Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытужолдары.

 Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытужолдары.

Бүгінгі күні мемлекектіміздің өркениетке жету жолындағы өр талабына
тұғыр боларлықтай ұрпақ оқыту,тәрбиелеу ісін жаңа сапалық өзгерістер
деңгейінекөтеруді талап етіп отыр.Мектеп құрылымында болып жатқан
өзгерістер,білім беру мақсатарының алмасуы, оныңдамытушылық
сипаттарының бекітілуі, көпнұсқалық оқытуға көшу сияқты мәселелер
орындаушылардан шығармашылық бастамалық, жұмыстың жоғары сапасын
және кәсібилікті талап етеді.
Шығармашылық- бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға
ұмтылуы,ізденуі.Бұл үлкен жауапкершілік артатын күрделі мақсат.Оны
шешу үшін ең алдымен оқыту мазмұны жаңартылып,әдіс-тәсілдің озығы
өмірге келуі,олар әрбір жеке азаматтың жеке басының
қасиеттерін,қабілеттерін дамытып,шығармашылығын, талантын
ұштайтындай болып ұйымдастырылуы қажет.Сонда ғана мектепетерден өз
өміріне өзгеріс енгізе алатын,өз бетінше өмір сүру жолдарын таңдай алатын
азаматтар тәрбиеленіп шығады.
Баланы бастауыш сыныптардан бастап шығармашылық ойлауға,қалыптан
тыс шешімдер қабылдай алуға,практикалық әрекеттерге дайын болуға
әкелудің жолдарын көрсету керек.Шығармашылық-бүкіл тіршіліктің
көзі.Адам баласының сөйлей батаған кезінен бастап,бүгінгі күнге дейін
жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Бұған бүкілхалықтық,
жалпы және жеке адамның шығармашылығы арқылы келдік.Әр жаңа ұрпақ
өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткізген жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз
іс-әрекетеріндесол жетістіктерді жаңа жағыдайға бейімдей,жетілдіре отырып,
барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізеді.
Ал бүгінгі күрделі әлеуметтік-экономикалық жаңарулар тұсында
шығармашылық қабілеттер басты нысана болып,керісінше,оқушыда
шығармашылық қабілеттің болмауы үлкен проблема саналып,ойландыруы
тиісті деп ойлаймыз.Себебі өмірдегі сан алуан қиыншылықтарды шешу тек
шығармашыл адамдар қолынан келеді.Тек шығармашылық қана қандай
түрде,қандай деңгейде болмасын оқушыға өмірдің мәнін түсінуге,бақытын
сезінуге мүмкіндік әпереді.

Баланың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдарын,құралдарын
анықтау психология мен педагогика ғылымдарында өте ертеден зертттеліп
келеді.Шығармашылық әлемдік мәдениеттің барлық дәуіріндегі
ойшылдардың назарында болғандығын «шығармашылық теориясын»
жасауға деген көптеген ізденістердің болғандығынан байқауға болады.Бұл
әрекеттер өзінің логикалық шегіне жеткен деп айтуға
болмайды.Сондықтаншығармашылық педагогикасының негізгі мақсаты-
бүгінгі күн талаптарынан туындаған, озық қоғамға лайықты жаңа
сана,рухани сапа қалыптастыру және дамытуда тың жолдар мен соны
шешімдер іздестіру болып табылады.
Баланың шығармашылық қабілетін дамыту мәселесін талдау ең алдымен
«қабілет» ұғымының мәнін терең түсініп алуды қажет етеді.Философияда-
«қабілеттерді»тұлғаның белгілі бір әректі орындауға жағыдай жасайтын
жеке ерекшеліктерді дей келе,олар қоғамдық-тарихи іс-әрекеттердің
нәтижесінде қалыптасып,әрі қарай дамып отыратындығын атап көрсеткен.
Демек,оқушыларының тұлғалылығын тәрбиелеу үшін,ең алдымен олардың
қабілеттерін дамытудың мәні зор.Қабілеттер мәселесін қорытындылай
келе,педагогикалақ практика үшін мәні ерекше мына жағдайларға айрықша
тоқталу жөн.Бірінші-адамдардың қабілеттер деңгейі жағынан тең дәрежеде
болмауы.Қабілеттердің бірдей емес екендігін сыныпта отырған
оқушылардың әр қайсысының әр пәнге және әр деңгейде қабілетті
болатындығымен дәлелдеуге болады.Бірі есепке жүйрік болса,екіншісі тілге
бай,ал енді біреулері сурет салғанды тәуір көреді.Оладың қабілеттерінің
құрылымы да,оны құрайтын компоненттер де әр түрлі болады.Мәселен:
математикалық қабілеті басым балаларда ойлау операциялары тез, дәл
болады да,бейнелеу өнеріне қабілетті балаларда нақты затардың бөліктерінің
арақатынасынан жылдам анықтай білу сияқты белгілер басым
болады.Музыкаға қабілетті бала есту,ритмді түсіну, сезімталдық сияқты
сапаларымен ерекшеленеді.
Екінші-адамдар бойында қабілеттің бір түрі ғана бола ма, әлде әр түрлі
қабілеттің белгілері бола ма деген сауал төңірегіндегі пікірлер
жайлы.Ғалымдар керісінше көз қарастардың бар екендігіне қарамастан,адам
бойында әрекеттің бірнеше түрін орындай алу мүмкіндіктерін бар екендігін
дәлелдейді.Мысалы ақындығымен қатар музыкаға,суретке қабілетті адамдар.
Психолгтар қабілеттердің екі түрлі деңгейінің болатындығын дәлелдейді.

1. Репродуктивті-іс, әрекетті, білімді берілген үлгі бойынша қабылдай
алу деңгейі.
2. Шығармашылық- жаңалық ойлап табуға бағытталған қабілеттер
деңгейі.
«Шығармашылық» сөзінің төркіні этимологиясы «шығару», «ойлап
табу»дегенге келіп саяды.Демек жаңа нәрсе ойлап табу,сол арқылы
жетістікке қол жеткізу деп түсіну керек.Философиялық сөздікте
«шығармашылық қайталанбайтын тарихи-қоғамдық мәні бар, жоғары
сападағы жаңалық ашатын іс-әрекет»,-деп түсіндіріледі.Ал көрнекті
психолог Л.С.Выготский «шығармашылық деп жаңалық ашатын әрекетті
атаған».
Шығармашылық-өте күрделі процесс.Ол іс-әрекеттің түрі болғандықтан
тек адамға ғана тән.Ұзақ жылдар бойы шығармашылық барлық адамның
қолынан келе бермейді деп қарастырылып келсе,қазіргі ғылым
жетістіктері қабілеттің мұндай дәрежесіне белгілі бір шартар орындалған
жағдайда кез келген баланы көтеруге болатындығы жайлы көп айтуда.
Оқушылардың қабілеттері екі түрлі әрекетте дамиды.Біріншіден,кез
келген бала оқу әрекетінде адамзат баласының осы кезге дейінгі
жинақталған тәжиірбесін меңгерсе екіншіден,кез келген оқушы
шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің ішкі мүмкіндіктерін
дамытады.Оқу әрекетінен шығармашылық әрекеттің айырмашылығы-ол
баланың өзін-өзі қалыптастыруына өз идеясын жүзеге асыруына
бағытталған жаңа әдіс-тәсілдерді іздейді.Проблеманы өзінше,жаңаша
шешуге талпыныс жасайды.Біздің ойымызша, бүгінгі оқушылардың кез
келгені шығармашылық тапсырмаларды шешуді табыспен меңгере
алады.Тек ол жұмысқа дұрыс басшылық,шебер ұйымдастырушылық
қажет.
Осыған орай,ғалымдар жүргізілген тәжірибе барысында,барлық
пәндердегі білім мазмұнында оқушының шығармашылық қабілетерінің
дамуы басты нысана болып алынуымен байланысы,оқулықтарда берілген
тапсырмалардан басқа өздігінен бақылау жүргізу, қарапайым тәжірибе,
эксперимент қою, мәтінмен сызбамен, суретпен, диаграммамен жұмыс
істеу,жекеден жалпыны шығару, жалпыны жекелеу қолдау, т.б. сияқты
оқушыны ескерлікке, дербестіккебаулитын, ойына түрткі болып,
шығармашылыққа жетелейтін, өздігінен ізденіске салатын, айналадағы
дүниемен қарым-қатынасқа түсіретін, «жаңалық ашып»,оның нәтижесінің
«қызығына» бөлейтін әдіс-тәсілдер мен мазмұндық ойындар,қызықты

тапсырмалар тұрақты жүргізіліп отырылуы біз көтеріп отырған мәселені
нәтижелі ететіні нақтыланды.
Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту үшін бірнеше шарт
орындалу тиіс.Олар:
Шығармашылық қабілетін дамытуды ерте бастан қолға алу;
1.Жүйелі түрде шығармашылық әрекет жағдайында болуы;
2.Ойлау мүмкіндігінің ең жоғары деңгейіне жету;
3.Оқушының шығармашылық іс-әрекетіне жағдай туғызу;
Оқушының шығармашылық іс-әрекетіне жағдай туғызу дегеніміз-
оқушыны ойлай білуге үйрету екені сөзсіз.Мектеп табалдырығын жаңа
аттаған бүлдіршіннен шығармашылық қабілетті талап етпес бұрын, оны
соған үйреткен жөн.Оқушының зейінін, есін, қиялын, интеллектісін
дамыта отырып,ойлау қабілетін, шығармашылық іс-әрекетін жоғары
деңгейде көтеруге болады.Оқушылардың шығармашылық қабілетін үнемі
дамытып отыру үшін әрбір өтетеін тақырыптарда, сабақта өзімде,
оқушылардыда тек практикалық жағынан емес, эстетикалық мәні
жағынанда маңызды көркем туынды жасауды үйретемін.Әрбір сабақта
тақырыпқа сәйкес көрнеліктерімен байланыстырып өткіземін. Біздің қазақ
халқының Бейнелеу өнерінде қылқалам шеберлері Әбілхан
Қастеев,Құлахмет Қожықов, Г.Ысмайлова, Орал Тақсықбаев сияқты
белгілі қылқалам шеберлерінң пейзаж,жанрына,сатиралақ және
лирикалық, эскиздері және басқада шығармашылықтарына
пайдаланып,айта отырып сүйеніп сабақ өткіземін.
Оқушыларды дамытушылығында ұлттық өнер туралы білімдерін жүйеге
түсіріп,шығармашылығын қиялын дамыту.Түрлі түстерді ажыратып,
оларды бейнелеу әрекетінде шебер қолдана білуге үйрету.
Оқушыларды олардың көркемдік білім деңгейін көтеру мәселесі бүгінгі
таңда айрықша мәнге ие және қазіргі уақытта халықтың өнерге деген ынта
ықыласы ана- ғұрлым артты.Халық өнерін жаңғыртып,одан әрі дамыту
бүгінгі күннің көкейтесті мәселесі болып табылады.Бұл орайда қазақтың
қолданбалы өнерінің мәні мен алар орны айрықша.Кіріспені осыған
байланыстыра келіп,тақтаға ілінген плакат пен макет, әр түрлі суреттер
бойынша ою-өрнектің түрлерімен таныстырамын.Плакаттарды
пайдаланамын.Тақтаға салу әдістерін көрсетемін.Жалпы жаңа сабақты
бекіту үшін сұрақ-жауап тәсілін қолданамын.

Жалпы оқушылардың өмірге көз қарасын,эстетикалақ талғамын осы
бейнелеу өнерінен бояу түстерінің пайдалану ретінен байқауға
болады.Бүгінгі күнің талабына қарай халық арасынан шыққан іскер-
шеберлердің шығармашылық ізденістер нәтижесінде одан әрі дамып тұр,
соңғы мазмұнға ие болуда.Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой
түйіп,өздігінен сапалы,дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі
қажет.Адам бойындағы қабілетерін дамытып, олардың өшуіне жол
бермеу,оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз орнын табуға
көмектеседі.Өйткені адам туынды ғана емес жаратушы да.

Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы
Хлебодаровка орта мектебінің сызу және бейнелеу өнері пәні мұғалімі
Бегжанова Жаныл Жубановна
Сызу: 9 сынып
Сабақтың тақырыбы: Масштабтар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды білімнен хабардар етіп қана қоймай,
оларға тың мәліметтер беру.
ә) Дамытушылық: Оқу материалынан ең бастысын бөліп алу,
классификациялау.
б) Тәрбиелілік: Сызу арқылы оларды тазалыққа, ұқыптылыққа
үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: А4 пішіміндегі қағаз, қарындаштар, сызғыш, өшіргіш,
шеңберсызар және тағы басқа.
Сабақтың өту барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
4. Тапсырмаларды орындау.
5. Сабақты бекіту.
6. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Оқушыларға пішім, масштаб жайлы түсіндіріп өтемін.
Пішім. Сызбаны кез келген өлшемдегі қағазға орындауға болмайды.
Сызбаны өлшемдері келісім бойынша тағайындалған қағазға салады.
Өлшемдері тағайындалған сызба сызба салуға арналған қағазды пішім
(формат) деп атайды. Формат француз сөзі, қазақ тілінде сыртқы өлшемі
деген мағына береді. Көбіне төменде қарастырылған төрт пішімнің біреуі
қолданылады.
Пішім А1: ұзындығы – 841 мм, ені – 594 мм.
Пішім А2: ұзындығы – 594 мм, ені – 420 мм.
Пішім А3: ұзындығы – 420 мм, ені – 297 мм.
Пішім А4: ұзындығы – 297 мм, ені – 210 мм.
Ватманға сызбаны салмай тұрып, пішімнің шетін көрсететін сызықтарды
жүргізіп алу керек. Пішімнің шеті тіктөртбұрыш болуы шарт. Одан кейін
сызбаның өрісін шектейтін рамка деп аталатын тіктөртбұрыш салынады.
Сызбадағы рамканы қағаздың үстіңгі, оң және төменгі шетінен 5 мм, ал сол
жағынан 20 мм қашықтықта жүргізеді. Қағаздың сол жағындағы ені 20 мм
болатын жолақ пішімдерді (сызбаларды альбом түрінде) тігу үшін
қалдырылады. Сызба салып болғаннан кейін пішімнің шетін айналдыра

қиып, қағаздың артығын кесіп тастайды. Өлшемдері жоғарыда көрсетілген
пішімдер негізгі пішімдер деп аталады. Негізгі пішімдерге ауданы 1м2, ал
қабырғаларының қатынасы 1 : √2 болатын АО(841 х 1189) пішімін де
жатқызады. Керек болған жағдайда А5(148 х 210) пішімін немесе қысқа
қабырғасын бүтін санға көбейту арқылы алынатын қосымша пішімдерді де
пайдалануға болады. Мысалы: А4 х 3 (297 х 631); АО х 2(1189 х 1682).
Масштаб. Үйлердің, машиналардың сызбаларын салу үшін олардың
өлшемдерін кішірейтіп алмаса болмайды (пішімге сыймайды). Өте кіші
денелердің сызбалары анық және түсінікті болуы үшін оларды үлкейтіп
салуға тура келеді. Әрине, ең жақсысы – нәрсенің өз өлшемін өзгертпей салу.
Нәрсенің нақты шамасынан кескін неше есе үлкен немесе неше есе кіші
екенін көрсететін санды масштаб деп атайды. Дәлірек айтқанда, масштаб
дегеніміз – нәрсенің сызбадағы ұзындығының оның натурал ұзындығына
қатынасы (бөлшек сан). Сызбаларды орындағанда мынадай масштабтардың
бірін таңдап алуға болады:
а) кішірейту масштабтары: 1 : 2; 1 : 2,5; 1 : 4; 1 : 5; 1 : 10; 1 : 15; 1 : 20;
1 : 25; 1 : 40; 1 : 50; 1 : 75; 1 : 100; 1 : 200; 1 : 400; 1 : 500; 1 : 800;
1 : 1000;
ә) нақты шама: 1 : 1;
б) үлкейту масштабтары: 2 : 1; 2,5 : 1; 4 : 1; 5 : 1; 10 : 1; 20 : 1; 40 : 1;
50 : 1; 100 : 1.
Мсаштабты М әрпімен белгілейді. Мысалы, М 1 : 4 – сызбада нәрсе 4 есе
кішірейтіліп, ал М 2 : 1 – екі есе үлкейтіліп сызылатынын көрсетеді.
Тапсырмаларды орындау:
Нақты шамаларды пайдаланып сызбалар сызу.
Сабақты бекіту:
Сұрақ жауап толықтыру.

Үйге тапсырма беру: Сызбаны А4 пішіміне қағазды пішімнің шетін
көрсететін сызықтарды және рамкасын жүргізіп дайында.

Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы
Хлебодаровка орта мектебінің сызу және бейнелеу өнері пәні мұғалімі
Бегжанова Жаныл Жубановна

Пәні: Бейнелеу
Сыныбы: 5
Мүсін өнері
Сабақтың тақырыбы: Мүсін өнері
Сабақтың мақсаты: а) білімділік: мүсін өнерінің түрлерімен таныстыру,
мүсіншілердің көркем шығармаларын талдау, мүсін сомдау
материалдарынының технологиялық тәсілдерімен таныстыру;
ә) дамытушылық: ежелден келе жатқан мүсін өнері жөніндегі білімдерін
кеңейту және анықтау;
б) тәрбиелік: оқушылардың мүсін өнеріне деген қызығушылықтарын оятып,
іскерлік пен шеберлікке баулу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың типі: Білім мен іскерлікке үйрету
Сабақтың әдістері: түсіндіру, әңгімелеу, шығармашылық жұмыс, сұрақ-
жауап.
Пәнаралық байланыс: тарих, технология
Көрнекілігі: қосымша әдебиеттер,мүсін түрлері, интерактивті тақта,
слайдтар.
Қолданылатын құралдар: ермексаз, тақтайша, сым, гипс.
Сабақтың өтілу барысы:
І.Ұйымдастыру барысы.
Оқушылармен амандасып, оларды түгелдеу. Сынып тазалығын қадағалау,
құрал-жабдықтарын тексеру, оқушылардың назарларын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Суретті кілем гобелен тақырыбына салынған суреттерін тексеру.
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау.
1.Гобелен өнері қай ғасырдан бастап дами бастады?
2.«Саяхаттау» атты шығармалардан не түсінгендеріңді айтып беріңдер?

3.Гобелен кілемінің жай кілемдерден айырмашылығы неде?
ІҮ. Жаңа сабақ
Жоспары:
а. Жалпы мүсін туралы түсінік.
ә. Мүсін өнерінің түрлері.
б. Мүсін өнерінің жасалу технологиялары.
а. Мүсін туралы түсінік
Мүсін – кеңістікте жан-жақты бейнеленген, сомдалан көркем шығарма.
Мүсінді «скульптура» деп атайды. Ол сөзді ең алғаш ежелгі римдіктер
ойластырған. «Скульпо» деген латын тілінде «кесу, қашау» деген мағынаны
білдіреді.
Мүсіннің графика мен кескіндемеден айырмашылығы пішіннің барлық
көлемін анық көрсетеді. Ең алғаш адамның, аңның мүсіндерін алғашқы
қауымдық қоғамда шеберлер балшықтан илеп, ағаштан жонып, тастан қашап
немесе аңның сүйектерінен жасаған. Ол кездегі мүсіндер өзіндік
ерекшеліктері бар заттың бейнесіне ұқсас болады. Өйткені ол кездегі
адамдардың тәжірибелері, сайман –құралдары, керекті заттары – мәрмәр тас,
гипс, балауыз, темір қорытындысы т.б. заттар болған жоқ.
Мүсін өнері – ғасырлар бойы дамып келе жатқан өнер. Итальян мүсіншісі
Микеланджело Буонаротти мүсін өнерінің шебері болып табылады. Оның
«Давид» атты жұмысы бүкіл әлемге танылады.
V. Жаңа сабақты бекіту:
1. Мүсін дегеніміз не?
2.Мүсін неден жасалады?
VI. Үй тапсырмасын беру.
Ермексаздан құстың бейнесін жасау


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру