Хан туралы  ✍️


Басқа: 3
Мақал-мәтелдер жинағы: 48
Жұмбақтар жинағы: 3
Ақын өлеңдері жинағы: 91
Жаңылтпаштар жинағы: 1
Қанатты сөздер жинағы: 12
Туындылар: 2
Әңгімелер жинағы: 27
Ертегілер жинағы: 12
Поэмалар: 4
Шығармалар жинағы: 8
Анекдоттар, әзілдер жинағы: 3
Аңыздар жинағы: 41

Хан әділ болса - халық ынтымақты болады. 
©  Майқы би
Хан қасында ақылды би болса - қара жерден кеме жүргізеді. 
©  Майқы би
Уәзіріне сырын алдырған хан - қақпанға түскен аң. 
©  Майқы би
Таста тамыр жоқ, ханда бауыр жоқ. 
©  Майқы би
Хан борышы – жорықта ту көтеру.Сарбаз борышы – туға еріп жан беру. 
©  Майқы би
Хан өздігінен өлім жазасын қолданбасын.Өлім жазасын шешетін халықтың өзі болсын. 
©  Майқы би
Хан – халықтың қазығы,Қараша – ханның азығы. 
©  Майқы би
Хан қарашасыз болмас,Дау арашасыз болмас. 
©  Майқы би
Қырық өтірік
Бар екен де жоқ екен, аш екен де тоқ екен. Ерте, ерте, ертеде, ертегі еткен заманда, халықты хан билепті, халық ханнан зар илепті. Хан бүлік бопты..
©  Мұхтар Әуезов
Әз Жәнібек хан
Әз Жәнібек хан ноғайлы жұртымен бірге, қалмақ елін де қоса билеп тұрады. Ол ел тағдырын он екі бимен ақылдасып шешіп отырады екен. Бидің үлкені баяғы..
©  Жиренше шешен
Бір сұлу қыз тұрыпты хан қолында
Бір сұлу қыз тұрыпты хан қолында,Хан да жанын қыяды қыз жолында.Алтынкүміс кигені, қамқа, торғын,Күтуші қыз келіншек жүр соңында.Деген сөз: "Бұқа..
©  Абай Құнанбаев
Алдардың өлген кемпірді екінші рет өлтіруі
Бал аштырам деп кемпірді өлтіріп алған баяғы хан, не істерін білмей, қазы-билері болып жиналып, ақыл таба алмай, сол күнге дейін дағдарып отыр екен..
©  Мұхтар Әуезов
Ассалаумағалейкум, Алдияр хан
Ассалаумағалейкум, алдияр хан,Молдалар хат жазатын сауыт қалам.Кешегі ел ұстаған ханзаданыңСізді де ұрпағы деп бердім сәлем.Ежелден шынжыр балақ..
©  Шернияз Жарылғасұлы
Ертегі
Досан, Таңның бесігін тербете тұршы, мына жерді кішкене жинап алайын, - деді Гүлзира күйеуіне қарап.Досан бесіктегі баласының жанына келіп отырды...
©  Ғабиден Қожахмет
Қоқан ханына айтқаны
Ассалаумағалейкум,
Алдияр тақсыр ханымыз!
Алдыңа келді қарашың,
Арызды қабыл алыңыз.
Өтірік болса арызым,
Мінеки сізге жанымыз.
Өзіңіз қосқан..
©  Жанкісі би Басыбайұлы
Хан тәңірі
Шыңның мен танымаймын аласасын,
Төбе де аласамен таласасың.
Тянь-Шаньның шашақтаулы найзасындай
Қайсың Хан тәңірімен жанасасың?
Шыңның мен..
©  Мұқағали Мақатаев
Әмірің қатты Есім хан
Әмірің қатты Есім хан,
Бүлік салып бұйырдың,
Басын бер деп батырдың,
Қанын ішіп қанбаққа,
Жанын отқа салмаққа.
Атадан жалғыз мен емес,
Хан ие..
©  Жиембет Жырау
Бұрынғы ханның билігі жүрмес,
Кейінгі ханның ақылы жүрмес.
Би баласы биге ұқсар,
Биік-биік тауға ұқсар.
Хан баласы ханға ұқсар,
Қанатын жайған қазға ұқсар.
Бай баласы байға ұқсар,
Байланбаған тайға ұқсар.
Батыр ортақ, бай ортақ,
Төресі әділ хан ортақ.
Қараңғы үйдің ішінде
Шалқымай жанған шам ортақ.
Барма ханға,
Өзі келер малға.
Барма биге,
Өзі келер үйге.
Айдап жүрген мал жақсы,
Мал жақсы емес-ау,
Арыз тыңдаған хан жақсы.
Бәрін айт та, бірін айт,
Аман тұрған жан жақсы.
Атқан оқ тастан қайтпайды,
Елші ханнан тілін тартпайды.