Қыран туралы  ✍️


Басқа: 1
Мақал-мәтелдер жинағы: 52
Жұмбақтар жинағы: 1
Балаларға арналған тақпақтар: 4
Ақын өлеңдері жинағы: 113
Қанатты сөздер жинағы: 7
Әңгімелер жинағы: 8
Поэмалар: 1
Аңыздар жинағы: 2

Қағынан құлан жерісе, су таба алмай шөлде өлер.
Ит үреді, керуен көшеді.
Ит құтырса — иесін қабады.
Қарақұс қайырғанмен бүркіт болмас.
Міріден сірі айырады.
Айналаға атқан оқ ажалдыға тиеді.
Аңды ерінбеген атады,
Я көрінбеген атады.
Қаңтар қақпанды сүйер,
Сонаршы ақпанды сүйер.
Әр таудың түлкісін, әдісін білген тазы алады.
Ай жарықта қоян арық.
Тағыны жеткен алады.
Қаз орғанына семіреді.
Қасқырдың өзі қатты, жолы жұмсақ,
Қоянның жолы қатты, өзі жұмсақ.