meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Наурыз туралы  ✍️


Басқа: 3
Мақал-мәтелдер жинағы: 16
Жұмбақтар жинағы: 2
Балаларға арналған тақпақтар: 52
Ақын өлеңдері жинағы: 106
Құттықтаулар, тілектер жинағы: 15
Баталар жинағы: 4
Туындылар: 3
Әңгімелер жинағы: 9
Ертегілер жинағы: 1
Шығармалар жинағы: 10
Аңыздар жинағы: 1
Эсселер жинағы: 4

Наурызға ода
1988 жылы да — мен үшін рухани жеңіс жылы. Колбинмен және бір топ өз ұлтымыздың нигилистерімен өткен мылтықсыз шайқаста асығым алшысынан түсті...
©  Мұхтар Шаханов
Наурыз парасаты
Айналаңнан жаңа көктем лебі ескен,Бұл кезеңде күн менен түн теңескен.Сан ғасырлық ата-баба салтынаКөпір болған Наурыз өзің емес пе..
©  Мұхтар Шаханов
Қасымды қабылдамаған адам хақында
Кез болатын наурыз айы сән құрған,Дала жатты есі шығып жаңбырдан.Сол далада... жол үстінде бұралаңЖасы алпыстың әуізіне құлағанМашинаға қол көтерді..
©  Мұхтар Шаханов
Наурыздың оралуы немесе үш анықтамаға байланған өлең
1988-жыл мен үшін рухани жеңіс жьлы. Республикамыздың жаңа басшысы Г.В.Колбинмен және бір топ өз ұлтымыздың нигилистерімен өткен мылтықсыз шайқаста..
©  Мұхтар Шаханов
Наурыз тілегі
Біреуім екеу болып, мал қосылды,Қорама жүз-жүз лақ, қозы толды.Ызғарлы, қыс-зымыстан,суық кетіп,Аспаннан күн күлімдеп, шырай [қонды] енді.Ұзамай қар..
©  Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы
Наурыз-мейрам
Болмасын тек Арудың қабағы мұң,
Жалыны байқалсыншы жанарының.
Мынау Дала сілкінер шағы туды,
Наурыз келіп қалыпты - Жаңа жылың!

Сезіледі..
©  Ғабиден Қожахмет
Наурыз-тілек
Табиғаттың гүл еркесі Көктем күнін өткерсін,
Сол гүл ерке атырапқа жақсылығын ап келсін!
Көктеміне ілесе анық Наурыз кірсе есіктен,
Сол Наурызбен..
©  Ғабиден Қожахмет
Наурыз
Аспанда күннің нұры,
Мақпалдай жердің түрі.
Куаныш мал мен жанда,
Қыс шыққан өлмей тірі.
Ойнаған анау бала,
Көк орай жалын дала.
Егіндік егін..
©  Міржақып Дулатұлы
Наурыз
Ақпан кетті араз боп наурызбен,
Наурыз жүр жоғалған бағын іздеп.
Көктем жетті көрісіп, жанын үзген,
Қыс аттанды қоштасып тағы бізбен.
Көктем..
©  Мұқағали Мақатаев
Наурыз мерекесіне жақсы бата беру
Әумин! – бата берейін,
Жақсылықты терейін.
Жаңа жылда жараңдар
Үстем болсын мерейің!
Жақсылыққа бас болып,
Ауылымызда ас болып,
Келген..
Жақсылықтар жиынтығы – әз-Наурыз.
Көктем туа Наурыз келер
Күн менен түн теңелер.
Сең жүредi көктемде астан-кестең,
Ақ атанның бауырын арқан кескен.
Орыста мейрам көп, қазақта айран көп.
Жаңа айдан жақсылық.
Жаз сайға қонба,
Қыс қырға қонба.
Сәуір болса күн күркірер,
Қараша қауыс, кәрі-құртаңды тауыс.
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын.
Сәуір болмай, тәуір болмас.
Наурыздан соң қыс болмас,
Мизамнан соң жаз болмас.
Наурыз көже қалғанша, жаман қарын жарылсын!
Ақ мол болсын, Қайда барсаң жол болсын!
Науырыз айы:
Түске дейін мүйіз,
Түстен кейін киіз.
Жыл бойы қайда болсаң, онда бол
Белдезерде үйде бол.

1.Белдезер — ақпан-наурыз айлары
Науырыз айы:
Түске дейін мүйіз,
Түстен кейін киіз.