Татьяна Немцан

 Татьяна Немцан

Татьяна Немцан – Вячеславск үлгілі орта мектебінің директоры
Татьяна Николаевнаның мектебінде хлор мен дәретхананың емес, үй тоқаштарының иісі аңқып тұрады. Мектепте болып көрген қонақтардың барлығы осылай дейді. Ақмола облысындағы Вячеславск орта мектебінде халықаралық делегациялар, комиссиялар мен жоғары мәртебелі қонақтар, тіпті республика президенті де болып қайтқан. Өйткені директор кәдімгі ауылдың білім беретін мекемесін үлгілі мектеп дәрежесіне жеткізді.

Мектептің жылыжайы мен іргесінде жер телімі бар, сол жерде оқушылар ата-аналарымен бірге экологиялық және технологиялық стандарттарға сай көкөністер өсіреді – көзімен көргендердің айтуынша, бақшада өсетін картоптарының үлкендігі қырыққабаттай, ал қырыққабаттары – қарбыздай. Балалар өздерінің бақшасында тамшылата суару мен жаңбырлама саптамаларды енгізді.

Бақшадан алған өнімдерімен асханасын ғана қамтамасыз етіп қоймай, агробизнес негіздеріне баулиды. Мектептің жетістіктері ауылшаруашылық министрлігінің назарына ілікті. Бұл жетістіктер тек «Жас фермер мектебі» бағдарламасының аясындағысы, ал тап осы сияқты халықаралық жобалардың мектеп 29-ын жүргізіп отыр. Олардың ішінде «Энергия үнемдеуіш технологиялар», «Менің экоүйім» сияқты жобалар бар. Директордың айтуынша, мектеп түлектерінің барлығы дерлік ҰБТ-ны үздік тапсырып, басым көпшілігі грант алады.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру