Психология | Тренинг арқылы тұлға дамуын зерттеудің психологиялық маңызы
Мазмұны
КІРІСПЕ
1 ТРЕНИНГ АРҚЫЛЫ ТҰЛҒА ДАМУЫН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Тұлғаның психологиялық даму ерекшеліктері
1.2 Тұлға дамуында психотренингтерді ұйымдастырудың маңызы
1.3 Тұлғаның даралық қасиеттерінің мазмұны
2 ТРЕНИНГ БАРЫСЫНДА ТҰЛҒА ДАМУЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ
1.1 Тұлғаны жан-жақты зерттеуде тренинг топтарын ұйымдастырудың алғышарттары
1.2 Тұлға дамуын анықтау іс-шаралары.
2.3 Психокоррекциялық жұмыстар жүйесін ұйымдастыру
ҚОРЫТЫНДЫ
КІРІСПЕ
Соңғы жылдары қоғамдық және әлеуметтік өмірдегі болып жатқан елеулі өзгерістер Республикамыздың білім беру жүйесінің алдына көптеген жаңа міндеттер жүктеп отыр. Әсіресе білім беру жүйесінде ұлттық және жалпы азаматтық рухани құндылықтар негізінде жастардың тұлғалық мәдениетін қалыптастыру, тұлғалық жан-жақты дамуына қолайлы жағдайлар жасау өзекті мәселелердің біріне айналып отыр.
Бүгінгі таңда жас ұрпақтың білім алуы мен дамуына ерекше ден қойылып, көңіл бөлінуде. Психологиялық-педагогикалық зерттеулерде жеке тұлғаның психикалық дамуын арттыру елеулі мәселелердің біріне айналып отыр. Алайда, ол мектепте жеке тұлғаның дамуын оқу қызметіндегі бірінші кезектегі міндет деп танығанда,оның психикалық дамуын қалыптастыруға ерекше мән бергенде жүзеге асады.
Мектеп қабырғасында оқу қызметтің негізгі және жекеше түрі болып табылады. Оны атқару барысында оқушылардың бойында жаңа психикалық құбылыстардың дамуына негіз қалайтын және ең алдымен заттардың пайда болу және даму заңдылықтарын ашуға бағытталған теориялық ойлау негізі және зейіні дамиды, жеке тұлға белсенділігі арта түседі. Жеке тұлғаны рухани дамыту - өзінің өмірдегі орнын, атқаратын міндетін, қазіргі және болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігін, дүниенің күрделі құрылымын түсіну және өзін-өзі үздіксіз бірқалыпты жетілдіру. Жеке тұлға дамуы - өз мүмкіндіктерін үздіксіз кеңітіп, қажеттіліктерін арттырып отырумен байланысты. Осы даму деңгейі нақты адамға тән болған қарым-қатынастар аймағымен өлшенеді.
Даму дәрежесі мардымсыз тұлғаның адамаралық қатынастары да өте жай, ал даму деңгейі жоғары болған адам өзінің рухани мәртебелігімен, қоғамдық мәнді құндылықтармен ерекшеленеді. Мұның барлығына психиканы дамыту арқылы қол жеткізуге болады. Баланың өзiн-өзi ұйымдастыруы алдымен үлкендердiң әсiресе мұғалiмнiң жасаған және бағыттаған ұйымдастыруының нәтижесi. Баланың жеке тұлғасын дамыту ісінде тәрбие институттары ішінде мектепке ең күрделі міндеттер артылады. Алайда, ол мектепте жеке тұлғаның дамуын оқу қызметіндегі бірінші кезектегі міндет деп танығанда ғана іске асады. Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде мектепте бала тұлғасының мотивациялық құрылымында түбегейлі өзгерістер болатыны анықталды. Олар балалардың танымдық мүдделерінің жедел қалыптасуы негізінде оқу қызметі мотивтерінің қайта құрылуынан басталады. Олар мектеп жасының аяғына таман жинақталып қалыптасады да, баланың әр түрлі оқу материалына көзқарасы арқылы айқындалып, қызығуын қанағаттандыратын көздерді өз бетімен іздеуге жетелейді. Яғни, оқу-танымдық мотивтер оқуда ғана емес, оқушы тіршілігінің бүкіл жүйесінде жетекші орын алады. Өйткені, осы мүдделер ортақ ұжымдық қызмет барысында пайда болады, оларды бала толық қоғамдық формасы - топтық құндылық бағдары ретінде ұғынады.
Жеке адамның дамуы – бұл ең алдымен оның рухани өсу, жетілу үрдісі, іс-әрекетте өзін қоршаған өмір шындығын бейнелеуі, қоғамдық орта мен табиғи құбылыстарға, адамға қарым-қатынасы таным-білім жүйесінде болатын сапалық өзгерістер.
Жеке тұлғаны қалыптастырудың маңыздылығы жөнінде көптеген ғалымдар, педагог-психологтар пайымдады. Атап айтсақ: С.М.Жақыпов, И.С.Кон, Р.В.Овчарова, А.Г.Асмолов, Л.И.Божович, А.А.Бодалев, А.И.Леонтьев, Л.Первин т.б. зерттеулері арналған].
Мектеп оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастыру мәселелері білім мен тәрбие тұжырымдамасында да негізгі орын алады. Жеке тұлғаның қалыптасуы үздіксіз үрдіс. Әрбір балаға жеке тұлға ретінде қарап, онын өзіне тән санасы, есі, өзіндік әрекет жасай алатын қабілеті бар екенін ескере келіп, балалар мен жастардың білімге, ғылымға ықыласын арттыру, олардың ақыл-ой қабілетін, жеке бас қасиеттерін дамытып, оны қоғам талабына сай іске асыруға көмектесу - мектеп алдындағы өзекті мәселелердің бірі екендігін есепке ала отырып, диплом жұмысының тақырыбын «Тренинг арқылы тұлға дамуын зерттеудің психологиялық маңызы» деп алдық.
Зерттеу мақсаты – тренинг арқылы тұлға дамуын зерттеудің тиімді жолдарын саралау.
Зерттеу обьектісі – тұлға дамуын қалыптастыру үдерісі.
Зерттеу пәні – тренинг арқылы тұлға дамуын зерттеудің тәсілдері.
Зерттеу болжамы – тұлғаның даму деңгейін зерттеу арқылы білім, білік, дағдының қалыптасуына, психикалық әрекетті реттеуге, жеке тұлғалық қасиеттерінің айқындалуына қол жеткізуге, аталмыш мәселенің бала өмірінде ерекше орын алатындығын дәлелдеуге болады, себебі қазіргі заман талабы даралық қасиеттері толысқан тұлға қалыптастыру болып табылады.
Зерттеу міндеттері:
1. Тұлға дамуын зерттеу мәселесі бойынша психологиялық-педагогикалық ғылыми еңбектерге талдау жасау.
2. Оқыту үдерісінде тұлғаның даралық қасиеттерін дамытудың психологиялық маңыздылығын көрсету.
3. Тренинг арқылы тұлға дамуын анықтаудың іс-шараларын жан-жақты дәйектеу.
4. Диагностикалық жұмыстар жүргізе отырып, түзету жаттығуларын ұсыну.
Зерттеу әдістері – бақылау, әңгімелесу, эксперимент, тест, ойын-жаттығулар және танымдық тапсырмалар жүйесі.
Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негізі – зерттеу негізіне философиялық таным туралы негізгі қағидалар мен ой-пікірлер, тұлғаның даралық қасиеттерін қалыптастыру теориясы, А.А.Леонтьев, Р.Берн, А.Мессердің ғылыми зерттеулері алынды.
Зерттеудің теориялық мәнділігі – тұлғаның даралық қасиеттерін тренинг арқылы зерттеу мәселесіне теориялық және әдістемелік талдау жасалды, оның даму деңгейлері анықталып, даралық қасиеттерді белсендіруге бағытталған жұмыс тәсілдері жобаланды.
Зерттеудің практикалық мәнділігі – зерттеу негізіне алынған әдістемелік жұмыстардың жүйесін тұлғалық қасиеттерді дамытуға бағытталған іс-шаралар ретінде қолдануға болады.
Зерттеудің тірек орны: Алматы қаласы, № 128 орта мектебі.
Зерттеудің кезеңдері:
1. Философиялық, педагогикалық және психологиялық әдебиеттерге талдау жасалып, ғылыми аппарат түзілді.
2. Тәжірибелік жұмыс мазмұны құрылып, зерттеу мәселесінің міндеті жүзеге асырылды. Диагностикалаудың тиімді әдіс-тәсілдері іріктелді.
3. Зерттеу нәтижелері талданып, қорытынды жасалды.
Диплом жұмысының құрылымы кіріспе, екі тарау, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер және қосымшалардан тұрады.
2 ТРЕНИНГ АРҚЫЛЫ ТҰЛҒА ДАМУЫН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
2.1 Тұлғаның психологиялық даму ерекшеліктері
Тұлға – өзінің тұрақтылығына қарамастан, үздіксіз дамып отыратын психикалық құрылым. Даму жеке тұлғаның ең маңызды атрибуты болғандықтан, оны «өмір сүруінің негізгі нысаны» деп санайды. Бұл фәниден бақиға дейінгі - шығармашылық үрдіс. Жеке тұлға өзінің жасын да және басқа шектеулерді де сезінбеуге қабілетті [1]. Жеке тұлға уақыт ағысындағы үрдіс ретінде өседі, дамиды және осыған қарамастан өзі үшін сол қалпында қала отырып, үнемі өзгеретін дене түрінде эволюцияланады. Өзінің «МЕН» қозғалысында ол өзгермейді, уақытпен туындайтын күйреуге төзімді келеді және осыған қарамастан, өзгереді, бейімделеді, өзін жаңадан жасайды.
Тұлға онтогенезі, осылайша, тұлғаның пайда болуы мен организмнің физикалық өзгеруі барысында оның бірізді түрленуі мен көптеген әлеуметтік және өзге де өзара әрекеттерді қамтитын бүкіл өміріндегі жеке адам психикасының даралық бағдарлы дамуын білдіреді. Адамның онтогенездік дамуы мен өмірлік жолында осы дамудың барлық деңгейін қамтитын адам организмі мен тұлғасының үдемелі даралануы жүзеге асады.
Тұлға онтогенезімен айналысатын психологтардың барлығы дерлік ие «мен-жүйесімен», не «жүйе-мен», не болмаса жай ғана «мен» аталымымен белгіленетін «ядроның» пайда болатынын мойындайды. Әдетте осы жағдайды «тұлғаның тууы» деп атайды.
Л.С. Выготскийдің теориялық пікірін жалғастыра отырып, Л.И. Божович адамның тұлғасын салыстырмалы тұрақты психологиялық жүйе, тек өзінің даму логикасы бар, жоғары интеграциялық деңгейдегі жүйе деп қарастырды. Осындай дамудың негізгі сипаты - өзін тікелей әсер ететін жағдайлардан тәуелсіз (тіптен оларға қарсы қойып та), өзінің саналы түрде қойылған мақсаттарын басшылыққа ала отырып ұстай алуы болып табылады. Адамның реактивті емес, керісінше белсенді мінезі оның өз-өзінің және қалыптасқан жағдайдың қожасы екенін білдіреді.
Тұлғаның жетілуіне тән осындай мінез-құлықтың мотивациялық механизмі, адамның алдына қойған мақсаттарының, осындай мақсаттарға тікелей түрткі болатын күшті хабарлайтын, оның жоғарғы сезімдерімен байланысы болып табылады. Осындай сезімдердің әлсіздігі немесе жоқтығы адамды ерікті түрде өзін-өзі көндіруге мәжбүрлейді. Тұлға онтогенезіндегі эмоционалдық дамудың маңыздылығы, үнемі іштей кикілжіңге ұшырап отыратын адам ынжықтығымен, мінез-құлқының тұрақсыздығымен, саналы түрде қойған мақсаттарына жетуге қабілетсіздігімен ерекшеленетінін, яғни психологиялық тұрғыда жетілген тұлғаны сипаттайтын негіз қалаушы бітістердің жоқтығымен түсіндіріледі.
Тұлға жайлы гуманистік теориялардың жақтастарын ең алдымен адамның өзінің өміріндегі шынайы оқиғаларды қалайша қабылдайтыны, түсінетіні және түсіндіретіні қызықтырады. Олар тұлғаның түсіндірмесін іздегеннен гөрі, оның феноменологиясын сипаттағанды қалайды, сондықтан осындай теорияларды кейде феноменологиялық деп атайды [2]. Тұлғаның және оның өміріндегі оқиғалардың сипаттамасы негізінен өткен немесе болашақтың емес, осы шақтағы өмірдің тәжірибесіне шоғырланған, олар «өмірдің мәні», «құндылықтар», «өмірлік мақсаттар» және т.б. терминдермен түсіндіріледі.
Э.Фромм тұлға теориясын адамның табиғаты жайлы ұғымнан шығарады. Жануарлар табиғаты бұл – физикалық тұрғыда тіршілік етудің мақсаттарына қызмет ететін биохимиялық және физиологиялық негіздер мен механизмдер. Адамның табиғаты, бұл – адамдардың тарихи эволюциясының өнімі болып табылатын адамның қасиеттері мен әрекеттері. Фромм тұлғалық өлшемдердің көбісін табиғаттың бір бөлігі болып табылатын, әрі одан жырақ тұрған адамның базалық екі жақтылығынан шығарады. Адам табиғатының екі жақтылығы оның бойында екі түрлі қажеттіліктермен көрініс береді.
Шығармашылық (креативтік) «Мен» ұғымы Адлердің тұлға теориясындағы маңызды үлесі болып табылады. «Менді» бейсаналылықтың туындысы «Ол»-дың агенті деп есептеген Фрейдке қарама-қарсы Адлер «Меннің» біріншілігін көрсетеді. Адлердің «Мен»-і - тұлғаның бірегей өмір салтын жүзеге асыруда көмектесетін, тәжірибені іздестіретін, ағзаның тәжірибесін интерпретациялаушы және ойластырушы, жоғары персонализацияланған субъективті жүйе. «Мен» жайлы түсінік тұлғаға қатысты соңғы еңбектерде негізгі рөлді ойнады. А.Адлердің осындай жаңа бетбұрысқа қосқан үлесі – «Менді» мінез-құлықтың маңызды себебі ретінде қарастыруы - зор болып саналады.
Юнг бойынша тұлға өте күрделі құрылым. Оның күрделілігі оның көптеген компоненттерді қамтуында ғана емес, олардың арасындағы қатынастардың біраз шатасуында, ешбір теоретик тұлғаның құрылымын осыншама күрделі сипаттаған емес. Тұлға (жан, психика, «психологиялық тұлға») дифференциалданған, бірақ өзара байланысқан бірнеше жүйеден тұрады. Олардың ішіндегі едәуір маңыздылары: Эго, дара бейсаналылық және оның кешендері, ұжымдық бейсаналылық және оның архетиптері, персона, анима және анимус, көлеңке. Осындай өзара байланысқан жүйелерден басқа бағдарлар да бар, олар – интроверсия және экстраверсия және қызметтер – ойлау, сезім, түйсік және интуиция. Ең соңында тұлғаның өзіндік орталығы да бар.
Эго тұлғаның орталық бөлімі болып табылады. Бұл қабылдаудың саналы бейнелерін, естеліктерді, ойлар мен сезімдерді қамтитын сана орталығы. Эго бұл пара-парлық пен үздіксіздік сезімі. Эгоның арқасында біз өзіміздің тұтастығымызды, тұрақтылығымызды сезінеміз және өзімізді адам ретінде қабылдаймыз. Эго сана-сезімнің негізі болып табылады. Оның негізінде адамдар өздерінің саналы іс-әрекеттерінің нәтижелерін көруге қабілетті болады.
Даму тұжырымдамасы Юнгтың тұлға теориясының маңызды үзбесі болып табылады. Юнгтың ойынша адамдар үнемі жетіліп отырады. Тұлғаның дамуы бұл динамикалық үрдіс, бүкіл өмір бойындағы эволюция. Сонымен бірге ақырғы мақсат өзін-өзі жетілдіру ретінде белгіленеді. Юнгтың тұлға жайлы түсініктері осындай. Қазіргі заманда олар күрделі тексеруге жеткілікті мүмкіндіктері жоқ ғылыми болжамдар дәрежесіне ие.
Қатынасу қажеттілігі бұл адамның тұлғааралық қатынастарды қалыптастырудағы негізгі қажеттілік. Сондай-ақ үйірсектікке деген қажеттілік деп те аталады. Адамның алғашқы табиғатпен бірлігінің ажырауы оның бастауы болып табылады. Адам жануарлардағы инстинктивті байланыстардың орнына, өнімді махаббатқа негізделгендері едәуір қанағаттанарлық болатын, басқа қатынастарды қалыптастыруға мәжбүр. Өнімді махаббат әрқашан өзара қамқорлықты, жауапкершілікті, сыйластық пен түсіністікті болжайды.
Адамның қажеттіліктері жайлы мәселенің, оларды қанағаттандырудың жағдайлары мен тәсілдеріне әкелетіні сөзсіз. Фромм, сол қажеттіліктердің айрықша көріністері мен адамның ішкі әлеуетін жүзеге асырудың тәсілдері адамдар өмірінің әлеуметтік жағдайымен себептеледі, деп есептейді. Адамның тұлғасы нақты қоғам ұсынатын мүмкіндіктерге бейімделеді [3, 4]. Мәселен, капиталистік қоғамда адам байып қана пара-пар болу сезіміне ие бола алады. Сондай-ақ, ол бақуатты компанияның тәуелді де, сенімге ие қызметкеріне айналып тамырлану сезімін дамыта алады. Адамның қоғамға икемделуі әдетте ішкі қажеттіліктер мен сыртқы талаптардың арасындағы келісімді білдіріп, қоғамның талаптарына сай келетін әлеуметтік сипатқа (мінезге) ие болады.
Әлеуметтік мінез бұл – адамдарды бір-бірінен ерекшелендіретін жеке-дара мінезге қарағанда нақ сол мәдениет өкілінің көбісіне тән мінез құрылымының өзегі. Қарапайымдап айтқанда, бұл қоғамға тән мінез. «Әлеуметтік мінезді», даралық мінез іспеттес, қуатты нақты арнаға бағыттайтын болатын айрықша тәсіл ретінде анықтауға болады. «Әлеуметтік мінез», бұл, бір уақытта қоғамның қызмет етуінің негізгі элементі, әрі қоғамның экономикалық құрылымы мен ондағы басым идеялардың арасындағы жалғастырушы бөлік. Әлеуметтік мінез теориясы мінез-құлықтың негізіндегі, бірақ оған пара-пар келмейтін ұмтылыстардың жүйесін білдіретін Фрейдтің мінездің динамикалық тұжырымдамасына негізделеді. Бұл тұжырымдама мінез-құлықтық емес, мотивациялық, өйткені, «біз мінез-құлық ерекшеліктерінің бейсаналық мотивациясын зерттей отырып, мінез-құлықтың бір ғана бітісінің мінездің көп және мүлдем әртекті бітістеріне сәйкес келетінін анықтаймыз».
Мінездің жинақтаушы түрі қоршаған әлемнен жаңа бір нәрсені алуға болатынына аса сене қоймайтынымен ерекшелінеді. Ол өзін қорғаныс болар қабырғамен қоршап алғандай. Оның қауіпсіздігі жинақтау мен сақтауға негізделген, ал жұмсау қорқыныш ретінде көрінеді. Бұл мінездің жағымды қыры ұқыптылық, сақтық, шыдамдылық, салқындылық, жүйелілікте көрінеді.
Роджерс өзінің теориясын жасауда әрбір адамның тұлғалық өзіндік жетілуге деген ұмтылысы мен қабілетіне ие екенін ұстанады. Ол санасы бар ағза бола тұрып, өзі үшін өмірдің мәнін, оның мақсаттары мен құндылықтарын анықтайды, жоғары эксперт және сот болып табылады. Роджерстің теориясында адамның өзін сипаттап дербес дамуының жетістіктерін белгілейтін ұғымдарды, идеяларды, мақсаттар мен құндылықтарды қамтитын «Мен» ұғымы орталық ұғымға айналды.
Жеке-дара өмірлік тәжірибенің нәтижесінде қалыптасатын «Мен» бейнесі өз кезегінде сол адамның әлемді, басқа адамдарды, оның өз мінез-құлқына беретін бағаны қабылдауына ықпал етеді. Мен – тұжырымдамасы жағымды, екіұшты, жағымсыз болуы мүмкін. Әрі ол ақиқатты бұрыс бейнелеуі де мүмкін [5]. Адамның Мен – тұжырымдамасымен үйлеспейтін нәрсе шынайы болса да оның санасынан ығыстырылуы мүмкін. Адамның өміріне қанағаттануының дәрежесі, бақытының өлшемі, оның тәжірибесінің «шынайы – Мен» және «идеалды - Менінің» өзара қалай үйлесетініне байланысты.
Тұлғаның гуманистік теориялары бойынша адамның негізгі қажеттілігі өзіндік кемелдену болып табылады. А.Маслоу бірінші болып шығармашылық барлық адамдарда дүниеге келген мезетінен бастап кездесетін, адамның едәуір лайықты сипаттамасы деп көрсетті. Шығармашылық – адамның өзін-өзі танытуының барлық формаларына бағыттайтын әмбебап қызметі. Өзіндік кемелденудің басым рөлінің мойындалуы, көзқарастарындағы айырмашылықтарына қарамастан, тұлға психологиясын зерттеудегі осы теориялық бағыттың барлық өкілдерін жақындастырады. Өзіндік кемелденген тұлғаның психологиялық сипаттамаларына төмендегідей жағдайлар жатады:
1) ақиқатты белсенді қабылдау және онда жақсы бағдарлану қабілеті;
2) өзін және басқа адамдарды бар қалпында мойындау;
3) сананың адамның өзіне ғана тән сезімдер мен күйзелістерге шоғырлануымен тек ішкі әлемге бағдарлануға қарама-қарсы, сырттағы құбылыстарға назар аудару;
4) барлығымен болмаса да айналасындағы адамдармен едәуір жағымды жеке – дара өзара қатынастарды қалыптастыру;
5) өмірді объективті бағалау;
Өз теориясының негізгі мәселесі - өзіндік кемелдену не деген сұраққа Маслоу: «Өзіндік кемелденетін адамдар түгелі дерлік қандай да бір іспен шұғылданады... Олар сол іске сенеді, олар үшін сол іс – аса құнды – ол өмірлік ісі болып табылады» - дейді. Мұндай адамдар жоғары құндылықтарды жүзеге асыруға ұмтылады, әдетте сол құндылықтар (оның ішінде – жақсылық, шынайылық, әділдік, мінсіздік және т.б.) ондай адамдар үшін өмірдегі маңызды қажеттіліктер болып саналады. Өзіндік кемелденетін адамдар кездескен қиындықтарды жеңе отырып, әрқашанда да алға ұмтылысты таңдайды [6].....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: дипломдык жумыс Тренинг арқылы тұлға дамуын зерттеудің психологиялық маңызы дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар психология жобалар дипломдық жұмыстар