География | Сырдария өзенінің физикалық-географиялық және экологиялық жағдайы

 География  | Сырдария өзенінің физикалық-географиялық және экологиялық жағдайы

Мазмұны

Кіріспе ........................................................................................................ 3
1 Сырдария өзенінің физикалық - географиялық жағдайының
теориялық негіздері
1.1 Аймақтың зерттелу тарихы ................................................................ 5
1.2 Физикалық-географиялық жағдайы .................................................. 7
1.3 Геологиялық құрлымы және геоморфологиясы .............................. 9
1.4 Климаты ............................................................................................... 11
1.5 Жер бетi және жер асты сулары ........................................................ 18
1.6 Топырақ жамылғысы ........................................................................ 23
1.7 Өсімдік жамылғысы жануарлар дүниесі .......................................... 28
1.8 Ландшафтысы ..................................................................................... 30

2 Сырдария өзенi атырауы ландшафттарының қазiргi жағдайы және
экологиясы
2.1 Атыраулық ландшафттар және олардың даму динамикасы............ 34
2.2 Антропогендiк ландшафттарға сипаттама және экологиялық бағалау.........................................................................................................
37
2.3 Сырдария өзенi атырауының табиғи-территориялық кешенiн шаруашылықтық бағалау .........................................................................
46
2.4 Ауыл шаруашылығын игеруде атыраулық территорияларды пайдалану...................................................................................................
50
Қорытынды ................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер ......................................................................

Зерттеудің көкейкестілігі: Табиғат анамыз бен адамзаттың ара қатынасына жiк түсiп, ол ұлғайып барады. Оған себеп, өндiргiш күштердiң тез қарқынмен дамуы, минералдық шикi зат қорларын орасан көп мөлшерде пайдалану, бұрын табиғатта белгiсiз көптеген жасанды заттар шығару айнала қоршаған ортаға қысымды шектен тыс күшейтiп, кейбiр аймақтарда экологиялық тепе-теңдiктi бұзды. Осы жағдайда еңбек өнiмдiлiгiнiң артуы, халықтың хал-ахуалының жақсартуы табиғат байлығын тиiмдi пайдаланумен, оны сақтаумен тығыз байлынысты болып отыр. Олай дейтiнiмiз, шұрайлы жерсiз, құнарлы егiстiксiз, айдынды шалқар көлсiз, жайқалған саялы ормансыз, ну қалың тоғайсыз, түрлi жабайы хайуанаттарсыз, тағы да басқа асыл қазыналары болмайынша қоғамдық өрлеудiң өрiсi қысқа болары хақ.
Суармалы жерлер аймағында Қазақстан халқының жартысына жуығы тұрады. Алайда, суармалы жерлер жалпы егiстiк алқаптардың 4%-iн құрайды. Солай болса да, оның үлесiнде өндiрiлген күрiш, мақта және қызылшаның барлығы, жемiс-жидек пен көкөнiстi 80%-i тиедi екен. Мал шаруашылығында қой отарларының басым бөлiгi осы өңiрде шоғырландырылған. Аса қатты қуаншылық болған жылдары азық-түлiк мол беретiн ең сенiмдi өңiр осы суармалы аймақ. Соның бiрi Сырдария аймағы. [31]
Ғылыми археологиялық деректер бойынша Сыр бойында, бiздiң жыл санағымыздан бұрын VII-V ғасырларда суармалы егiншiлiкпен айналаса бастаған. Содан берi Сырдарияның бойындағы жерлер iрi сауармалы егiншiлiк аймағына (әсiресе, төменгi ағысы бойы) айналған.[1]
60-жылдардың ортасында (1964 ж.) С.Я. Жук атындағы «Гипропроект» институты жасаған жоба бойынша Қызылорда облысында 315 мың гектар суармалы егiншiлiк болады деп белгiлен, 70-жылдарың аяғында егiстiң көлемi 21,5 мың гектарға азайды.
Суармалы жерде әр түрлi дақыладар егiледi. Олардың iшiнде биологиясы ерекшесi – күрiш. Ол көктеп шыққаннан бастап толық пiскенше, яғни үш ай бойы суда тұруы шарт. Соған сәйкес егу технологиясы да өзгеше. Ал, су болатын болса, ол тiршiлiк үшiн өте қажеттi фактор екенi рас, әйтсе де бiр жерде жиналып тұрыңқырап қалса, топыраққа тигiзетiн зияны шаш етектен. Сондықтан сурамалы жердiң экологиясын күрiш дақылымен байланыстырып талдау жөн сияқты.
Қазiр Сырдария өзенiнiң бойындағы орналасқан аймақтардың жағдайында суармалы жердiң бүгiнгiсi мен ертеңi, оның тиiмдi құнары, соған орай егiннiң өнiмдiлiгi топырақ құрамындағы биологиялық қорына байланысты болып отыр. Бұл жағдай дихандар мен мамандардың көңiлiне күмән келтiрмейтiнi ақиқат.
Қарастырып отырған аймақтың ауыл шаруашылығының негiзгi екi саласының бiрi – мал шаруашылығы. Оған қажеттi азық қазiр көбiне табиғи шабындық пен жайылымдардың есебiнен қамтамасыз етiлуде. Жемдiк шөптiң жалпы балансында мал азықтың 85-92 % табиғи шабындықтың есебiнен алады. Алайда, табиғи азықтың өнiмi шамалы, олар климат жағдайына қарай пiшiн бередi.
Соған байланысты,Сырдария атырауында орналасқан аймақтың суармалы егiстiктерi мен жайылымдарын шаруашылықта тиiмдi пайдалануын зерттеп, талдап, оларды күтiп қорғаудың шараларын қарастыру өзекті мәселе болып табылады.
Зерттеудің нысаны: Сырдария өзенінің физикалық-географиялық және экологиялық жағдайы
Зерттеудің болжамы: Сырдария өзенiнiң физикалық-географиялық жағдайы мен географиялық сипаттамасын талдау арқылы территорияның геоэкологиялық мәселелерін және табиғи ресурстарын тиімді пайдалану жолдарын анықтауға болады
Зерттеудің мақсаты: Сырдария өзені атырауының физикалық-географиялық жағдайын талдау арқылы iрi сауармалы егiншiлiк аймағының геоэкологиялық мәселелері мен табиғи ресурстарын тиімді пайдалану жолдарын анықтау.
Зерттеудің міндеттері:
1. Сырдария өзені атырауының физикалық-географиялық жағдайын теория негізінде талдау
2. Территориядағы қазіргі ландшафттардың құрылымын анықтау
3. Сырдария өзені атырауының қазіргі экологиялық-географиялық мәселелеріне талдау жасау
Зерттеудің әдістері:
1.Тақырыпқа байланысты ғылыми – теориялық еңбектермен танысып, талдау жасау;
2.Библиография түзу;
3.Салыстырмалы-географиялық, статистикалық және экологиялық экспертиза әдіcтерін қолдану
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Сырдарияның бойындағы жерлер iрi сауармалы егiншiлiк аймағына (әсiресе, төменгi ағысы бойы) айналған оның физикалық-географиялық сипаттамасы мен геоэкологиялық мәселелері мен табиғи ресурстарын тиімді пайдалану ғылыми тұрғыдан көрсетілген.
Зерттеудің практикалық маңызы: Зерттеу мәліметтерін Сырдария өзені бойындағы жерлердің суармалы-егінщілік аймағын тиімді пайдалануға, геоэкологиялық мәселелерді шешуге пайдалануға болады.

1 Сырдария өзенінің физикалық - географиялық жағдайының
теориялық негіздері

1.1 Аймақтың зерттелу тарихы

Сырдария (тәжікше Сирдарё; өз. Sirdaryo; парсыша: سيردريا‎) — Орталық Азиядағы өзен. Ол кейде көне грек тіліндегі ὁ Ιαξάρτης деген аты бойынша Яксарт деп аталады. Өзеннің грекше аты көне парсы тіліндегі Yakhsha Arta («Үлкен маржан») деген сөз тіркесінен бастау алады, бұл өзеннің суының түсінен пайда болған. Ортағасырлық мұсылман жазбаларында өзен жұмақтағы төрт өзеннің бірінің атымен «Сейхун» (سيحون) деп аталған. Амудария өзені болса «Жейхун» деп аталған, бұл жұмақтағы төрт өзеннің тағы бірінің аты. Қазақстанда жергілікті тұрғындар оны күнделікті тілде «Дария» деп атайды.
Парсы тілінен келген Сырдария атауы ежелден бері қолданылып келеді. Батыс елдеріндегілер болса 20-шы ғасырға дейін бұл өзенді Яксарт атауымен атап келді. Ескендір Зұлқарнайынның жаулап алған жерлерінің солтүстік шекарасы Сырдария өзені арқылы өтті. Грек тарихшыларының айтуы бойынша, Ескендір б.з.д 329 жылы Александрия Эсхата («Ең алыстағы Александрия») деген қаланың негізін қалаған. Ол қала қазір Худжанд деп аталады.
Өзен Қырғызстан меншығыс Өзбекстандағы Тянь-Шань тауларындағы
екі өзеннің: Нарын және Қарадария өзендерінің қосылуынанбастау алады да, 2,212 km қашықтықта орналасқан Арал теңізіне барып құяды. Сырдария өзенінің алабы 800 000 шаршы километрді құрайды, бірақ су іс жүзенде соның тек 200 000-ынан ғана жиналады. Оның біржылдық теңізге құюы — 28 кубокилометр ғана, бұл Амударияның теңізге құятын суының жартысына тең.
Сырдария өзенінің суы Орталық Азиядағы ең құнарлы мақта өсіретін аймақтарды суғаруға және оның бойындағы Қоқан, Худжант, Түркістан және Қызылорда қалаларын сумен қамтамасыз етуге қолданылады. [29].
Сырдария өзенін игеру сонау ежелден жүргізілгені белгілі. Оны грек ғалымдары Птоломей ( б. Э. Б. ІІғ.) мен Герадоттың (б. Э. Б. ІІғ.) еңбектерінен көре аламыз. Дегенмен оның шарықтап дамыған кезеңдері б. э. д. VІІ ғ. ғ. кезіндегі Орта Жаңадария мен Орта Іңкәрдарианы игеру кезінде жүзеге асқан болатын, сонымен қатар Ұлы жібек жолының өтуі де септігін тигізді. Ол кезде суландыру әдісі ескі арналар есебінен жүргізілген
Суландыру мынадай жүйеде жүзеге асты - өзен – ескi арна – суландыру – егiстiк. Қалыптасқан аридтi тор, «тiктөртбұрышты» тармақталуға әкелдi. Қоныстану суармалы арналар қатарына қарай қалыптасты. Осы ауданда енi 10-20 м болатын үлкен магистральдi каналдар айқындалады. Бiр ерекшелiгi көктемгi-жазғы су тасуларға суармалы егiстердiң бұзылуына байланысты өзенде ешқандай дамбылар болмады. Нәтижесiнде жылдан-жылға өңделген үлесi жаңа жерге көшiрiлiп отырды. Егiн шаруашылығы «жартылай көшпелi» атыраулы лиманды-көлдiк сипатқа ие болды.
Ежелгі кездегі Сырдария өзенінің алабындағы суландырған жердің ауданы 2,2-2,5млн. г. оның ішінде үнемі суландыратыны 1млн. г. құрайды, ал суландыратын каналдардың алып жатқан ауданы қазіргіге қарағанда 3 есе жоғарылаған. Ол кезде суармалы аудан қазіргіден 10 есе төмен болған. Бұдан Сырдария өзенінің су деңгейінің қаншалықты жоғары болғанын көруге болады.
Орта ғасырда суландыру жүйесінде бір қатар жоғарылаулар болды мысалы, Іңкәрдария суландыру қорғанысы, суландырылған ескі арналар есебінен жасанды алаптар жүйесінің жартылай және тірек бөгендері салынды.Бірақ суландыру әлі де болса қарапайым лиманды-көлдік сипатта болды.Осы уақытта кең таралған су тартатын-шығырлар суландыру жүйесінің дамуының жаңа кезеңін ауыстырған болатын.
Сырдария өзенi етегiнiң суландыру қарқынының дамуы бiздiң эрамызға дейiнгi 1 мың жылдықтағы суландыру үшiн атыраулық арналарды қолданудың қарапайым сатысы бәсеңдедi. Мұнда ежелгі кезде де, орта ғасырда да дамбалар мен канал магистралдар жүйесі болмаған .Х-ХІІ ғ. орта Сырдарияның сол жағалаулық суландыру жерлерінде канал магистралдарды қалыптастырған.Бұл жүйедегі ең басты құрылысты орта ғасырдағы Хорезм жүйесі алды (формасы - тармақты әрі ұзын). Олар ірі ортағасырлық Сырдария қалалары: Қыр-үзгенді, Найран-Төбені суландырды.С оғыс кездерінде суландыру жүйесі уақытша өзінің дамуын тоқтатқан болатын.[1]
Жоғырады келтірілген мәліметтер негізінде Сырдария өзенінің игерілу және зерттеу кезеңдерін бірнеше кезеңге бөлуге болады.
Бірінші, революцияға дейінгі (1896-1917) кезең.
Осы кезде қазақтардың негізгі мал шаруашылығы азайып, отырықшылық негізгі маңызға ие болды.Суарылған үлескелер тұзданудың, батпақтанудың т. б. әсерінен жаңа жерлер игеріліп, көлемі ұлғайған болатын. Бұның бәрі Сырдария өзенінің ағысын сол кезде реттей алмауынан болатын. 1910ж игерілген жерлер көлемі 60мың г. жетіп, онда- тары, арпа, бидай, жүгері және бақша дақылдары егілді. Мұнда ең алғаш рет күріш егу 1896ж басталған болатын. Күріштің ауданының ұлғайуымен Сырдария бойында 500 жуық арықтар болды.. Осы өңірдегі қазіргі экологиялық жағдайлар 1908ж инженерлер мен ғалымдардың Қазақстан мен Орта Азиядағы су ресурстарын пайдаланудың жобаларын жасаудан басталған болатын. Оны А. И. Войковтың: гидротехникалық жұмыстардың нәтижелі болуы үшін болашақта біз аз сулы жылдарда Арал алабының суларының бәрін жасанды суландылуға қолдану керек. Көл көп сулы жылдардағы артық сулар ағысы үшін қызымет етеді»-деген сөзінен көруге болады. Ауыл шаруашылығы осындай мәселелермен революциаға дейінгі кезең саяси, экономикалық мәселелердің пайда болуының басталуының тұтас кешені болып табылады.
Екінші кезеңде (1917-1960жж.) бұрынғыдай Сырдария өзенінің ағысын реттей алмау болмады. Өзен суы осы жылдары күрт төмендеді, мұны 1938ж 20 мың г. егістік жердің өліп қалғанынан көреміз. Ондай жағдайдың болуы, біріншіден, коллекторлы тîрлардың болмауынан және өңделген жерлердің тұздануынан. Аймақ территориясында ол кезде еш гидроторап болмаған. Тек 1940ж Қызылорда бекетін салуға мемлекет көңіл бөліп, ол 1957ж іске асты. Осы кездерде суармалы егістік жерлердің ауданы 2,9-4,2 млн.г. өскен болатын. Бұл Арал теңізінің тартылуының бірден-бір себебі. Ал осы жылдары Сырдария өзенінің алабында 72 ірі суландыру каналдары болған болатын
1960ж Арал маңында суландырудың ірі массивтерін игеру бастарлды. Осы кезеңнің соңында Сырдария өзенінің су ресурстарын басқара алмауға күрес мәселесі біртіндеп судың жетіспеушілігі мен оның сапасының төмендеуімен күреске ауысқан болатын.
Үшінші кезең (1960-1980жж.) осы кезеңде көптеген қателіктер негізінде экологиялық жағдайлар күрт өсе бастаған балатын.Мысалы, Қарақұм каналын салу, ірі СЭС салудан көруге болады.
Төртінші кезең (1980 жылдан қазіргі уақытқа дейін) Әр мемлекет өз егемендігін алғаннан кейін өз жерлеріндегі экологиялық мәселелерге көңіл аударған болатын. Дегенмен де кейбір мәселелер өз шешімін әлі тапқан жоқ. Адамдардың табиғи ортаға аштық көзбен қарауы негізінде біз өзіміздің Арал және Балхаш көлдерімізден айырылу қаупінде тұрмыз.


1.2 Физикалық-географиалық жағдайы

Сырдарияның жалпы ұзындығының 1000 км- ден астамы Қазақстан территорясы арқылы өтеді.Сырдария орталық Тянь – Шаньда екі ірі өзен: Нарын мен қарадарияның қосылуынан құралады. Нарынмен есептегенде оның ұзындығы 2900 км-дей, бассейннің жалпы ауданы 462000 кв км , оның 219 000 кв км-і таулы аймаққа жатады.Нарынның құйлысынан төменде Сырдария Ферғана аңғары арқылы оңтүстік – батыс бағытта ағады Ферғана аңғарынан шыққанан кейін өзен солтүстік – батысқа қарай бұрылады. Сырдарияға жоғарғы ағысындағы көптеген салалар қосылады. Ол Қазақстан жеріне суы мол Шыршық өзені қосылғаннан кейін енеді.Одан әрі өзенге тағы да бірнеше салалар құяды ең қосылатын сала Арыс.
Ағынның 70 %-ын құрайтын негізгі көлемі бассейннің жоғарғы жағында Ферғана жазықтығынан шығарға дейінгі жерде қалыптасқан. Шардара су қоймасынан жоғары орналасқан оң жақ жағалау салаларының ағыны Қазақстанға келетін жалпы суқорларының 21–23 % құрайды. Арыс өзенінің жəне Қаратау жотасынан ағып жатқан басқа да өзен ағындарының Қазақстан жеріндегі еншісі 9–7 %. Арал-Сырдария су шаруашылық бассейнінде су қорларының сулылығы орта болған жылдары 17,92 км 3/жыл, ал су аз жылдары 14,24 км 3/жыл бағаланады. Мұндағы ағынның міндетті шығыны 5,82 км 3 /жыл-мен бағаланады. 2,8 км 3 /жыл көлемдегі ағын су өзен арналарының жəне су қоймалардағы судың беткі қабаттарының булануына, сондай-ақ өзен арналарының фильтрациясына жұмсалады. Арал теңізінің деңгейін көтеруге бағытталған экологиялық бос ағызу 3 , 1 к м 3/жыл құрайды. Сулылығы орта болатын жылдарда қолдануға арналған су қорлары 12,02 км 3 –ді, ал 20 жылда бір қайталанатын құрғақшылық жылдары олар 9,3 км 3/жылды құрайды.Арал-Сырдария бассейні, су шаруашылығының қиын жағдайымен сипатталады.Əсіресе Сырдарияның төменгі аймағында өзеннің шынайы тоқтауы жəне өзен суының ластануының жоғарылауы табиғи ортаның Арал аймағындағы қоныс жағдайының төмендеуіне əкеледі. Өзен атырауы өзінің су басқару қабілетін толық жоғалтты. Шөлді аймаққа айналу процесі 2 млн га жерді қамтыды. Сырдарияға коллекторлы-дренаждық сулардың, елді мекендердің, өндіріс пен ауылшаруашылығының ағынды суларының Сырдария өзеніне келіп құйылуы, судың химиялық, бактериялық лайлануына əрі елді мекендердегі халықтың ауруға шалдығуына əкеп соғады. Аймақтағы су проблемасын шешудің басты қиыншылығы - жер үсті су қорларының толығымен ауылшаруашылығында қолданылуы. [32].
Біздің мемлекет көршілес Ресей, Қырғызстан, Тəжікстан жəне Өзбекстан сияқты мемлекеттермен суды бөлу туралы көптеген сауалдарды шешу мақсатында үлкен жұмыс атқаруда. Қытаймен бұрын болмаған дипломатиялық жетістіктерге жеттік. Екіжақтың бірлесуімен трансшекаралық өзендерді қорғау жəне оларды қолдану комиссиясы құрылды. Барлық трансшекаралық мемлекеттермен мұндай келісім жасалғанымен, трансшекаралық су қорларын басқару туралы көптеген шешілмеген сауалдар бар .
Солардың бірі – Сырдария өзен бассейні. Жоғарыда айтылғандарға дəлел ретінде 2003–2005 жылдары Қырғыз энергетиктері электроэнергияны өндіру үшін Тоқтағұл су қоймасына 750 м 3 /сек жоғарылатылған бос ағызулар түсіргендігін айтып кетуге болады. Сырдария өзен бассейнінің су деңгейінің жоғары болуы – Шардара су қоймасына келетін су мөлшерінің артуына жəне су қоймасының уақытынан бұрын толуына алып келді. Қыс кезінде судың жоғары шығындарының өтуі нəтижесінде өзен арнасынан тасып, инженерлік құрылыс, бөгет, егістіктерді шайып, Қызылорда облысының елді мекендерін су басты. Қазақстан Республикасының су қорлары комитеті бұл жағдайды 2 млн АҚШ
долларына бағалады. 2003–2005 жылдары Сырдария өзенінде болған сел, су шаруашылығы мамандарын көпжақты анализге тартуы керек. Неліктен біздің су шаруашылық мамандарымыз тəуелсіздігімізді алғалы бері Сырдария арнасын тазалап, Арал теңізіне суды сүзіп таза күйінде жіберу сауалын қарастырмаған. Мысалы, Өзбекстан территориясындағы Жезақ жəне Новои облыстарында көптеген жайлауларды, жолдарды, электрқуаты жолдарын, тұрғылықты мекендерді су басты. Арнасай көлі деңгейінен асып, барлық суармалы жерлерді басып барады . Сырдарияның төменгі ағысындағы өткізгіштік қасиетінің төмендігіне байланысты Арнасай көліндегі өндірістік түсірілісі, орта есеппен алғанда жылына 3,3 км құрайды.
Сырдария жоғарғы ағысында мұздық және қар суымен қоректенетін кәдімгі тау өзені болып есептеледі. Орталық бөлігінің біраз жерінде және бүкіл төменгі ағысында шөл зонасынан өтетеін жазықтық өзеннің сипатында болады. Бұл жерде өзен маусымдық қар суымен коректенеді.Шиелі поселкесінен төмен қарай Сырдариядан бірнеше тарамдар бөлініп кетеді. Олар: Шиелі,Көксу Сауранбай т.б. Қызылордадан төмен ірі тарам – Қараөзек бөлінеді . Ол Жусалы поселкесі тұсында қайтадан негізгі өзенге келіп қосылады.
Сырдария ұзақ уақыт - апрельдің аяғынан авгусқа дейін тасиды. Сырдарияның шаруашылық маңызы зор. Оның суы негізінен егін суғаруға жұмсалады
Қазіргі уақытта қарастырып отырған территория түгелімен дерлік игерілген. Бұл ежелден келе жатқан аридті территорияның орталығы. Алғашқы кездердегі суландыру жүйелері бірті-бірте дамып, осы жердің өркендеуінің алғы шарты болды.Өлкені барлап қарағанда оның барлық ландшафтық құрылымдарының өзгергенін көруге болады [5].
Бұрынғы КСРО-ның жалпы суармалы егістіктерінің жартысы Сырдария өзенінің бойында орналасқандығы белгілі. Бұл жерлер Қаратау жотасы мен Қызылқұм үстірті арасында орналасқан үлкен үшбұрыш іспетті. Жалпы территория ендік бағытта 400км, ал меридиан бағытта 200-250км-ге созылып жатыр. Яғни Сырдария өзенінің атырауы теңіз бағытымен баяу ылдилап орналасқан жазықтық болып келеді. Жазықтың әр жерінде жатаған жусан өскен шағыл құм төбелер мен жалды бұйрат құмдар кездеседі. Кейде биіктігі 60-80м жететін жалғыз жарым төбелер мен биіктігі 40м болатын ежелгі қорғанның орындары-асарлар да кездеседі. Мысалы, Жеті асар, Шірік, Құмқала т. б.
Атыраулық жазық шығыстан батысқа қарай 140-151м абсолюттік биіктіктен (Шиелі, Тартоғай бекеттеріде), 100м абсолюттік биіктіктен (Жосалы), 55м абсолюттік биіктікке дейін төмендейді. Ауданның шекарасы: батыста-Арал теңізі жағалауындағы құмды массивтермен, оңтүстігінде-Қызылқұмның жоғарғы құмдарымен, ал солтүстігінде-Сырдарияның қазіргі арнасының суландырылған зонасы (көлдік және батпақты ойпат) болып табылады.
Ерте кезде қазіргі Сырдария атырауы мен Арал теңізінің орнында бір-біріне ұқсамайтын, тіркесе жатқан үлкен екі қазаншұңқыр болған. Сырдария өзені өзінің бастауын Тянь-Шань тауларынан Ферғана даласында түйісетін кішігірім өзендерден алады да, Сырдария болып алдымен Қызылорда қазаншұңқырына құйған. Шөлді аймаққа қатты ағыспен аққан өзен, ғылым деректер бойынша, бұл шұңқырды 56 мың жылда шөгінділермен толтырған. Осы ойпат қазір Сырдария ойпаты деп аталады. Ойпаттың ең терең жері Тартоғай станциясы тұсынан басталып, Тереңөзекке дейін созылып, одан оңтүстік батысқа қарай Жаңадарияның арнасын бойлай созылып жатыр. Батысындағы екінші қазаншұңқырда-қазіргі Арал теңізі орналасқан.
Қазіргі кезде бұл жерлер отарлы мал жайылымына айналған. Дегенменде егістік жерлердің алқаптары аймақтың жағдайына қарамай-ақ әлі де болса көлемдері ұлғаюда.


1.3 Геологиялық құрылымы және геоморфологиясы

Жыныстардың литалогиясы жер бедерінің белгілерін, жер асты және жер беті суларының қалыптасу ерекшеліктерін анықтайды, топырақ және аймақтың экологиялық жағдайына да өз ықпалын тигізеді....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру