Әлеуметтану | Әлеуметтік мемлекет
Дипломдық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Әлеуметтік мемлекеттің негізі ретіндегі мемлекеттің әлеуметтік қызметінің ерекшеліктері, мемлекет қызметін (функциясын) зерттеудің кейбір теориялық мәселелері, мемлекеттің әлеуметтік қызметінің түсінігі және ерекшелігі, мемлекеттің әлеуметтік қызметі саяси-құқықтық ой тарихында, Қазақстан Республикасында әлеуметтік мемлекетті қалыптастыру мен дамытудың жолдары, Қазақстан - әлеуметтік мемлекет, әлеуметтік мемлекет және азаматтық қоғам, Қазақстан Республикасында әлеуметтік мемлекетті орнықтыру мәселелері, Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасы және әлеуметтік мемлекет мәселесі қарастырылады.
Диплом жұмысының өзектілігі. 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясы тәуелсіз, егемен мемлекеттің конституциялық дамуының жаңа кезеңінде жол ашқан акт болып табылады. Қазақстан Республикасының Конституциясында тек адамның, азаматтың, мемлекеттік және қоғамдық құрылыстың мәртебесі ғана емес, сонымен бірге стратегиялық құқықтық идеялар да айқындалды. Бұл атап айтқанда, Конституциядағы Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлуметтік мемлекет ретінде орнықтыратыны жөніндегі идеяда көрініс тапқан. Қысқа кезеңде мұндай мемлекет болу мүмкін емес. Алдыңғы қатарлы мемлекеттердің қалыптасуының тарихи тәжірибесі көрсеткендей, алға қойған мақсатқа жету үшін белгілі тарихи уақыт, табанды талап, белсенді шығармашылық, іс-әрекет қажет. Конституцияның маңызды артықшылығының бірі-оның жалпыға мәлім демократиялық құқықтық идеялар мен қағидаларға бейімділігі болып табылады.
Қазақстан Республикасының Президентінің 20 қыркүйек 2002 жылғы Жарлығымен бекітілген “Қазақстан Республикасының құқықтық саясат туралы” тұжырымдамасында әлеуметтік мемлект идеялары туралы былай делінген: “Конституциядағы қоғам мен мемлекет қызметінің түбегейлі принциптері туралы айтылғандары ескере отырып, қоғамдық келісім мен саяси тұрлаулылықты қоғамдық та, мемлекеттік те институттар қамтамасыз етуге тиіс. Сөйтіп, түбегейлі конституциялық принцип – барша халықтың игілігіне арналған экономикалық даму, Конституцияда “меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс” деп жарияланғандықтан, экономиканың мемлекеттік те, жеке секторларында да, өмірге еніп іске асуға тиіс.
Қазақстанның көпұлтты халқының достығын нығайту мен мемлекеттік тәуелсіздігін бекітуге қазақстандық патриотизм қағидасының маңызы зор. Оны нығайту үшін мемлекеттің, қоғамдық институттардың, отбасы мен мектептің бірлескен күш-жігері қажет.
Республика қызметінің түбегейлі конституциялық идеясы ретінде мемлекет өмірінің барынша маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен шешу мемлекеттік институттардың, саяси партияларлың, басқа да қоғамдық бірлестіктердің, бейүкіметтік ұйымдардың, халықтың түрлі әлеуметтік жіктері мен топтарының бірлескен күш-жігері негізінде де мүмкін болады.
Бұл орайда, мемлекеттік органдар қызметін ұйымдастыру мен оған баға беру олардың жұмысының формальды-статистикалқ көрсеткіштерімен шектелмеуі тиіс. Бірінші кезекте азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекеттік заңды мүдделерін қорғау жөніндегі жұмыстың нақты нәтижелері назарға алынуы тиіс.
Қазақстан Республикасы жас мемлекет болғандықтан әлеуметтік мемлекет идеясын қалыптастыру және шынайы әлеуметтік мемлект ретінде Қазақстанды дамыту болашақтың үлкен атқарылар ісі болып табылады. Бұл айтылған жағдайлардың барлығы дипломдық жұмыстың өзектілігін және күн тәртібінде тұрғандығын көрсетеді.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Әлеуметтік мемлекетті қалыптастырудың негізгі таным жолы ежелгі ойшылдарды бей - жай қалдырып қойған жоқ. Сондықтан да, әлеуметтік мемлекеттің негізгі белгі нысандары, оны қалыптастыру туралы ұсыныстар антикалық ойшылдардың еңбектерінде көрініс тапқан болатын. Атап айтқанда, ежелгі грек ойшылдары Платон мен Аристотель өзінің шығармаларында мемлекеттің қоғам үшін пайдалы болуы туралы пайымдауларын жасады. Кейінгі кезеңде әлеуметтік мемлекет идеясы туралы еуропа ойшылдары да көптеген пікірлер білдірген болатын. Әлеуметтік мемлекеттің кейбір қырлары Т. Гоббстың, Ш.Л. Монтескьенің, И. Канттың, Г.В.Ф. Гегельдің еңбектерінде өзінің негізгі ғылыми сипаттамасын алып отырды.
Қазақ даласында да әлеуметтік мемлекеттің негіздері туралы өзінің пікірін білдірген ойшылдар баршылық. Солардың қатарына ортағасырлық ойшыл Ж. Баласағұнды, оның «Құтты білік» атты еңбегіндегі әлеуметтік мемлекетті қалыпастыруға қатысты ойларын айтуға болады. Кейінгі алаш қайраткерлері де мемлекеттің әлеуметтік сипатына кең мән берді. Олардың қатарына Ә. Бөкейхановты, А. Байтұрсыновты, М. Дулатовты, Х. Досмұхамедовты т.б. жатқызуға болады.
Әлеуметтік мемлекет идеясы және оның Қазақстан жағдайында жүзеге асырылуы елімізге белгілі ғалымдар: С.З. Зимановтың, С.С. Сартаевтың, М.Т. Баймахановтың, В.А. Кимнің, Ө.Қ. Қопабаевтың, А.К. Котовтың, В.А. Малиновскийдің, Э.Б. Мұхамеджановтың, С.Н. Сабикеновтің, Ғ.С. Сапарғалиевтің, А.А. Черняковтің, М.Х. Матаеваның, А.Т. Ащеуловтің, Ж.Н. Баишевтің, С.К. Амандықованың, Э.Б. Абдрасуловтың, Ж.Д. Бусурмановтың, К.К. Атхожиннің және т.б. зерттеулерінде көрініс тапқан.
Басқа да шетелдік ғалымдар: А.С. Автономов, О.Е. Кутафин, В.Д. Мазаев, Н.А. Михалева, Б.С. Эбзеев, Т.Е. Хабриева, В.Е. Чиркин, В.О. Лучин, О.О. Миронов, Л.П. Шмайлова, Б.А. Страшун, Б.Н. Топорнин және т.б. еңбектерінде белгілі дәрежеде сөз етілді.
Диплом жұмысының объектісі. Дипломдық жұмыстың негізгі пайымдау объектісіне Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі әлеуметтік мемлекетке қатысты теориялық мәселелері жатады.
Диплом жұмысының пәні. Дипломдық жұмыстың нақты пәнін Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік мемлекетті қалыптастырудың және мемлекеттің әлеуметтік функциясының әлеуметтік мемлекетті қалыптастырудағы орны мен ролі жатады.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасында әлеуметтік мемлекетті қалыптастырудың құқықтық негіздерін қалыптастыруға ықпал етеді.
Аталған мақсатқа жету үшін, мынандай міндеттерді шешу көзделеді:
– Мемлекет қызметін (функциясын) зерттеудің кейбір теориялық мәселелері
– Мемлекеттің әлеуметтік қызметінің түсінігі және ерекшелігі (шыққан)
– Мемлекеттің әлеуметтік қызметі саяси-құқықтық ой тарихында
– Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасы және әлеуметтік мемлекет мәселесі
– Қазақстан — әлеуметтік мемлекет
– Әлеуметтік мемлекет және азаматтық қоғам
– Қазақстан Республикасында әлеуметтік мемлекетті орнықтыру мәселелері
– Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасы және әлеуметтік мемлекет мәселесі.
Диплом жұмысының әдістері және әдістемесі. Дипломдық жұмысты жазу барысында, ғылыми нәтижелерді алуда жалпы ғылыми әдістер мен арнайы ғылыми танымдар: диалектикалық, салыстырмалы талдау, функционалды жіктеу және т.б. қолданылды.
Сонымен бірге, ізденуші дипломдық жұмысында отандық белгілі ғалымдар С.З. Зимановтың, С.С. Сартаевтың, С.Н. Сабикеновтің, М.Т. Баймахановтың, Ғ.С. Сапарғалиевтің, З.Ж. Кенжалиевтің, С.А. Табановтың, Ө.Қ. Қопабаевтың, В.А. Кимнің, В.А. Малиновскийдің, А.К. Котовтың, А.Т. Ащеуловтың, А.К. Айтхожиннің, Б.А. Майлыбаевтың және т.б. еңбектеріндегі теориялық тұжырымдарға арқа сүйеді.
Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы. Дипломдық жұмыстың негізгі ғылыми жаңалығы ретінде әлеуметтік мемлекеттің негізгі идеяларын және Қазақстан Республикасыда әлеуметтік мемлекетті қалыптастырудың құқықтық және мемлекеттік базасын қалыптастырудың негіздерін айқындайды.
Диплом жұмысының теориялық және тәжірибелік маңызы. Дипломдық жұмысты жазушының қол жеткізген дипломдық жұмыстың негізгі нәтижелері мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституция теориясын, оның ішінде конституция идеяларын, зерттеу ісін одан әрі ғылыми тұрғыда байыта, жетілдіре түседі. Елімізде жүзеге асырылатын конституциялық реформаларды ғылыми негіздеуде басшылыққа алуға болады.
Дипломның ғылыми нәтижелері жоғарғы заң оқу орындарында, мемлекет және құқықы теориясы мен тарихы, конституция теориясы және т.б. пәндерден дәрістер жүргізуде, тәжірибелік сабақтар өткізуде өте пайдалы.
Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Кіріспеден, екі бөлімнен, жеті бөлімшеден, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ӘЛЕУМЕТТІК МЕМЛЕКЕТТІҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗЕТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1 Мемлекет қызметін (функциясын) зерттеудің кейбір теориялық мәселелері
Мемлекет қай қоғамда болмасын, сол қоғамның алдына қойған мақсат-міндеттерін шешуге бағытталған саяси ұйымның көрінісі болып табылады. Сондықтан да, мемлекет өзінің алдындағы мақсатына жету үшін оны жүйелі түрде жүзеге асыратын функционалдық негіздерге ие болуы қажет. Бұл мемлекет қызметінің негізгі мәні де болып табылады. Мемлекет қызметі динамикалық құбылысқа жатады. Себебі, мемлекеттің алдына қойған бағытына сәйкес, сол мемлекеттің негізгі қызметтері айқындалады. Мемлекет қызметін зерттеу, біздің ойымызша, сондықтан да, әр уақытта өзінің өзектілігін жоймайды. Қазіргі таңдағы елімізде демократиялық құқықтық мемлекеттерді орнықтыруға бет алған кезеңде мемлекеттің қызметі, оның теориялық мәселелері өте өзекті сипатқа ие болып отыр.
Мемлекет қызметі туралы ой-пікірлерге зер салып қарайтын болсақ, қоғамның талап-тілегіне сәйкес мемлекеттің атқаратын қызметтері де, өзгеріп, күрделеніп, дамып отырған. Кезінде кеңестік ғылымда мемлекет қызметі коммунистік идеологияның шырмауында қалып, өзінің толықтай ғылыми бет-бейнесін жасай алған жоқ. Мемлекет қызметіне байланысты жүргізілген зерттеулер көбінесе эмперикалық негізде жүргізіліп, оның шынайы ғылыми сұлабасы ашылмады. Қазіргі кезеңде, біздің ойымызша мемлекет қызметінің концептуалдық негізін қалыптастыру қажет болып отыр. Қазіргі қоғамның дамуы да, осыны қажет ететіндей.
Кеңестік кезеңде мемлекет қызметіне байланысты мәселелерді жүйелі түрде саралап, талдаған ғалымдардың қатарына М.И. Байтин жатады. Ол өзінің еңбегінде мемлекет қызметіне байланысты кеңестік және шетелдік ғалымдардың тұжырымдарын саралап, оның жалпы бағытын айқындауға ұмтылды [1, с 190-234]. Кеңестік кезеңдегі мемлекет қызметіне байланысты теориялық тұжырымдар, бүгінгі таңда өзінің маңыздылығын жойды. Қазір еліміздің алдына қойған мақсаты тұрғысынан, мемлекет қызметін теориялық тұрғыда қайта талдап, концепуалдық негізін қалауымыз қажет. Бұл мақсатқа жету үшін жалпы мемлекет қызметіне байланысты ой-пікірлердің жай-күйіне үңілуіміз керек. Мемлекет қызметі жалпы функция деген терминмен сипатталған болатын. Егер философиялық энциклопедияларға көз жүгіртетін болсақ, функцияға мынандай анықтама беріледі: “Функция – (лат. functio–атқару, орындау) қандай болмасын қатынастар жүйесіндегі белгілі бір объектінің сыртқы көрінісі, мыс, организмдегі сезім мүшелерінің қызметі, ақшаның қызметі, мемлекеттердің қоғамдағы және т.б. функциялары. Бірқатар идеалистік бағыттар ғылымды тек қана функцияның объектілерін тізіп, анықтаумен шектеледі деп, олардың мәнін (махизм, бихевиоризм т.б.) тануды жоққа шығарады. Математика мен логикада функция деп кейбір класстардың әрбір элементттерінің салыстыру операцияларын айтады. Анықтаушы ретіндегі функцияның элементтерін оның дәлелдемелері деп атайды, ал мәндер жайындағы элементтерді-функцияның мәндері дейді” [2, 469 б]. Ал қазақстандық белгілі ғалымдардың бірі, Ө. Қопабаев пен С. Өзбекұлы мемлекет қызметінің мәнін сипаттай келе, мынандай тұжырым жасайды: “Мемлекет басқару, билік жүргізу үшін құрылған саяси ұйым болғандықтан оның алдында тұрған міндеттер бар. Сол міндеттерді іс жүзінде жүзеге асыру үшін арнайы функциялар қажет. Функция арқылы мемлекет статикалық (формалары, аппараттары, органдар) құрылымынан динамикалық қозғалыс мағынасын айқындайды. Бұл жерде функциялар арқылы мемлекет алдына қойған мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асырады. Мақсаттар әр түрлі болады: стратегиялық және бүгінгі күнгі. Мысалы, Қазақстан Республикасы мемлекетінің болашақтағы мақсаты экономикасы дамыған, халқының әл-ауқаты жоғары, кедейлік пен жұмыссыздық жойылған демократиялық, құқықтық мемлкет құру. Ал бүгінгі күн мақсаты шағын және орта бизнесті, мемлекеттік тілді дамыту және т.б. міндеттер.
Мемлекеттің фукциялары дегеніміз оның алдында тұрған мақсаттары мен міндеттерін іс жүзінде асырудың негізгі бағыттары” [3, 49 б]. Ал, Т. Ағдарбеков болса, мемлекет қызметтерінің негізгі ұқсастықтарын саралай келе, мемлекет қызметінің мынандай ерекшеліктері бар деп есептейді:
“1 Мемлекеттің әрбір функциялары, мемлекеттік қызметтердің бір жақты жиынтықтарынан құралады. Мемлекет қызметттерінің ұқсас жақтары қоғамдық қатынастардың ерекшелігімен сипатына, олардың ықпал жасайтын объектісіне қарай бір функцияға бірігеді.
2 Бір жұмысты орындауға арнайы белгіленген көптеген мемлекет органдарының функциясынан мемлекет функциясының айырмашылығы-оның қызметін тұтас қамтитындығында. Айтылған сөз жеке органдардың белгілі мемлекет функциясын жүзеге асырудағы маңызын жоққа шығарамайды, себебі кей кездерде ондай органдар негізгі мақсаттарды шешуде басты рольдерді ойнайды. (Мысалы, Қарулы күштердің елді сыртқы шабуылдан қорғау функциясы). Сондықтан, мемлекет функциясын, оның органдарының функциясын айыра білу қажет.
3 Мемлекет функциясы, кешенді жинақты сипатта болады. Онда мемлекеттің шешуші күш жұмсаған, өмірлік маңызы бар бағыттағы ішкі және сыртқы жұмыстары, нақты іске асырылады.
4 Мемлекет функциясын, мемлекеттің жұмыс түрлерінен айыра білу қажет. Себебі, мемлекеттің жұмысы кейде арнайы белгіленген, соған рұқсат етілген органдар арқылы іске асырылуы мүмкін, не болмаса, мемлекеттің әр түрлі органдарының құрамындағы бөлімдерімен іске асырылады. Мемлекеттік жұмыстардың түрлеріне, мысалы қылмыстық істі тергеу, кедендік бақылау т.б. жатады.
5 Мемлекет функциясын, оларды іске асыру формасымен және тәсілімен салыстыруға болайды. Қазіргі мемлекеттің функциясын іске асырудағы негізгі құқықтық нысандарыға, құқықтық шығармашылық, атқару-билеу және құқық қорғау қызметтері жатады. Мемлекет өзінің әр түрлі даму кезеңдерінде алдына қойған мақсаттарына байланысты түсіндіру, үгіттеу тәсілдерін пайдалануы мүмкін. Мемлекеттің функциясы, оның мазмұнына, нысанына сай, тәсілдері бірігіп, мемлекеттік өкіметтің сол бағыттағы мемлекет жұмысын іске асырады. Мемлекеттің барлық функциональды қызметі бас мақсатына жетуге бағытталған: адам, оның адамгершілік, материалдық, жеткілікті құқықтық және жеке адамның әлеуметтік мүдделерінің қорғаушысы. Мемлекет жеке адамдар арқылы қоғамдық прогреске тұтасымен ықпал жасайды және барлық қоғамдық қатынастарды бағыттайды.
Сонымен, мемлекет функциясында-оның негізгі қызметінің бағыты, қоғамды мемлекеттік басқарудың мәні және әлеуметтік орны көрсетіледі” [4, 88-89 бб].
Егер мемлекет қызметіне оның табиғатына байланысты берілген түсініктерді одан әрі жіктеп, талдап қарайтын болсақ, бүгінгі таңда бұл мәселеге байланысты бір бағыттағы жүйелі жол қалыптаса қоймағандығын көреміз. Мысалы, теорияда кеңінен орын алған мемлекет қызметіне байланысты түсінікті профессор В.И. Гойман-Червонюк былай деп береді: “Функции государства основные направления деятельность государства, в которых раскрывается его социальная сущность и назначение в обществе” [5, с 42]. Ал Н.Б. Пахоленко болса: “Функции государства - это необходимо однородное, постоянное, целесообразное направление (сторона) деятельности, обусловленное объективными потребностями общественного развития с точки зрения его внутренних и внешних задач” [6, с 29], - деп түсіндіреді. Ресейлік оқулықтардың бірінде, мемлекет қызметі былай негізделген: “Функции государства - это основные направления его деятельности, выражающие сущность и социальное назначение, цели и задачи государства по управлению обществом в присущих ему формах и присущими ему методами” [7, с 143]. Бұл берліген анықтамалардың барлығынан мемлекет қызетінің белгілі бір бағытсыз атқарылмайтындығын ұғынуға болады. Бірақ та, сын көзбен қарап, көретін болсақ, мемлекет қызметіне берілген жоғарыдағы авторлардың түсініктерінің дау тудырмайтындығына күмән келтіруге болады. Осы жерде қазіргі Ресей мемлекетінің әлеуметтік қызметін зерттеген ғалымдардың бірі, Е.С. Мазаеваның мына пікірі, жоғарыда айтылған мемлекет қызетіне байланысты ғалымдардың тұжырымының негізсіздігін танытатындай:
“Во-первых, государственной деятельности присущи некоторые противоречия. Например, можно отнести противоречия между объективным ходом социально- экономических отношений и государственным обеспечением стабильности в этой сфере жизнедеятельности общества. Вследствие чего в одной ситуации государства сдерживает или стимулирует развитие определенных тенденций, в другой - допустим, изменяет какие-либо стороны социально-экономической политики. Поэтому в ряде случаев направление деятельности государства может провялятся как тенденция, то есть как преобладающее направление:
Во-вторых, невозможно объяснить, каким образом в функциях государства преломляются комплексные цели. Тем более что они не могут быть достигнуты деятельность в каком-либо одном направлении, так как часто сочетают противоречивые начала децентрализации и централизации;
В-третьих, невозможно уяснить, почему некогда неосновные функции по мере развития государства превращаются в основные или почему происходит отсоединение одних функций от других (при этом направлении его деятельности остаются прежними)” [8, с 14-15].
Әрине, бұл жерде мемлекет қызметінің мемлекеттің бағытымен байланысты екендігін жоққа шығаруға болмайды. Сонда да, болса біздің ойымызша, қандай да болмасын қызметті бірнеше қырынан түсінуге болады. Бір қырынан алғанда, мемлекеттің қызметі - мемлекеттің алдына қойған бағытын жүзеге асырудың көрінісі болып табылады. Екінші қырынан алғанда, мемлекет қызметі - мемлекеттің мақсатын жүзеге асырудың белсенді көрінісін білдіреді. Сондықтан да, мемлекет қызметі жүзеге аспаса да, оны жүзеге асырудағы мүмкіндігін сипаттайды.
Қарап отыратын болсақ, мемлекет қызметі әлі де болса, ғалымдар тарапынан өзінің толыққанды шешемін таба қоймаған мәселе болып тұр. Жоғарыдағы айтылғандарды қорыта келгенде, біз жалпы мемлекет қызметін, мемлекеттің бағытын жүзеге асыруға байланысты әдіс-тәсілдермен кешенді тұрғыда қарайтын, нақты қоғамның даму деңгейімен байланысты болып келетін және сол қоғамның алға ұсынған әдіс-тәсілдеріне сүйенетін күрделі құбылыс болып табылады. Осыны негізге ала отыра, біз мемлекет қызметінің мәні мынандай мәселелермен байланысты деп табамыз:
Біріншіден, қоғамның маңызды өмірлік мәселелерін шешуде мемлекеттің іс-әрекеттері айқындалған;
Екіншіден, мемлекеттің мәні мен оның әлеуметтік мақсаттарының арасында ажырағысыз байланыс бар;
Үшіншіден, мемлекеттің бағыты әрқашанда қоғамдағы ірі әлеуметтік экономикалық-саяси т.б. міндеттерді шешуге негізделетіндігінде;
Төртіншіден, мемлекеттің жүзеге асыратын бағыты, әрқашанда белгілі нысандарда атқарылады.
Міне, осы айтылған жағдайлардың барлығы мемлекет қызметінің мәнін айқындайды және мемлекет қызметінің негізгі бағыттарын сипаттауға да мүмкіндік береді. Мемлекеттің қызметі, негізінен жалпы мемлекеттің басқару жүйесімен сол мемлекетте жүзеге асырылатын құқықтық режиммен тығыз байланысты. Міне, осындай факторлардың негізінде нақты мемлекеттердің қызметтері айқындалады.
Сонымен қатар, мемлекеттің қызметін айқындауда және оның түрлерін негіздеуде, мынандай да факторлар себепші болады:
а) мемлекеттің мәні, нысаны, табиғаты;
ә) сол мемлекет өмір сүріп отырған кезеңдегі сыртқы және ішкі жағдайдағы өзгерістер;
б) нақты тарихи жағдайдағы мемлекеттің алдына қойған мақсаттары мен міндеттері.
Ойымызды қорыта келгенде, айтарымыз, мемлекеттің қызметі-теориялық тұрғыда әлі өзінің бір жақты шешімін таба қоймаған күрделі құбылыс болып табылады. Оның себебі де, жоқ емес. Негізінен мемлекеттің қызметі әр қоғамның талап-тілегіне сәйкес өзгеріп отырады. Міне, осы жағдай мемлекет қызметінің теориялық базасын жасауда қиындық тудырады. Соған қарамастан, жалпы мемлекет қызметінің мәнінің ерекшеліктерін айқындауға болады. Мемлекет қызметінің негізгі мәні, мемлекеттің алдына қойған мақсат- міндеттерін жүзеге асыру.
1.2 Мемлекеттің әлеуметтік қызметінің түсінігі және ерекшелігі
Мемлекет теориясында қазіргі кезеңде өзінің әлі де болса, толыққанды шешімін таба қоймаған мәселелер легі баршылық. Солардың қатарына, мемлекеттің әлеуметтік қызметі жатады. Қазіргі кезеңде әлемнің көптеген елдерінің барлығы қоғам мүшелерінің әлеуметтік тұрғыда қамсыздандыру мәселесіне ерекше мән беруде. Қазақстан Республикасы да дамыған елу елдің қатарына көтерілем десе, осы мәселеге ерекше ықтиярмен көңіл бөлуі қажет. Мемлекеттің әлеуметтік қызметі және оны өзінің деңгейінде жүзеге асыру әрқашанда қоғам өмірінде мүмкін бола қоймайтын күрделі мәселе болып табылады. Мемлекеттің әлеуметтік қызметі сол мемлекеттегі экономикалық өсумен тікелей байланысты болып келеді.
Қазіргі кезеңде мемлекет және құқық теориясында ғалымдар ортасында мемлекеттің әлеуметтік қызметін түсінуге байланысты жалпы бағыты, бір болғанмен, әр түрлі оның қырына мән беретін ой-тұжырымдар да орныққан болатын. Отандық заңгер ғалымдардың ішінде Т. Ағдарбеков мемлекеттің әлеуметтік қызметін былай түсіндіреді: “Мемлекеттің әлеуметтік функциясы-жеке адамның, барлық қоғам мүшелерінің өмірінің бірқалыпты жағдайын, олардың тікелей өндірістік қатынасқа тәуелсіздігінің әлеуметтік қорғалуы үшін қажет.
Құқықтық мемлекетте материалдық жағдайларды бөлу өндірушілердің арасындағы эквиваленттік айырбастан басқа тұтынушылармен іске асырылады. Оның әлеуметтік саясатының көздейтіні біріншіден, әлеуметтің табысты бөлуді әркімнің сіңірген еңбегіне қарамай жүргізу қажет. Себебі, әр түрлі объективтік себептерге байланысты өз жөнінде толық жұмыс істей алмайтын адамдардың (аурулар, инвалидтер, кәртайған адамдар, студенттер, балалар) өмір деңгейін қадірлеуді қамтамасыз ету қажеттігі. Екіншіден, мемлекет қажетті қаражатты денсаулыққа, мәдени дем алуға, білім алуға, үй салуға, көліктің нақты жұмысына және байланысқа бөледі. Сонымен, азамттардың құқықтары денсаулық сақтауға, дем алуға, білім алуға, мәдениеттің жетістіктерімен пайдалануға, яғни мемлекеттің іске асырылуы қамтамасыз етіледі.
Әлеуметтік құқықтық мемлекеттің құрылуы қиын және ауыртпалық жолдардан өтті. Алғашқыда, қоғамның дамуы және байуы, адамдардың бай және кедей болып жіктелуіне әкеп соғады. Формальді түрде жарияланған теңдік материалдық теңсіздікті қайта туғызып, қоғамдағы әлеуметтік жанжалдың тууына себеп болады. Тек, құқықтық мемлекет біртіндеп әлеуметтік мемлекет кейпіне ие болады, жеке адамдардың еркін дамуына формальды кепілдік, әлеуметтік қорғаудың материалдық кепілдігімен толықтандырылады. Қазіргі құқықтық мемлекет барлығына бірдей әлеуметтік қорғалуға кепілдік береді. Әсіресе, экономикалық жағынан пайдасыз жағдайдағыларға қаражат бөлініп, көмек беріледі.
Тек экономикалық, материалдық, рухани жағынан еркіндігі бар мемлекет қана, елдің тұрғындарына адал әлеуметтік саясат жүргізе алады” [4, 91-92 бб]. Сонымен қатар, ұжымдық авторлардан тұратын Қазақстандағы алғашқы мемлекет және құқық теориясының авторлары да, әлеуметтік қызметке мынандай түсінік береді: “Әлеуметтік функция-мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі халықтың әлеуметтік жағдайын жан-жақты қамтамасыз етіп, жақсы дәрежеде дамыту. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты екі бағытқа бөлінеді: бірінші бағыты-адамдардың қоғамдағы еңбегіне қарамай мүгедектерге, зейнеткерлеге, науқас адамдарға, көп балалы жанұяға, студенттерге мемлекеттік көлемде жан-жақты көмек жасап, олардың әлеуметтік жағдайын жақсарту; екінші бағыты-адамдардың денсаулығын қорғауға, жақсартуға, мәдениетті дамытуға, халықтың жақсы тұрып, жақсы демалуына қамқорлық жасап, мемлекеттік бюджеттен тиісті мөлшерде қаржы бөліп отыру” [9, 61 б]. Қазақстандық белгілі ғалымдардың бірі, С.А. Табанов мемлекеттің әлеуметтік қызметінің мәні мынада деп санайды: “Әлеуметтік сферада-халықты әлеуметтік қорғау (мүгедектерді, көп балалы аналарды, жұмыссыз адамдарды), зейнетақымен қамтамасыз ету, денсаулық сақтауға, білімге, жол құрылысына, қоғамдық көлікті дамытуға, байланыс құралдарына қажетті қаражатты бөлу т.б.” [10, 21 б]. Ал, Ғ.С. Сапарғалиев пен А.С. Ибраева әлеуметтік мемлекеттің маңызы мынада дейді: “Қандай да болсын қоғам түрлі таптардан, әлеуметтік топтардан тұрады. Кейбір елдерде, мысалы: Қазақстанда, көптеген ұлттар тұрады. Олардың арақатынасын реттеу-негізінен мемлекеттің міндеті. Оларға қамқорлық жасауды, олардың арасындағы қатынастарды, пайда болатын қайшылықтарды реттеу, шешу, жөнге салу, тек қана мемлекеттің қолынан келетін іс. Ол үшін мемлекетте күш те, қаражат та, басқа да мүмкіндіктер бар. Осыған сәйкес мемлекет әлеуметтік функция атқарады. Егерде мемлекеттің осы қызметі кең өріс алып, үздіксіз жүргізілетін болса, оны әлеуметтік мемлекет дейді” [11, 31 б]. Қазақстандық белгілі ғалымдар С. Өзбекұлы мен Ө. Қопабаев Қазақстан Республикасының негізгі заңына сүйене отыра, мемлекеттің әлеуметтік қызметінің мәнін мынадан көреді: “Қазақстан Республикасының Конситуциясы мемлекетімізді демократиялық, зайырлы, құқықтық мемлекет ретінде орнықтырумен қатар, оны әлеуметтік деп жариялады. Әлеуметтік функция қоғамның көптеген салаларын қамтиды және мемлекеттің, адамның әл-ауқатын, тұрмысын жақсартуға бағытталған. Әлеуметтік функцияның ең негізгі мақсаты-қоғамдағы байлықты халық арасында әділеттілік қағидасы негізінде бөлініп беру болып табылады. Мемлекет өз тарапынан еңбек етуге жарамсыз болған қоғамдағы әлеуметтік топтарға жан-жақты қамқорлық жасауға міндет алады.
Конституцияда былай деп көрсетілген: ...

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: дипломдык Әлеуметтік мемлекет жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар жобалар Әлеуметтану дипломдық жұмыстар, Әлеуметтік мемлекет