Бахтияр Базарбеков

 Бахтияр Базарбеков

Бахтияр Базарбеков – нашар көретін және зағип жандардың «Шектеусіз спорт» әлеуметтік жобасының жетекшісі, «Анашым» көз көру бойынша мүгедек балалар мен жастарды қолдау қорының бас директоры.

«Шектеусіз спорт» - бұл салауатты және жарқын өмір салтын насихаттау, велосипедті экологиялық көлік түрі ретінде дәріптеу және сондай-ақ әлеуметтік және экотуризмді дамыту, тұтас және тандем мүгедек адамдар арасында спортты дамытуға жағдай жасау, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Бахтияр нашар көретін және зағип жандардың 3 бірегей веломарафонын ұйымдастырып, өткізді:

1. 2016 жылы Алматы – Астана («2 астана»)

2. 2017 жылы Алматы – Ыстықкөл («Елдер арасындағы көпір»)

3. 2018 жылы Халықаралық «BlindRace» Astana – Paris» веломарафоны («Әлемнің 2 бөлігі», 6 елді қамтитын 5 мың км - Қазақстан-Ресей-Беларусь-Польша-Германия-Франция). Шаралар қоғамда оң сілкініс тудырды және қатысушылар командасына көптеген жағымды өзгерістер алып келді. Жігіттер өз үлгісімен мүгедек адамдарды ғана емес, дені сау адамдарды да, оның ішінде көптеген шетелдік спортшыларды да шабыттандырды. Жоба жылдан жылға танымал боп, рух төзімділігінің жарқын мысалы мен қоғамдық таптаурындардың шекарасынан шығудың үлгісін көрсетуде.

2016 жылы жоба нашар көретін және зағип азаматтардың жалаң құлшынысымен жүзеге асырылған. Оған депуттаттар, еріктілер және бірнеше коммерциялық ұйымдар көмек көрсеткен.

2017 жылы бастамаға ҚР Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысы қоры және ұйымдастыру жағынан Алматы әкімдігі қолдау көрсетті.

2018 жылы «Болашаққа бағдар: Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстан «Ел тірегі» кіші және орта бизнес ассоциациясымен серіктестікте «Анашым» қоры үшінші үздік «Әлемнің 2 бөлігі» (Астана-Париж) веломарафонын ұйымдастырды. ASTANA – PARIS веломарафоны - теңдесі жоқ шара! Веломарафон уәждемелік платформа құруға және басқа елдердің қоғамдық ұйымдарымен тәжірибе алмасуға бағытталған патриоттық бастама болып табылады. Бұл мүгедек жандарды әлеуметтендіру, оларға тең жағдай жасау және бәсекеге қабілеттілігін арттыру сияқты маңызды миссиясы бар әлемдік масштабтағы теңдессіз жоба.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру