Гүлжан Сәрсенбаева Искендірқызы

 Гүлжан Сәрсенбаева Искендірқызы

Сәрсенбаева Гүлжан Искендірқызы – кардиохирург, ҚР ДСМ Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының кардиохирургия және интервенциялық кардиология кафедрасының меңгерушісі.

Мен ота кезінде және отадан кейін жүректің патологиясын көруге көмектесетін жүрек ақауларын ультрадыбыстық диагностикалауға ие жүрек хирургтарының бірімін. Бұл – болашақта монография жазуда білімімді қалыптастыруға көмектесетін зор тәжірибе.
Қазіргі таңда педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының кардиохирургия және интервенциялық кардиология кафедрасының меңгерушісі болып қызмет атқарамын. Біздің орталықтың мамандары мен республиканың балалар дәрігерлері күн сайын балалар арасында ауру және өлімнің көрсеткіші жақсарғанын еңбегімізбен көрсетіп келеміз.
Педиатрия бойынша республикалық жетекші клиникаға мен 17 жыл бұрын жас дәрігер болып келдім. Осы клиникада тәжірибелі дәрігер, ғылыми қызметкер болып қалыптастым. Менің барлық жетістіктерім балалардың денсаулығына бағытталған.
Жастайымыздан ата-анамыз бізді кітап оқуға үйретті. Біздің үйде кітаптар өте көп болды. Менің сүйікті кітабым, үлкен энциклопедия болатын. Сол арқылы көптеген терминдермен таныстым. Мектеп қабырғасында С.Беляевтың «Голова профессора Доуля» және Л.Толстойдың «Гиперболоид инженера Гарина» атты кітаптарын оқуым дәрігер мамандығын таңдауыма себеп болды. Маған сол кітаптарда жазылған технологиялар қызықты болатын. Мен сол кезде қиял-ғажайып санаған технологиялар қазіргі уақытта енгізіліп жатыр.

Қазіргі уақытта мен жасанды қан айналым арқылы балалардың жүрегіне ота жасап жүрмін. «Гиперболоидта» суреттелген сәуле қазіргі медицинада қолданылып жүрген лазерьге ұқсайды.
Мен мектепті және медициналық училищені үздік бітірдім. Алматы қаласындағы медициналық университеттің оқытушыларының арқасында алған білімім диагнозды анықтауда, сырқатты түсінуге, ең бастысы пациентті емдеуде көмек беруде.
Отандық медицинадағы маңызды бағыттың бірі – ол балалардың денсаулығы.Бұрын біздің елімізде дамудың туа біткен ақаулары кезінде терапия және хирургиялық тактика мәселелері туындаған болатын.

2001 жылы Алматы қаласындағы медициналық университетті аяқтаған соң, ҚР ДСМ педиатрия және балалар хирургиясының ғылыми орталығы базасында жаңа туған нәрестелерге арналған алғашқы хирургиялық центрді ашу мен ұйымдастыруға хирург-неонатолог ретінде қатыстым. 3 жыл ішінде біз хирургиялық патологиямен туған нәрестелерге мамандандырылған медициналық көмек көрсеттік.
2005 жылы «Болашақ» бағдарламасы аясында Мәскеу қаласындағы жүрек ақауы бар нәрестелер мен балаларға көмек көрсететін А.Н.Бакулев атындағы жүрек-қан тамыры хирургиясы ғылыми орталығы клиникасында «балалар кардиохирургиясы» мамандығы бойынша аспирантурада оқыдым. Сол жерде кандидаттық диссертациямды сәтті қорғадым. 2009 жылы Қазақстанға келгеннен кейінгі менің ғылыми және практикалық қызметім жүрек ақауы бар нәрестелер мен балаларға медициналық көмек көрсетуге бағытталды.
ПжБХҒО-ның кардиология бөлімшесіне жұмысқа кірдім. Сол уақыттан бастап, Аружан Саин жетекшілік ететін «Мейірім үйі» қайырымдылық жобасында дәрігер болдым. Перзентханалардағы қайырымдылық шараларға шығып тұрдым. Ауыр жүрек ақауымен туған нәрестелерге кеңес бердім және шетелдік жетекші клиникаларға жолдама беруді ұйымдастырдым.

2011 жылдан бастап педиатрия орталығы базасында кардиохирургия бөлімшесін ұйымдастыруға қатыстым. Бөлімше меңгерушісі ретінде 2012 жылы балалар кардиохирургиясы және интервенциялық кардиология бөлімшесін аштым. Қазір бұл бөлімше жыл сайын жүрек-қан тамырларына 500-ден астам ота жасайды.

Бөлімше базасында Италия, Украина, Польша, Түркиядан келген кардиохирургтармен мастер-класс өткізіледі. Шетелдік клиникалардың мамандары біздің командамыздың жұмысын жақсы баға берді. Тәжірибелік қызметке қоса, мен республикамыздағы балалардың денсаулығын зерттеу бойынша ғылыми-техникалық бағдарламаға қатысып, кардиология бойынша резиденттерге

Туа бітті жүрек ақауы терапиясы мен диагностикасы мәселесі бойынша консультативті көмек беру, аймақ мамандарының біліктілігін арттыру, медициналық көмектің сапасын жақсарту мақсатында өңірлерге мастер-класс өткізуге үнемі барып тұрамын. Қазір менің қызығушылығым кардиохирургия, кардиология.

Өмірбаяны
Сәрсенбаева Гүлжан Искендірқызы 1975 жылы 7 ақпанда Алматы облысы Талғар қаласында қызметкерлер отбасында дүниеге келген. Әкесі – Сәрсенбаев Искендір Сәрсенбайұлы, 50-ші жылдары райкомның бірінші хатшысы, Алматы облысы Нарынқол ауданындағы партия райкомының екінші хатшысы, КТУ негізін қалаушы, кейін Талғар техникумында механизациядан оқытушы болған. Анасы – Жумаділова Битан, 10 баланы тәрбиелеген батыр ана.

Алматы облысы Талғар қаласындағы медициналық училищені аяқтаған соң, 1992 жылы Талғар орталық аудандық ауруханасында ота-медбикесі ретінде қызмет жолын бастады. 1993-2000 жылдар аралығында С.Асфендияров атындағы Қазақ мемлекеттік медицина университетінің педиатрия факультетінде педиатр мамандығы бойынша білім алды.

2001 жылы ҚазММУ-дың балалар хирургиясы бойынша тағылымдамадан өтіп, МР ДСМ педиатрия және балалар хирургиясының ғылыми орталығындағы жаңа туған нәрестелер хирурниясы бөлімшесінде балалар хирургы ретінде ғылыми-практикалық қызметін бастады.

2005-2008 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық бағдарламасы шеңберінде А.Н.Бакулев атындағы Жүрек-қан тамырлары хирургиясының ғылыми орталығында (Мәскеу қаласы) жаңа туылған нәрестелер мен балаларға арналған қалпына келтіру хирургиясы бөлімшесінде жүрек-қан тамырлары хирургиясы бойынша аспирантурасында оқыды. А.Н.Бакулев атындағы ЖҚТХҒО базасында «Туа біткен жүрек ақаулары бар жаңа туған нәрестелер мен өмірінің бірінші жылындағы балаларғакардиохирургиялық ота жасағаннан кейін церебральды күре тамыр қан ағымын бағалау» тақырыбы бойынша кандидаттық диссертациясын сәтті қорғап шықты. Аспирантураны бітірген соң, Педиатрия және балалар хирурниясы ғылыми орталығында қызметін жалғастырды.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру