География | Испанияның физикалық жане географиялық жағдайы
Мазмұны
1 ИСПАНИЯНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ.............5
1.1 Геологиялық құрамы, пайдалы қазбалары және климаты ................................6
1.2 Cу ресурстары, топырағы , өсімдік және жануардүниесі.................................9
2 ХАЛЫҚ САНЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТЫҒЫЗДЫҒЫ............................................12
2.1 Қалалары; елді мекендері және ұлттық құрамы..............................................14
2.2 Ел ішіндегі тілдер және шетелдіктер................................................................16
3 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ.................................19
3.1 Өңдеу өнеркәсіптері және отын энергетика салалары.....................................22
3.2 Ауыл шаруашылығы..........................................................................................27
3.3 Испания экономикасының даму алғышарттары.............................................29
4 АВТОНОМДЫҚ ОБЛЫСТАРЫ.......................................................................33
4.1 Мадрид, Каталония, Валенсия Қоғамдастығы.................................................33
4.2 Андалузия, Баск елі, Галисия............................................................................36
4.3 Эстремадура, Мурсия, Арагон, Астурия, Кастилия, Ла Манча, Кастилия
және Леон.................................................................................................................38
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................43
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................................44
Испания –Еуропаның оңтүстік батысында орналасқан мемлекет. Пиреней түбегінің көп бөлігін, Жерорта теңізіндегі Балеар және Питиус аралдарын, Атлант мұхитындағы Канар аралдарын және Солтүстік Африка жағалауындағы Сеута және Мелилья қалаларын иемденеді. Географиялық координаты 40 градус солтүстік ендік, 4 градус батыс бойлық. Испания территориясының жалпы аумағы 504750 шаршы км құрайды. Құрлық аумағы 499400 шаршы км. Ал өзен және көлдер аумағы 5350 шаршы км. Материктік Испания батысында Португалиямен, солтүстігінде Франция және Андоррамен, оңтүстігінде Гибралтармен шектеседі. Испания солтүстігінде Бискай шығанағымен, солтүстік -батысы және оңтүстік-батысында Атлант мұхитымен, шығысында және оңтүстік шығысында Жерорта теңізімен шайылған. Испания Королдгі Франциямен 623 км, Португалиямен 1214 км, Андоррамен 65 км, ағылшын колониясы Гибралтармен 1.2 км, Мороккомен: Сеута қаласы 6.3 км, Мелилья қаласы 9.6 км- шекараласады. [1-20]
Шекараның құрлықтағы жалпы ұзындығы 1919 км, жағажайлық линиясы 4964 км. Испания Еуропада Швейцариядан кейінгі биік таулы мемлекет. Таулар ел территориясының 90 пайызын алады. Пиреней Испаныияның ең биік таулары емес. Елдің оңтүстік-шығысында биіктігі Алпіден ғана төмен Кордильера–Бетика деп аталатын тау жүйесі орналасқан. Оның жоғарғы нүктесі Муласен тауы. Бұл Еуропаның оңтүстігіндегі жаз бойы қар сақталып тұратын аймақ. Пиреней түбегі жан-жағынан сумен қоршалғанына қарамастан, елдің климаты мұхиттармен емес, сыртқы факторлардан қорғайтын тауларының есебінде көрінеді.
Испания Еуропаның ең қиыр батысында таулы Пиреней түбегінде орналасқан. Солтүстік-шығысында ол Пиреней тауларымен шектеседі. Елдің 50 пайызын Месета тауы алады. (меса –испан тілінде үстел деген мағына береді). Онда Месета деп жердің тегіс беттерін атайды. Месетада климат континеталды, құрғақ, ыстық жазы және суық қысымен ауысып отырады. Месетаның көп бөлігі тегіс және ылғалы аз. Альмерияда судың сондай аздығына қарап, бұл жерді Еуропаның шөлі деп атасақ болар еді. Бірақ, мұнда да жайнаған оазистерді кездестіруге болады. Месетаның батысында тектоникалық қиылымдар және өзен аңғарлары көп, шығысында олар тегістеу келеді. Орталық Кордильерлер Месетаны солтүстік (Ескі Кастиль тауы) және оңтүстік (Жаңа Кастиль тауы) бөліктерге бөледі. Месетаның солтүстігінде Бискай шығанағының жағалауы бойында ортасында, Пикос де Эуропа жазықтығы Кантабрий таулары созылып жатыр. Кантабрий таулары Испаниядағы аса қуатты Переней тауларының бірнеше тау жоталары батыстан шығысқа қарай 450 км созылған. Пиренейдің орташа биіктігі 2500 м, ең биік жері Ането шыңы 3404 м. Мисетаның солтүстік-шығысына қарай ұзындығы 250 км және биіктігі 231м (Монкйо шыңы) жететін Иберий таулары созылған. Шығыс Пиренеймен Иберий тауларының арасында орналасқан және Жерорта теңізі жағалауына дейін созылған аса биік емес Каталон таулары жатыр. Елдің оңтүстік-шығысында ортасында Съерра-Невада тауы орналасқан Кордильера Бетика тау жота жүйесі созылып жатыр. Мұндағы Муласен тауы (3478 м) Испанияның ең жоғарғы нүктесі.
Қалған 10 % териториясын Съерра-Морена және Кордилера Бетика арасында жатқан Андалузия жазықтығы, Эбро өзенінің бойында жатқан Арагон жазықтығы және Жерорта теңізі жағалауындағы ұсақ ойпаттар алады.
Испания жағалауы өте алуан түрлі болып келеді. Мұнда жартастарды, ұзаққа созылған жағажайларды кездестіруге болады. Галисия жағалауының бөліктері Норвегиялық фьордтарға ұқсайды, ал Атлантиканың солтүстік жағалауы әктасты мүйістер және ұсақ үңгірлерге бай. Жерорта теңіздік жағалауы көптеген жағалау жәна мәдени жағажайларға толы болғанына қарамастан шөлді лагуналары мен сазды батпақтарды кездестіруге болады. Оның ең белгілісі Кото донана шөлі.
Жер жыртыу көп аудандарында осы заманға дейін дәстүрлі әдіспен жүруіне байланысты Испания басқа Еуропа мемлекеттеріне қарағанда өзінің табиғатын қалыпты күйінде ұстап отыр.
1 ИСПАНИЯНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
Испания Еуропаның аса биік таулы елдерінің бірі. 200 м теңіз деңгейінен төмен жатқан ойпаттар ел териториясының 11 % құрайды. 65 % 500 м жоғары. (соның ішінде 25 пайзы 1000 м-ден жоғары) аймақтар бет қабаты құрамы жалпы жобасы негізі тектоникалық құрылымдарына сәйкес: елдің солтүстік-батысы, батысы және орталық бөліктерін эпигертцен формасында қалыптасқан жазықтар, орташа жоталар және тегіс таулар иемденеді. Солтүстік, шығыс және оңтүстік бөліктер қатпарлы таулармен акумулиятивті жазықтармен көрсетілген.
Испания Португалияға сияқты бір-бірін нақты тау шекаралаымен бөліп отыратын табиғат аудандары мен қатты оқшаулануы келеді. Испаниядағы тарихи облылыстарының пайда болуы және дамуы негізінде табиғи жағдайлармен табиғи аудандарының шекерасына байланысты болып отыр, мысалға Арогонды алсақ, ойға тарихи обылыс пен ойпат кіреді, Галисияны айтсақ, тарихи обылыс және кристалдық массив еске түседі.
Испания териториясының және Пиреней түбегінің негізі бөлігі биіктігі 600-800м орналасқан және түбектің 60 пайызын алатын Месета немесе орталық Кастиль деп аталатын қырат алады. Месета оңтүстік-батыс бағытында жантайған. Орталық Кордильер тау жүйесі Месетаны екі бөлікке солтүстік және оңтүстікке бөледі. Солтүстік мисета 800 м биіктікте жатыр. Кейде оны Ескі Кастиль қыраты деп те атайды, ал 600-700м биіктікте жатқан оңтүстік бөлігін Жаңа Кастиль қыраты дейді. Орталық Кордильер жоталары оңтүстік-батыс бағытта 700 км созылған. Орталық Кордильердің басты жоталары: Сьерра де Гредос, Сьерра де Гвадарама және Сьерра де Гатос. Жүйенің ең биік Сьерар де Гредос жотасындағы биіктігі 2592 м Пласа дел Моро Алмансор нүктесі Сьерра де Гвадраманың оңтүстігіне қарай оның тау бөктері арасында биіктігі 648 м жатқан Еуропаның ең биік астаналарының бірі –Мадрид қаласы орналасқан[15].
Испаныияның солтүстік-шығысында оны Франциядан бөлетін Пиреней таулары созылған. Таудың көп жері 2000 м жоғары биіктікті алады, ал жоғарғы нүктесі Маледетта массивіндегі Пиік де Ането 3404 м жетеді. Орталық Пиреней жүйесінің ең жоғары және өтуге қиын бөлігі Пиренейді мұздықтардың белсенді процестердің іздері кездеседі.
Оңтүстік Месетада бойлық бағытында Тахо мен Гвадиана өзендері арасы мен биіктігі 1736 м жететін Толедо таулары созылған. Оңтүстік Месета Сьерра Морена тауларымен Андалузия ойпатына анықталады. Жерорта теңізі оңтүстік және оңтүстік-шығыс жағалауларына жақын ұзындығы 630 км созылған Андалузия немесе Бет таулары жатыр. Осы тауларда Сьерра-Невада жотасы орналасқан. Түбекте Испанияның ең биік нүктесі Муласен тауы (3482 м) осы жерде орналасқанмен, жалпы бұл тау жүйесі Пиренейге қарағанда онша биік емес және өту мүмкіндігі мол, осы тауларда Еуропаның ең оңтүстік мұздығы бар. Шығысына қарай Андалузия таулары Месета және Иберий таулар жүйесімен шекараласады.
Ұзындығы 500 км Иберий таулары Кантабрий мен Жерорта теңізі жағалауы (Валенсияның солтүстігіне қарай) арасында созылған. Жоғарғы нүктесі Монкайо (2316 м). Иберий жүйесі аудан көтерілімі жағынан елдің ең үлкен тау массиві. (40000 шаршы км).
Иберий мен Переней таулары арасында орта биіктікті жағалаулы Каталон тауары орналасқан. Ол ұзындығы 270 км созылған бірнеше тау жоталарынан тұрады. Жоғарғы нүктесі 1712 м биіктікте жатыр.
Испаниядағы ойпаттар териториясының аз бөлігін алғанмен елдің экономикалық өміріне маңызды рөл атқарады. Андалузия ойпаты Сьерра-Моренаның оңтүстігіне қарай Гвадалквивир өзенінің бассейінін алып жатыр. Ауқымды Арагон ойпаты Эбро өзенінің бассейінінде жатыр. Испанияның Жерорта теңізі жағалауында енсіз Мурсия және Валенсия ойпаттары созылған.
1.1 Геологиялық құрамы, пайдалы қазбалары және климаты
Испания геогогиялық құрлымында басты орынды шығысында Мезокайнозой платформасымен жабылған, Иберийлік Месетаның палиозойлы қыртысты комплекстері алады. Солтүстігінде Иберийлік Месета Пиренейдің оңтүстік қиыры мен, ал оңтүстігінде тіркескен Андалузия тауларымен (Бет Кордильері) жиектеліді. Иберийлік Месетада 3 тиктоникалық зоналар айқындалады.
1.Кантабрий және Иберий тауларын алатын солтүстік зона ескі палиозойлы қуатты терриген жауынының, орта палиозойлы карбонатты–теригенді шөгіндінің және (Астурий бассейнінде) карбонның паралийлі көміртекті қабатының геосинклиналь иілімінде қалыптасты. Негізгі қатпарлық карбонның соңғы кезеңіне келеді.(астурийлік фаза).
2.Галисия мен Кастилия арасындағы орталық зона граниттарымен шоғырланып ежелгі геоантиклиналь көтерілімімен көрсетілген, мұнда кембрийлік (сардиндік) қатпарлық үлкен маңызға ие болатын.
3.Оңтүстік (геосинклиналь)зона (Сьерра-Морена) көбіне негізі құрамды су асты жанартаулы және граувакк өнімдерінен құралған. Ол қатпарлық кезіңін девонның ортасында өтті. Мезо-кайназойлы патформалық қап карбонатты жауындар әрекетінен қалыптасты. Эбро өзенінің бассейінінде мұнда олигоценді (пиренейлік фаза) интенцивті қатпарлыққа ұшыраған флишты және молосты қабаттар шыға бастады. Бет Кордильері солтүстікке ауысқан топталған тектоникалық жамылғылардан тұрады. Ішкі жамылғы метаморфті палезоймен, сыртқы мезезойдың (палиоген және төменгі меоценнің) карбонатты және сынықты қабаттармен қалыптасқан.
Пайдалы қазбаларына келсек: Испанияның жер қойнауы өзінің рудалығы мен және әр түрлі кен орындары мен ерекшеленеді. Минерелды отын қорлары салыстырмалы түрде үлкен емес. Пайдалы қазбалардың басты кен орындары Месетаның буындыратын тау жүйелерінде және елдің периферийлі аудандарында шоғырланған. Ең көзге түсетіні Сьерра-Морена мен Уельвадағы оңтүстік белдеу. Мұнда мыстың колчеданды кенішін, сынаптың гидротермалды кен орнын қорғасын және мырыш рудалыры шоғырланған. Темір кенінің ірі кен орындары Андалузия тауларында, Галисия, Астурия, Лион, Бискай, Сандандер және Граданадада орналасқан. Испанияда сапалы темір рудасы шоғырланған (металл құрамы 50 % дейін) ірі кен орындары бар (2 млрд т дейін) басты кен орындары солтүстікте Бильбаоға жақын жерде және Арагон Охос Негроста орналасқан. Барлық темір рудалар орынының 20 % Астурия мен Галисияға келеді.
Қалайы, вольфрам, уран кен орындары галисия тауында Саламанка және Касерес провинцияларында орналасқан. Уранды өндіру жөнінен Испания капиталтистік әлемде алтыншы және Еуорпада екінші орын алады. Оның кен орындары жоғарыда аталған провициялармен қатар Бадахос, Хаен және Лирита бар.
Пиреней мен Каталон тауларының қиылысында лигнит пен калий тұзы (карнилит және силвинит) Эбро өзенінің аңғарында каолин және апатит кен орындары орналасқан. Мысты пирит (мыс құрамы 10 % дейін) Испания мысты пирит қоры бойынша капиталистік Еуропада бірінші орынды алады. Басты кен орындары Тарсис, Рио Тинте және Сарса Уельва провинциясы Сьерра Морена тауларында орналасқан. Андалузияда түсті металдардың мол қоры бар. Хаэн провинциясында (Линарис, Ла Каролина) қорғасын, мырыш рудалары, Сандандерде (Реосин ауданы) мырыш, Галисияда волфрам, маргенец, қалайы өндіреді. Андалузия мен Галисияда платина, алтын және күміс кен орындары кездеседі[1-9].
Сынап қоры бойынша Испания капиталистік әлемде бірінші орынды иеленеді. Альмеден негізгі сынап кен орны. Месета мен Сьерра-Морена қиылысында Сьюдад-Реаль (Жаңа Кастелия) провинциясында орналасқан Альмеденде өндірілетін рудадағы сынаптың үлесі 6-9 % болса, италияндық рудадағы сынаптың құрамы 1 %.
Жергілікті энергетикалық ресурстары негізінен тас көмір қорларынан құралады. Тас көмір қоры 9 млрд т, қоңыр көмір 1 млрд т көлемінде белгіленеді. Барлық көмір қорының жартысына жуығы Астурияға (елдің негізгі көмір бассеиіні) келеді. Солтүстік-батыста, Лионда антрациттың қорлары кездеседі. Қоңыр көмірдің ең көп жерлері елдің шығысында Теруельге жақын Утрильяс ауданында шоғырланған. Шым Пуертольянода (Сьюдад-Реаль) өндіріледі. Каталонияда Сурия ауданында калий тұздарыны ірі қорлары бар. Фосфорит Эстремадурада, күкіріт Альбасетеде және асфальт Эбро ойпатының жоғарында өндіріледі.
Испаныияның климатына географиялық орналасуында Африка контенетінің ірі шөлдерінің жақындығына қарамастан бет қабатының өзіндік құрлысы әсер етеді. Испанияның ішкі ауданы жан-жағынан жоталармен қоршалып, су тапшылғын сезіп отыр. Су тапшылығы және күннің мол түсуі елдің көп аудандарына тән. Жылына шуақты күндер саны бойынша Испания Еуропада Италия және Еуропамен қатарласып бірінші орынды иемденеді.
Жылдық жауын-шашын елдің аудандарында әрқилы түседі. Бискай шығанағының жағалауы жылдық жауын-шашын мөлшері бойынша Еурорпада алдыңғы орындардың бірін алса, Испанияның кейбір аудандарында 200 мм төмен жауын-шашын беріледі, сондықтан ол жерлер Еуропаның құрғақшылық аудандарына жатқызылады[5-7].
...

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: дипломдык Испаниялын физикалык жане географиялык жагдайы жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар жобалар География дипломдық жұмыстар, Испаниялын физикалык жане географиялык жагдайы