meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Жалғыз туралы  ✍️


Басқа: 1
Мақал-мәтелдер жинағы: 58
Жұмбақтар жинағы: 1
Балаларға арналған тақпақтар: 1
Ақын өлеңдері жинағы: 96
Жаңылтпаштар жинағы: 1
Қанатты сөздер жинағы: 18
Туындылар: 2
Әңгімелер жинағы: 14
Ертегілер жинағы: 1
Поэмалар: 1
Аңыздар жинағы: 1

Егіз аттан жығылса,
Басын сүйер ағасы,
Жалғыз аттан жығылса,
Неге келер шамасы.
Жаяулық та мәңгі емес,
Жарлылық та мәңгі емес,
Жалғыздық та мәңгі емес.
Жалғыз мая қайымас,
Жалғыз жігіт байымас.
Жалғыз батыр, жауға жоқ,
Жалғыз жігіт дауға жоқ.
Жалғыздың қалі — мүшкіл,
Дәмі — қышқыл.
Жалғыздың таңы атпас,
Жалғызға үйдің иті жатпас.
Жалғызға ұжмақ та жараспайды.
Жалғыз ағашты жағу қиын,
Жалғыз баланы бағу қиын.
Жалғыз жігіт басына іс түссе,
Ақылынан адасады,
Сасқанынан қырық құмалақ алып,
Бал ашады.
Жалғыз ағаш пана болмас,
Жалғыз биеден саба болмас.
Жаяудың жүрісі өнбейді,
Жалғыздың бір ісі өнбейді.
Жалғыз үйдің тамағы жетсе де,
Табағы жетпейді.
Жалғыз баласы бардың
Шығар-шықпас жаны бар.
Екі баласы бардың,
Өкпе, бауыр, жалы бар.
Үш баласы бардың
Бұқарада пұлы бар.
Жалғыз түйе бақырауық,
Жалғыз бала жылауық.
Жалғыздың жолы тар,
Жалшының қолы тар.
Жалғыз ағаш
Орман болмас,
Жалғыз кірпіш
Қорған болмас.
Жалғыз жаңқа жанбайды,
Жалғыздың ісі оңбайды.
Жалғыз ағаш үй болмас,
Жалғыз жігіт би болмас.
Жалғыздың үні шықпас,
Жаяудың шаңы шықпас.
Жағаға екі адам келді. Жағада жалғыз адамды ғана көтере алатын қайық тұр. Екі адам да қарсы жағаға өтті. Сұрақ: қалай?
Нұсқаңызды жазыңыз