкелінуін/әкетілуін шектеуді; кедендік құқық бұзушылықтарға, контрабандаға, есірткілік препараттардың, халық үшін зиянды және қауіпті тауарлардың контрабандасына, заңсыз өткізілуіне қарсы тиімді күресті қамтамасыз етуді; Қазақстан Республикасының сыртқы сауда саясатын әзірлеуге белсенді атсалысу жолымен бейбіт шаруашылық байланыстар жүйесіне кіруді тиімді шешуге қабілетті қазіргі заманғы кеден қызметін құрудың қажеттілігі туындап отыр.

1-ТАРАУ. КЕДЕН ОРГАНДАРЫНДА БАСҚАРУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.

1.1. Кеден органдарын басқаруды ұйымдастырудың мәні мен мазмұны (объектілері мен субъектілері).

“Басқару” түсінігі айтарлықтай кең ұғым береді және адамзат қызметінің түрлі салаларында қолданылады. Кеден қызметінің қатысы бар түрлі әлеуметтік - экономикалық жүйелерде “Басқару” ұғымы әр-түрлі мағыналарда түсіндіріледі. Айталық, классикалық менеджмент “Басқаруды” - ұйымның қалыптасуы мен мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған, жоспарлау, ұйымдастырудың және бақылаудың барысы деп таниды. Ал, басқару саласының, келесі топ ғалымдары мен мамандары “Басқару” дегеніміз – кәсіби дайындықтан өткен мамандардың ұйымдарды қалыптастырып, мақсаттарды қою арқылы оған қол жеткізудің интеграциялық процессі деп есептейді. Дегенмен, кеден қызметінің теориясы мен тәжірибесіндегі “Басқару” терминінің түсінігі “ішкі және сыртқы жағдайлардың өзгермелі кезінде қойылған мақсаттарды орындауды қамтамассыз ететін, белгіленген тәртіпте құрылған ұжым адамдарының басқарушылық шешім қабылдауларының ақпараттық процессі” болып табылады.
Сонымен, басқару - дегеніміз жүйенің қойылған мақсаттарды шешім қабылдау арқылы жүзеге асыру үшін, өзінің құрылымын сақтауға, оның ішкі және сыртқы қатынастарын тәртіпке келтіруге бағытталған, әсер ету процессінің ашырамас қасиеті.
Кеден жүйесін басқару, онымен қатынасқа түсу, оның ішкі тетіктерін ұғыну мен оларды қолдана білу қабілеттілігі болып табылады. Кеден жүйесіндегі басқарудың мәнін, тек жүйенің барлық қатыстарының қимыл-қозғалысы, элементтері мен бөліктерінің байланысы терең зерттеудің объектісі болған кезде ғана ұғынуға болады.
Біртұтастық қағидасы жүйенің қызметтік иерархиялығына алып келеді, яғни жүйенің төменнен жоғарыға дейінгі бағыныштылығы жағынан сатылығын көрсетеді. Дәлірек айтқанда бір жүйелер басқа жүйелердің элементтері болуы мүмкін, яғни жүйелер өзінің жеке жүйелерінен құралып басқа жүйе құрамына кіреді. Мысалы, кеден жүйесі сыртқы экономикалық қызметті реттейтін мемлекеттік жүйенің құрамына кіреді.
Осы қағида, кеден ісінің қасиетін ашық және анық түрде көрсетеді. Кеден ісі жүйесінің мәні - бұл кеден ісінің түрлі формаларда жүзеге асырылатын үдерістер бірлігінің ішкі мазмұны. Өз кезегінде, Кеден ісінің ішкі мазмұны оның ішкі қасиеті - негізгі қызметінен көрініс табады. Сондықтан, жүйеде қалыптасатын қасиет жүйенің қызметі деп аталады, ал ішкі құрылым – жүйенің құрылымы. Кеден жүйесінің негізін қалайтын қызмет – бұл халықаралық алмасу процессін тәртіпке келтіру және үйлесімді реттеу қабілеттілігіне ие болу қызметі. Кеден ісінің қолданылуының өзі осыған келіп саяды.
Жоғарыда аталғандай, күрделі кеден жүйесі белгілі-бір жүйелердің санынан тұрады. Оның құрамындағы әрбір жүйе өзінің жеке жүйесінен құралған. Мысалы, кеден бекеті белгіленген кеденнің жүйесіне кіреді, өз кезегінде ол аймақтық не облыстық кеден басқармасы жүйесіне, ал облыстық кеден басқармасы өз кезегінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Кеден комитеті жүйесінің негізін құрайды.
Кез-келген жүйенің өзіне тиесілі шектелген құзіреттілігі, мақсаттары, қызметтері, құқықтары және т.б. бар. Мысалы, кеден бекетінің жүйесі қызметкерлер ұжымынан, кеден технологияларынан, аумағынан және т.б. құралады. Бірақ, осы элементтердің әр–біреуін жеке мини-жүйе ретінде қарастыруға болады.
Жүйенің құрылымының түсінігі аталған жүйенің құрамдас бөліктерге, элементтерге бөлу мүмкіндігіне меңзейді.
Кеден ісін тануда және оның мәндік, тәжірибелік қызметін ұғынуда “объект” және “субъект” түсініктері үлкен маңызға ие. Бұл ұғымдар алғашқыда фәлсафада, кейінірек нақты-пәндік ілімдерде пайда болды.
Фәлсафалық көзқарас бойынша объект (латын тіліндегі objecto – алға тастаймын, қарсы тұрамын) субъектінің қызметінде қарама-қарсы тұратын ұғым береді. Қазіргі заманғы объект түсінігін Р. Декарта берді, яғни объектінің субъектіге тікелей қарсы қойылуы немесе білімнің тұпнұсқалық жағынан нақтылығын айқындау.
Субъект ұғымы (латын тіліндегі subjectus – төменде жатқан, негізін қалаушы, sub – астында, jacio – негізін қалау) фәлсафалық тұрғыдан жеке тұлға қызметінің танымдық мәнін көрсетуші, белсенділік көзі, объектіге қарсы бағытталған.
Ілімнің түрлі салаларында объект және субъект түсінігі әр-түрлі мағыналарда түсіндіріліп, өзіндік ерекшеліктер мен ғылыми түсіндірмелерге ие болады.
Кеден ісіндегі басқарудың объектісі – кеден органдары тарапынан басқару субъектісі ретіндегі басқарушылық әсер ету бағыты. Кеден органдарының басқарудың субъектісі ретіндегі қызметтері алдын ала құрылған бағдарламалар мен көзделген мақсаттарға жетуге бағытталған белгіленген кедендік процесстерге басшылық жасаумен түсіндіріледі. Осыған байланысты басқарудың объекті және субъекті ұғымдарын бөліп қарастырыуымыз қажет.
Басқарудың субъектісі дегеніміз – басқару органдары жиынтығының басқарушылық жүйесі болып табылады.
Кеден ісіндегі басқарудың объектілері мен субъектілерінің жиынтығының құрамы төмендегілерден тұратын басқару жүйесін құрайды:
• басқарудың механизмі (мақсаттары, қызметтері, қағидалары мен әдістері);
• басқарудың ұйымдастыру құрылымының жиынтығы (кеден органдарының түрлері, басқарудың ұйымдастыру құрылымының түрлері, басқару деңгейлері, жеке қызметкерлер құрамы және т.б.) ;
• кеден процесстері механизмдер элементтері және басқару құрылымының әрекеттері мен олардың өзара қатынасы ретінде (кеден бағдарламалары көмегі, технологоиялық схемалар, жағдайларға байланысты, туындайтын мәселелер бойынша арнайы шешімдер, жедел-құқықтық әрекеттер және т.б.) ;
Кеден ісіндегі құқықтың объектісі – дегеніміз кеден қызметін жүзеге асыру кезінде туындайтын, реттеуші орган (ҚР МКК) мемлекет тарапынан құқықтық реттелуге, бекітілуге немесе қорғалуға тиісті қатынас. СЭҚ –ке қатысушылардың немесе кеден шекарасынан өтуші тұлғалардың құқыққа сәйкес және міндетті әрекеттерін, кеден органдарының құқықтары мен міндеттерін нормативті-құқықтық актілерді көрсете отырып, мемлекет туындайтын қатынастарда тараптарды мемлекеттің мүддесіне жауап беретін қоғамдық қатынас түрлерін таңдауға итермелейді.
Кеден ісіндегі құқықтың субъектісі – бұл заң бойынша құқықтар мен заңды міндеттерді жүзеге асыруға қабілетті (құқықтық субъектілікке ие) тұлғалар (жеке және заңды), яғни жеке немесе ұжымдық субъектілер. Жекелеген юристердің пайымдауынша құқық субъектісінен құқықтық қатынас субъектісін бөліп қарау қажет.
Осы, дипломдық жұмыста негізінен басқарудың объектілері мен субъектілері қарастырылады.
Басқарудың объектілерін зерттеудің бірнеше тәсілдері белгілі. Белгілі жағдайларда “зерттеу объектісі” мен “басқару объектісі” біртұтас түрде қарастыралады, ал қалған жағдайларда “зерттеу объектісі” мен “басқару объектісі” жеке зерттеледі. Менің ойымша, зерттеу объектісі кеден жүйесіне қатысты болғандықтан кең ұғымға ие болады. Өз кезегінде басқару объектісі зерттеу объектісінің бөлігі ретінде оның құрамына кіреді және оның негізінде жүйенің маңызды қызметі қалыптасады.
Кеден және басқа да экономикалық әдебиеттерінде “кеденді басқару”, “сыртқы сауда кәсіпорындарын басқару” және т.б. терминдері жиі қолданылады. Менің көзқарасым бойынша, аталған терминдер дұрыс қолданылмайтын сияқты, өйткені жылжымайтын мүлікті, ғимараттарды, жолдарды және т.б. басқаруды қалай түсінуге болады. Кеден ісінің түсінігі бойынша, аталғандарды кеңістікпенен уақыт кеңістігінде басқарумен түсіндірілген болар еді. Сондықтан бұл жерде “кедендегі басқару” немесе “кеден ісін басқару” дәлірек болады.
Кеден қызметінің ақпараттық-электронды ұйымдастыру және басқару формасына көшуі басқарудың екі бағытын бірінші кезекте “басқарудың объектісін” анықтауда синтездеуге алып келді. Бірінші бағыт дәстүрлі қалыптасқан басқаруды жалғастырумен байланысты, ал екінші бағыт дәстүрлі қалыптасқан басқаруды қайта талғап, басқарудың объектісін кибернетикалық жаңалықтармен толықтыруды көздейді.
Кеден тәжірибесі көрсетіп отырғандай кеден жүйесіндегі басқарудың негізгі объектісіне тауарлар, көлік құралдары, және Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан өтуші тұлғалар жатады. ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру