Биотехнология | Дәндік жүгеріге минералды тыңайтқыштар
Мазмұны
Кіріспе ................................................................................................................2
I Әдебиетке шолу................................................................................................4
1.1 Жүгерінің биологиялық ерекшелігі.............................................................5
1.2 Топырақ – климаттық жағдайлары.............................................................11
II Экспериментальды бөлім
2.1 Жүгері өсетін аудандардың климаты мен топырағының сипаттамасы......................19
2.2. Зерттеу нысаны және әдістемесі.........................................................................................23
III Негізгі бөлім
3. 1. Агрохимиялық картограммалар және өсімдіктерге керекті
тыңайтқыштарды анықтау жолдары………………………………………………….24
3.2. Жүгерінің өсу кезеңдерінде топырақтағы жылжымалы қоректік
заттарға тыңайтқыштардың әсері……………………………………………………27
3.3. Тыңайтқыштардың жүгері өніміне әсері………………………………………..34
3.4. Жүгері өсірудің индустриалды технологиясы мен
тыңайтқыштарды қолданудың кейбір ерекшеліктері …………………………42 3.5 Дәңдік жүгері өсіру технологиясының үлгісі…………………………………44
3.6. Дәндік жүгеріні суармалы жағдайда өсіру технологиясында минералды тыңайтқыштарды енгізудің экономикалық тиімділігіне баға беру…………46
3.7. Дәндік жүгеріге минералды тыңайтқыштарды енгізудің экологиялық негізі……………………………………………………………………………..49
3.8. Жүгері егісіндегі арамшөптермен күресу жолдары…………………….51
3.9 Еңбекті қорғау және тіршілік – қауіпсіздік бөлімі………………………..52
Қорытынды............................................................................................................54
Қолданылған әдебиеттер......................................................................................55
Тақырыптың өзектілігі. Елімізде, оның ішінде Қазақстанда азық-түлік программасын орындауда жүгерінің адамға да, малға да азықтық қасиеті орынды бағаланып отыр. Сондай-ақ өнеркәсіпте бағалы шикізат есебінде әр түрлі мақсаттарға пайдаланылуы біздің республикамызда жүгеріні кең көлемде өсіру қажеттігі мен мүмкіншіліктерін айқындады.
Республикамызда тың және тыңайған жерлердің игерілуі қуатты егіншілігі мен мал шаруашылығы дамыған ірі шаруашылықтар құруға негіз болды. Ауыл шаруашылығының интенсивті дамуы мал шаруашылығы үшін қажетті құнарлы да мол мал азығын дайындауды қажет етті. Осындай бірден-бір дақыл жүгері болып табылады.
Қазіргі уақытта жыл сайын республиканың барлық аймақтарында ол — сүрлем үшін 2,8 миллион гектарға, оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарында — дәндік жүгері есебінде 140 мың гектарға өсіріліп келеді.
Оңтүстікте дәндік, сүрлемдік жүгеріден тұрақты мол өнім алынып жүр. Ал, солтүстік аудандарда жылы кезең қысқа болатындықтан, жүгерінің бапталу, өсу мерзімі 95—100 күннен аспайды. Сондықтан, мұнда жүгерінің ерте пісетін бұдаң және сортты тұқымдары сүрлем үшін егіледі.
Ол гектарына 150—300 центнерге дейін сүрлемдік көк балауса береді. Солтүстік аудандардағы азықтық сапасы жөнінен жоғары мұндай өнімді басқа дақылдардың бір де біреуі бере алмайды.
Елімізде пайдаланылатын егістік жерлердің көлемі жылдан жылға тұрақталып келеді. Осыған байланысты астық дақылдарының өнімін молайту, оның сапасын жақсартудың басты шарты — әр түрлі тыңайтқыштарды тиімді қолдану болып табылады.
Топырақ өзінің құрамындағы қоректік заттарды неше ғасыр мол жинақтап, жаңартып жатса да, бірнеше жылдар бойы бір жерге қайта-қайта егілген дақылдарға оны пайдалануға байланысты бұл қорлар ерте ме, кеш пе азая бастайды. Дәндік жүгерінің әр тоннасы топырақтан 100 килограмға жуық қоректік заттарды алатынын ғылым дәлелдеп отыр. Топырақтан кеткен осы қоректік заттар шығындарының орнын үнемі әртүрлі тыңайтқыштармен толықтырып отыру керек.
Қазіргі кезде республикамыздың оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарының әртүрлі климат-топырақ аймақтарында егілетін жүгері егістігіне тыңайтқыштар жеткілікті мөлшерде қолданылады. Соған қарамастан оларды пайдалану жөніндегі нақты зерттеу жұмыстары аз. Қөптеген шаруашылықтардағы әр гектардан алынған өнімдер әлі де болса жоғары деңгейде болмай отыр. Осы зерттеу жұмыстарымыздан басқа да, ғылыми мекемелердің қорытындылары, әртүрлі құнарлылықтағы топырақ пен алғы дақылдарға егілген дәндік жүгерінің сорттарына сай қолданылатын тыңайтқыштардың нормасы, мерзімдері және тәсілдері, шаруашылықтардағы оларды қолданудың озат тәжірирелері мен экономикалық тиімділігі, қоршаған ортаны сақтау жолдары баяндалады.
Зерттеу мақсаты. Оңтүстік Қазақстан облысының кәдімгі сұр топырақты аймағында дәндік жүгеріні егіп өсіру технологиясында оларға әр түрлі мөлшерде минералды тыңайтқыштарды қолданып, оның өнімділікке әсерін анықтауға мақсатталған. Зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында жүгеріні суармалы жерге өсіру бағытында аудандастырылған Қазақстан 43ТВ және Узбекстанская зубовидная сорттары егілді.
Зерттеу жаңалығы мен міндеті. Дәндік жүгеріні суармалы жағдайда өсіру технологиясында минералды тыңайтқыштарды әртүрлі мөлшерде енгізіліп дәндік жүгерінің өнімділік деңгейі анықталды. Зерттеу жұмыстарын жүргізуде алдымызға қойған мақсаттарымыз:
- қоршаған ортаны қорғай отырып дәндік жүгеріге минералды тыңайтқыштарды енгізу мөлшерін анықтау;
- тәжірибе барысында бақылау мен басқа нұсқалардағы жүгерінің өсіп-даму кезеңіндегі ерекшеліктерді анықтай отырып, оның өнімділікке әсеріне көз жеткізу.
I Әдебиетке шолу
Сурамалы жағдайда өсімдіктерге минералды твыңайтқыштарды енгізіп, топырақтың қоректі қорын арттыру арқылы ауыл шаруашылық дақылдарынан жоғары сапалы өнім алуға болады. Топырақ ылғалдылығы мен қоректік қорларын біркелкі жақсарту жақсы өнім кепілі. Шет елдерде дәндік жүгеріге минералды тыңайтқыштарды енгізу тәжірибе жұмыстары көптеген жылдар зерттеулер жүргізіле отырып, мынадай тұжырымға келді. АҚШ ғалымы З.И.Журбицкий (1) жүргізген тә жірибе қорытындыларына сүйенсек, дәндік жүгеріге NPK тыңайтқыштарын 2:1:1 қатынасында қолданған тиімділігі анықталды. Бұндай жағдайда дәндік жүгерінің 1 гектердан алынған өнімі 60 ц/га жеткен.
Р.А.Канидич (2) мәлімдемесі бойынша қара топырақсыз аймақтарда N90P60K60 мөлшерде енгізу жоғары көрсеткішке ие болған. Ал азот- фосфор немесе фосфор-калий тыңайтқыштарын жұбымен енгізу тиімсіздігі анықталды.
Украина ғалымы Н.И.Михайлов (3) тұжырымдамасы бойынша минералды тыңайтқыштарды енгізуде негізінен топырақтағы қоректік элементтер қорына байланысты екендігі айтылған. Қазіргі жағдайда көптеген шаруашылықтарда көп мөлшерде минералды тыңайтқыштарды қолдану қосымша өнімімен ақталады.
Қостанай облысы Қарабалық тәжірибе станциясы (4) мәліметтері бойынша кәдімгі қара топыраққа егілген дәндік жүгерінің өнімділігіне фосфор тыңайқышы елеулі әсер еткен.
А.С.Обрацовтың (5) тұжырымдамасы бойынша жүгеріге үстеме қорек ретінде азот тыңайтқышын енгізу (РК жеткілікті болса) өсімдік өсуі жеделдеп, өнімділік артады.
К. А. Тимирязев (6) жоғары өнім алу үшін ең алдымен өсімдіктің нені қажет ететінін, қорекпен қалай қамтамасыз етіліп отырғанын білу керек дегенді. Демек, табиғи ерекшеліктеріне, қажетінің өтелуіне сәйкес жүгері тұрақты жоғары өнім береді.
Шыққан тегі жағынан алсақ, жүгері жылылықты сүйетін дақылдар қатарына жатады. Осыған байланысты ол өте сезімтал, өзін қоршаған ортаға (жарыққа, жылуға, ылғалға, қорекке) талап қойғыш. Жүгеріні баптау кезінде мәселенің осы жағына баса назар аудару керек.
Жүгерінің өзіне тән ерекшелігі сол, вегетациялық өсу кезеңінің бірінші жартысында (шашақтануға дейін) баяу, екінші кезеңінде (әбден піскенге дейін) қарқынды өседі. Жүгері құрғақ заттың алтыдан бір бөлігін өсуінің алғашқы екі айында, алтыдан бес бөлігін онан кейінгі бір жарым айда жинайды. Жүгеріден мол өнім алу үшін осы аймаққа лайық келетін агротехниканы қолданған жөн. Жүгеріде фосфордың жетіспейтін шағы —үш-төрт жапырақ шыққаннан кейіңгі екі апта. Осы кезде фосфор жетіспесе дән байланбайды, өнім күрт төмендейді. Жүгері азотты сабағы мен жапырақта-рының өсуі кезінде және содан кейін көп керек етеді. Алғашқы айда азот берілмесе, өнім күрт төмендеп, дән байлауы нашарлайды. Сегізінші және тоғызыншы жапырағы шыққан кездерде азот пен фосфор жеткілікті болса, онда жүгеріден мол өнім күтуге болады. Д. Н. Прянишников, И. В. Якушкиннің (7) мәліметі бойынша басқа жаздық дақылдарға қарағанда жүгері бойлап өскен жылдары топырақтан азот пен фосфорды 1,5—2 есе, калийді 3—5 есе көп қабылдайды. Сорттар мен будандардың биологиялық ерекшеліктеріне қарай топырақтағы минералдық элементтерді қажетсінуі әркелкі болады.
Жүгері топырақтан қоректік заттарды мол алатын дақыл. Оның қоректік заттар пайдалануының белгілі кезеңдері бар. Қоректік заттарды көп пайдаланудың бірінші кезеңі — жүгерінің жапырағы көктеп жетіле бастағаннан шашақ салғанына, дейін созылады. Екінші кезеңі — 15—20 күн щамасында өте қысқа болғанымен, бұл — жүгерінің қоректік заттарды сіңіру қабілетінің жоғарылайтын тұсы. Ғалымдардың жүргізген зерттеулеріне қарағанда, осы кезеңнің әрбір күнінде жүгері топырақтың бір гектарынан 6—7 кг азот, 2 қг фосфор және 10—12 кг калий заттарын пайдаланады екен П. Г. Найдин (8).
Жүгері өсімдігі өзінің вегетациялық дамуы кезінде минералдық элементтерді бір қалыпты қабылдамайды.
Омскінің қара топырақты аймақтарында жүгерінің кұрғақ зат түзуі мен минералдық элементтерді қабылдауын 4 жылы бойы зерттеген А. П. Белов (9) бұл дақылдың қоректік зат қабылдау процесі құүрғақ зат түзу про-цесімен сәйкес болатынын анықтаған. Жүгерінің құрғақ зат түзуінің ең жоғары шегі (56,3—61,9) процент интенсивті даму кезінде, яғни, дақылдың 8 жапырақты кезінен собықтарының култеленгеніне дейінгі аралығында жүретінін анықтаған. Бұл кезде өсімдік топырақтағы жалпы азоттың 88,9—89,5 процентін, фосфордың 74,6—85,4 процентін, калийдің 90,5—106,5 процентін қабылдайды. Күлтеленуден сүттену процесіне дейін өсімдіктің құрғақ заты мейлінше өсе түседі.
Қорыта айтқанда әрбір аймақтың топырақ - климат жағдайы мен топырақ құрымындағы макро, микро қорларына байланысты минералды тыңайтқыштарды енгізу әртүрлі болып келеді.
1.1. Жүгерінің биологиялық ерекшеліктері
Өсіп-өну және даму. Жүгері дәнді дақылдар тобына жатады. Тамыр жүйесі шашақты, ұзын, торкөзді, 3 метр терендікке дейін, ал жан-жағына 1 метрге дейін жайылып өседі. Тамыр системасының 60 проценті топырақтың айдалатын қабатында болады. Жүгері тамыры топырақтың үлкен аумағынан қоректік заттар мен ылғал әкеліп жатады. Нәтижеде жүгері топырақтағы қоректік элементтерді басқа дәнді дақылдардан гөрі жақсырақ пайдаланады. Басқа дақылдардан айырмашылығы жүгері өсімдігінің төрт түрлі тамыры болады. Олар: ұрық тамыры, алғашқы буын тамыр, негізгі тамыр және тіреуіш тамыр. Кейінгі қосымша тіреуіш топырақтан жер бетіне шығып тұрады. Жүгерінің алғашқы даму кезінде тамыр жүйесі өте тез өседі. Е. Амантаев., Н. Нечипоренко мәліметтері бойынша көгеріп шыққаннан кейін 7—8 күнде жүгері тамыры 25 сантиметр тереңдікке дейін барады.
Әйтсе де алғашқы егілген күндері жүгерінің өніп, өсуі өте баяу болады. Бірақ, өсуіне қолайлы жағдайларда әсіресе, шашақтану кезінде бір тәулікте 10—12 сантиметрге дейін өседі. Ал гүлденгеннен кейін есуі тоқтайды. ІІІашақтану кезінде, он күннен кейінгі гүлдену дәуірінде жүгері өзінің жалпы органикалық массасының 75 процентін жинақтайды.
Жүгерінің тамыр жүйесі көлемінің тәуліктік ұлғаюы 7, 12, 13 жапырақтарды шығару сатыларына жеткенде ерекше байқалады. Өсіп-өну сатыларындағы жүгерінің ең қажетті кезеңдері сабағының қалыптасуына әсер ететін 2—3 жапырақты шығару сатысы, сондай-ақ собығының қалыптасуына әсер ететін 6—7 жапырақтар шығарған кезі болып саналады (Н. М. Третьяков, 1979).
Жүгері 5 жапырақты болғанда оның тамыры жан-жаққа 11—13 -сантиметрге дейін тарамданып өседі. Жүгерінің басқа дәнді дақылдардан ерекшелігі сол сабағы біреу болады да, сорт өзгешеліктеріне қарай биіктігі 0,6—6 метрге жетеді.
Жүгері — бір ұялы және қос жынысты өсімдік. Аталығы түбірінің жоғары жағында шашағында орналасқан, аналық жынысы собығында, жапырақтар қабығымен қоршалған. Шыққан сабағы жуан, цилиндр тәрізді, қалыңдығы 2—7 см, жақсы жапырақтанады, жапырақтарының саны 13 пен 28 арасында болады. Жүгері жер шарының солтүстік ендігінің 58 градусынан оңтүстік ендіктің 40 градусына дейінгі аралықта — ойпаттарда, қыратта да, тіпті тау бөктерлерінде де өсіріледі. Мұның өзі жүгерінің топырақ - климат жағдайлары әр түрлі жерге өсуге бейімділігін, өміршеңдігін көрсетеді. Әйтсе де, бұл дақылдың бейімділігіне қарамастан, әр түрлі өсіп-өну, даму сатыларында оған қоршаған ортаның әсерін білу жүгерінің биологиясын жетік меңгеруімізге, тиімді агротехникалық шараларды жүзеге асыруымызға мүмкіндік -береді.
Жүгерінің Отаны — Америка. Оның Мексика және Гватемала тропикалық-субтропикалық аймақтары. Жүгері дәнінің алғашқы үлгілері ХV-ғасырдың аяғында Европаға әкелінді. Алғашында сирек кездесетін сәнді өсімдік ретінде, содан соң астық және мал азығы ретінде бағаланды. Жоғары өнімділігі, өсіру технологиясының қарапайымдылығы, оның бағасын арттырады. Лезде жер шарының барлық түпкірлеріне, оның ішінде мал шаруашылығы дамыған елдерге тарады. Жүгері бұл күндері алпыстан астам мемлекетте өсіріледі.
Америка ғалымы Мак-Милен жүгеріні кез-келген қазба байлықтан алынатын шикізаттардан артық деп бағалаған. Қазба байлықтар үнемі пайдаланғанда қорын сарқады, өсімдіктер, оның ішінде жүгері өзінің қорын кемітпейді. Қазіргі кезде жүгері егістігінің көлемін ұлғайту — оны әртүрлі мақсаттарға пайдалануға мүмкіншілік туғызды.
Дүние жүзі бойынша шетелге шығарылатын жалпы дәнді дақылдардың ішінде дәндік жүгерінің үлес салмағы 26 процентке жетті (бидай 52, күріш — 7, арпа — 7 процент). Жүгері дәнін шетелге шығарушы негізгі ел — Америка, бұл жерде оның үлес салмағы — 52 процент. 1965—1967 жылдары Америкада жүгері дәнінің шығымдылығы гектарына 45 центнерден келсе, басқа дәнді да-қылдардың шығымдылығы гектарына 20,8 центнер болды. Яғни, жүгерінің әр гектардан алынатын өнімділік мөлшеріне ешқандай дәнді дақыл теңдесе алмайды.
Америкада мал азығына берілетің жемнің 73 проценті — жүгері дәні. Қазіргі кезде Америка Құрама Штаттары жер жүзіндегі өндірілетін жүгерінің 44 процентін береді.
Сүрлем үшін өсірілетін жүгерінің аумағы барлық егіс көлемінің 8 процентіне тең, оның әр гектарынан 200—230 центнерден өнім алынады.
Республикамыздың оңтүстік және оңтүстік шығыс облыстарында егілетін дәндік, сүрлемдік жүгері егістігінің басым көпшілігі жылдық жауын-шашын жиынтығы 200— 250 мм болатын аймақтарда орналасқан. Әрі мұндай топырақ қоректік органикалық заттарға кедей. Сондықтан, біздің республикамыз жер жүзі мен Одақ көлемінде климат — топырақ аймағы анағұрлым өзгеше және қатаң болуымен ерекшеленеді.
Жер жүзінде дәндік жүгері азық-түлік ретінде (20— 25%), мал азығына (55—60%) және түрлі техникалық мақсаттарда (15—20%) өнеркәсіпте шикізат есебінде пайдаланылады. Жүгеріден өнеркәсіпте 150-ге жуық әр түрлі азық-түлік, техникалық заттар, майлар, сыра, крахмалдар, т. б. алынады. Бұл заттарға қосымша кондитер, консерві өнеркәсібіне бояулар, әртүрлі ерітінділер, ацетон, фурфурол, желім, спирт, қағаз, жасанды тығын, пластмассалар, дәрі-дәрмектер алынады.
Басқа дақылдарға қарағанда жүгері құрамында белок аз. Қазір оны белогі көп дақылдармен (соя) араластырып егіп, аса құнарлы сүрлем дайындау жүзеге асырылып жүр.
Қоректілігі жағынан алғанда жүгері дәні басқа дәнді дақылдардан артық. Мысалы, 1 кг жүгері дәнінде 1,34 мал азықтық өлшем болса, ал сұлыда — 1, арпада — 2,26, қара бидайда — 1,18-азықтық өлшем бар. Жүгері басқа дақылдарға қарағанда құрамындағы құрғақ заттың бір өлшемін құруға суды аз жұмсайды. Сонымен қатар жаздың екінші жартысындағы жауынды, топырақ-тың төменгі қабатындағы ылғалды, қоректі заттарды жақсы пайдаланады.
Жүгері — өте жақсы алғы дақыл. Аңыздық егістіктерде желден қорғау және қар тоқтатуда ықтырмалы өсімдіктер ретіндегі жүгерінің маңызы ерекше. Жүгері егістігі басқа дәнді дақылдар секілді оттегі қорын молайтып, қоршаған ортаның ауасын жақсартады.
Жүгері егістігі алғы дақылдарды онша көп таңдамайды. Басқа дәнді дақылдардан ерекшелігі сол, ол отамалы дақыл ретінде топырақтардың бірнеше рет өңделуіне байланысты, әртүрлі тыңайтқыштар, гербицид жеткілікті беріліп, агротехникалық шаралар мен суару дер кезінде жүргізілген жағдайда ауыспалы егісте және бір орынға қатарынан бірнеше жыл егілген жүгері егістігінің өнімдері жоғары және бірдей болады.
Жүгері егістігін молайту басқа дақылдарға қарағанда зкономикалық жағынан тиімді. Жүгерінің әр гектарынаң 30—35 центнер құрғақ дән және 210 центнер қосымша сабан алынады. Мұны мал азықтық өлшемге шаққанда 6750 болады екен.
Жүгері дәнінде 60—70% углевод, 9—12% белок, 4— 7% май, минералды тұздар мен витаминдер бар. Сондықтан жүгері дәні барлық мал түлігі және құстар үшін өте бағалы жем болып табылады.
Жүгерінің көк балаусасы да қоректік заттарға өте бай, одан малға жұғымды, жоғары сапалы сүрлем дайындалады. Бұл үшін ең тиімді кезең — жүгері дәні сүттеніп, қамырланған кез. Осы кезде дайындалған жүгері сүрлемінде құрғақ заттар — қорытылатын протеин көп болады. Ғылыми мекемелердің мәліметтері бойынша 5 кг жүгері сүрлемінен 1 килограмм сүт алынады.
Гүлдену кезінде де жүгері көк шөп ретінде малға беріледі. Бұл уақытта жүгері балаусасы жақсы жапырақтанып өседі оның құрамындағы протеин мөлшері артады. Дәнге орып жинағаннан кейін де жүгері сабаны, құрғақ жапырақтары мен сабақтары, басқа дақылдар сабағына қарағанда қоректік заттарға бай, жемшөптік сапасы жоғары болады.
Жүгері сабағы салмағының бестен бір бөлігі собық өзегіне тиеді, онда қоректік заттар көп. Сондықтан собық өзегін майдалап турап, ұнтақтап, дәнмен араластырып малға жем ретінде береді.
Жүгерінің агротехникалық маңызы да үлкен. Оның қатараралығын культивациялау кезінде арамшөптер жойылып, жүгерінің және одан кейін егілетін басқа дақылдардың өсуіне жағдай жасалады. Жүгері биік өсіп, қалың жапырағымен жер бетін көлеңкелеп, микробиологиялық процестерді жақсартады. Жүгерінің басқа дақылдармен салыстырғанда жақсы алғы дақыл болып саналуының себебі де осында. Республиканың оңтүстік-шығысындағы суармалы аймақта, жүгеріні аңыздық дақылдардан кейін себе беруге болады.
Жүгері егістігінен жылына екі рет өнім алуға болады. Республикамызда мал азығын дайындау мен егіншіліктегі маңызды агротехникалық шаралардың негізі ретінде де жүгерінің пайдасы орасан зор. Қайталап егу кезінде жер органикалық заттарға байып, осының нәтижесінде топырақтың физикалық қасиеттері жақсарып, зиянды арамшөптерге қарсы күресуде басты роль атқа-рады.
Бұл міндетті орындауда оңтүстіктегі суармалы егіншілігі бар аудандардың маңызы өте зор. Себебі, бұл аудандарда көптеген ауыл шаруашылық дақылдарының өнімі ерте жиналады. Және дәл сол жерде екінші өнім алуға керекті жағдайлар толығымен пайда болады. Суармалы жерлерде егілген жүгері егістігі суарылмайтын жерлердегі егілген жүгері егістігіне қарағанда қоршал-ған ортаныц микроклиматына игі әсер етеді. Басқаша айтсақ, 30 градустан асқан күндер санын — 2 есе, құрғақшылықты— 10 есе азайтып, ауаның абсолюттік температурасын — 15 градусқа дейін төмендетеді.
Аңыздық дақылдарға егілген жүгері егістігі ауыл шаруашылығының жалпы өнімін көбейтетіні мәлім. Ол сонымен қатар, суармалы жерді, ылғалды, күн қуатын, жылылықты, жұмыс күшін, техниканы және қаржыны мейлінше тиімді де толық пайдалануға мүмкіндік береді.
Мұндай ауқымды міндеттерді орындау үшін осы уақытқа дейін пайдаланылмай келе жатқан табиғи резервтерді іске қосудың маңызы зор. Республикамызда, әсіресе, оның оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы суармалы аймақтарда, осы уақытқа дейін жөнді пайдаланылмай
келе жатқан табиғи резервтердің бірі — аңыздық егіс. Осы аймақтарда....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: дипломдык Дәндік жүгеріге минералды тыңайтқыштар жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар жобалар Биотехнология дипломдық жұмыстар, Дәндік жүгеріге минералды тыңайтқыштар