Жанель Мақажан Тимурбекқызы (1987 жылы)

 Жанель Мақажан Тимурбекқызы (1987 жылы)

Мақажан Жанель Тимурбекқызы - актриса
1987 ж. Алматы қаласында дүниеге келген.
1994-1996 жж. Алматы қаласы А.Жұбанов атындағы музыка мектебінде, 1996-2005 жж. № 163 қазақ орта мектебінде білім алды.
2005-2009 жж. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының «драма театры және кино актері» мамандағы бойынша оқып бітірді.
2009-2015 жж. Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында жұмыс істеді.
2015 ж. М.Әуезов театрының актерлік құрамына қабылданды.
Ғ.Мүсірепов театрында ойнаған рольдері:
«Қаралы сұлу» Мұқаш, «Әке тағдыры» Жеңісбек, «Ең күшті қорқақ көжек» Көжек, «Алдар көсе» Қарашаш, «Құстар фестивалі» Тауыстың қызы.
М.Әуезов театрында ойнаған рольдері:
А.Володиннің «Қоштасқым келмейдісінде» Ирина (реж. А.Маемиров), І.Есенберлиннің «Алмас қылышында» Аққозы (реж. А.Кәкішева), У.Шекспирдің «Лир патшасында» Регана (реж. Е.Нұрсұлтан), Қолғанат Мұраттың «Бақыт кілті» драмасында Жанар (реж. Е.Обаев),Ғ.Мүсіреповтің «Қыз Жібегінде» Жібек (реж.Е.Нұрсұлтан) т.б
Актриса түскен көркем фильмдер:
«Қаладан келген қыз» Жібек, «Қош бол, Гүлсары» Бибіжан, «А-ға оралу» Сәуле, «Өтен», «Жұлдыздар осылай жарқырады», «Тоқал», «ХандыҚқа бастар жол» Гуаһар, «Балалар үйіндегі жаңа жыл» Айнагүл.
Телесериялдар: «Тағдыр», «Болашақ», «Ауылдан қашу», «Сырғалым», «Сырғалым 2», «Шырмауық».


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру