Үш тілді меңгеру – жарқын болашақтың кепілі
Жанат Ғалымжанқызы
№19 орта жалпы білім беретін мектеп
ағылшын тілі пәні мұғалімі
№19 орта жалпы білім беретін мектеп
ағылшын тілі пәні мұғалімі
Тіл білу – байлық. Әсіресе, өркениеттік өрелік алға шығып, жаһанданудың лебі есіп тұрғанда көп тілді игергенге ешкімнің таласы бола қоймайтыны анық. Сондықтан қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген ұрпақ қалыптастырып, бәсекеге қабілетті болу мақсатында мемлекетіміз аямай қаржы бөліп, түрлі іс-шаралар ұйымдастырып келеді. «Үштұғырлы тіл» туралы жобаны Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2006 жылдың қазанында өткен Қазақстан халқы ассамблеясының XII құрылтайында жария еткен болатын. Ал 2007 жылғы “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” атты халыққа жолдауында «Тілдердің үш тұғырлылығы» атты мәдени жобаны кезең-кезеңмен іске асыруды ұсынды.
Яғни, бұл бағдарламалардың басты идеясы Қазақстанды бүкіл әлем халықтарына үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде таныту керек. Атап айтатын болсақ, олар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – қарым-қатынас тілі және ағылшын тілі – дамыған мемлекеттермен терезе теңестіріп, солардың қатарына қосылу үшін қажет. Қарапайым тілмен айтқанда, қазақ тілді дамыту керек, орыс тілін қолданамыз және ағылшын тілін үйренеміз. Осы мақсатта бүгінгі күні қаншама бағдарламалар қабылданып, қаншасы жүзеге асырылып үлгерді. Барлық мекемелердің қызметкерлерін үш тілге үйрету қолға алынып, қазіргі таңда ол талапқа айналып бара жатыр. Елдегі барлық білім ордаларында ағылшын тілі тереңдетіліп оқытыла бастаса, орыс тілі бірнеше жылдан бері ҰБТ сынағында тапсырылатын міндетті пәндердің қатарына енді. Тіпті, мектептің бастауыш сынып оқушыларының сабақ кестесіне шетел тілін енгізсе, кей балабақшаларда көштен қалыспай, алты жасқа да толмаған бүлдіршіндердің тілін ағылшынша сөйлетуге күш салып жатқаны белгілі.
Оқытудың міндеттері:
- Шет тілінде сөйлейтін, жазатын адамдармен өзара түсіністік орнатуға мүмкіндік беретін қарым-қатынас құралы ретіндегі шет тілі туралы түсінік қалыптастыру, дыбысталатын және жазбаша мәтіндер арқылы жаңаны танып білу;
- Төменгі сынып оқушыларының лингвистикалық ой-өрістерін кеңейту, төменгі сынып оқушыларына қолжетімді және қарапайым деңгейде шет тілінде ауызша және жазбаша сөйлеуді игеруге қажетті қарапайым лингвистикалық түсініктерді меңгерту.
-Болашақта психологиялық кедергіні жеңу үшін жаңа тілдік әлемге төменгі сынып оқушыларының коммуникативтік-психологиялық бейімделуін және шет тілін қарым-қатынас құралы ретінде пайдалануды қамтамасыз ету.
-Тілдік материалдарды игеру барысында, төменгі сынып оқушысының тұлғалық сапасын, оның түсінігін, ойын және қиялын дамыту.
-Шет тілін пайдалану арқылы, үйрететін ойындар, оқу қойылымдары процестерінде балалардың эмоционалдық саласын дамыту.
-Отбасылық тұрмыстық, оқу қарым-қатынасы іспеттес ойындар ойнаған сәттерде түрлі рольдерде шет тілінде ойнау үшін жаңа әлеуметтік тәжірибеге төменгі сынып оқушыларын қосу.
-Оқушыға рухани-адамгершілік тәрбие беру.
-Танымдық қабілетін дамыту, оқу әдістемелік жинақтың түрлі құрамдас бөліктерімен үйлестірілген түрдегі жұмыс жасауды үйрену (оқулық, жұмыс дәптері, аудиоқосымша және т.с.с.), жеке, топта жұмыс істей білу.
. Бастауыш білім деңгейіндегі шет тілін оқытудың мақсаттары төменгі сынып оқушысы тұлғасының қалыптасуынан және оның тұтастай дамуынан, сөйлеу қызметінің негізгі түрлеріндегі қарапайым шетелдік коммуникативтік құзыреттің қалыптасуынан, нақты бір тақырыптық минимум шеңберіндегі сөйлеу ниетін іске асыру үшін төменгі сынып оқушыларының эмоциональдық, шығармашылық, әлеуметтік және тілдік қабілеттерінің дамуынан тұрады. Ал енді осы мақсаттарды жүзеге асыру,төмендегідей жұмыс түрлерін үнемі орындауды міндеттейді: Күтілетін нәтиже:
-оқушыда шет тілі туралы түсінік қалыптасады
-төменгі сынып оқушыларының ой-өрістері кеңейеді
-оқушының ойы және қиялы дамиды.
-оқушының топта жұмыс істей білу. ұйымдастыру қабілеті қалыптасады
шет тілін қарым-қатынас құралы ретінде пайдалана алады
Жетістігім
Осы мақсат-міндеттерді іске асыруда мен өз тәжірибемде мынадай жұмыс түрлерін пайдаланамын. Бұл жұмыс түрлері оқушылардың өткен материалдары еске түсіріп, оны жаңа тақырыппен байланыстыра отырып, білімін әрі қарай дамытуда маңызы зор. Осыған орай мен мемлекеттік стандартына сай, бірінші сыныпта, аптасына бір сағат есебімен ағылшын тілін оқыту барысында, оз тәжірибемде В.В Коваленконың «Ойын арқылы оқыту» және В.Выготскийдің «Сын тұрғысынан ойлау технологиясының» стратегияларын қолданып отырамын.Тақпақ, өлеңдерді айтуда затты атау арқылы жатқа айту әдісін қолданамын. Бұл әдіс бойынша оқушы өлең жолындагы заттың атын атай отырып, есіне түсіріп, жатқа айтуға дағдыланады. Сол сияқты әр әріпке берілген тақпақты да жатқа айтуда осы әдіс өте қолайлы. Бұл әдіс бойынша біріншіден бала затты атауды үйренсе, екіншіден көру арқылы есте сақтау қабілеті артады. Сөздерді дұрыс жазу мақсатында оқулықта берілген жаттығулардан тыс, сөзтізбектерді шешуді оқушылар ерекше қызығушылықпен орындайды. Бұл жұмыс түрі оқушыларды әр тақырып бойынша берілген сөзжұмбақтарды оз бетімен орындауға жаттықтырады. Сөздердіц дыбысталуына байланысты сөз жұптарын табу арқылы оқушылар жұппен жұмыс жасауға дағдыланады.Бұл әдіс баланың бір-бірімен қарым- қатынасын тудырып, бірлесе білім алуға баулиды. «Жанұя ағашы» бойынша сөйлеу оқушылардың осы тақырып көлемінде меңгерген білімдерін тәжірибеде еркін қолдана білуге жэне ойын жүйелі түрде айтуға. «.In my classroom» ойынында оқушылар көрсетілген бағыт бойынша жүріп отырып, алдында кездескен заттардың атын қазақша және ағылшын тілінде атауы тиіс. Бұл ойын оқушылардың аудармашылық қабілетін шыңдап, олардың тілді үйренуге деген ынтасын арттырып, сөздік қорын молайтады. Сызбалы немесе суретті ассоциограммалар бойынша сөйлеу оқушылардың өз ойын жинақы да, жүйелі түрде айтуға мүмкіндік береді.. Әр түрлі сызбаларды қолдана отырып, сөйлемдер құруда және дайындықсыз сөйлеуде жұмыстың бұл түрі, тілді үйренудің ең бір тиімді әдісі болып табылады. Оқушылардың осы жас шамасында рөлдік ойындарды ойнауды ұнататындығына байланысты, кейіпкерлердің маскаларын киіп, рөлдер бойыншаа диалогты түрде сөйлеу мен оқу жаттығуларын орындау оқушыларды белсенділікке баулиды. Оқушылардың түстерді дұрыс ажырата біліп, танымдық қабілеттерін ашуда «Бұл қай түс» немесе «Көбелек қай гүлге қонады » «What’s in the bag?» «Around the world» «Board Race» « Order Race» « Question race» « Bingo» ойындарын ойнату орынды. Бұл ойындар оқушылардың танымын кеңейтіп, білім мен білік шеберліктерінің жан-жақты дамуына, қалыптасуына, тілдік материалдарды жақсы біліп, сөз іскерліктерін меңгеруіне көп көмектеседі. Осындай жұмыс түрлерін орындаудың тиімділігі, оқушылардың тақырып бойынша берілген сөздермен танысын, оларды дұрыс айту кезеңінен бастап, меңгерген фонетикалық, лексикалық жоне грамматикалық материалдарды тәжірибеде , күнделікті өмірде, кез-келген жағдайда қолдана білуге, білімін жинақтап, жүйелеуде маңызы зор. Сондай-ақ тапсырмаларды орындай отырып, оқушылардың біріншіден, шет тілін меңгерудегі оқу, жазу, тыңдап түсіну мен сөйлеу іскерлік- дағдылары қалыптасса, екіншіден танымдық, есте сақтау, елестету, көру арқылы есте сактау, зейінін қалыптастыру сияқты қабілеттері дамиды. Сонымен бірге, бұл әдіс-тәсілдер бастауыш сынып оқушыларына шет тілін нәтижелі меңгертудің тиімді жолдары деп ойлаймын.Өйткені бұл жұмыстар оқушыны оқулықта берілген тапсырмаларды өз бетімен, орындауға жаттықтырса, екіншіден ойын арқылы тілді үйренуге деген ынта, қызығушылығын арттырып, дербес болуға , өз ойын ашық айтуға, белсенділікке баулиды..Эксперимент сынын оқушыларын жай сынып оқушыларымен тілді үйрену жағынан салыстырғанда айтарлықтай нәтижесі бар.
Нәтиже
1. Әр оқушының шығармашылығы артады.
2. Жылдам жұмыс істеуге дағдыланады
3. Оқушының жеке қабілеті анықталады
4. Оқушы топ жаруға ұмтылады.
5. Оқушының ойлау қабілеті дамиды
6. Әр оқушы өз деңгейімен бағаланады.
Шет тілін оқытудың жалпы білім беру бағдарламасы бойынша оқыған оқушылар 5-сыныпта тек әрпінен танысудан бастаса, эксперимент сынып окушылары бұл деңгейде еркін оқуға, мәтінді әңгімелеп, сөйлеушіні тыңдап түсінуге , өз бетімен лексико-грамматикалық жаттығуларды орындай алатындай деңгейде болады. Осылайша олар жай сынып окушыларына қарағанда, әлдеқайда алда болып, бастауышта меңгерген білім-білік, икемділіктерін әрі карай дамытын , жоғары сыныпқа келгенде тілді талапка сай меңгеруіне мүмкіндігі болады.
Ойымды түйіндей келе, қазіргі заманның өркениетті прогресшіл бағытына сай, адамгершілік қасиеті мол, ұлттың дінін, тілін жоғалтпаған, озге елдегі замандастарымен тең дәрежеде бәсекелесе алатын, жоғары өрелі, терең білімді, ата-баба ісін жалғастырушы мэңгілік күш-үш тілді қатар меңгерген егеменді еліміздің қазақ коғамын тәрбиелеуде, эксперимент жағдайында ағылшын тілін бастауыштан бастап оқытудың маңызы өте зор. Бүгінгі күні баска елдермен тереземіз тең егемен ел болып отырганда, Елбасының Қазақстан халкына жолдауындагы кешенді мәселенің бірі-еліміздің ертені болатын ұрпақка сапалы да, нәтижелі білім беру болып табылады. Сондай-ақ күн өткен сайын ғылым мен техника дамып, адамзат қиял жетпес қияндарга жол салып, оркениепі елдерден қалып қоймай, жас ұрпакка білім беру саласын дүниежүзілік стандартка сай жетілдіре түсу өзекті мәселе болып отыр. Қазіргі кезде шет тілі ғаламдастыру ғасырындағы әлеммен тілдесудің тілі болып отырғанда, 12 жылдық білім беру жүйесінде, бастауыш сыныптан бастап оқушыларға шет тілін окытудың тиімділігі өте зор. Ұлттың қабілеті, елдің өркениеттілігі оның білімділік деңгейімен айқындалатындығын ескере келе, 12 жылдык эксперименттің де негізгі мақсаты- мектептердің элемдік білім кеңістігіне кіру аркылы, Елбасының бүгінгі күні жүргізіп отырған «Үш тұғырлы тіл» саясаты негізінде білім жүйесін халықаралық деңгейге көтеру талап етіледі.Осыған орай сапалы да, нәтижелі білімнің негізі бастауышта қаланатындыктан, шет тілін осы сатыдан бастап оқытып, бүгінгі жас ұрпактың білімі мен біліктілігін қоғам сұранысына сай білімді, бәсекеге кабілетті, көпмәдениетті, тілді жетік меңгерген, толерантты тұлға етіп тәрбиелеу мұғалімнің кәсіби шебер болуын талап етеді.
Пайдаланылған н әдебиеттер:
1. Шет тілін оқытудың әдістемесі 2011 жыл
2 . 2013-2014 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы (әдістемелік нұсқаулық хат)
3. 12 жылдык жалпы білім берудің мақсаттары мен күтілетін

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: баяндама Үш тілді меңгеру – жарқын болашақтың кепілі туралы доклад казакша на казахском, доклад Үш тілді меңгеру – жарқын болашақтың кепілі на казахском языке баяндама скачать бесплатно, скачать доклад на казахском языке, қазақша баяндамалар жинағы казакша, Үш тілді меңгеру – жарқын болашақтың кепілі