Политология | Оңтүстік Қазақстан облысындағы жастар саясатының дамыту

 Политология | Оңтүстік Қазақстан облысындағы жастар саясатының дамыту

Мазмұны

КІРІСПЕ..................................................................................................................

1. МЕМЛЕКЕТТІК ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ МЕН ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
1.1 Мелекеттік жастар саясатының негізгі мақсаты мен басымдықтары...........
1.2 Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты туралы заңы.....

2. ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ІШКІ САЯСАТ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІН ШЕШУ.
2.1 Оңтүстік Қазақстан облысында мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы.................................................................................................................
2.2 Облыстағы оқу орындарының ахуалы............................................................

3. ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ ДАМЫТУДЫҢ БОЛАШАҚТАҒЫ БАҒЫТТАРЫ.
3.1 Жастар жүзеге асыратын кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау...........
3.2 Оқу орындағы келеңсіздіктерді тиімді шешу.................................................

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР......................................................................

Жас ұрпақтың дүниетанымындағы өзгерістердің мәнін ой елегінен өткеріп, зерделеу теориялық міндеттер тұрғысынан қалай зәру болса, өмірлік мақсат-мүддеден де солай маңызды. Қоғам дамуынын жаңа арқаға түсуі, яғни еліміздің егемендік алуы - тәуелсіздігіміз қаншама құндылықтарға жол ашты. Қоғамның күллі бағыт-бағдары, ізгі мұраттары, қажеттіліктері мен себеп-салдарлары түбегейлі өзгерді, мұның өзінің жастардың ой-санасына, өмірлік ұстанымдарына әсер-ықпалы болмай қалған жоқ.
Алдыңғы толқын - ағалардың кейінгі толқын – інілерге, яғни ересек, егде кісілердің өскелең ұрпаққа деген көзқарасы калай? ''Қорқамын кейінгі жас балалардан" деген Абай атамыз сияқты олар да күдікпен үрке қарап жүрген жоқ па? Бүгінде шау тартқан сол "ересектеріміздің" өзі күні кеше кандай еді? Ұлы суреткер Мұхтар Әуезов өсиет еткендей, бесігімізді түзедік. Бірақ балаларымыз қандай болмақ? Төрткіл дүниеден хабардар, көргені де, естіп жатқаны да жетерлік. Барлығын алақанға салғандай өз көзімен көріп, соның тірі куәсі - бүгінгі ұрпақ қайда бармақ?
Осынау сұрақтардың қай-қайсысы да айрықша ден қоюды қажет етеді және оларға түп-түгіл, егжей-тегжейі жауап беру, әрине, оңайға түспейді.
Біз ешкімді енжар қалдырмайтын қызықта таңғажайып уақытта өмір сүріп отырмыз: қоғам өмірінде, адам санасында, жастар дүниетанымында жүріп жатқан орасан зор өзгерістер оқымыстылар ортасында ғылыми талас үшін таптырмайтын азыққа айналды. Дәл осы тұста оқырман назарын мынаған аудара кеткім келеді: XX ғасырдың алпысыншы жылдарындағы жастар мен адамзат баласы естіп-білмеген неше алуан оқиғалармен басталған XXI ғ. - бүгінгі таңдағы жастар арасында, жер мен көктей демей-ақ қояйын, бірақ елең етерліктей айырмашылық еріксіз қайран қалдырады.
Олар, шынында да, қандай еді? Өткен ғасырдың алпысыншы-жетпісінші жылдарындағы жастар ''жарқын болашақ" - коммунизмді орнату идеясына алаңсыз сеніп өсті, олардың санасында күллі тіршілігіне деген қатынасты айқындайтын біртұтас құндылықтың негізі мықтап орныққан-ды. Дәлірек айтқанда, ол заманда жас ұрпақтың рухани әлемі еңбек үстінде қалыптасты. Ұжымдық өмір қауымдастық қатынастың өзіне тән көрінісі, әрі сапалық белгісі, әрі принципі ретінде тек біріккен қоғамдық пайдалы еңбек жағдайында жүзеге асты.
Бір жағынан, жастардың алдыңғы қатарлы отряды, анағұрлым белсенді және саналы бөлігі комсомол маңына топтастырылды; екіншісі, әлеуметтік тұрғыдан енжар, әлі ұйым ықпалына түсе қоймаған азын-шоғыр жасөспірім жеткіншектер ержетіп келе жатты.. Ал әлгі енжар, сүлесоқ жастардың тұрақты қоғамдык тапсырмасы болмайтын және олар үшін қоғамдық-саяси өмірдің, бары да, жоғы да бірдей еді. Сол жылдардағы жастар өздерінің еңбегі неғұрлым жемісті болса, соғұрлым жақсы өмір сүретіндіктерін жанымен ұғынатын.



1 МЕМЛЕКЕТТІК ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ МЕН ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Мемлекеттік жастар саясатының негізгі мақсаты мен басымдықтары.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатының негізгі мақсаты – жастардың азаматтық, әлеуметтік дербес тұлғалық қалыптасуын жүзеге асыру үшін қажет құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық жағдайларды жасау мен нығайту.
Алға қойған мақсаттарды жүзеге асыру жастар саясатының мына бағыттарына басылымдық беруді көздейді:
1. Жастар бойынша патриотизмді қалыптастыру, жастардың ізгілікті әрі рухани дамуы.
2. Еңбек, білім беру және денсаулық сақтау саласындағы жастардың әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету.
3. Жастардың әлеуметтік – экономикалық қажеттіліктерін дербес жүзеге асыруына жағдай жасау.
4. Жастардың денесін шынықтырып, интеллектуалдық дамуына жағдай жасау.
5. Жастардың қоғамдық игі бастамаларын қолдау мен ынталандыру.
6. Қазақстандық жастарды халықаралық мәдени, экономикалық, ғылыми және білім беру процестеріне тарту.

МЕМЛЕКЕТТІК ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗГІ ПРИНЦИПТЕРІ

Мемлекеттік билік органдары тарапынан жастар саясатын қалыптастыру мен іске асыру мәселесінде біртұтас көзқарас қалыптастыру төмендегі басты қағидалар мүддесіне орай іске асырылуы қажет:
• • жастар мәселесіндегі демократиялық, жас азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
• • өркендеу мен жаңашылдық;
• • тұрақты негіздегі мақсатты, нақты әрі тиімді іс-қимыл;
• • жалпыға ортақтық - барлық жастарды жынысына, ұлтына, әлеуметтік жағдайына және діни ұстанымына қарамастан жаппай қамту;
• • жас шамасы мен әлеуметтік әртектілік проблемалары ескерілетін сараланған көзқарас;
• • жастардың әлеуметтік жағынан неғұрлым аз қорғалған бөлігін, соның ішінде, мүгедек балаларды, денсаулығы дімкәс балаларды, жетім балаларды, көп балалы, жағдайы нашар отбасыларындағы балаларды тікелей қорғау және қолдау.
Жастар саясатын қалыптастырудағы осы басты қағидалар заң –намалық және атқарушы биліктің орталық және жергілікті органдары тарапынан ескеріліп, олардың қызметтерін бағалаудың бір өлшеміне айналуы тиіс.
Осы принциптерді сақтау мемлекеттік жастар саясатында жүйелілікті қалыптастырып, біртұтас әрі нақты мағына береді және қажетті тарихи сабақтастықты қамтамасыз етеді, оның негізгі бағыттарын іске асыруда бірыңғай әдістемелік пен ұстаным жасауға мүмкіндік туғызады.

МЕМЛЕКЕТТІК ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырудың кезеңдік сипаттағы іс-қимылдары мынадай негізгі бағыттарды қарастырады:
1. Жастардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз ету.
2. Білім, еңбек және жұмыспен қамту саласындағы кепілдіктермен қамтамасыз ету.
3. Жастардың кәсіптік, рухани және дене тәрбиесінің дамуына жағдай жасау.
4. Жас таланттарды қолдау мен шыңдау.
5. Жастарға әлеуметтік көмек көрсету мен қазіргі жағдайға бейімделу жүйесін қалыптастыру.
6. Балалар мен жастар бірлестіктерін дамытуға жәрдемдесу.

ЖАСТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН БОСТАНДЫҚТАРЫНЫҢ САҚТАЛУЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Мемлекеттік жастар саясаты Конституцияда және Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын өзге де нормативтік құқықтық актілерде бекітілген жас адамның, саяси, әлеуметтік-экономикалық, жеке құқықтары мен бостандықтарын толықтануға негізделеді.
Заңда белгіленген тәртіптен тыс жас азаматтың қайсыбір бостандықтары мен құқықтарына шектеулер енгізуге, өзге жастағы азаматтар міндеттерімен салыстырғанда қосымша міндеттер жүктеуге жол берілмейді.
18 жасқа (кәмелеттік жасқа) толмаған тұлғалар мемлекетгің айырықша қамқорлығында болуға тиіс. Бұл ретте мемлекет кәмілетке толмағандардың жастығына орай өз әрекеттеріне толыққанды баға бере алмайтындығын, мұның өзі олардың қосымша құқықтар мен заңдық жауапкершіліктер алу мүмкіндіктерін шектейтіндігін басшылыққа алады.
Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерін барынша тиімді қорғау мақсатында дамыған елдерде қолданылып жүрген ювеналдық Әділет жүйесін (мамандандырылған соттар, жасөспірімдерге арналған жазасын өтеу орындары т.б.) қалыптастыру қажет. Атқарушы билік жүйесінің барлық деңгейіндегі тиісті құрылымдар кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың, бетімен кетушілік пен өзге де тәртіп бұзушылықтың алдын алу, жетім балалардың, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар мен жартыкеш және сәтсіз отбасылардан шыққан балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау ауқымындағы кешенді шараларды үздіксіз жүзеге асырып отыруы тиіс. Ювеналдық Әділеттің қалыптасуы, жастарға арналған әлеуметтік қызмет мекемелерінің дамуы қоғам тұрақтылығын нығайтумен қатар, жастар ортасындағы түрлі шиеленісті төмендетіп, қоғамның жастар арасындағы құбылыстарға айтарлықтай белсенді ықпал етүіне мүмкіндік береді.
Жастардың құқықтары мен мүдделерін қорғау қоғамдағы жалпы құқықтық мәдениетті көтеруді, жастар бойына Қазақстанның мемлекеттік дамуына негіз қалайтын идеяларға, Конституцияға, заңдарға құрмет сезімін дарытуды көздейді.

БІЛІМ, ЕҢБЕК ЖӘНЕ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ САЛАСЫНДАҒЫ КЕПІЛДІКТЕРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ.

Мемлекет күш-жігерін біліммен, еңбекпен және жұмыспен қамту саласында кепілдік беруге бағыттайды. Бұл мемлекеттік органдардың меншік, ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына қарамастан жеке ұйымдармен жетім балаларға, денсаулық мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оқу ұйымдарын бітірушілерді, оқуын тастап кеткен жасөспірімдерді; жазасын өтеу орнынан оралғандарды; сәтсіз отбасылардың жас азаматтарын; запасқа шыққан әскери қызметшілерді жұмысқа қабылдау туралы келісім-шарттарын жасасуын көздейді. Аталған нормалардың сақталуы, өз кезегінде, жастардың әлеуметтік жағынан аз қорғалған тобы үшін жұмыс орындарын құруға қатысты нормативтік-құқықтық базаны жасау мен жетілдіруді талап етеді.
Мемлекет, меншік нысанына қарамастан, ұйымдар мен кәсіпорындардың жас мамандарды жұмысқа алуы мен жұмыс орындарын өсіруге мүдделілігін арттыруда; оларды қайта дайындау мен өндірістік оқу тәжірибесінен өткізуде; елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы басымдықтарын ескере отырып, жастарға кәсіби тұрғыдан бағдар беретін мемлекеттік жүйені дамытуда қосымша ынтаны кеңінен пайдаланатын болады.
Жастардың жеке тұлға ретінде қалыптасу басымдығы олардың шағын және орта бизнес саласына белсенді араласуын, жас кәсіпкерлерді, әсіресе, фермерлерді, селолық өндірісшілерді оқыту мен қолдауды көздейді.
Жастарды жұмыспен қамту саласында мемлекеттік сүйемелдеу саясатын, аймақтық ерекшеліктерді ескере отырып, белсенді түрде жүргізу керек.
Мемлекет жастар мен жас отбасылардың экономикалық ахуалын жақсарту мен табыс деңгейін көтеру, ұзақ мерзімді несие берудің кезеңдік жүйесін енгізу, басқа да экономикалық көмек түрлері арқылы білім алу мүмкіндігін кеңейту, іскерлік белсенділігін арттыру, тұрғын жайы мен үй шаруашылығын толыққанды жабдықтау үшін құқықтық, ұйымдастырушылық жағдай жасаудың барлық шараларын қолданатын болады. Оқушы жастарға кәсіби бағыт беретін, қазіргі талаптарға сәйкес жастарды уақытша және қосымша жұмыспен қамтитын жүйе жасалатын болады.

ЖАСТАРДЫҢ КӘСІПТІК, РУХАНИ ЖӘНЕ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ДАМУЫНА ЖАҒДАЙ ЖАСАУ

Жастардың тән, жан саулығы - елдің стратегиялық қоры және оның қазіргі дамуының шешуші факторы. Жасөспірімдер мен жастардың бойында ізгілікті, рухани құндылықтарды қалыптастыру әлемдік, ұлттық мәдени құндылықтарды насихаттауға иек артып, жас шамасына қарай қарастырылуы тиіс. Жастарға тән құндылықтар сипаты жас азаматтың тағдыры мен тұрмыс жағдайының әркелкілігін, құндылықтар жайлы түсініктерінің сан алуандығын көрсетеді. Жастардың эстетикалық, ізгілікті талғамының қалыптасуына бұқаралық ақпарат құралдарының, әсіресе, электронды ақпарат құралдарының айтарлықтай ықпал ететінін ескеру қажет. Зорлық-зомбылықты, қатігездікті уағыздау жастардың мінез-құлқына жан-жақты қысым етіп, өмірді қабылдауы барысында сондай әдет-дағдыларды қалыптастырады. Дүлей күшке табынушылықты, шылымды, спиртті ішімдіктерді жарнамалауға шектеу қою - мемлекет алдындағы жас ұрпақты рухани сауықтырудың бірден-бір кезек күттірмейтін шаралары.
Ақпарат құралдарының, озық ойлы зиялы қауымның күш-жігері, тәрбиенің бағыттылығы қоғамда отансүйгіштік, іскерлік, үлкенді сыйлау, өзін қастерлей білу, жеке басы мен жақындары үшін жауапкершілікті сезіну сияқты қасиеттерді жоғары қоятын оңтайлы орта қалыптастыруға септігін тигізу қажет.
Жастардың төл мәдениеттен нәр алуы, еліміздің тарихи өткенін оқып-үйренуі, қоғамымыздағы достық ахуал мен бейбітшілікті, рухани келісімді нығайту жас ұрпақ бойында біздің ортақ Отанымызға - Қазақстан Республикасына деген мақтаныш сезімін қалыптастыруы тиіс.
Мемлекеттің күш-жігері мәдени инфрақұрылымды материалдық қамтамасыз етуге, білімінің мектептерден, студенттік оқу мекемелерінен тыс жастардың бос уақытын пайдалы өткізуге мүмкіндік жасайтын театр, кітапхана, спорт құрылғыларын қолдауға, оқу - әдіс-тәсілдемелік құралдарын, көркем әдебиеттер шығару, оқу орындарын компьютерлендіру, дене тәрбиесі мен спортты дамытудың мемлекеттік, аймақтық бағдарламаларын жасау, ізгілікті, рухани құндылықтарды, салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталады. Жастарға рухани, патриоттық тәрбие беру ісінде мемлекеттік тілді оқып-үйренуге, қазақ тілін оқытып-үйретудің жаңа, тиімді тәсілдерін жасап, енгізуге ерекше мән берілетін болады.
Жастарды отаншылдық, рухани, адамгершілік тұрғыдан тәрбиелеу ісінде оларды діни экстремизм мен фанатизмнің залалды ықпалынан қорғау аса маңызды бағыт алуы шарт. Осы мақсатта жастар арасына діни-экстремистік көзқарастардың еніп кетуінен сақтау тетіктері жасалуы керек. ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру