Қазақ тілі | Диалог түрінде сөйлеуге үйретудің әдістемесі
Мазмұны
КІРІСПЕ .......
1 Диалог түрінде сөйлеуге үйретудің теориялық негіздері...................
1.1 Ағылшын тілі сабағында диалог түрінде сөйлеуге үйрету әдісі
1.2 диалог түрінде сөйлеуге үйретудің негізгі әдісі- мәтін..................
1 – Бөлім бойынша тұжырым...............................................................
2 Диалог түрінде сөйлеуге үйретудің әдістемесі
2.1 Диалогты ағылшын тілі сабағында қолдану жолдары
2.2 Тәжірибе жұмысының қортындысы
ҚОРТЫНДЫ......................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер .........
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Қазақ тіл білімі ғылымында жалпы ауызекі сөйлеу тілі және оның диалогтегі көрінісі, олардың тілдік сипаттары мен түрлері бірқатар зерттеулердің нысаны болғанмен, ауызекі диалог пен көркем диалог, олардың стильдік ерекшеліктері осы күнге дейін бір концепция тұрғысынан арнайы зерттелген емес.
Диалог теориясының негізін жалпы тіл білімінде Ш. Балли, Л.В.Щерба, Л.П.Якубинский, Е.Д.Поливанов, В.Н.Волошинов, В.В.Виноградов, М.И.Бахтин, Ю.В.Рождественский т.б. сынды лингвистердің қалағаны белгілі. Ал, қазақ тіл білімінде диалог мәселесін алғаш рет қазақ тіл танымының негізін салушылар А.Байтұрсынұлы мен Қ.Жұбанов көтерген болатын.
Ауызекі сөйлеу тілінің айтылуы мен жазба тілде қолданылуы бірдей емес. Жазба тілде ой стильдің өзіне тән, оған қажетті сөздерімен жүйеленіп, бір жақты баяндалып отырса, сөйлеу тілінде тыңдаушыларға лайықтанып, жазба тілдік үлгіден ауытқып отырады, дыбысталудағы сөйлеу тілінің жазба тілден өзгешелігі сөйлеу тілінің ауызша формасында іске асады.
Ауызекі сөйлеу барысында сөйлеуші алдына қандай мақсат қойса да, ол қашанда тыңдаушы реакциясын күтеді. Бұл тағы да коммуникативті процесті сөйлеуші интенциясы мен тыңдаушы реакциясымен санаса отырып зерттеу керек екенін нақтылай түседі. Сөйлеуші өзі үшін ғана емес, басқалар үшін сөйлейді.
Ауызекі сөйлеуде тілдің қатысымдық қызметі айқын көрінеді. Ауызекі сөздің диалог түрінде жұмсалуы оның лексикалық құрамы мен синтаксистік құрылысына әсерін тигізеді.
Диалогке құрылған сөйлеу тілінде лексика мен синтаксистің ауызекі және кітаби,стилішілік және стильаралық құралдарының бір мезгілде өзара жақын әрі қарама-қарсы екі тип ретінде жіктелуін зерттеу, сонымен қатар, олардың өзара қарым-қатынасы мен қызметін анықтау мәселесі шешімін табуға тиісті маңызды мәселелердің қатарына жатады.
Зерттеуде диалогке тән «сөз - белгілерді» әр түрлі қырынан алып қаралады. Диалогті құрастырушы компоненттер ретінде оларды орналасу қызметіне қарай сөз бастаушы, байланыстырушы, мақұлдаушы, әр түрлі эмоцияларды жеткізуші, бағалаушы, нақтылаушы, қолдаушы деп бірнеше түрлерге бөлуге болады. Бұл бірліктерді диалогтің құрылымдық-мазмұндық аспектісі тұрғысынан және одан жоғары қатысым стратегиясы тұрғысынан қызметтерін анықтауға, бағалауға болады. Мәселен, қолдаушы мақсаттағы сөз-сигналдарды сөйлеуші де, тыңдаушы да қолдана алады. Тыңдаушы қолдаушы мәнді сөз- сигналдарын ынтымақтастық принципіне сай қарым-қатынас, сыпайылық этикетін сақтау үшін, қарым-қатынас стратегиясын дамыту үшін қолданады. Сөйлеу тілінде сөйлеушілердің осы мақсатын жүзеге
асыруға қалыптасқан, дағдыланған сөз-сигналдары – сөйлесім түрлері бар. Олар ешқандай хабар жеткізбесе де, сөйлеушілер арасында сенімді қарым-қатынасты қалыптастырып, тыңдаушының әңгімелесуге белсенді түрде араласып, сол арқылы сөйлеушіге қозғаушы күш беруіне көмектеседі. Қолдаушы сөйлесімдер тыңдаушының мақұлдауын, қызығушылығын, нақтылауын, сөйлеу кезегін өзіне алуын, беретін бағасын жеткізуі мүмкін.
Көркем диалогті сөйлемде стильаралық синтаксистік құрылым қолданылады. Алайда, стильаралық құрылым көркем диалогте трансформацияға ұшырайды, ол диалогтің ауызша және жазбаша формаларының өзара әсерлесуінен туындайды. Ауызша диалогтің әсері трансформациялық құрылым қызметінде қаратпа сөздердің, кідірістердің, ерекше интонациялардың болуына әкеп соғады.
Тілдің қандай құбылыстары болмасын, көркем шығармада эстетикалық қызмет атқарып, белгілі көркемдік, стильдік мақсатта жұмсалып тұрады. Тілдің бейнелеу құралдары шығарманың көркем құрылысын жасауға бірдей дәрежеде қатыспайды. Ауызекі сөйлеу тіліндегі күнделікті сөз қолданыстары көркем шығармада жазушы тілінің өзіндік стильдік ерекшелігін байқатады.
Белгілі бір шығарма құрылысында бір тілдік категорияның конструктивтік рөлі өте жоғары болады да, басқа тілдік мәнбілерде төмен болуы мүмкін. Әртүрлі жазушылардың сөз қолданыстарының түрліше болатындықтарын көрсетеді. Тіпті, бір жазушының өзі творчестволық өсу дәуірінің кезеңіне сай өзгеше тілдік құралдарды пайдаланып отыруы мүмкін. Бұл құбылыс сол жазушының стильдік эволюциясымен тығыз байланысты. Жазушы тілінің синтаксистік, құрылымдық құралдарының көркемдік қызметі айтарлықтай мәнге ие де, енді бірінде метафоралық көркемдеу құралы шынында да, ол жазушының өзіндік стильдік ерекшелігін байқатады.
Көркем диалог сөйлемде стильаралық синтаксистік құрылым негізінде қолданылады. Алайда, стильаралық құрылым көркем диалогте трансформация процесіне ұшырайды, ол ауызша диалогтің әсерінен болуы да мүмкін, немесе жазбаша формасының әсер етуінен туындайды. Кітаби-жазбаша стильдің әсерінен стильаралық ой бөлісуге кітаби нышан беріледі, ол өзінің құрылымында қайталаудың, бірыңғай мүшелердің, ерекшеленген анықтамалардың пайда болуынан көрініс табады. Ауызша диалогтің әсері трансформациялық құрылым қызметінде қаратпа сөздердің, кідірістердің, ерекше интонациялардың кездесуіне әкеп соғады.
Тілдік ресурстардың стильдік жіктелуі қазақ әдеби тілінде толық қалыптасты деп айта алмаймыз, ол әлі қалыптасу үстінде және оларды айқын ажыратып жіктеу жұмысы да толық көлемінде жүргізілген жоқ.
Көркем әдебиеттегі диалог, оның стилі, құрылысы – өте күрделі мәселе, сан-салалы мәселелерді қамтиды. Жалпы, қазақ филологиясында төл сөздің бір түрі ретінде диалогке, оның құрамына, синтаксистік құрылымына, персонаждың тіл ерекшелігі мен жалпы түрлеріне арнайы тоқталған толық зерттеулер жоқ. Мұның басты себебі анықталған категориялары мен белгілі шекарасының болмауы тәрізді.
Жұмыста ауызекі сөйлеу тілі мен көркем мәтіндегі сөйлеу тілінің лексикалық, грамматикалық, стилистикалық ерекшеліктері ашылады. Қазақ тіл білімінде ауызекі сөйлеу диалогі мен көркем шығарма диалогі лингвостилистикалық сипаттама тұрғысынан әлі күнге дейін арнайы зерттелген жоқ. Тілдің қандай да құбылыстары болмасын, соның ішінде ауызекі сөйлеу тілінің құбылыстары да, көркем шығармада эстетикалық қызмет атқарып, белгілі көркемдік, стильдік мақсатта жұмсалып тұрады. Стильаралық бірліктер көркем диалогте транскрипция процесіне ұшырайды, ол ауызша диалогтің әсерінен болуы да мүмкін немесе жазбаша формасының әсер етуінен туындайды. Зерттеу тақырыбының өзектілігі осы айтылған жайлардан туындайды.
1 ДИАЛОГ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТІЛ БІЛІМІНДЕ ЗЕРТТЕЛУІ
1.1 Диалогтің табиғаты және тіл біліміндегі зерттелуі
Диалог сөзі гректің "діа1оgos" сөзінен пайда болған. Оның мағынасы – жалпы сөйлесу, екі я одан да көп адамдардың өзара әңгімелесу ұғымын білдіреді. Тіл білімінде ол екі не одан көп адамдардың кезектесіп сөйлесу формасын білдіретін термин ретінде қолданылады яғни, диалог – екі немесе бірнеше қатысушылардың бірігіп, бір тақырып төңірегінде пікірлесуі. Диалогқа қатысушылардың ойлары әр түрлі болады: келісу, талқылау, сұрақ-жауап, ойдың бірдей шығуы т.б.
Диалогті зерттеу бүгінгі таңдағы коммуникативті лингвистиканың негізгі нысанындарының бірі болып тұр. Қазіргі тіл білімінде қарым-қатынас қызметі жеке бірліктер түрінде емес, өзара хабар алысатын саналы әрекет түрінде жүзеге асатындығы нақтыланып келеді. Тұлға аралық қатысымның, диалогті қатысымның компоненттері ретінде мыналарды атасақ болады: 1) сөйлеуші мен адресат (субьект факторы жеке психологиялық, сөйлеушінің тұлғалық әлеуметтік ерекшеліктері; адресат факторына оның тең қатысымға дайындығы енеді, сондай-ақ, жеке мінезі; коммуниканттар арасындағы интеракциялық және тұлғааралық қарым-қатынас); 2) сөйлеушінің коммуникативті ниеті, уәжі, қатысым мақсаты; 3) қатысым өтетін уақыт пен кеңістікке (коммуникативті акт барысындағы қатысымның жалпы әлеуметтік-саяси, тарихи-мәдени жағдаяттарына сүйенетін шарттарын белгілейтін экстралингвистикалық факторлар) байланысты шынайылық деңгейі; 4) белгілі бір қоғамдық және статустық рөлі бар коммуниканттардың өзара қарым-қатынасы; 5) қатысым жағдаятына сай пресуппозияларды (авторлық интенцияның дұрыс қабылдануы, өйткені сөйлесімнің прагматикалық мағынасы сөйлеуші мен адресаттың пресуппозияны оқи алуы, тезаурустарының ұқсастығы, импликацияны анықтай алу қабілеттілігіне байланысты жүзеге асады) [1, 12].
Диалогтің мазмұны мен оны құрайтын сөйлемдердің құрылымы немесе жеке сөздердің тұлғалары әр түрлі болып келеді. Мысалы:
– Жүр мына дүкенге кірейік!
– Не істейін деп пе едің?
– Тапсырыс берген болатынмын, түссе, алайықшы.
– Жүрсең жүр! (Айымбетов М. «Нәзік жаңғырық»)
Демек, мұндай репликада сұраққа тура жауап болмаса да, репликалардың мазмұнынан екі адамның бірін-бірі түсініскені білініп тұр. Сөйтіп, диалогке қатынасушы адамдардың сұрақ – жауап немесе керісінше, жауап–сұрақ түріндегі сөздері жағдайға және сол диалогтің алдында немесе одан кейін айтылған сөйлемдерге байланысты. Диалог ауызекі сөйлеу тілінде де, көркем әдебиет шығармасында да көп кездеседі. Алайда диалогтің екі түрінде елеулі айырмашылық бар. Бірінші жағдайда әңгімеге қатынасушылар сөздің орын тәртібін, сөйлемнің құрылымын немесе сөз тазалығын таңдамай сөйлесе береді, ал көркем шығармада ондай диалогтер автордың үлкен толғанысын, суреттеліп отырған кейіпкерлердің бейнелерімен, оқиғамен байланысты ой елегінен өткізіледі. Қысқасы, диалог жазушының индивидуальдік (даралық) стиліне және жанрдың ақпараттық – эстетикалық нормасына тікелей қатысты болады.
Диалог сөйлеушілерді бірінен кейін бірін сөйлете беру емес, ол автор мен тыңдаушының арасында қарым-қатынас орнауына себеп болатын коммуникативті жағдаят; прагматика үшін маңызды-тыңдаушының сөйлеу мәнісі мен оның коммуникативті интенциясына негізделген-тыңдаушы реакциясы деуге болады. Тыңдаушының реакциясы диалогті құрайтын әртүрлі мақсатты анықтайды. Әртүрлі мақсаттың үйлесуі арқылы диалог қалыптасады. Диалогті бір ғана мақсат құра алмайды, сондықтан, әртүрлі сөйлесім түрлері, мысалы, диалогті бастаушы сөйлесім түрі өтініш білдіруден немесе қажетті мәліметті алудан басталғанымен, бұл тыңдаушының әртүрлі реакциясын тудырып, қарым - қатынастың орнауына себеп болуы мүмкін, себебі, сөйлеушінің тыңдаушыға бағытталған сөзі – оның өзіне қайта оралатын қоздырғыш түрткі.
Қайсы тілде болсада, диалог құрылуы үшін төмендегідей пинциптер орындалуы қажет.
1. Коммуникативті ынтымақтастық принципі диалогті сөйлеу формасы ретінде айқындаудың жалпылығы мен орнықтылығын белгілейді. Коммуникативті мақсатқа сәтті жетуге ұмтылған сөйлеу әрекеті белгілі ережелерге бағынуы, үйлесімді болуы тиіс. Коммуникативті қатысым кезінде сөйлеу этикетінің ережелерін ұстанып, орнықты және дұрыс жауап қайтарылуы тиіс.
2. Әрекеттесу принципі сөйлеудің құрылымында әңгімелесушілердің екеуінің де белсенді атсалысуын ұсынады. Коммуникация процесін басқару үшін әңгімелесушілердің коммуникативті бағдарламасының өзара келісімі, коммуникативті интенцияның үйлесімділігі мен қолданылу аясының коррекциясы талап етіледі.
3. Әсер ету принципі әрекеттестік принципімен тығыз байланысты. Әсер ету жоқ жерде, әрекеттесу де жоқ. Тыңдаушыға әсер ету сөйлеушінің коммуникативті интенциясының вербалдануына тікелей байланысты.
4. Коммуникативті-прагматикалық үстемдік принципі сөйлесімнің нақты коммуникативті-прагматикалық құрылымы семантикалық құрылымның бір компонентінің үстемдігіне байланысты болады. Көп жағдайда фунционалды-прагматикалық доминант пропозиция компонентімен әрекеттеседі. Сөйлемнің экспрессивтік деңгейі өзгереді.
5. Коммуникативті толықтық принципі коммуникативті үстемдік принципімен тығыз байланысты. Коммуникативті интенция – анық та нақты көрінген иллокуцияны (сұрақ, тілек, кеңес, т.б.) ғана емес, сонымен бірге, сөйлесімнің эмоционалды, экспрессивті, көркем сипаттарын да қамтиды.
6. Алдын алу принципі адамның жиған тәжірибесінің нәтижесінде коммуникация процесінің өту барысына сай белгілі реакцияға дайын бола алу қабілеттілігі. Сөйлеу жағдаятындағы тыңдаушының әрекеті алдын-ала болжаумен байланысты қалыптасады [5].
1. Сұрау-жауап алу диалогі. Тілдің қатысымдық, хабарлау қызметі түрліше жағдайда іске асады. Қатысымның қызметтік мақсаты бастапқы сөйлеуші екінші әңгімелесушіге сұрақ қояды да, одан жауап күтеді. Бірінші, сөйлеушінің сөзі сұраулы сөйлем болуы семантикалық- құрылымдық моделі ретінде барлық диалогке тән. Бұл диалогке қатысушылардың біреуі актив, екіншісі пассив қызмет атқарады. Алғашқы сұраулы сөйлем диалогтің тақырыбын бір бағытқа қойып, сөйлеушілердің логикасын анықтауға қызмет етеді. Б.Майлиннің "Шұғаның белгісі" атты шығармасынан мысал:
– Мынау аттан түсіп жатқан кім? - деді Шұға
– Әбдірахман ғой,- дедім.
– Әбдірахманың кім?
– Қазақбайдың баласы.
– Иә, әлгі учитель баласы ма?
– Иә.
2. Хабарлау диалогі. Бұл диалог қатысымдық-хабарлау қызметін атқарады. Диалогті ашушы, өз алдына хабарлаушы адамдары болады. Айтушының қатысымдық мақсаты – нақты бір хабарды жеткізу. Бұл мақсат өзіндік бейнесінде бір нәрсені сұрай сөйлеуінде, жауап қайтаруында білінеді. Екінші қатысушы диалогте актив қызмет атқарады.
– Не болды?
– Қазанғап қаза болды.
– Қашан?
– Әлгіде ғана байғұсқа әлдене керек емес пе екен деп үйіне кіріп едім, шамы жанып тұр, өзі төсегінде жатыр. Бірақ, сақалы аспанға шаншылып қалыпты. Жақындап барып, "Қазеке, Қазеке",-деймін, "ыстық шай ішесіз бе? "- деймін. Сөйтсем жүріп кетіпті. (Ш.Айтматов. «Боранды бекет»).
3. Әңгімелесу диалогі. Әңгімелесу диалогінің хабарлаушылық бағыты жоғары тұрады, нәтижесінде қатысушылардың пікірлесуі күшейеді, тұлғалық жағы ашылады. Әңгіме бір немесе бірнеше затқа байланысты айтылуы мүмкін. Әңгімелесу диалогінде құрылымы бір-бірін жалғастырушы сөйлем бірлігі, қайталай сөйлеу болады. Бірден жауаптың сапасы әңгімелесуде көрінеді, диалогтің құрылуы (сәлемдесу, құттықтау, сұраулы сөйлемдер), олардың мақсаты әңгімелеушінің пікірлесуге ниеті бар ма екенін анықтауды көздейді. Мысалы:
– Шөпті қанша алдыңдар?
– Сұрама шырағым. Мынау алаптан Қосымға екі мың шөп шауып
беретінбіз ғой. Осы алап бізге тигесін шөпсіз болармыз ба! Қазынадан
алған екі машина салып жіберіп едік, бір айда жылға жететін шөп түсіреді.
– Газет, журнал оқисыңдар ма?
– Оқығанда біз оқиық. Кешке таман жұмыстан келгесін біздің үйге жиналып аламыз да, Сембек оқиды, біз тыңдаймыз. Көбіміз хат білмейміз ғой. Қыстыгүні оқу үшін, Болжықтың бір бөлмесін үлкенірек етіп салдық.( Ғ.Мүсірепов. «Қос Шалқар»).
4. Қоштау диалогі. Модальдік диалогтің бұл түріне әңгімесушілердің пікірлерінің сәйкес келуі, тән екі қатынасушы жақ та актив болады, бірдей дәрежеде пікірлерін айтуға тырысады. Қоштау диалогінің ішкі сөздік нәтижесі болмайды, негізгі құрылымы лексика-синтаксистік паралельдік арқылы диалог бірлігін құрайды. Сөйлеудің дамуы жауаптың бірін-бірі қолдауымен, алынған хабардың мазмұнына сәйкес, екі қатысушының ойлары бірдей, бір уақытта айтады, толықтырады, нақтылайды. Сөйлеушілер қоршаған адамдарды, оқиғаны бірдей бағалауы мүмкін, бірдей сезімде болады. Мысалы:
Өткен жазда ғана Сырдариядан отгонға тартылған каналды қазып жатқандарға барып қайтқаны есіне түсті. Ол арадағы сайлаушылары:
– Автолавка айына екі-ақ рет келеді.
– Автоклуб одан да сирек.
– Артистерді, жазушыларды көретін күніміз бола ма? - десіп
қалған (Ғ.Мүсірепов. «Қос Шалқар»).
5. Егес диалогі. Модальды диалогтің мағыналы түрі. Онда қатынас екі немесе бірнеше қатысушылардың сөйлесулерімен жүзеге асады. Егес диалогінде әр сөйлеуші бір-бірінің пікірлерімен келіспеушілікте болады. Екі сөйлесушінің біреуінің пікіріне екіншісінің пікірі сәйкес келмеуінен талас туады, сөйлеушілер бір затқа, бір оқиғаға өз ойларын айтады, бірақ бір мәселеге әр түрлі пікірлері, әр түрлі көзқарастары болуы мүмін. Сондықтан, әр сөйлеуші өз ойының дұрыстығын дәлелдеуге тырысады, ол үшін дәлел іздейді, өзінің бәсекелесінің әлсіз жағын табуды көздейді. Мысалы:
– Мен кіріс деп жалынбаймын. Адам деп айтқан сөзге осылай
қарау лайық болса тарта бар. Болмаса, реті жоқ десең, оны айт.
– Турасын айтқанда, реті жоқ қой деймін.
– Ол біреудің аузынан уызы арылмаған жас баласы. Сен жер
ортаға келген адамсың. Обал қайда?
– Неге бермесін, малдың боғын жегелі отырған кедей, көзіне көп
мал көрсетсе, бермек түгіл лақтырып жіберер...
– Малға ағасы қызықпайды, бермейді!
– Мен алам.
– Қалай аласың? Зорлық қыласың ба?
– Зорлық қылғанда кайтесің ?
– Жоқ, қыла алмассың !
– Көрерсің!
– Көрсек көрерміз (С.Мұқанов. «Алма бағында»).
6. Мақсатты диалог. Сөйлеушінің тыңдаушыға байланысты шараларын, қасиетін айтып салуда ол өзі көздеген мақсатына жетеді. Осының нәтижесінде пайдалы әрекеттері болашаққа ұмтылуды көздейді. Сөздік іс-қимыл, ойды айтып салуда анықталған мақсат болады, ішкі сезім толғанысын оятады. Сөйлеу әрекетінің дәлелдік және мақсаттылық жағы айтушының әрекетті, ойды айту, тудыру себебі болады.......

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: дипломдык жумыс Диалог түрінде сөйлеуге үйретудің әдістемесі дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар казак тили жобалар дипломдық жұмыстар