Библиография | Центр Кредит банкісінің басқару құжаттарының орындалуы

Библиография | Центр Кредит банкісінің басқару құжаттарының орындалуы

Мазмұны


Кіріспе.

1 Бөлім. Құжаттар түрлеріне түсініктеме және құжаттарды құрастыру және рәсімдеу технологиясы.
1.1 Құжаттарға арналған заңдылық қағидалар және оның іс жүзінде орындалу тәртібі.
1.2 Іс жүргізуді ұйымдастыру технологиясы..
1.3 Кіріс құжаттарын өңдеу..
1.4 Жіберілген құжаттарды жөндеу..
1.5 Іс жинақтарын құрастыру.
1.6 Басқару құжаттамасын жүйелендіру және олардың сипаттамасы.

2 Бөлім. «Центр Кредит» банкісінің басқару құжаттарының орындалуы..
2.1 «Центр Кредит» банкісінің құрылымдық сипаттамасы..
2.2 «Центр Кредит» банкісінің іс-қағаздарын жүгізуді ұйымдастыру..
2.3 «Центр Кредит» банкісінде жүргізілетін операциялар және құжаттардың орындалу тәртібі...
2.4 «Центр Кредит» банкісінің жіберілетін және келіп түскен құжаттарың қабылдау және өткізу тәртібі.

Кіріспе

XXI ғасырға тәуелсіз ел ретінде енген республикамыздың әлеуметтік, экономикалық, мәдени өмірінде үлкен өзгерітер болып жатыр. Республика өмірінде жүргізіліп жатқан бұл реформаларды жүзеге асыруға байланысты күрделі міндеттер тұрғаны белгілі. Реформаның нәтижелі, жемісі болуы соларды дер кезінде дұрыс шешуге байланысты. Қазір құр сөз, қысыр кеңестен гөрі нақты іс қимылға көшуге негіз бар.Қазақстан Республикасының конституциясы (1995), «Тіл туралы» Заң (1997), «Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» (1998) республикадағы тіл мәселелерін реформалауды жүзеге асыруға негіз болады әрі мүмкідік береді. Сондықтан бұл реформаны жүзеге асыру үшін әр министірлік, әрбір мекеме, ұйымдар, жеке адамдар өздерінің нақты істерін көрсететін шаралар белгілеп, соны жүзеге асыруға тиіс. Біздің ойымызша, солардың ішіндегі ең өзектісі, ең алдымен қолға алынатаны – қазақ тілінің конституциялық мәртебесін мемкеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардық барлық саласында жүзеге асыру.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген «тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» тіл саясатын іске асырудың алғашқы кезеңдерінде негізгі төрт бағытта іс- шаралар жүргізеді. Соның бірі-ресми іс жүргізудің мемлекеттік тілге кезең –кезеңімен көшірудің нақты негізін жасау.
Қалай десек те, республикада мемлекеттік органдар іс қағазын мемлекеттік тілде жүргізуге бет бұрды. Бұл үлкен істің өзінен-өзі жалға түспейтіні әбден белгілі. Одан шығудың жолы- орыс тіліндегі нұсқауларды негізге ала отырып, ана тіліміздің заңдылықтарын сақтап, ұлттық іс- қағаздарымызды жүргізуді қалыптастыру. Ал осы ретте мемілекеттік және мемлекеттік емес органдарда, мекемелерде, ұйымдар мен кәсіпорындарда мемлекеттік тілде іс жүргізу, қатынас қағаздарын толтыру, жинақтап айтқанда, құжат айналымын іске асыру- бүгінгі таңда өткір тұрған мәселе. Қазақ тілінің тіл мәртебесін толыққанды жүзеге асыру үшін осы саладағы істі жандандыру керек, ал бұл мемілекеттік мемілекеттік деңгейге енді- енді қолға айналдырып жатқан шара.
Қазақстан Республикасындағы халықтар мәдениетінің өзара әсері ең алдымен олардың тілдерінің бір-бірімен қарым- қатынасына негізделеді. Біздің мемілекетіміздің саясаты еліміздегі барлық тілдердің гүлденіп өркендеуіне, өмірдің барлық саласыда қолдануына лайықтанған бағыт ұстап отыр. 1997 жылы 11 шілде Қазақстан Респуьликасындағы «Тіл туралы» Заң қабылданып, 1998 жылы 5 қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен оны жүзеге асырудың мемлекеттік бағдарламасы екі тілде бекітілді. Жоғары оқу орындары мен мектептерде, коллеждер мен лицей, гимназияларда қазақ және орыс тілдерінде іс жүргізу пәні арнайы оқытыла бастады. Алайда оның тиімділігі осы пән бойынша оқулықтар мен сөздіктердің, арнаулы кітаптар мен көмекші құралдардың мол және сапалы болуына байланысты.
Іскерлік қатынастар орысша-қазақша және қазақша-орысша оқу құралдарының жеткіліксіздігі білім саласында ғана емес, күнделікті басқару, қарым-қатынас процесстеріне де кедергі келтіреді. Бұл қатынастар ауызша және әсіресе, жазбаша мәтін құру арқылы жүзеге асатыны белгілі. Әрбір қызметкер, мейлі ол қатардағы, не жоғары лауазым иесі болсын, мемлекеттік, не мемлекеттік емес болсын, әр түрлі іс қағаздарының- хат, арыз, нұсқау, сенімхат т.б. жазылу, толтырылу үлгісін білуі қажет.
Ұсынылып отырған құрал меншіктің барлық нысанадағы кәсіп орындардың өз қызметкерлерінің жеке құрамын басқаруда пайдаланатын құжат үлгілерін сипаттайды. Ол құжаттар Қазақстан Республикасының азаматтық- құқықтық актілеріне және Қазақстан Республикасы мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің архивтер мен құжаттарды басқару комитетінің нұсқауларына негізделген үлгілер бойынша толтырылды.
Сонымен қатар Ресей және Батыс елдерінің де құжат толтырудағы қалыптақан тәжірбиелері ескерілді.
Басқару құжаттары ұйымдастырушылық бағыттағы істермен қатар күнделікті ағымдағы басқару мәселелерін де қамтиды (бұйрық –жарлықтар, актілер, анықтамалар т.б).Сонымен бірге жекелік сипатқа ие құжаттардың үлгілері де-сенімхаттар, қолхаттар арыздар т.б. толық сипатталып берілген.
«Құжат» -латын тілінде «куәлік», «дәлелдеу тәсілі» деген мағына береді. Бүгінгі қолданыста оның негізгі үш мағынасы бар: 1) қандайда бір фактіні не бір нәрсеге дегн құқықты растайтын іс қағазы ; 2) жеке басты ресми түрде куәландыратын құжат ; 3) бір нәрсе туралы жазбаша куәлік.
Кәсіпорынды басқару – мәліметтерді қабылдап алу және өңдеу, шешім қабылдап оны орындау сияқты белгілі бір дәрежедегі ақпараттық процес болып табылалады. Дұрыс шешім қабылдау үшін толық түрдегі жедел және ақиқат мәліметтер керек болады. Құжат ақпараттық осы талабына жауап беруі тиіс. Дегенмен хабардың толықтығы оның көлемімен ғана емес, сонымен бірге оның мәнді де басты мәселелерін көрсетумен бағаланады. Яғни, ақпараттың көптігі оны өңдеуді талап етеді, оның маңызды, жедел орындауды қажет ететін жақтарын айқындап, оны қабылдап – түсінуге ыңғайлы күйге түсіруді керек етеді. Осы жұмыстың бәрін құжатты толтырушы атқарушы атқаруы тиіс. Құжаттың сапасы оның толықтығы, оралыымдылығы және анықтылығымен ғана емес, сондай-ақ оның ықшамдылығымен, көрнектілігімен және қолайлығымен айқындалады.
Сондықтан құжаттар тікелей қатынас жасаумен тиімді ұштастырыла жүргізілсе, техникалық жағынан жақсы жабдықталып, нақты мақсаттарға жұмсалса, онда олар іс-әрекеттің табысты болуына жағдай жасайды.
Іс жүргізу құжаттары сонымен қатар хабар-мәліметтің қайнар көзі және таратушы, заң арқылы қорғалатын істі белгілеудің тәсілі де болып табылады. Басқарудың құралы ретінде құжаттар жоспарлауда, қаржыландыруда, несие беруде, бухгалтерлік есептеу мен есеп беруде, оперативті басқаруда, ұйымның қызметін кадрлық жағынан қамтамасыз етуде т.б. қолданылады. Құжаттарда мемлекеттік құрылым белгіленеді, олар мекемелер, ұйымдар, кәсіпорындар және азаматтар арасындағы, заңды және жеке тұлғалар арасындағы қатынастар үшін қызмет етеді. Материалданған заңды күші бар мәліметтер төрелік сотта бизнес бойынша әріптестерімен шаруашылық дауларын немесе халықтың сотта еңбек тартыстарын шешуде қандай бір фактінің неізгі дәлелі ретінде қызмет етеді.
Бізге белгілі, әдеби тілдің бес негізгі стилі бар: ғылыми, ресми-іс қағаздары, публицистикалық, көркем әдебиет және ауызекі сөйлеу тілінің стилі.
Бұлай бөлінудің бірнеше негізі бар. Біріншіден, бұлар тілдің қоғамдық қызмет аясына жатады. Іс құжаттары тілі үшін мұндай қызмет аясына құқықтық қатынастар саласы, яғни, басқару саласы жатады. Бірақ мұнда құқықтық қатынастар мемлекет аралық қатынастарда, мемлекеттің өз азаматтарымен және олардың бірлестіктерімен, сондай-ақ мекемелер мен кәсіпорын ішіндегі азаматтар арасындағы қатынастарда орын алады. Осыған байланысты іс-құжаттары стилінің үш түрі ажыратылады. Олар:

1. Дипломатиялық стиль

2. Заң шығарушылық стиль

3. Күнделікті іс жүргізу стилі
Іс жүргізу стилі әлеуметтік санының ерекше формасы – құқықтық санамен сәйкеседі. Біздің әрқайсысымыз белгілі бір дәрежеде өз құқығымыз туралы мысалға отбасы қарым-қатынасындағы қызметіндегі қоғамдық орындардағы және мемлекет алдындағы міндеттемелерімізбен жауапкершіліктер туралы білеміз.Өмірдің түрлі құбылыстары іс жүргізу құжат стилінде белгілі бір қалыпқа түскен жағдайлардың терминделген сөздердің (сауалнама, анықтама, нұсқаулық, қаулылар, хаттама, акт, бұйрық, заң т.б.) сондай-ақ тұрақты тіркестердің шектеулі мөлшеріне сыйғызылып беріледі.
Дипломдық жұмыстың тақырыбының актуалдығы: кәсіпорынның төлем-банк операциялары бойынша құжаттардың өркендеуі, мемлекеттік тілде жүргізу, өз мемлекетімізде іс жүргізу саласы, құжат жүйесінің толығымен даму, т.б белсенділігі қазіргі кезде маңыздылығы артуда.
Дипломдық жұмыстың міндеті: құжаттар түрлеріне түсініктеме және құжаттарды құрастыру және рәсімдеу операцияларына толық талдау жасау. Дипломдық жұмыстың құрылымы екі бөлімнен тұрады: «Құжаттар түрлеріне түсініктеме және құжаттарды құрастыру және рәсімдеутехналогиясыі», «Центр Кредит банкісінің басқару құжаттарының орындалуы».
1.Бөлім. Құжаттар түрлеріне түсініктеме және құжаттарды құрастыру және рәсімдеу техналогиясы.
.
1.1Құжаттарға арналған заңдылық қағидалар және оның іс жүзінде орындалу тәртібі

Қазақстан Республикасының министр кабинетінің №562 30.06.92 жылғы қаулысы Қазақстан Республикасында бекітілген жалпы тараптар бойынша құжаттарды құру және олармен жұмыс істеу «негізгі құжаттар ережелері және құжат басқару мен, кәсіпорындарда, мекеме бірлестігінде және барлық құқықтық – ұйымдардың Қазақстан Республикасының формы бекітілді».
Қазақстан Республикасында шаруашылық ұйымында құжаттарды сақтау, есепке алу, құрастыру, реттеу, құжат басқару, және құжаттандыру Қазақстан Республикасының осы ережелері нормативтік құқықтық акт болып сақталады.
Осы ережелерге сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында мынадай акт құрылды: ХБ ҚР 31.12.96 жылғы бекіту бойынша «Реттік құрылым және құжаттарды тіркеу банктарда сақтау және ұйымдық құжаттарды сақтау инструкцияда көрсетіледі».
Орталық орындаушы органдарда жергілікті органдар және жоғарғы органдарда, кәсіпорындарда, ұйымдарда және мекемелерде Қазақстан Республикасында 08.12.96 ж. Қазақстан Республикасының Президент Администрациясының мемлекеттік басқару органдарында құжаттарды пайдалану ережелері:

- Президент Администрациясының Қазақстан Республикасының 09.01.96 жылы №2751 іс жүргізу инструкциясы;

- Қазақстан Республикасы агентінің бұйрығы бойынша 29.08.2000 жылы мемлекеттік құпияда сақтау, есепке алу құжаттарды пайдалану және сақтау, белгілі бір мөлшерде тарату ережелері.

Қазақстан Республикасының басқарушы органдарының 12.12.98 жылғы №1278 бекітілген шешімі бойынша мемлекеттік тіркеу нормативтік ережелері:
Қазақстан Республикасының заңы бойынша берілген ережелер мына бағытта құрылған «нормативтік құқықтық акт», Қазақстан Республикасының Президентінің қаулысы бойынша 04.03.97 жылы №3379 Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық акт Мемлекеттік реестр және мемлекеттік тіркеуді реттеу Қазақстан Республикасының басқару органдарымен 04.12.97 жылы №1680 бекітілді.


Ережелер анықтайды:

1) Талап ету, нормативтік құқықтық актылар мемлекеттік тіркеу және мерзімді тіркеу;

2) Талап ету нормативтік құқықтық акт мемлекеттік тіркеуде көрсетеді;

3) Нормативтік құқықтық акт мемлекеттік тіркеу реестрда жүргізу;

4) Нормативтік құқықтық акт тіркелген реестрда жүргізуді іске асыру;

5) Қазақстан Республикасының номативтік құқықтық акт мемлекеттік реестр керекті жазбаларды енгізу, тоқтату, нормативтік құқықтық акт іске асыруын жою, мемлекеттік тіркеуді жүргізуден бас тарту;

6) Мемлекеттік тіркеуді қалпына келтіру және өзгерту.

Нормативтік құқықтық актта көрсетілгендей тіркеуші ұйым бекітілген күннен бастап екі апта үш экземплярда түп нұсқа мемлекеттік және орыс тілінде жазылады, мемлекеттік ұйымның бірінші жетекшінің қолы қойылғаннан кейін (қағазда немесе электрондық жазбада) мемлекеттік және орыс тілінде бір экземплярда беріледі.
Мемлекеттік ұйым нормативтік құқықтық акт көрсетуші,қол қоюшысы, осы ұйымдағы біріншісі жетекшінің міндетін атқарушы құжаттың көшірмесін көрсету, көрсете отырып міндеттейді.
Егер мемлекеттік тіркеудегі нормативтік құқықтық акт қайта қаралатын болса, басқарушы ұйымның шешімімен қайта қаралатын болса, басқарушы ұйымның шешімімен қайта қаралуға руқсат етіледі, мемлекеттік тілде іс жүргізілетін мекемелерде нормативтік құқықтық акт жергілікті ұйымның басқарумен, тіркелуші ұйымға орыс тіліне аударылмайберіледі.
Құжаттарды тіркеу құжаттардың орындалуын қадағалаудың бастапқы кезеңі болып қарастырылады. Құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету хатшы референт немесе іс жүргізу қызметкері арқылы орындалады. Мекеме басшының құжаттарға бақылау немесе қадағалау белгісін қоюы, ол құжаттардың және оған қатысты тапсырманың маңыздылығын білдіреді. Қадағалау белгісі құжаттың ортаңғы сол жақ шетінде белгіленеді. Осы белгі қойылғаннан кейін тіркеу журналында сол құжаттың қадағалауда болуы туралы орындалу мерзімі туралы және жауапты орындаушы туралы мәліметтер басшының құжаттағы резалюциясынан алынады. Егер тіркеу журналында құжаттың орындау мерзімі көрсетілетін орын болмаған жағдайда оны қадағалау үшін журналға қосымша орынды дайындайды. Кәсіпорындағы көптеген құжаттың дайындалу мерзімі 10 күннен артық болмауы керек. Құжаттың уақытында орындалуын хатшы референт аралық тексеру жұмысын орындап отырады.

Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру