Саясаттану | Қазақстан Республикасындағы демографиялық үрдістері
Мазмұны
Кіріспе....................................................................................................
І. Қазақстан халқына жалпы шолу
1.1 Демографиялық үрдістерді экономикалық және
әлеуметтік географиялық тұрғыдан зерттеудің негіздері...........
1.2 Қазақстан Республикасы халқының соңғы он жылдағы
өсу динамикасы..................................................................................
1.2 Халықтың тууы мен өліміне экономикалық-
географиялық талдау..........................................................................
2. Қазақстан Республикасындағы демографиялық үрдістердің
түйінді мәселелері мен даму болашағы.
2.1 Қазақстан халқының табиғи өсуі.......................................................
2.2 Қазақстан Республикасының түйінді мәселелері............................
2.3 Қазақстандағы демографиялық үрдістердің даму
болашағы.............................................................................................
Қорытынды..........................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................
Қазіргі өтпелі кезеңде Қазақстан Республикасындағы демографиялық жағдай табиғи өсудің күрт кеміп, сыртқы миграцияның артуы мен жекелеген аумақтардағы еңбек нарқында жұмыс күшінің жетіспеуімен немесе керісінше жұмыссыздықтың белең алуы мен ерекшеленеді.
Еліміздің аумағында 120 ұлт пен ұлыстың өкілдері тұратындықтан демографиялық жағдай тереңнен жан-жақты ойланып шешуді қажет ететін түйінді мәселелердің бірі болып қалуда. /1/
Тақырыптың өзектілігі: Бітіру жұмысы Қазақстан Республикасындағы халықтың табиғи өсуін, жастық-жыныстық құрамын еңбек қорларын тиімді пайдалану мәселелерін ашып көрсетуімен өзекті.
Бітіру жұмысының мақсаты:
- демографиялық үрдістерді зерттеудің экономикалық және әлеуметтік географиялық негіздерін анықтау;
- Қазақстан халқының өсу динамикасы мен қазіргі кезеңдегі түйінді мәселелеріне талдау жасау;
- еліміздегі демографиялық үрдістердің даму болашағы мен оған әсер ететін факторларды айқындау.
Бітіру жұмысының міндеттері:
- Қазақстан Республикасының халқының өсу динамикасын анықтау;
- Туу мен өлімге экономикасық-географиялық талдау жасау;
- Қазіргі демографиялық жағдайды анықтап, оны шешу жолдарын ашып көрсету;
- Қазақстан Республикасындағы еңбек қорларын тиімді пайдалану мен жұмыссыздық мәселелерін шешу жолдарын анықтау;
- Халықтың негізгі түйінді мәселелерімен демографиялық үрдістердің даму болашағын айқындау.
Бітіру жұмысының теориялық-әдістемелік негіздері: бітіру жұмысының теориялық негізі ретінде М.Б. Тәтімовтың “Демографическая депопуляция. Казахстан на пути устойчивому развитию”, А.Я. Боярскидің “Демография негіздері”, А.Я.Квашаның “Демография негіздері” оқулықтарындағы ғалымдардың ой-пікірлерімен Қазақстан республикасының статистика агенттігінің 1996-2006 жылдар аралығында шығарылған жылдық есептерінің сандық деректері алынды. Дәйекті материал ретінде кестелер, диаграммалар берілді. Статистикалық, математикалық талдау, сипаттау, салыстыру әдістері қолданылды.
Бітіру жұмысының құрылымы мен мазмұны: бітіру жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші тарауда Қазақстан халқына жалпы шолу жасалып, демографиялық зерттеу негіздеріне халық санының өсу динамикасына, туу мен өлімге экономикалық-географиялық талдау жасалған.
Екінші тарауда Қазақстан Республикасында демографиялық үрдістердің даму болашағы, халықтың табиғи өсуі, қазіргі кезеңдегі түйінді демографиялық мәселелер мен оны шешу жолдарына талдау жасалған.
Бітіру жұмысының практикалық маңызы: бітіру жұмысындағы теориялық және эмпирикалық маңызы бар деректерді “География”, “Экономика”, “Тарих” мамандықтар бойынша білім алатын студенттер, мектеп мұғалімдерімен оқушылар білім көзі ретінде пайдалана алады.
І- Қазақстан халқына жалпы шолу
1.1 Демографиялық үрдістерді экономикалық және әлеуметтік географиялық тұрғыдан зерттеудің негіздері
Демография халықтың санын, құрамын, өсу динамикасын, аумақтың орналасуын, санындағы өзгерістер мен оған әсер ететін факторлар анықтайтын ғылым /2/.
Халықтың қоныстануы, халықтың ұдайы өсуі кең тұрғыдан алғанда табиғи өсудің есебімен халықтың санының артып толығуы мағынасын білдіреді.
Ұдайы өсу үрдісі туумен өлімнің есебінен жүретін табиғи өсуге тікелей байланысты.
Халықтың ұдайы өсіп, құрамының өзгеруіне механикалық қозғалыстарда (миграция) тікелей әсер етеді. Халықты адамдардың жиынтығы ретінде ғана қарастыруға болмайды. Адамдар бір-бірімен өндірістік қарым-қатынас пен өндіріс әдістерінің өзгеруі тұрғысынан алғанда тапқа бөлінеді. Халық табиғи өсудің үйлесуінің нәтижесінде жүретін ұрпақ алмасуынан қалыптасатындықтан демографиялық құбылыстар адам өміріндегі оқиғалар мен жас ерекшеліктері, жыныстық құрамындағы өзгерістер жатады /3/.
Сондықтан демография ғылымы адамдардың жастық құрамын, жанұялық өмірлеріндегі өзгерістерді, халықтың білімімен туу мен өлімді, бір жастық кезеңнен екіншісіне өтуін тіркеп отыруды қажет етеді.
Демография халықтың жастық-жыныстық, діни, әлеуметтік-таптық құрамы мен оның зерттейтін құбылыстарға тигізетін әсерін және басқада аспектілерін қарастырады. Материалдық өндірістегі өндіргіш күштердің өндірістің көлемімен құрылымы ұрпақ алмауы нәтижесінде жаңарып отыратын халықтың өсу динамикасы мен тығыз байланысты.
Халықтың өсу динамикасын оқып-үйренуде жетекші орынды ұдайы өсу мен оның құрамдас бөлігі жетекші орындалады.
Халықтың табиғи қозғалысы туу мен өлім-жітім арқылы жүзеге асыратындықтан демография туу мен өлім-жітімнің ара-салмағын, себеп-салдарын және оларға әсер ететін факторларды зерттейді.
Зерттеулер туудың мөлшері, оның артуымен келуінің себептерін, жас ерекшеліктеріне байланысты өлім-жітім мен оның артуын себептерін, туу мен өлімге байланысты халықтың өсуін, аумақтық артықшылықтарын анықтау міндеттерін көздейді. Халықтың құрамының ұдайы өсуін зерттегенде демография міндетті түрде бір жастық топтан екінші жастық топқа өту мәселелеріне зор мән беріледі.
Халықты қоғамдық өндірістің субъектісі ретінде қарастырғанда оны дамытуға мүмкіндік беретін өндіргіш күштер қатарына жататын жұмысшылар мен қызметкерлердің мамандығына, кәсіби біліктіліктеріне, олардың еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы алатын орнын ашып көрсетуге баса назар аударылады.
Осыған орай халық қоғамның дамуын жеделдететін немесе тежейтін маңызды фактордың бірі болып табылады./4/
Қазіргі кезеңде белгілі бір елдің экономикасына талдау жасау көбінесе аумақтың физикалық-географиялық орнының ерекшеліктері мен халқына сипаттама беруден бастайды.
Халықтың саны мен жастық-жыныстық құрамы туралы деректер алынғаннан кейін таптық құрамы, ауылдың және қалалық елді мекендерде қоныстануы, өндірістің әртүрлі салаларында қызмет етуіне, содан соң өндіріліп сыртқа шығарылатын және сырттан әкелінетін товарларға және оларды тұтыну мөлшерлеріне талдау жасалады.
Бірақ халықтың саны, тығыздығы мен өсу қарқыны туралы деректер қоғамдық құрылыс пен бір тарихи формациядан екінші формацияға өтудің себеп-салдары басқада сұрақтарға жауап бере алмайды. Бірақ батыстың кейбір әлеуметтанушылары халықтың өсуі, қоғамның дамуын айқындауда маңызы зор деп есептейді.
Атап айтсақ, Г.Спенсер халықтың өсуін адамдардың өмір сүру жағдайының өзгеруімен, қоршаған орта жағдайлары мен қоғамдық тәртіптегі өзгерістерге бейімделуі мен байланыстырады. Орыстың тарихшысы М.М.Ковалевский белгілі бір заңдылықтарға бағынатына қарамастан халық шаруашылығының формалары өндірістік ретпен бірінен соң бірін белгілі бір ретпен қарастыру қажет емес. Олардың эволюциялық дамуының маңызы факторы белгілі бір уақытта қандайда бір елде халықтың өсуіне белгілі бір дәрежеде тығызтығы әсер етеді деп жазды.
Мұндай көзқарастар француз әлеуметтанушысы Ж.Стессельдің, американ биологы Р.Пирлдің еңбектерінде де кездеседі /6/.
Қоғамдық жағдай жеке тұлғаның қалыптасып дамуына тікелей әсер ететіндіктен оны ескермей демографиялық құбылыстарды түсінуге болмайды. Оған айғақты мысал ретінде идеологиялардың күресін, қазіргі кезеңде елімізде белең ала бастаған діни ағымдардың мисш-өнерлерінің жастардың арасында жүргізіп жатқан насихаттарын атап көрсетуге болады. Мальтус теориясына сәйкес батыс идеологтарының көп келтіретін мысалдарының бірі капиталистік құрылыстағы жұмыссыздықтың туып әлеуметтік жағдайдың құлдырауының себебін халықтың санының артуымен түсіндіруге тырысады.
Экономиканың халықпен байланысын оқып үйренудің тамыры тереңде жатыр. Ол демографиялық факторлардың қоғамның дамуындағы маңызымен тікелей байланысты. Бұл мәселенің шынайы мазмұны қоғамның тарихының әртүрлі кезеңінде қоғамның дамуына әсер етіп ол тарихи үрдістердің барысында өзгеріп отырды.
Құлиеленушілік және феодалдық кезеңдерде негізделіп, демографиялық детерменизмге сәйкес халықтың өсу динамикасы табиғатпен биологиялық негізделді. Капитализмге дейінгі ойшылдардың еңбектерінде халықпен табиғат байлықтарының ара-салмағын белгілі бір аумақта тұрғындардың шектен тыс немесе аз қоныстануы мен тығыз байланыстырды /6/.
Біздің жыл санауымызға дейінгі Ү ғасырда ежелгі қытай философы Конфуций алғаш рет жердің мөлшері мен адамдардың қоныстануының арсындағы байланысты ескере отырып, халықтың оңтайлы саны мәселелерін қойды.
Ежелгі грек философтары Платон мен Аристотель халықтың шектен тыс қоныстану мәселелерін жер байлықтары мен қамтамасыз етуді күрделендіретін ең күрделі әлеуметтік түйткілді мәселе деп есептеді.
Халықтың саны мен табиғат байлықтарының арасындағы байланыс тұрғындардың санының шектен тыс өсуі пайдалы және зиынды жақтарын қарастыру феодализм тұсында да өзекті болды.
Ерте орта ғасыр ойшылдарының өкілдері (Т.Мор, Ф.Кампанелла, Ф.Аквинский) халықтың санының өсуінің қоғамдық пайдасы туралы тезистерін ұсынды. Халықтың санының артуының бастапқы капиталдық жинақталуы кезеңінің ойшылдарының (Т.Мэн, А.Сера, С.Фортрей).
Халықтың санының артуы мемлекеттің күш қуаты мен байлығының негізі болып табылады деп есептеген көзқарас бастапқы капиталдың жинақталуы кезеңінің ойшылдарының (Т.Мэн, А.Сера, С.Фортрей) еңбектерінде де жалғасын тапты.
Мұнымен қатар халықтың санының артуы шектен тыс қоныстану қаупін тудырады (Д.Таунсенд, Р.Уоллес) деген көзқараста болды. ҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы қоғамдық ой-санада халықтың санының өсуі мен қоғамның дамуының ара қатынасын саяси-экономикалық тұрғыдан бағалау қалыптасты.
Саяси экономиканың классиктері А.Смит пен Д.Рекардонның еңбектерінде халықтың санының артуы, халықтың саны мен жұмыс күшінің өсуінің ауытқуын экономикалық тұрғыдан қарастырды. Осы түйткілді мәселе А.Смиттің халықтың өсуінің экономикалық заңының негізі болған халықтың санының артуы мен жұмыс күшінің өсу заңының негізгі мазмұнын қарады. Олардың көзқарасына сай басқа товарлар сияқты адамға деген сұраныс халықтың өсуі баяулағанда адамдардың санын арттыруды жеделжетеді. Міне осы сұраныс дүниежүзінің барлық елдерінде, Солтүстік Америкада, Европа мен Қытайда халықтың санының артуын реттеуді жүзеге асыруда /7/.
Ол алғашында адамдардың жылдан көбеюі бірінші кезеңде баяу, екінші үшінші кезеңде жедел жүріп Қытайдағыдай өсуді стационарды деңгейде ұстауға тура келеді.
А.Смит халықтың өсуін арттыратын факторлардың қатарына ауылшаруашылық айналымындағы жердің ауданымен оны тиімді пайдалануды жатқызды.
А.Смиттің халықтың өсуімен жер байлықтарының ауданын шектеу туралы ойын Д.Рикардо да дамытып, халықтың күн көрісіне қысым көрсету тезисін ұсынды. Саяси экономиканың классиктері халықтың санының артуы мен өсу қарқынының шартты түрдегі экономикалық және табиғи климаттық факторлардың әсерінен жүзеге асады деген жалпы қорытынды шығарды.
Өнеркәсіптік төңкеріс кезеңінде экономикалық өсумен демографиялық қарқындылықтың арасындағы қайшылық Т.Р.Мальтустың теориясында айқын көрініс тапты. Ол әлеуметтік кедейлік пен саяси сілкіністер мен әлеуметтік дағдарыстардың себептерін демографиялық детерменизм тұрғысынан түсіндірді. Т.Р.Мальтустың теориясына сәйкес халықты өсуі биологиялық табиғи құбылысқа негізделетіндіктен қозғалыс дамуының бастапқы факторы болып табылады. Ол халықтың өсуі мен табиғат байлықтарының арасалмағын жалпы түйінді мәселе ретінде қарастырды. Т.Р.Мальтус алғаш рет экономикалық –демографиялық талдауды кешенді тұрғыдан қарастырды /8/.
Т.Р.Мальтустың ісін жалғастырушылар оның теориясының екі түйінді ережесіне баса назар аударды. Олар – ауыл шаруашылығындағы өнімділіктің төмендеу заңы мен демографиялық қысым қағидасы, сонымен қатар жинақталу теориясы экономика мен халық стационарлы күйге ұмтылады деген қорытындысы.
Т.Р.Мальтустың демографиялық детерменизм теориясын сынаған К.Маркс пен оның ізбасарлары демографиялық қарқындылықты әлеуметтік демографиялық даму, тарих өтпелі қоғамдық жүйе заңдылықтарынан бөліп қарастырды. Т.Р.Мальтустыкінен айырмашылығы марксизмнің негізін қалаушылар халықтың шектен тыс артуы мен кедейшілікті әлеуметтік –экономикалық қатынастар тұрғысынан қарастырды. Олар осы негіщде капитализмде халықтың ұдайы өсуі салыстырмалы түрде баяу артуы тән деген ой ұсынды.
ХІХ ғасырдың екінші жартысымен ХХ ғасырдың басындағы өнеркәсіптік революция Мальтус теориясының негізгі ережелерін жоққа шығарды.
Индустриялды экономикадан бастап өндіргіш күштердің индустриалдық даму жүйесіне дейін халықтың өсуінің дамуындағы өзгерістер демографиялық үрдістердің әлеуметтік детерменациясын терең зерттеуін қажет етті. Осы зерттеулердің базасында батыс демографтары халықтардың өсіп дамуының жалпы қызметін атқаратын демографиялық өтпелілік теориясын дамыта бастады /9/.
Демографиялық өтпелілік үрдісінің – мәні туу мен өлім жоғары болатын ұдайы өсудің дәстүрлі типтің біраз өтпелі кезеңінен кейін жоғары экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізетін ұрпақ беретін туу мен өлім төмен ұдайы өсудің қазіргі типіне өту тән.
Бірақ демографиялық өтпелілік теориясы негізінен халықтың ұдайы өсуінің эволюциясын мәні туу мен өлімді ашып көрсеткені мен демографиялық жүйемен экономиканың өзара қатынасындағы шешуші роль атқаратын техникалық прогресстің немесе жан басына шаққандағы табыстың қайсысының демографиялық динамика мен өндірістің өсуі халықтың өсуіне әсер ететінін ашып көрсете алмайды. Дүниежүзінің қазіргі дамуын демографиялық шындығын жан-жақты ашып көрсету ерекше өзекті мәселе күйінде қалуда. Дамушы елдердің халқының бір ұрпағының өмірінің шегіндегі теңестіру қазіргі кезеңде дүниежүзінің шеткі аймақтарындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайларды шиеленістіргендіктен дамудың жаңа стратегиясын жасау қажеттілігін тудырды.
Қазіргі кезеңдегі дүние жүзіндегі “демографиялық дағдарыс” дамушы елдердегі әлеуметтік-экономикалық түйінді мәселелермен шектелмейді /10/.
Дамыған елдерде халықтың санының өсуі күрт төмендеп туудан өлім артып депопуляцияға ұшырауда. “Нольдік” өсуі әлемдік қауымдастық үшін күрделі әлеуметтік түйінді мәселе болып қалуда.
Солардың ішінде халықтың қартаюы 80 жастан асқан адамдардың артуы жұмысшылардың миграциясының әлеуметтік салдары ең өзекті мәселеге айналуда.
Жұмыс күшінің аймақ, құрылық аралық миграциясының нәтижесінде халықтың құрамындағы өзгерістер бұл мәселені шешудің экономикалық тұрғыдан шешуді түбегейлі қайта қарауды қажет етуде.
1.2 Қазақстан Республикасы халқының соңғы он жылдағы өсу динамикасы
Халықтың ағымдық өсуін бағалау қорытындыларына сүйенеді. Оған жыл сайын еліміздің белгілі бір аумағында туған және сол жерге көшіп келген, өлген және көшіп кеткендердің ара қатынасын есептеп шығару арқылы жүргізіледі. Халықта қалалақы және ауылдық деп бөлу мекен жайына қарай жүргізіледі. Қалалық елдімекендердің қатарына белгіленген заңға сәйкес қала текті кенттер, жұмысшы және шипажайлық кенттер жатқызылады. Өнеркәсіп өнімдері өндірілмейтін қалған елдімекендердің барлығы ауылдық болып саналады. Тұрақты тұрғындарының қатарына белгілі бір елдімекенде тіркелген немесе уақытша сыртта жүрген тұрғындар жатады. Халықтың жалпы санына тұрақты тұрғындардың жастық-жыныстық құралы алынады.
Қазақстан Республикасының заңына сәйкес еңбекке қабілетті жастағылардың қатарына:
1997 жылғы 1 шілдеден бастап 16 мен 60 жас аралығындағы ерлер, 16 мен 55 жас аралығындағы әйелдер;
1998 жылдан бастап 16 мен 61 жас аралығындағы ерлер, 16 мен 56 жас аралығындағы әйелдер;
1999 жылдан бастап 16 мен 62 жас аралығындағы ерлер, 16 мен 56 жас аралығындағы әйелдер;
2000 жылдан бастап 16 мен 62 жас аралығындағы ерлер, 16 мен 57 жас 6 ай аралығындағы әйелдер;
2001 жылдан бастап 16 мен 63 жас аралығындағы ерлер, 16 мен 58 жас аралығындағы әйелдер жатады /11/.
Халық санағы негізінде ұлты балалардың ұлты ата-аналарына жүргізілген сауалнама арқылы анықталады....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: дипломдык Қазақстан Республикасындағы демографиялық үрдістері жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар жобалар Саясаттану дипломдық жұмыстар, Қазақстан Республикасындағы демографиялық үрдістері