Ғалым Нұрланов

Ғалым Нұрланов - кітапханашы, әрі зағип және нашар көретін жандарға брайль жүйесін және компьютерге орнатылған арнайы синтезатор арқылы компьютерлік сауаттылықты тегін үйретуші.

Ол 1989 жылы 19-мамырда Жамбыл облысы, Шу қаласында дүниеге келген. Көкшетау қаласындағы Ақан сері атындағы мәдениет колледжінде «Кітапхана ісі», Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде «Кітапхана ісі» мамандықтары бойынша білім алған. Еңбек жолын Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханасында бастады. Қазіргі танда Астана қаласы әкімдігінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасында "Дыбыс жазу студиясы және Брайль" кітаптарын шығару бөлімінде кітапханашы қызметін атқарады. Жұмыс барысында кітапханадан шығатын «РБНСГ-Вести» газетінің шығарылуына өз үлесін қосты. Көз жанарының көруі нашарлығына қарамастан, үнемі айналасындағы адамдарға көмектесіп келеді. Соның бір дәлелі «Саусақ ұшындағы әлем» үйірмесі аясында зағип және нашар көретін жандарға брайль жүйесін және компьютерге орнатылған арнайы синтезатор арқылы компьютерлік сауаттылықты тегін үйретіп келеді. ....
Өмірбаяндар (биография)
Толық