Жаңа технология – сапалы оқытудың тиімді тәсілі

 Жаңа технология – сапалы оқытудың тиімді тәсілі

Қазіргі инновациялық технологиялар – білім сапасын арттырудың кепілі. Оны өз дәрежесінде пайдалану – оқушыны шығармашылыққа төселдіруге ықпалы өте зор. Оқытудың тиімділігін арттыру үшін ”Модульдік оқыту технологиясы”, ”Әдебиетті оқытудың инновациялық технологиялары”, ”Тілді оқыту әдістемесі”, ”Сатылай кешенді талдау әдістері”, бағдарламалары негізіндегі ”Дебат” технологияларының ықпалы зор. Бұл технологиялардың ерекшелігі – оның оқушыға жан-жақты ықпал етуі. Яғни тек білімді немесе оқу бағдарламасын меңгертіп қоймай, жеке тұлғаның танымдық қабілеттерін, танымдық процестерін (есту, көру), өзін-өзі өзектендіру, бекіту, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру, белсенді сөздік қорын дамытуға, өз бетімен білім алуға, ізденуге деген ықыласы мен іскерлігін, оқу-танымдық ынтасын жетілдіру, әрі жеке тұлғаны жан-жақты дамытуға жетелейді.
Мысалы: модульдік оқыту технологиясында оқушының психологиялық ерекшеліктерін ескеру алдынғы орынға қойылады. Әр балаға жеке тұлға ретінде қарап даралау, мүмкіндігіне қарай деңгейлік тапсырмаларды өздеріне таңдату арқылы оқушының өз деңгейін өзі анықтауға – жұмыстың түрін қызықтыра түсуіне әсер ететіні анық. Модульдік жүйеде материалдарды оқып үйрету ”жалпыдан жекеге” қағидасы негізінде жүргізіледі. Бұл технология:
1. Оқушы тұлғасының танымдық қабілеттерін дамытуға;
2. Танымдық процестерді (жады, ойлау, зейін, елестеу, қабылдау) дамытуға;
3. Оқуға жағымды қызығушылығын қалыптастыруға;
4. Белсенді сөздік қорын ауызша, жазбаша тілін дамытуға;
5. Тұлғаның қиындықтарға даяр болуы, оны жеңе білу, қарым-қатынас, ойын, танымдық қауіпсіздік, сыйласу, шығармашылық, өзін-өзі өзектілендіру, қажеттіліктерін қанағаттандыруға ықпал етеді.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда қазіргі күні жиі қолданылып жүрген әдістердің бірі – стратегиялар. Оларды атап өтетін болсақ:
1. «Қызығушылықты ояту» («Ой қозғау», «Ой шақыру», «Миға шабуыл») стратегиясы
2. «Топтастыру» (Жинақтау әдісі) стратегиясы
3. «Шығармашылық» стратегиясы
4. «Кубизм» стратегиясы
5. «Мағынаны тану» стратегиясы
6. «Ойтолғаныс» стратегиясы
7. «Әуезбен әсерлеу» стратегиясы
8. «Көрнекілік» стратегиясы
9. «Бағытталған оқу» стратегиясы
Жоғарыда көрсетілген әр стратегияға тоқталар болсақ, «Қызығушылықты ояту» («Ой қозғау», «Ой шақыру», «Миға шабуыл») стратегиясы — сабақ барысында оқушының есте сақтау және жадыларының қабілетін сұрыптап, байқау үшін арналған стратегия. Мысалы, тақырыпқа байланысты мақал-мәтелдер, афоризмдер, өлең жолдары,т.б. еске түсіру. Не болмаса, сұрақтар мен тапсырмалар дайындату, сөзжұмбақтар шешу.
«Топтастыру» стратегиясы, мұны «кластер», «жинақтау әдісі», т.б. атаулармен де атайды, Бұл стратегияны көбіне білімді жинақтау кезеңінде немесе кейіпкер мінезін ашу, екі ұқсас бейнелердің ортақ қаиеттерін анықтауда (Ана, Күн) және де мұғалімнің әдістемелік тәжірибесіне қарай түрлендіріп қолдануға тиімді тәсілдердің бірі десек те болады. Себебі бұл стратегия сонау балабақшадан жоғары сынып оқушыларына дейін қолданылады. Осы «топтастыру» стратегиясына негізделген «Ассоциация» атты тәсіл оқушының танымын кеңейтуде үлесі зор.
«Шығармашылық» стратегиясы, бұл стратегия оқушының шығармашылық қабілетін дамытып, түрлі формада жұмыс істей білуге баулиды.Сабақ барысында рөлдік ойындар көрсету, сөзжұмбақ немесе сұрақ-тапсырмалар құрастыру, тақырыпқа байланысты сурет салу, т.б. тәсілдерді пайдаланып сабақты қызықты етіп өткізуге болады
«Кубизм» стратегиясы, бұл стратегия шаршы яғни кубтың әр қырына түрлі тапсырмалар беріліп, сол тапсырмаларды орындауды міндеттейді. Мұнда кубтың әр қырына «Түсіндіріңіз», «Суреттеңіз», «Зерттеңіз», «Талдаңыз», «Қолданыңыз», «Салыстырыңыз» деген сияқты жұмыс атаулары жазылады, ал мұғалім осы тапсырмалардың мән-мазмұнын ашып айтады, әрі жауаптардың қате немесе дұрысын қадағалап отырады. Қосымша түсініктемелер де беріп отыруына да болады.
«Мағынаны тану» стратегиясы, бұл стратегия сабақты түсіндіруде, мәтінді оқу, сабақ мазмұнын меңгеру кезеңі десек те болады.
«Ойтолғаныс» стратегиясы, мұны «Брейн-стролинг» әдісі деп те атайды. Бұл стратегия жұмыс мазмұны жағынан «шығармашылық» стратегияға ұқсас, айырмашылығы мұнда оқушыдан ішкі жан-дүниесін кеңінен ашуға, сезімін, дүниетанымын, рухани бейнесін, адами асыл қасиеттерін көрсетуге баулиды. Негізгі тапсырмалар көбіне ойтолғау жазу, шығарма жазу, өлең шығару, мақала жазу, ертегі, аңыз, әңгіме құрастырып жазу т.б.
«Әуезбен әсерлеу» стратегиясы, бұл стратегия баланың музыкалық танымын кеңейтуге зор әсерін тигізеді. Мұнда аудиотаспа, видеотаспа т.б. құралдар арқылы оқушыға өтіп жатқан материал бойынша ән не күй тыңдату, немесе мәнерлеп оқуды жаттықтыру, не болмаса ақындардың өз орындауындағы әндерін ұсыну сияқты жұмыстар жүргізіледі.
«Көрнекілік» стратегиясы, өз аты айтып тұрғандай, мұнда түрлі көрнекі құралдарды тақырыпқа сай қолданылады. Олар: кеспе қағаздар, перфокарталар, семантикалық карталар, схемалар, кестелер, түрлі тест мәтіндері, т.б.
«Бағытталған оқу» стратегиясы, бұл стратегия арқылы оқушылардың ортасында шығармашылық, ынтымақтастық аурасын туғызу мақсатында оқушылардың өздеріне ереже жасату, әрі ол ережені оқыту барысында ұстану.
Мысалы:
1. Жұмысқа белсенді қатысу.
2. Бір-бірімізді бөлмей тыңдау.
3. Бір-бірімізді мұқатпау.
4. Сөйлеушінің (айтушының) пікірін құрметтеу.
Жалпы қазіргі күнгі қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқытуда сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы, деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы, модульдік оқыту технологиясы, сатылай кешенді талдау технологиясы, «Дебат» технологиялары, тіл дамыту технологиялары түрлі әдіс-тәсілдермен қатар қолданылып сабақтарды қызықты етіп өткізуге көптеген мүмкіндіктер жасалуда.
Осы жаңа педагогикалық технологиялардың тек қана мұғалімнің ғана емес, оқушы бойында да, қызығушылық тудырары сөзсіз.Себебі, бала жаны жаңашылдыққа құмар келеді.
Шығармашылық тапсырмаларға буклет жасау, альбом жасау, реферат қорғау, тест құрастыру, семантикалық карта дайындау жатады. Оқушы өз таңдауы бойынша жоғарыда аталған тапсырмалардың біріне дайындалып келеді.
Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында осындай инновациялық технологияларды пайдалану оқыту тиімділігін арттырады. Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттар ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту мектептің басты міндеті болып тұр. Ол бүгінгі білім кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару мұғалімнің қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылығының жемісімен келмек. Сондықтан әрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.
«Жақсы мұғалім әр уақытта қат, қымбат, өйткені ол — мектептің жүрегі» деп ағартушы-педагог Ы.Алтынсарин айтқандай, мектеп үшін ең керегі – жақсы мұғалім.
Бүгінгі күннің мұғалімнен маман ретінде талап ететіні — белсенділік, өзіндік сыни көзқарасы бар, педагогикалық ситуациялардың шешімін таба білетін, мәдениетті, рухани жаны таза, дүниетанымы кең, адами асыл қасиеттердің қазынасы, әрі кәсіби білікті маман болу. ”Мектептің тірегі де, тілеуі де оқыта білетін мұғалім” деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, жас ұрпаққа заман талабына сәйкес білім беру мүмкін емес. Осы мақсаттарды жүзеге асырудың алғы шарты – оқу-тәрбие жұмысын басқаруды әрі жүйелі жоспарлай білу, сол жоспарды жүзеге асыру.Біздің жалпы білім беретін орта мектеп жұмысында инновациялық процесті жобалау және бағдарлы білім берудегі мақсатымыз – шығармашылық ізденістегі ұстаздар қатарын толықтыру, білім беру мен оқыту әдістемесін жаңа технологиялармен байыту, жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның бәсекеге қабілетті жеке тұлғасын тәрбиелеу.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру