Қайрат Майтеков Амангелдіұлы

 Қайрат Майтеков Амангелдіұлы

Майтеков Қайрат Амангелдіұлы - кәсіпкер

Қайрат Майтеков «Туған жерге тағзым» акциясы аясында туған жеріндегі әлеуметтік нысандарды жөндеп, матриалдық базасын нығайта түсуге көмектесіп жатқан түлектердің бірі, ірі көлемде қаржылай қолдау көрсетіп, мектептің жоғын түгендеп берген кәсіпкер. Одан өзге сыныптасы Әлімбек Сейдуллаевпен білесіп өздері білім алған Ақтөбе қаласындағы №3 мектепте әлемдегі ең тиімді бағдарламалардың бірі — «Britannica» технологиясы бойынша 33 тілді оқытатын тіл зертханасын ашып берген.

Қайрат Майтеков 1974 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. 1991 Қазақ Мемлекеттік аграротехникалық университетіне "экономист-менеджер" мамандығы бойынша оқуға түсіп, сәтті аяқтап шығады. Еңбек жолын 1992 жылы Ақтөбе қаласында «Казпроммаркет» ЖШС бастап, іскерлігі мен еңбекқорлығының арқасында қызметтік жолында үлкен жетістіктерге жетеді. Қазір «МАКСИМУС» ЖШС директоры.

Үлкен қызметте жүрсе де ешқашан туған ауылын ұмытпаған азаматтардың бірі осы Қайрат Амангелдіұлы. Ақтөбе қаласындағы №3 орта мектептің 1991 жылғы түлегі жақында 150 миллион теңгеге өз мектебіне күрделі жөндеу жүргізіп берді.
Мектеп басшылығы: "Ол мектептің 200-ден астам терезесін ауыстырды, 11 бөлмені, шеберхананы жаңартты. Қысқасы, Қайрат Майтековтің еңбегінің арқасында іргетасы бұдан 46 жыл бұрын қаланған мектеп ғимаратының жаңадан салынған ғимараттардан еш кемі жоқ" деп ризашылықтарын білдіреді.

Одан бөлек, құны 40 мың доллар тұратын тіл үйрету зертханасын мектебіне сыйлаған. Түлектер мектепте ағылшын тілінде жарық көрген 30 томдық «Britannica» энциклопедиясын да тарту етті. Әлем бойынша 1000 данамен ғана шығарылған еңбек аталған бағдарламамен қатарластыра оқытылады. Сондай-ақ, 1-сынып оқушыларына ағылшын тілін үйретуге арналған кітаптар, дискілер де сыйға берілді.
Қайрат Майтеков осы мектепті бітірген 2 мыңға жуық түлекке үлкен үлгі көрсетіп отыр. Еліміздің болашағы жастардың қолында екендігін олардың жастайынан ескеріп, сапалы білім алуларына мүмкінді жасап отырған азаматымызды "100 жаңа есім" жобасына лайыұты деп санаймыз.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру